Жиренше туралы

Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрмеген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп сөйлеп, Жиренше мен ханның арасына пәле салуға өздерін өлімнен алып қалғаны есте жоқ. Бұрынғылардың айтқаны бар емес пе, «жаманға жақсылық қылсаң, атыңды ерттеп қойып қыл!...

Қазақша
Жиренше туралы
Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрмеген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп сөйлеп, Жиренше мен ханның арасына пәле салуға өздерін өлімнен алып қалғаны есте жоқ. Бұрынғылардың айтқаны бар емес пе, «жаманға жақсылық қылсаң, атыңды ерттеп қойып қыл!». Неге десең, жаманға істеген жақсылығың өзіңе үлкен залал болады. Пәледен басы босанып алған соң сол жаман өзіңе тап береді. Өзіңнің соңыңа түседі. Сонан қашып құтылу үшін тағы бұрынғылар айтқан «..бұрын күтін, күтінбесең, ақыр бір күн шығар түтін» деген. Әз Жәнібек ұрғашыға ойы бөлінген. Ұрғашы жанды қудың бірі еді. Бір күндерде Жәнібектің құсы қашыпты қаз алатын лашын дейтұғын. Бір күндерде бірнеше уақыт өткенсін есітіпті: «Құсы барып Жиреншенің үйінің үстіне қонып, қатын ұстап алып, асырап сақтап, түлетіп сылантып қойған екен». Жәнібек хан естіген соң өзі барды. Жиренше үйде жоқ, қатын бүркеніп, алып шығып құсты береді. Қараса, құсқа жарастықты томаға тігіп, биялай тігіп, балақ бауын, ұзын бауын ұқшатып жарастырып қойған екен. Бұрын томағай биялайды көрген-білген жан жоқ екен. Жеңдерімен ұстап, уықтың бауын тағып ұшқанда, құстың аяғында бір құлаш болып салбаңдап, шұбатылып жүреді екен. Хан тамашалап құсына қарарын да білмейді, қатынға қарарын да білмейді. Атынан қисайып, ауып түсе жаздап барып оңалды. Қатынға қарап: – Біз бүгін осында болармыз реті келсе, – деді. Қатын тұрып: – Тақсыр, үйде еркек жоғын өзіңіз көріп тұрсыз. Алда-жалда «еркек жоқ болса да қонайын» десеңіз біраз күнді араға салып келіңіз. Кіріміз болса, жуып, ас-майын әзірлеп, қонақ жабдығын дайындайық. Жана да жігіт желеңмен келмеңіз, көп қонақты күтуге мұршам келмейді. Өз басыңыз ғана болмаса, – деген соң, хан: – Жарайды, – деп, «оңаша келіңіз» деген сөзінен дәмелі болып, көңілі өсіп қайта берді. Бірнеше күндер өткен соң хан келді. Қатын ұшып жүгіріп алдынан шығып, қолтығынан сүйеп түсіріп, үйге кіргізіп, бар дүниелігін жайнатып, ханның зығырланын қайнатып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы, шымылдық құрулы, ханды отырғызып қойып, тамақ жабдығына кірісіп шаруаға айналды. Хан жалғыз отырып жан-жағына көз салса, қатынның нәрселерінің бәрі кестелеулі кестеменен мынау сөздер жазылған: «Сен біреудің есігін қолыңмен қақсаң, өз есігіңді біреу аяқпенен тебер» деп жазылыпты. Жастықта, көрпеде, шымылдықта, орамал, дастарханда, бәрінде де кестемен жазылған осы сөз. Хан бұл сөзге түсіне алмай, есі-дерті қатынның етегінде болып отыра берді. Қатын палау басып, әр түрлі ыдысқа салып алып келіп, ханның алдына қойды. Хан бұрын палау жеп жүрсе де, әр ыдыста болған соң, басқа-басқа тамақ шығар деп әрқайсысынан бір алып татса, бәрінің дәмі бірдей таң-тамаша болып отырды. Қатын айтты: – Тақсыр, ыдыстың басқалығы болмаса, бәрі бір тамақ, – деді. Ханмен әзілі жарасқан соң қатын жайға сұрақ қойды: – Хан тақсыр, сабын айныса не түзейді? Хан: – Май түзейді дағы, – деді. – Май айныса, не түзейді? Хан: – Май айныса, тұз түзейді дағы, – деді. – Халық айныса кім түзейді? Хан айтты: – Хан түзейді дағы. – Хан айныса кім түзейді екен? – дегенде, хан бұған жауап табалмай терледі. Басқадай дәнеме айтуға шамасы келе алмады. Қолындағы алтын жүзігін қатынға сыйлап, түн ішінде қайтып кетеді.
Ағылшын
About Zhirenshe
One day, the forty ministers of Az Zhanibek said: "Zhirenshe's wife is a suitable person for you," praising her as "a woman like no other in the world," and they tried to sow discord between Zhirenshe and the Khan, forgetting that they had saved themselves from death. There is an old saying, "If you do good to a bad person, saddle your horse!" Why? Because the good you do for a bad person will bring you great harm. After escaping from trouble, that bad person will turn against you. They will follow you. To escape from this, the ancients also said, "If you don't prepare in advance, one day the smoke will rise." Az Zhanibek was distracted by a woman. The woman was one of the cunning foxes. One day, Zhanibek's falcon, which was supposed to catch geese, flew away. After some time, he heard that "the falcon had landed on Zhirenshe's house, caught a woman, and raised her, grooming her beautifully." After hearing this, Khan went himself. Zhirenshe was not home, and the woman, covered, brought out the falcon. Upon looking, he saw that the falcon was adorned with a beautifully sewn hood, gloves, and the leg straps were elegantly arranged. No one had ever seen such a hood and gloves before. As she held it with her sleeves and tied it to the pole, the falcon's legs dangled down like a span. The Khan was so amazed that he didn't know whether to look at the falcon or the woman. He almost fell off his horse but managed to regain his balance. Looking at the woman, he said: - If we are to be here today, - he said. The woman stood up: - Your Highness, you see there is no man at home. If you wish to stay, please come after a few days. If we have anything to wash, we will prepare food and get ready for guests. Don't come in a hurry, as I won't have time to host many guests. If it’s just you, - she said, and the Khan replied: - Alright, - feeling hopeful from her words, he left. After several days, the Khan returned. The woman rushed out to greet him, supporting him under his arm, bringing him into the house, and had everything ready for him. The bedding was laid out, the bed was prepared, and the curtains were hung. She seated the Khan and got busy with the food preparations. As the Khan sat alone and looked around, he noticed that all the items belonging to the woman were embroidered with the following words: "If you knock on someone else's door with your hand, someone will kick your own door with their foot." This phrase was embroidered on the pillow, blanket, curtain, handkerchief, and tablecloth. The Khan couldn't understand these words and remained lost in thought, focused on the woman's skirts. The woman brought pilaf, served in various dishes, and placed them before the Khan. Although the Khan had eaten pilaf before, since there were different dishes, he thought there would be different flavors, but to his surprise, all tasted the same. The woman said: - Your Highness, if there is no difference in the dishes, they are all the same food, - she said. After joking with the Khan, the woman asked: - Your Highness, if soap changes, what does it become? The Khan replied: - It becomes oil. - If oil changes, what does it become? The Khan said: - If oil changes, it becomes salt. - If the people change, who fixes it? The Khan said: - The Khan fixes it. - If the Khan changes, who fixes him? - At this, the Khan was unable to find an answer and began to sweat. He couldn't say anything else. He gifted the woman his gold ring and left in the night.