Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі)

Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайына келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайт...

Қазақша
Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі)
Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның сарайына келіп тұрған, соңғы жерде өз үйін сағынғаны ғой: «хан ұлықсат етсе, өз үйіме қайтар едім» деп әр уақыт күңірене береді екен дейді. Сонан хан Жиреншенің үйіне қайтқысы келіп, күңірене бергенін естіп: «болмас, енді Жиреншені үйіне жіберіңіз, барсын!» депті. Өз үйіне кеткесін, хан: «Жиренше үйіне барғасын не айтар екен, соны тыңдап келе ғой» деп Жиреншенің артынан бір кісісін жіберіпті дейді. Бұ кісі келсе, Жиреншекең сол киім-көншегін салып ай шынық манағы өзінің жыртық-жыртық қосына кіріп, ұйықтауға жатыр екен дейді. Сонда және айтады дейді: «Кең сарайым бөз үйім, қайран менің өз үйім!» дейді және соны айтып созылады дейді, созылғанда аяғы тізіне дейін қостың сыртына шығады дейді. Сонан бұл тыңдаушы адам қайтып хан қасына келіпті, келсе хан айтыпты: – Қосшы бала, барып тыңдадың ба? Жиренше неғылып жатыр екен, не айтады? – депті. Манағы кісі айтыпты: – Хан тақсыр, бардым. Мен барсам, қосына кіріп ұйықтауға жатыр екен. Керілед, созылад, аяғы тізіне дейін қостың сыртында жатыр және «кең сарайым боз үйім, қайран менің өз үйім!» дейді, – депті. Сонан хан айтыпты дейді: – Ойбай, онда Жиреншеге бір әйел алып бермей болмас, сөйтіп жүріп бір күн жоғалар, кетер. Жиреншемізден айрылып қалармыз, барыңыз, Жиреншені шақырып келіңіз! – депті. Сонан Жиреншені біреу барып шақырып келгесін, хан айтты дейді: – А, Жиреншем, бар өзіңе сәйкес ұнаған бір қыз тауып ал, қызды сен тап, оған мал қанша да болса мен берейін, – депті. Сонан Жиренше қасына неше бір жолдас ертіп, өзіне ұнаған қызды іздеуге кетіпті дейді. Со кетуден іздей-іздей төрт жылға дейін іздеп ешбір өзіне ұнаған қызға тап бола алмапты дейді. Сөйтіп әбден дағдарып келе жатса, бір қырдың басында үш қыз отырад екен дейді, сол үш қыздың үшеуі де тезек теріп, қаптарын толтырып ауылдарына қайтып келатқанда, күн жауғасын, күн ашылсын кішкене деп қаппен тезектерін анадай жерге қойып, өздері киімдерін бүркеніп жауыннан тасаланып отырады екен дейді. Енді біреуі үстіндегі бешпетін шешіп тезектің үстіне жауып, өзі жалаңаш көйлегіменен ғана жауып қойыпатқанда жауын ішінде тұр екен дейді. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен осы отырған қыздарға келіп, манағы жалаңаш көйлегіменен отырған қыздан сұрады дейді: – А, шырағым, ана қыздар отындарын жамғырға қойып, өздері бешпенттеріменен бүркеніп, жамғырдан таса болып отыр, сіз бешпетіңізді шешіп, отын үстіне жауыпсыз, өзіңіз жамғырдан жалаңаш тұрсыз, мұның себебі қалай болад, айтыңыз, шырағым, – деп сұрапты дейді. Сонан қыз тұрып айтыпты дейді: – Мұның себебі үйімде қарт әкем менен қарт шешем бар. Қазір мұнан отынды су қылып алып барсам, үйдегі әкем менен шешеме ас пісіріп ішкізе алмай, ол байғұстар түніменен аш қонады. Егер су қылмай құры қылып алып барсам, әке-шешем ас пісіріп ішіп тойып, бір жағынан жылынып рахат ұйықтайды, – депті. Сонан Жиренше бұ қыздың сөзіне ден қойып: – Шырағым, ауылыңыз қайда? – депті. Қыз: – Ауылымыз міне тұрған обаның астындағы ауыл, – депті. