Асан қайғы және Әмет батыр

Өткен әз Жәнібек хан өзінің сыншы Айсыл есімлі қартын жұмсапты: – Менің ұлан уақытта аттанатын жауым бар еді. Соған мінетін бір тұлпар тауып кел! – деп қолына мың сом ақша беріпті. Сонан қарт іздеп іздеп, ақырында бір құла шолақ бие әкеліп, ханға кіріп сәлем берген. Сонда хан: – Таптың ба? – дегенде, «таптым» деген соң...

Қазақша
Асан қайғы және Әмет батыр
Өткен әз Жәнібек хан өзінің сыншы Айсыл есімлі қартын жұмсапты: – Менің ұлан уақытта аттанатын жауым бар еді. Соған мінетін бір тұлпар тауып кел! – деп қолына мың сом ақша беріпті. Сонан қарт іздеп іздеп, ақырында бір құла шолақ бие әкеліп, ханға кіріп сәлем берген. Сонда хан: – Таптың ба? – дегенде, «таптым» деген соң, сыртқа шығып қарапты да: – Бұл тұлпар бола ма? – депті. Қарт: – Мұның өзі тұлпар емес, мегер ішінде еркек қара төбел құлыны бар, сол – тұлпар, – дейді. Хан: – Ай, сол тұлпар бола ма?! – деп, биенің екі көзін ойып алып, қарттың өзіне беріпті. Қарт бағып тұрып, уақыты болғанда бір еркек қара түйе құлын туып, енесінің екі жағына асып түсіп тұр екен. Қарт әлгіні жылға шейін қараңғы үйде асырапты. Қарттың жалғыз ұлы бар екен Әмет есімлі. – Әй, балам, әз Жәнібек хан аңға шыға ма екен, білші, – депті. Баласы: – Ертең аңға шығам деген, – депті. Қарт айтыпты: – Шырағым, атыңа оң күйі жеткен жоқ, алдын болса да мініп шығып, жалғыз жүр. Хан қаршығасын құсқа жібергенде сен де ұмтылғайсың! Ханның құсынан бұрын жетіп алмас па екенсің, – дейді. Сонан аңға шығып, хан дауылпазды соғып, қаршығасын тастағанда бір шеттен Әмет шауып, қаршыға шүйілерден бұрын жетіп, құстың құйрығынан ұстап алып жүре беріпті. Хан: – Мынау кім? – дегенде айтыпты: – Бұл – Әмет. Астындағы баяғы құла шолақ биенің ішіндегі қара төбел құлыны, – дейді. Сонан Әмет үйіне келген соң, атасы сұрағанын айтыпты осылай болды деп. Хан бір күнлерде баяғы жауына аттаныпты. Бұ Әмет те ханға білінбей аттанып, көп әскер Боғалы байдың үйіне қоныпты. Көп кісіні Боғалы байдың баласы Боқаырза жақсы қонақ етіпті. Боғалы бай – ханның әуелдегі бұқасын баққан құлы екен. Хан қызметіне риза болып: – Әгар да осы жаудан аман қайтсам, қарындасым Ханбикені берем, – депті. Сонан жауына барып атысып, ақырында ханның туы жығылып қашқанда екі атлы кісі ханды қуып жетіп, найзаменен шаншыр болғанда, Айсылдың ұлы Әмет қара төбел атыменен жетіп келіп, ханды алып құтылыпты. Хан: – Қарындасым Ханбикені саған берермін, – депті. Бір күнлерде ханның үйінің қасына көп үй тігілгенін көріп Әмет сұрайды: – Бұ тіккен үй не нәрсе? – деп. Білген адамлар айтыпты: – Хан қарындасы Ханбикені Боғалы байдың ұлына берейін деп жатыр, – деп. Сонан Әмет сауытын киіп, қара төбел атын мініп, ханның үйінің сыртына қаңтара тастап, үйге кіріп барыпты. Үйде әз Жәнібек хан, Асан қайғы, Алшынның ұлы Алау батыр отыр екен. Хан Асан қайғыны шақырып алып отыр екен. Һәм ханға өкпелі екен. Себебі орыс: «бір өгіз терісі сыйғандай жер бер» дегенде, беріп, өгіздің терісін