Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа бала болғаны

Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бірнеше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жағалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып, бір келіншек оны сауғызып тұр екен. Ханның ойында: «тоқалдыққа бір қыз алсам» деген мақсаты болу керек, қасындағы уәзірлеріне: «Ана қызға барып, біреуің бір ауыз сөз сөйл...

Қазақша
Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа бала болғаны
Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бірнеше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жағалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып, бір келіншек оны сауғызып тұр екен. Ханның ойында: «тоқалдыққа бір қыз алсам» деген мақсаты болу керек, қасындағы уәзірлеріне: «Ана қызға барып, біреуің бір ауыз сөз сөйлесіп кел!» – деп тапсырады. Жігіт барса, қыз биенің борбайына отырып, сауып жатыр екен. Жігіт барып: – Сөдегей Бикеш, амансыз ба? – дейді. Қыз түрегеліп: – Шүкір, тұрса, түзеледі, жолаушының аузы емес, – дейді. Жігіттің аузы бір жағына қисық екен. Жігіт ізінше қайтып келіп, ханға қыздың айтқан сөзін баян етеді. Хан тағы бір жігітін жұмсайды. Жігіт қыз қасына келіп: – Бір ақ қолтық қызыл қашар көрдіңіз бе? – деп сұрайды. Келіншек: – Көргеніміз жоқ, – деп еді, қыз тұрып: – Олай емес, сіз байқамаған шығарсыз, мен көріп едім, – дейді. «Ақ қолтық қызыл қашар» деп тұрғаны қыздың үстіндегі қызыл көйлегі еді. Қыз айтты: – Әлгі түс кезінде бір қызыл қашар осы өзенді өрлеп кетіп бара жатыр еді. Соңында бір көк бұқа бар. Қашардың жүрісі ширақ көрінді. Бұқаның «жетемін бе» деген ойы бар сықылды, сірә жеткізе қоймас, – деді. Жігіт ханға қайтып келіп, қыздың сөзін айтқан соң хан намыстанып: – Қап, бәлем, сені алмай қоймаспын, – деп үйіне қайтып келіп, қызды айттыруға кісі жібереді. «Байға сәлем де, қызын берсін», – дейді. Бай қызын берейін десе, ханның жасы болса келіп қалған еді. «Қатын үстіне қызымды бермеймін» деп айтуға қорқады. Ауыл адамы болып, ханға жауап қайтара алмай отырғанда, қыз әкесіне кісі жібереді: «Мен үшін «бермеймін» деп ханға жексұрын болмасын, беремін десін, бірақ қалың малын қызымның өзі айтады десін. Сол өзі айтқан малын беретін болса, алсын деп жауап қайтарсын», – дейді. Қыздың әкесі келген адамды осы жауаппен қайтарады. Барған адам осылай айтып келген соң хан: «Малға келетін болса жарайды, біреуің қайтадан барып, қыздың айтқанын біліп келіңдер, не сұраса да берейік», – дейді. Ханның жігіті қызға келсе, ол былай дейді: «Хан менің қалың малым үшін он бес лақ теке берсін, жиырма бес тоқты қошқар берсін, тоқсан құнан бұқа берсін, қырық бес бесті айғыр берсін, елу бес бура берсін, алпыс ат, жетпіс атан берсін», – деп қайырады. Ханның жігіті қыздың жауабын айтып келген соң хан жарлық беріп теке, бұқа, айғыр, қошқар, бура, ат, атанды елден салық қылып жиғыза бастайды. Бұл кезде Жиренше шешен бір жаққа, алыс жолға жолаушы болып кеткен еді. Ел шетіне келгеннен-ақ: «Хан қатын аламын деп, қалың малға осындай мал сұрап, елге салық қылып, жиғызып жатыр» дегенді естіген соң, Жиренше ренжіп, ханның үйіне бармай, өз үйіне келіп, екі күнге шейін жатып алады. Бұрынғы әдеті бұлай емес еді. Шешен бір жаққа барып келетін болса, әуелі ханның үйіне түсіп, көрген-білгенін айтып, сонан кейін өз үйіне барады екен. Жиренше