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен қыздың көргізген ауылына келіпті дейді. Келсе, бір жаман қос екен дейді. Үйдің сыртына таман келіп Жиреншекең: «сөйлес!» деп айқайлады дейді. Айқайласа, үйден бір ақсақал шал шығып: – А, жолаушылар, жол болсын! – депті. Жиреншеге айтыпты: – Қош аула, қоныңыз, түсіңіз, – депті. Сонан Жиренше айтыпты: – Жол болса, қонақпыз, рұқсат болса, қонамыз, – депті. Шал айтыпты: – Қонақ болсаңыз, қош аула, қоныңыз, түсіңіз, – депті. Сонан Жиреншекең жолдастарыменен түсіп, аттарын байлап қосқа кіріпті дейді. Қосқа кірсе, кемпір-шалдан басқа ешкім жоқ. Біразырақ отырғасын күн тәуір ашылған кезде манағы қыз да отынын арқалап келіпті дейді. Отыны құрғақ, несін сұрайсың. Отынын жағып, қонақтарға шайын құйып, асын беріп, оңыпты да қалыпты дейді. Әлгі екі қыз түніменен отыны су жаға алмай әлекшілік болып, оңдап ас пісіріп іше алмай жатыпты дейді. Сонан Жиренше жолдастарыменен о күні қонып, ертегісін ертеменен шай ішіп, енді аттанар кезінде Жиреншекең қызға қарап мұртын сипады дейді. Жиренше мұртын сипағанда, қыз тұрып қасын сипады дейді. Жиренше қасын сипады дейді. Сонда қыз тұрып шашын сипады дейді. Қыз шашын сипағасын Жиренше де шашын сипап еді, қыз тұрып жерде жаюлы жатқан тулақтың түгін сипады дейді. Сонан ешбір сөз жоқ, Жиренше жолдастарыменен аттанып жолға шықты дейді. Жолға шыққасын, неше бір күндер жүріп аман-есен ауылдарына барғасын Жиреншекең ханға амандасуға барды дейді. Сонан хан аман-түгел сұрасқасын, хан айтты дейді: – Қане, Жиреншем, өзіңе ұнаған қыз таптың ба? – депті дейді. Жиренше айтыпты: – Тақсыр, таптым, тапқанменен дүниеде мал жететін емес, тулақтың түгі есебіне мал сұрайды, – депті. Сонан хан айтыпты: – Бар, Жиреншем, төрт түлік малдан қанша айдасаң да айдап барып, со қызды неғылсаң да алып кел, – депті. Сонан Жиреншекең қасына неше бір қосшы алып, төрт түлік малдан жер-дүниеге сидырмай айдап, әлгі қыздың ауылына қарап шығыпты дейді. Сонан неше бір күн жүріп барып, қыз тұрған ауылдың үстіменен малды айдап, көп мал қойсын ба, жарықтық, қыздың әкесі тұрған қосқа сүйкеніп, әрқайсысы маза бермей тақ қосты қирататын болғасын, қыздың әкесі: – Ой, қан жауғыр, бұ кімнің малы, өз қосымызды қирататын болды ғой, – деп, қолына таяғын алып ашуланып, малды қайырайын деп сыртқа шықты дейді. Сонан қыз тұрып айтты дейді: – Ата, о малды қайырма, бұ мал сізге келе жатқан мал болар. Мен түнеукүні келген қонақпенен сөйлесіп, «атам мені тулақтың түгі есебіне малға береді» деп айттым. Енді