жіңішкелеп тіліп не құрлы жер алғаны хақында. Әмет келіп үйге отырған соң хан Асан қайғыға аяқ беріпті. Сондағы Асан қайғының айтқаны: – Алты атанға қос артып, Алты жыл қоныс іздедім. Балығы суда деп, Қызығы қырда деп, Аштархандай қаланы Өзің келіп салдырдың. Орысқа жерді алдырдың, Көңлімді жаман қалдырдың. Даладағы көлге шекер төктірдің, Шекерлі көлге қуды бөктірдің. Құс төресі қу еді, Құс жаманы құладын, Құладынға қуды алдырдың. Күні бір күн болғанда Хан иемнің өзіне келер деп, Бір жаманнан өлер деп, Соған өкпелеп келме деп. Аусарым, аусарым, Арғымақтың аяғын Алтынменен тағалап, Күмісменен шегелеп, Шын жібек тұрғанда Арқанменен тұсар ма? Хан өтірік айтарым, Хан жарлығы қайтарым, Айсылдың ару Әмет тұрғанда Боғалы байдың ұлына, Бұқа баққан құлына Қарындасы Ханбикені берерге ұсар ма? – депті. Хан Әметке де бір аяқ беріпті, «жырлап, іш!» деп. Аяқты ішіп болып Әметтің айтқаны: – Хан таңбалы қараны Қақпа аузына жықпасам. Қайқы қара болатты Қанға былғап шықпасам. Еліңді бөле-бөле шаппасам, Бөріккен қойдай атпасам. Керегеңді кеспесем, Кесіп көмір етпесем, Қарындасың Ханбикені Қайырып беттен сүймесем, Атам Айсыл менен Әмет болғанша Аруақсыз тусам нетеді?! – деп үйден шығып жүре беріп, кешке қайта айналып қызға келіпті «алып қашайын» деп. Сонда келе жатып Әмет батырдың айтқан сөзі: – Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудай хан ұлына Қол арттырдың, жүйрігім! Атағым қара кісі еді, Атағымды сен шығардың, жүйрігім! Алдыңнан қамыс құлақ сарала ұшыраса, Артыңнан ауыр әскер құрсаса, Қыл жүректің басынан, Тебінгінің астынан Сырлы жебелер айқасса, Сыр білдірме, жүйрігім! Сен хайуан да, мен – адам, Жағадайсыз қалай шыға келдік бұл жерге. Қадір ием ер жомарт, Арғымағым, қалтақ күн Қоссаң да қайта үйіріңе. Сонан қызды шығарып алып, түнде некелестіріп, қашыпты. Ертең түсте артынан қуған жалғыз қара көрініпті. Қараса, Алшын ұлы Алау батыр екен. Қыз айтыпты: – Алау батыр келді дегенше, Тәңріден талау келді десейші, – деп жылап қоя беріпті. Сонда Әмет батырдың сөзі: – Жыламашы, Ханайым, Көп жыласаң көзің ісер, жанайым! Сенің атаң бас болып, Қарағаш таудың басында, Қарауыл қарап жатқанда, Балалы Домбай өткенде Баласын Алшынның ұлы Алау батыр атқанда, Баласы екеш баласы жығылмай Ақсай басып өткенде, Біздікіне жеткенде, Анасын мен атқанда Жанымдағы қырық жігіт Оғымды суыра алмай Табан салып тартқанда, Үш күн ұдай тамашаға батқанда, Сырымдардың Дәулеті, Оқтардың ұзын иық, ұзын оқта Есені Қоянақ ұлы Қартқожақ Осы қолдың ішінде Әмет ағасынан екенсің дей тұрды, – деп қызды жұбатты. Сонда Алау батыр келіп: – Сен жас едің, мен қарт едім. Тәңірі бақытларыңды ашсын! Міне, менің бармағымды ат! – деп бармағын көрсетіпті. Әмет оқпен тартып қалғанда бармағын жұлып кетіпті. – Қош, аман болыңдар! – деп, қайтып келе жатқан әскердің алдынан шығып: – Міне, оқ ататын бармағымды түсіріп кетті, – деген соң, барша әскер қайтып кетіпті. Әмет аман-есен қызды алып құтылыпты.
