Жиренше шешен мен хан

Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден: – Бір жасыңыз мың болсын, – деген екен. Хан бұл сөзін ұнатпай: – Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз шығады екен,...

Қазақша
Жиренше шешен мен хан
Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден: – Бір жасыңыз мың болсын, – деген екен. Хан бұл сөзін ұнатпай: – Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз шығады екен, – депті. Сонда Жиренше шешен айтты дейді: – Құлдық тақсыр, құп айтасыз, адамның өзі мың жасамайды, артында аты қалса, аты мың жасайды, екінші, дүниеде бір қызық көрген дәурені, бір күнінің өзі мың жылға тұратұғын қызық дәуренменен өтсін деп айтып едім, – депті. Сонан соң хан бұл сөзін хош алып, арымас ат, тозбас тон берген екен. «Арымас ат, тозбас тон» дегеннің мәнісі – өзіне бір орын беріп, «қашан өлгенінше» деп уәзипа тағайын қылған екен осы айтылған хикаяны тамамдау үшін.
Ағылшын
Jirenche Shezhen and the Khan
In ancient times, there was a man named Jirenche Sheshen among the Kazakh people. It is said that one of the khans of that era summoned Jirenche to test his speaking skills. When Jirenche entered the presence of the khan, he said: – May you live a thousand years. The khan did not like this remark and said: – Even a wise man can utter such unnecessary words. Then Jirenche replied: – Your Highness, you are right; a person does not live a thousand years, but if his name remains, his name lives for a thousand years. Secondly, I said this so that he may pass through life with a joyful era, where even a single day is worth a thousand years. After that, the khan accepted his words and bestowed upon him an unwearied horse and an everlasting coat. The meaning of "an unwearied horse and an everlasting coat" is that he was given a position and appointed to a duty "until his death" to conclude this story.