сіз тулақтың түгін есептеп, малыңызды алыңыз! – дейді. Сонан қыздың әкесі шал айтыпты: – Өй, мен оны қайдан есептеп санап тұрайын, осы малдың бәрін берсе, осы мал маған жетеді, артығын сұрамаймын, – депті. Сөйдесіп тұрғанда ұзақтамай мына жағынан қосшыларменен малдың артынан Жиреншекең де келіпті дейді. Қазақтың қарттарының айтуы, Жиреншенің қызға қарап, мұртын сипауы – «сені әкең осы мұртымның түгі есебі малға бере ме дегені» дейді. Енді қыздың қасын сипауы – «мұртыңның түгіне түгіл үстіне қасыңның түгін қоссаң да бермес» дегені екен. Енді Жиреншенің қасын сипауы – «оны қоссам, берер» дегені екен және қыз шашын сипап еді ғой. Ол – «оның үстіне шашыңның түгі есебі мал қоссаң да бермес дегені» екен. Жиреншенің шашын сипауы – «оны қоссам, берер» дегені екен. Сонан қыздың «жерде жаюлы жатқан тулақтың түгі есебіне малға береді» деген сөзі екен. Бұ сөзді жолдастары түсінбей, тек екеуі түсінісіпті дейді. Келгесін шалдың өзінің үйіне түсіп, әлгі малдың бәрін беріп, құдаласып, ертеңіне қыздың некесін қидырып әкеліп, манағы өзінің жыртық қосына қойып, ханға амандаса барды дейді. Хан: – А, Жиреншем, аман келдің бе, қалай, келінді әкелдің бе, келін тәуір жақсы ма? – депті дейді. Жиреншекең айтыпты: – Тәуір, жаман емес, – дейді. Сонан хан: «Жиреншенің әйелі қандай кісі екен, барып көріп келіңіз», деп қадірлі адамдардан үш-төрт адам жіберіпті дейді. Сонан ханның жіберген адамдары келіп Жиреншенің үйіне түсіп, қонақ болып, Жиреншенің әйелін көріпті дейді. Көрсе, несін сұрайсың, ақ жібектей есілген, мойны құрықтай, ақ қолқа бір жас қыз екен дейді ханның жіберген адамдары. Мұны көріп, сірә, бек тамаша қалыпты дейді, сонан бұл адамдар қайтып ханға келіп, Жиреншенің әйелінің бойы-сынын, болмаса жүріс-тұрысын, ақылын сөйлеп, айтып бітіргісіз мақтап: – Тақсыр, бұл адам Жиреншеге лайық емес, тап хан өзіңізге лайық екен, – деп, ханның көңілін аударыпты дейді. Ханның өзі Жиреншені қанша жаратса да, әлгілер өстіп азғырып тұрғасын пенде ғой, ханның көңілі ауып, әрне бар, Жиреншеден со келіншекті алуға айналдырыпты дейді. «Алуға болғанменен, қапелімде тартып алуға болмайды, айламен алуға Жиреншенің өзі сөзге шешен адам, қалайша алсам екен?» – деп хан бір күн өзінің кеңесетін адамдарын жинап: – Қане, Жиреншеден бұ келіншекті қалайша аламыз, бұған не айла бар? – деп кеңес жасапты дейді. Сонан бұл адамдар мынау-мынау айланы, анау-анау айланы айта тұрса да, сірә, Жиренше дағдарғандай бір айла табылмапты дейді. Сонан сол адамдардың ішінде тұрып біреуі айтыпты дейді: – Хан тақсыр, сіз мынау тәдбірде жасаңыз, – депті, – сіз Жиреншені шақырып айтыңыз: «Міне мен саған жүз еркек қой беремін, сол жүз еркек қойды жазғытұры қой қоздаған уақытта соны қозылатып бересің. Егер қозылатып бере алмасаң, басыңды аламын!» деп тәдбір жасаңыз, – депті, – со тәдбірге оның амалы құрыр, – депті дейді. Сонан хан Жиреншені шақырып алып айтыпты: – Жиренше, міне мен саған жүз еркек қой беремін, соны жазғытұры қой қоздаған уақытта қоздатып бер, егер қоздатып бере алмасаң, басыңды аламын, саған тәдбір сол, – депті дейді. Сонан Жиреншекең, сірә, бұ сөзге ешбір нәрсе тауып айта алмай дағдарып, көңілі бұзылып, үйіне барды дейді. Үйіне барса, алдынан жарқырап келіншегі шығып, Жиреншенің көңілі бұзылып келе жатқанын біліп: – Жарқыным, бүгін неғып көңіліңіз бұзылып келатыр, не жайыңыз бар? – деп сұрапты дейді. Сонан Жиренше айтыпты дейді: – Көңілім неғып бұзылмасын, бүгін хан бір ауыз сөз айтып, соған ешбір жауап айта алмай жанымнан үміт үзіп келе жатырмын, – депті дейді. Сонан әйелі айтыпты дейді: – Ау, неғылған ауыр сөз, – депті. Жиренше айтыпты: – Хан айтады: «мен саған жүз еркек қой беремін, соны жазғытұры қой қоздаған кезеңде қозылатып бер, – дейді. – Егер қозылатып бере алмасаң, басыңды аламын» дейді. Мұқазақ нан артық ауыр сөз болар ма, еркек қой қозылай ма екен? – депті дейді. Сонан әйелі тұрып айтыпты: – Қайғырма, құдайың берген екен, бар жылдам жүз еркек қойдан айдап келе ғой, – депті. Жиреншекең барып жүз еркек қойды айдап келіпті, келсе, әйелі айтыпты: – Бұ қойдың жиырма шақтысын сой, ет керек қой жеуге, – депті, – және қалғанын базарға алып барып сат, киім-кешек, шай-шекер ал да, жалғыз бір еркек қойды есіктің түбіне байла, қыстай соны бағып шығармыз, – депті. Жиреншекең байғұстың әбден дағдарғаны ғой, әйелінің айтқанын бәрін істеп, жалғыз қойды әкеліп есік түбіне байлап қойды дейді. Ханға ақыл берген билер бар, мұны көріп, «көрім жақсы қылды, қойдың бәрінен айрылды, енді нағылады, ол мұрат-мақсұдымыз болад енді» деп қуанды дейді. Сонан, бәракалла, қыс өтіп, жаз шықты, қойдың қозылайтын уағы болды. Енді кесулі күн тамам болғасын хан манағы ақыл үйреткен билеріменен Жиреншеге бармақ болып шықты дейді. Сонан хан Жиреншеге жақындар мезгілде Жиреншенің әйелі айтыпты дейді: – Тұр, жылдам ана қойды бауыздай қой! – депті. Сонан жалма-жан Жиреншекең қойды бауыздапты. Сонан хан үйдің сыртынан келіп айқайлапты: – Ә, Жиренше үйде ме? – депті. Сонда жалма-жан Жиреншенің әйелі екі қолын сыбанып жіберіп, қойдың бауыздама қанына екі тірсегіне дейін бояп, қан болып, ханның алдынан шықты дейді. Сонан хан сұрады дейді: – Шырағым, бұ тірсегіңе дейін қан не? – депті дейді. Жиреншенің әйелі айтады дейді: – Тақсыр, қазір Жиренше жас босанып жатыр еді. Қолымның қаны сол еді, – депті. Хан тұрып: – Ой ақымақ, ер кісі туатын ба еді? – дейді. Сонан Жиреншенің әйелі айтыпты: – Бас тақсыр, еркек қой қозылайтын ба еді? – депті. Сонан хан санына қолын бір соғыпты да: – Қой, болмас, жүріңіз қайталық, – деп, хан байғұс бір әйелден жеңіліпті де қалыпты дейді. Сөйтіп, «қапияда қатын табады ақылды» деген сөз сонан қалыпты дейді. Жирен- ше өз ғұмырында бір бақырдан алданыпты да, екінші осы қойға жауап таба алмай сасып, сірә, Жиреншеден көрі әйелі алғыр болыпты дейді.
