Жиренше туралы

Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жиренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз...

Қазақша
Жиренше туралы
Жиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды көреді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезегін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жиренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз шеттегі қараша үйге барады. Қыздың әрбір қылығына сүйсініп отырады. Кетерде қыздың әкесіне қызына көңілі барын білдіреді. Оған әкесі басын сипайды. Жиренше тулақтың жүнін сипайды. Ол былай дегені еді: «Шашым түгіндей мал берсең берем», – деген еді, оған Жиренше: «Тулақтың түгіндей болса да, беремін», – дегені еді. Оған көз қалта береді: «Осыны алтынға толтыр», – дейді. Жиренше ол қалтаға қанша алтын салса да толмайды. Сонда Қарашаш оған: «Сен бір уыс топырақ сал, сонда толады», – дейді. Оған құм салған уақытында ғана толып, алтын қалтаның аузынан шығады. Содан кейін Жиренше Қарашашқа үйленген екен дейді.
Ағылшын
About Zhirenshe
220тарихи аңыздарбидайдың жанынан өте бергенде «Әке, мынаны адам жей ме, жоқ па?» деп шалдан тағы сұрайды. Шал «жейтін наныңды білмей тін қандай сорлысың» деп бұрынғыдан да гөрі батылырақ сөйледі. Бағанағы табытқа салған адамды көміп, жұрт үйді-үйіне тарқай бастайды. Жиренше манағы шалға: «Сіздің үйден сусындауға бола ма?» дейді. «Неге болмасын, шырағым» деп шал Жиреншені үйіне кіргізіп, төсек салып отырғызады да, далада жүрген қызына: «Мына бір ақылы-нан адасқан жазған екен, сусындатып жібер. Маған өлген адамды «әлі тірі ме» деді. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жемей ме» деп сұрайды. Қандай жазған екенін қайдам» дейді. Сонда қыз тұрып: «ой, әке-ай! Бекер айтасыз, өлген адамды «тірі ме, өлі ме» деген сөзі—егер сол өлген адамның артында баласы жоқ болса, онда оның өлгені. Ал, баласы бар болса, онда оның өлмегені. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жоқ, жемей ме» деген сөзі—сол бидайды еккен адамға бұйырса жей ме, жоқ бұйырмаса да жей ме деген сөзі едің депті. Әкесі: «Шырағым, бұ шіркіннің жұмбақтап сөйлеге-нін мен қайдан білейін» деп тоқталады. Қыз тұрып: «Сөзінің төркіні жаман екен, Жиренше қу болмаса жарар еді» депті. Жиренше құда түсіп, сол қызды алады. Қыздың аты Қарашаш сұлу еді, баяғы өзінің іздеп шыққан қызы да сол екен.115. Жиренше туралыЖиренше келе жатып, тезек теріп жүрген үш қызды кө-реді. Әлден уақытта қатты жаңбыр жауады. Екі қыз тезе гін тастап ауылға жүгіреді, ал біреуі екі қапты қатар қойып, үшіншісін үстіне қояды да, өзі астына тығылып жатады. Жаңбыр ашылғаннан кейін тезегін алып үйіне келеді. Жи-ренше бұл қыздың қай үйге баратынын қарайды. Қыз шеттегі қараша үйге барады. Қыздың әрбір қылығына сүйсініп оты-рады. Кетерде қыздың әкесіне қызына көңілі барын біл- 220221қазақ хандығы тұсындағы оқиғалар...діреді. оған әкесі басын сипайды. Жиренше тулақтың жүнін сипайды. ол былай дегені еді: «Шашым түгіндей мал берсең берем», —деген еді, оған Жиренше: «Тулақтың түгіндей болса да, беремін», — дегені еді. оған көз қалта береді: «осы-ны алтынға толтыр», — дейді. Жиренше ол қалтаға қанша алтын салса да толмайды. Сонда Қарашаш оған: «Сен бір уыс топырақ сал, сонда толады»,—дейді. оған құм салған уақытында ғана толып, алтын қалтаның аузынан шығады. Содан кейін Жи ренше Қарашашқа үйленген екен дейді.116. Жиренше шешеннің Қарашашпен қосылуыон бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып, бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады. Жиренше жұртқа қарап тұрып:—Мынау үйде екі қатын бар екен. Екінші үйдің жұртына қарап:—Мынау үйде екі сұлу қыз бар екен. үшінші жұртқа қарап тұрып:—Мынау үйдің иті көп екен,—дейді. Сонда түйеші:—Қайдан білдің?—дегенде,—Екі күндес қатыны ұрысып отырып, көсеумен оттың басын қазып тастапты. Екі қыздың барлығы, сұлу болу үшін белдерін жіңішкелеу үшін екі талмен арқан түсетіп жат-қандағынан білдім. үшінші иттің көбін шұңқиып тұр ған құйрығын орнымен таласып, қазған аяқтарының орны нан білдім,—депті. Түйешінің өз аулының жұрты болады. Жо-лаушы баланың айтқаны дәл келгеніне таңдана қарап:—Шырағым балам, қайда барасың, кім боласың?—депті.—Атым—Жиренше, нағашыма барам,—дейді.—өмірлі болып ер жетсең, тегін адам болмассың. Күн кешкіріп қалды. Ана белдің астында ауыл бар. Баласы жоқ бір адамның әйелі бүгін босанып, әйел бала тапты. Бүгін