Бесінші әңгімесі

Бір күні хан жолдастарыменен, Жиренше де бар жолменен кетіп баратса, күн жел екен дейді. Жолдың анадай жерінен желменен бір қаңбақ домалап баратыр екен. Сонда тұрып хан айтыпты дейді: – А, Жиреншем, анау кетіп баратқан қаңбақ қайда барады екен, бар соның жөнін қайда барады екен, қайда қонады екен, соны сұрап барып кел,...

Қазақша
Бесінші әңгімесі
Бір күні хан жолдастарыменен, Жиренше де бар жолменен кетіп баратса, күн жел екен дейді. Жолдың анадай жерінен желменен бір қаңбақ домалап баратыр екен. Сонда тұрып хан айтыпты дейді: – А, Жиреншем, анау кетіп баратқан қаңбақ қайда барады екен, бар соның жөнін қайда барады екен, қайда қонады екен, соны сұрап барып кел, – депті дейді. Сонан Жиреншекең: Бас тақсыр! – деп қамшыны аттың бауырына бір басып қаңбақтың артынан жөнелді дейді. Сонан қаңбақты қуып жетіп алдынан шығып тоқтатып, бірдемелер айтқандай болып, қаңбақтың қасында біраз тұрып айналып, ханның қасына барыпты дейді. Сонан хан айтыпты дейді: – А, Жиреншем, қаңбаққа сөйлестің бе, не айтады? – депті. Жиренше айтыпты: – Сөйлестім, тақсыр, қаңбақ айтады: «көшерімді жел білсін, қонарымды сай білсін» деп айтады, – депті.
Ағылшын
The fifth story
One day, the khan was traveling with his companions, including Zhirenshe, when he said that it was a windy day. From a distance on the road, a tumbleweed was rolling along with the wind. The khan then said: – Ah, Zhirenshe, where is that tumbleweed going, what is its destination, where will it rest? Go and ask about that, – he said. Then Zhirenshe replied: "Your Excellency!" – and he spurred his horse and set off after the tumbleweed. He caught up with the tumbleweed, stopped it by appearing in front of it, and stood beside it for a while, then returned to the khan. The khan then asked: – Ah, Zhirenshe, did you speak to the tumbleweed? What does it say? – he asked. Zhirenshe replied: – I spoke to it, Your Excellency, the tumbleweed says: "Let the wind know my departure, let the valley know my resting place," – he said.