Ағылшын
The Wife of Zhirensha (Ninth Tale)
After passing away, since no one was there to care for and look after Jiren, the Khan ordered Jiren to come and stay in his palace. So, Jiren came to stay in the Khan's palace, but he missed his own home: "If the Khan permits, I would return to my home," he would lament constantly. Hearing that Jiren wanted to return home and was lamenting, the Khan said: "No, let Jiren go home, let him go!" After Jiren returned home, the Khan said: "Listen to what Jiren will say when he gets home, go and find out!" and sent someone after Jiren. When this person arrived, Jiren was putting on his clothes and entering his tattered yurt to sleep. Then he said: "My spacious palace is my felt yurt, oh my own home!" and as he said this, he stretched out, and his feet went outside the yurt up to his knees. The listener then returned to the Khan and found him asking: – Hey, did you go and listen? What is Jiren saying? – he asked. The man replied: – Your Majesty, I went. When I arrived, he was entering his yurt to sleep. He stretched out, his feet are outside the yurt up to his knees, and he says, "My spacious palace is my felt yurt, oh my own home!" – he said. Then the Khan said: – Oh dear, we must find a wife for Jiren, or he will disappear one day, and we will lose him. Go, call Jiren here! – he commanded. After someone went and called Jiren, the Khan said: – Ah, Jiren, go find a girl that you like, you choose the girl, no matter how much cattle it takes, I will provide it, – he said. So, Jiren took several companions with him and set off to find a girl he liked. He searched for four years but could not find any girl that he liked. As he was coming back in despair, he saw three girls sitting on a hilltop. All three girls were gathering dung and filling their bags to return to their village. When it started to rain, they placed their bags of dung a little distance away and covered themselves with their clothes to shelter from the rain. One of them took off her coat and covered the dung with it, while she stood there in just her light dress. Jiren and his companions approached the girls, and he asked the girl who was standing there in her light dress: – Oh, my dear, the other girls have placed their dung on the ground and are sheltering under their coats, but you have taken off your coat and covered the dung with it, standing here naked in the rain. What is the reason for this, my dear? – he asked. The girl stood up and replied: – The reason is that I have an old father and an old mother at home. If I take the dung home wet, I won't be able to cook food for my father and mother, and they will go hungry all night. If I take it home dry, they will be able to cook and eat, and they will be warm and sleep well – she said. Jiren listened to the girl’s words and asked: – My dear, where is your village? – he asked. The girl replied: – Our village is under the mound right here, – she said. So, Jiren and his companions went to the village she pointed out. When they arrived, it was a shabby yurt. As they approached the house, Jiren shouted: "Speak!" When he shouted, an old man came out of the house: – Oh, travelers, welcome! – he said. He told Jiren: – Please come in, stay, – he said. Jiren replied: – If we are welcome, we will stay, – he said. The old man said: – If you are guests, please come in, stay, – he said. So, Jiren and his companions dismounted and tied their horses, entering the yurt. Inside the yurt, there was no one but the old man and woman. After a while, when the weather cleared up, the girl returned with her firewood. The firewood was dry, what more could one ask? She lit the fire, brewed tea for the guests, and served food, and everything was fine. The other two girls spent the night struggling to bring wet firewood and could not cook properly. So, Jiren and his companions stayed that night, had tea in the morning, and as they were about to leave, Jiren looked at the girl and stroked his mustache. When Jiren stroked his mustache, the girl stood up and stroked her eyebrows. Jiren stroked his eyebrows, and then the girl stood up and stroked her hair. After the girl stroked her hair, Jiren stroked his hair too, and the girl stroked the fur of a hide that was lying on the ground. Then, without saying a word, Jiren and his companions set off on their journey. After traveling for several days and safely reaching their village, Jiren went to greet the Khan. When the Khan asked about his well-being, he said: – So, Jiren, did you find a girl you like? – he asked. Jiren replied: – Your Majesty, I found one, but in this world, cattle are not enough; they ask for cattle in exchange for the fur of a hide – he said. Then the Khan said: – Go, Jiren, no matter how many livestock you need, go and bring that girl – he commanded. So, Jiren took several companions with him and drove a large herd of livestock towards the girl’s village. After several days of traveling, when he arrived at the village, the herd bumped into the yurt where the girl's father lived, causing a commotion. The girl's father, seeing the herd, exclaimed: – Oh, whose cattle are these? They are going to destroy our yurt! – he said, grabbing his staff in anger and going outside to drive the cattle away. The girl then spoke up: – Father, don’t drive them away; these cattle might be coming for you. I spoke with the guest who came the other day and said, "My grandfather will give me cattle in exchange for the fur of a hide." Now you can take the cattle in