Ағылшын
Asan Qayğı and Ämet Batyr
In the past, Khan Zhanibek sent his old advisor named Aysyl: – I have an enemy who will attack soon. Find me a steed to ride! – and handed him a thousand som of money. The old man searched and searched, and finally brought back a chestnut short mare and entered to greet the Khan. The Khan asked: – Did you find one? – When he replied "I did," the Khan went outside to look and asked: – Is this a steed? – The old man said: – This is not a steed, but inside it is a male black foal, that is the steed. – The Khan exclaimed: – Oh, can that be a steed?! – and gouged out the mare's eyes, giving them to the old man himself. The old man took care of it, and when the time came, a male black camel foal was born, standing beside its mother. The old man raised it in a dark house for a year. The old man had a single son named Amet. – Hey, my son, does Khan Zhanibek go hunting? – he asked. His son replied: – He is going hunting tomorrow. – The old man said: – My dear, your horse is not in good condition, even if you ride out, you will be alone. When the Khan sends his falcon to the bird, you should also rush! You might not reach it before the Khan's bird does. – Then they went hunting, and when the Khan blew the horn and released his falcon, Amet rushed from one side, reaching the bird before it could dive and grabbed it by the tail. The Khan asked: – Who is this? – and was told: – This is Amet. The black foal from that chestnut short mare you gave me. – When Amet returned home, he told his grandfather what had happened. One day, the Khan set off to attack his old enemy. Amet also secretly set off to join the Khan, and many soldiers camped at the house of the wealthy Bogaly. The son of Bogaly, Bokaïrza, treated many people well. Bogaly was a servant who had originally tended to the Khan's bull. The Khan, pleased with his service, said: – If I return safely from this enemy, I will give my sister Khanbika to you. – Then he went to battle, and when the Khan's banner fell and he fled, two horsemen caught up with the Khan and speared him with a lance, but Amet, on his black steed, came and rescued the Khan. The Khan said: – I will give my sister Khanbika to you. – One day, Amet saw many tents set up near the Khan's house and asked: – What are these tents for? – The knowledgeable people replied: – The Khan is planning to give his sister Khanbika to the son of Bogaly. – Then Amet donned his armor, mounted his black steed, left it outside the Khan's house, and entered. Inside were Khan Zhanibek, Asan Qaygy, and Alau, the son of Alshyn. The Khan had called Asan Qaygy and was upset with him. The reason was that the Russians had asked for land, saying: "Give us land as much as a bull's hide can cover," and he had given it, cutting the hide thinly to acquire some land. When Amet entered, the Khan offered him a drink. After finishing the drink, Amet said: – If I do not bring the marked black horse to the gate, If I do not emerge stained with blood from the sharp black steel, If I do not raid your people, If I do not leap like a sheep, If I do not cut your beams, If I do not cut and turn them into coal, If I do not kiss your sister Khanbika on the cheek, What will happen if I am born without a spirit, rather than being Aysyl's and Amet's?! – and he left the house, returning in the evening to the girl, saying "I will abduct her." On the way, Amet the brave said: – Askar, Askar, Askar mountain, You have called upon the son of the Khan like a mountain, my swift one! My fame was of a black man, You have brought forth my fame, my swift one! If you encounter a reed-eared hare in front, If heavy troops surround you from behind, From the heart of the brave, From under the saddle, If the secret arrows cross, Do not show it, my swift one! You are an animal, and I am a human, How did we end up here without a fight? My lord is generous, Even if you are a day late, Return to your herd. Then he took the girl out, married her at night, and fled. The next day at noon, a single black figure appeared behind them. When they looked, it was Alau, the son of Alshyn. The girl said: – Better to say Alau the brave has come than to say trouble has come from God, – and she began to cry. Then Amet the brave said: – Do not cry, Khanayim, If you cry too much, your eyes will hurt, my dear! While your father was watching, At the top of Karagash mountain, When Dombay with his children passed, When Alau the son of Alshyn shot at his child, Even when the child did not fall, When he crossed Akisay, When he reached us, When I shot at his mother, The forty men beside me Could not pull my bow, When they pressed down, For three days they were immersed in wonder, The wealth of the Siryms, The long arrows of the long-shouldered Esen, The son of Koyanak, Kartqozhak, You are from this troop, Amet's brother, – and he comforted the girl. Then Alau the brave came: – You were young, and I was old. May God grant you happiness! Here, shoot my finger! – and he showed his finger. When Amet shot with an arrow, he tore it off. – Farewell, may you be safe! – he said, stepping out in front of the returning army: – Look, I have dropped my shooting finger, – and all the army retreated. Amet safely took the girl and escaped.