Жиреншенің хан сынағына түскені

Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел, барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!» – депті. Жиренше сиырларды алып, әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш: – Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып барып, жалғыздап суар д...

Қазақша
Жиреншенің хан сынағына түскені
Бір күні Жиреншені хан шақыртып, оған қырық сиыр беріпті. «Осы сиырлардың ішек қарнын тірілей тазалап әкел, барлығын да соясың, сойғанда біреуінің ішінен бір түйір де қылтан шықпасын!» – депті. Жиренше сиырларды алып, әйелі Қарашашқа келеді. Қарашаш: – Қорықпа, сиырларды ащы құдықтың басына алып барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер. Әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жынды су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер, – депті. Жиренше Қарашаштың барлық айтқандарын істеген екен, оның айтқандарының барлығы да дұрыс келіпті. Сөйтіп, қырық сиырдың барлығының ішін тазалап, ханға алып келіпті. Хан сиырларды шетінен соя бастапты. Бірақ ешбіреуінің ішінен қылтаң таба алмай, аң-таң қалған екен дейді. * * * Бір күні хан Жиреншеге хабар береді: – Жиренше біздікіне келсін, келгенде жолмен де жүрмесін, жолсыз да жүрмесін, – депті. Жиренше бір ит пен бір ешкіні қосақтапты да, жолға түсіп хан үйіне қарай келе жатады. Хан үйіне жақындайды. Оның келе жатқанын халық көріп: – Мынау кім өзі, жолмен де жүрмейді, жолсыз да жүрмейді. Қалай жүріп келе жатқан адам? – деп таңғалады. Онсыз да ит пен ешкі қосақтағанда қалай дұрыс жүрсін, былайынша жүргеннің өзінде де дұрыс жүрмейді, – депті. Жиреншенің тапқырлығын көріп, хан таң қалған екен дейді.
Ағылшын
The Trial of Zhirensha by the Khan
One day, the Khan summoned Jirenche and gave him forty cows. "Bring the intestines of these cows cleaned while they are still alive; you will slaughter them, and not a single hair should come out from any of them!" he said. Jirenche took the cows and went to his wife Karashash. Karashash said: – Don’t be afraid, take the cows to the edge of the bitter well, water them alone, and keep turning the water there. First, the contents of their stomachs will come out, then the crazy water will come out, and finally, even the black water will come out, – she said. Jirenche did everything Karashash told him, and everything she said turned out to be correct. Thus, he cleaned the insides of all forty cows and brought them to the Khan. The Khan began to slaughter the cows one by one. However, he could not find a single hair inside any of them, and he was astonished. * * * One day, the Khan sent a message to Jirenche: – Let Jirenche come to us, but when he comes, let him not walk on the road, nor off the road, – he said. Jirenche tied a dog and a goat together and set off towards the Khan's house. As he approached the Khan's house, the people saw him and said: – Who is this? He neither walks on the road nor off the road. How is he coming? – they wondered. Even when he tied the dog and the goat together, it was hard for him to walk properly, and even when he walked normally, he did not walk correctly, – they said. The Khan was amazed by Jirenche's cleverness.