exchange for the fur of a hide! – she said. The girl's father replied: – Oh, how can I count that? If all these cattle are given, it will be enough for me; I won’t ask for more – he said. While they were talking, not long after, Jiren also arrived with his companions. According to the elders of the Kazakh people, when Jiren stroked the girl’s hair, it meant, "Will your father give you to me in exchange for the fur of my mustache?" The girl’s stroking her eyebrows meant, "Even if you add the fur of your eyebrows, I won’t give you." Jiren’s stroking his eyebrows meant, "If I add that, I will receive you," and when the girl stroked her hair, it meant, "Even if you add the fur of your hair, I won’t give you." Jiren stroking his hair meant, "If I add that, I will receive you." The girl's statement about "giving in exchange for the fur of a hide lying on the ground" was understood only by the two of them, while the companions did not comprehend it. When they returned to the old man's house, they gave all the cattle, made a marriage proposal, and the next day they had the girl’s wedding ceremony, bringing her to Jiren's tattered yurt, and went to greet the Khan. The Khan asked: – Ah, Jiren, have you returned safely? How is it, have you brought the bride? Is she good? – he asked. Jiren replied: – She is good, not bad – he said. Then the Khan said: "Go see what kind of person Jiren's wife is," and sent three or four distinguished people to check. When the Khan's men arrived at Jiren's house, they were guests and saw Jiren's wife. They saw that she was like white silk, with a neck like a swan, a beautiful young girl. Seeing this, they were certainly very impressed, and when they returned to the Khan, they praised Jiren's wife’s beauty, demeanor, and intelligence, saying: – Your Majesty, this person is not suitable for Jiren; she is more suitable for you – they diverted the Khan's attention. Although the Khan admired Jiren, because of their persuasion, he was swayed and began to think about taking that bride from Jiren. "Although it is possible to take her, it cannot be done abruptly; I need to find a clever way to take her from Jiren," the Khan thought, and one day he gathered his advisors and said: – Now, how can we take this bride from Jiren? What trick can we use? – he consulted. While these people were suggesting various tricks, they could not find a suitable plan. Then one of them spoke up: – Your Majesty, you should do this: call Jiren and say, "I will give you a hundred male sheep. You must breed them in the spring when they give birth. If you cannot breed them, I will take your head!" – he suggested, saying that this plan would trap him. Then the Khan called Jiren and said: – Jiren, I will give you a hundred male sheep. You must breed them in the spring when they give birth; if you cannot breed them, I will take your head, that is the plan – he said. Jiren, unable to find a response to this, became distressed and returned home. When he arrived home, his wife came out to greet him, noticing that Jiren was upset: – My dear, why are you so upset today? What is the matter? – she asked. Jiren replied: – How can I not be upset? Today the Khan said something, and I could not respond, and I am losing hope – he said. His wife asked: – Oh, what a heavy word! – she exclaimed. Jiren explained: – The Khan says: "I will give you a hundred male sheep. You must breed them in the spring when they give birth. If you cannot breed them, I will take your head." Is there a heavier word than this? Can male sheep even give birth? – he lamented. His wife then stood up and said: – Don’t worry, God has given you; go quickly and bring a hundred male sheep – she advised. Jiren went and brought a hundred male sheep. When he arrived, his wife said: – Slaughter about twenty of these sheep; we need meat to eat – she instructed, – and take the rest to the market to sell, buy clothes, tea, and sugar, and tie one male sheep at the door; we will take care of it throughout the winter – she said. Poor Jiren, completely bewildered, did everything his wife said and tied one sheep at the door. The wise men who advised the Khan saw this and thought, "He has done well; he has lost all the sheep, now he will be in trouble, and that will fulfill our purpose." So, praise be, winter passed, and spring came, the time for the sheep to give birth arrived. After the lambing season was over, the Khan, along with the advisors who had given him advice, set out to visit Jiren. As the Khan approached, Jiren's wife said: – Get up, quickly slaughter that sheep! – she urged. Jiren quickly slaughtered the sheep. Then the Khan came from outside and shouted: – Hey, is Jiren at home? – he called. At that moment, Jiren's wife, with her hands stained in the sheep's blood up to her elbows, came out before the Khan. The Khan asked: – My dear, what is this blood up to your elbows? – he inquired. Jiren's wife replied: – Your Majesty, Jiren is giving birth right now. The blood on my hands is from that – she said. The Khan stood up and said: – Oh, foolish one, can a man give birth? – he exclaimed. Jiren's wife replied: – Your Majesty, can a male sheep give birth? – she retorted. The Khan slapped his thigh and said: – Enough, let’s go back – and the Khan, poor man, was defeated by a woman. Thus, the saying "A clever woman can outsmart a man" originated from this story. Throughout his life, Jiren was deceived by a penny, and in this matter regarding the sheep, he was certainly outsmarted by his wife.