екі күнге дейін келмеген соң хан кісі жібертіп, Жиреншені шақыртып алады. Хан алдына келген соң ол Жиреншеден: – Бұл қалай? Сен бұрын ұзақ жолдан келгенде әуелі маған түсіп, сонан кейін үйіңе барушы едің. Бұл сапарда сен бір өнер тауып келдің бе? Болмаса, мен өзгердім бе? – дейді. Сонда Жиренше: – Келмеуіме себеп мынау еді: мен уәзір болам десем, хан да көп, ел де көп еді. Соның бәрін көріп, бұрынғылар «ханда қырық кісінің ақылы болады» дегенді ұстап, сізді де сондай ақылды ханның бірі ме деп жүрген едім. Ханым, бір қыздың айтқан жұмбағына түсіне алмай, елді де, өзіңді де әуре қылып, салық салып мал жиғызғаныңа өкпелеп келмедім, – дейді. Хан: – Япырмау, мұның жұмбағы не екен? – дегенде, шешен айтады: – «Он бес лақ теке берсін» дегені – «он бес ешкіге жарайтын лақ теке күніңнен өттің, жиырма бес саулыққа жарайтын тоқты қошқардай күніңнен де өттің, отыз бес сиырға түсетін құнан-бұқадай күніңнен де өттің, қырық бес бие шығаратын бесті айғырдай күніңнен де өттің, елу бес түйені қайыртатын бурадай күніңнен де өттің. Алпысқа келдің, ат боласың, жетпіске келгенде атан боласың, он бес жасар мендей жас қызды қалай бойыңа лайықтап алмақшы боласың», – деген жұмбақ еді. Оған түсіне алмай, елді соншалық әурелікке салғаныңызға ренжідім, – дейді. Сонда хан: – Олай болса, менің ісім бекер болған екен. Елден жиналған теке, бура, бұқа, айғырларды тегіс иелеріне қайтарыңдар! Қыз мені кәрі дейтін болса, сол қызды өзің барып алғайсың, – деп хан райдан қайтыпты. Жиреншенің ақылды әйелі Қарашаш дейтін сұлу осы екен. Қарашаш сұлу Жиреншеге келіншек болып түскеннен кейін хан өзіне тимей кеткен қызға құмар болып, Қарашашты көп торып, айналдыра беріпті. Не амал қылса да, Қарашаш ханның қолына түспей құтыла береді. Бір күні Қарашаш босанып, бір бала тапқанда, бір емшегінің сүтін бір қара тұлыпқа сауып жинай береді. Шешен: – Қатын, сенің мынау сүтіңді жинай беруіңнің себебі не? – деп сұрағанда, әйелі: – Осы алдымызда, аз күннің ішінде біздің елдің барлық еркек кіндігі бір жауға баруға тиіс. Бірақ жауға барған жерде, хан да, сіз де туларыңыз жығылып, қашарсыздар. Сонда сіз хан қалай қарай қашса, соңынан қалмай, қабаттаса қашыңыз. Былай ұзап шыққан соң, хан артына қарап сізді көрер және айтар: «Уа шешен, шөлдедім ғой, су табар жерің бар ма?» деп сұрар. Сонда сіз осы сүтті ханға жұтқызып жіберерсіз», – дейді. Қарашаштың айтқанындай ұзамай үлкен жаугершілік болып, елде жан қалмай, соғысқа аттанады. Бірақ жолдары болмай, туы жығылып қашады. Хан мен шешен екеуден екеу елсізге шығып алған соң, Жиреншені көріп қуанып, су сұрағанда, шешен қойнындағы сақтаулы сүтті алып береді. Хан сүтті жұтып жіберіп: – Япырай, шешен, менің шөлдегенім бе, мынау қалай тәтті сусын болды? Мұны қайдан таптың? – дегенде, шешен айтады: – Не сусын екенін білмеймін, келініңіз осыны жинап, «хан шөлдейтін жер кез келсе, шөлдетпей осыны берерсің» деп беріп едің, – дейді. Сонда хан: – Япырай, мынау анамның сүтінен соңғы аузыма татыған тәтті сусын болып еді, келіннің емшегінің сүті болмаса игі еді. Енді келін маған шеше болды, сен маған әке болдың. Менің ойымда кінә қылып ұстап жүрген үш өпкем бар еді. Енді соның бәрін тастадым, – дейді. Жиренше: – Ол өкпең не? – деп сұрағанда, хан: – Менің қуанышты көріп істеген үш тойыма келмедің, – дейді. Әз Жәнібек хан құсбегі адам екен. Тышқаннан басқаны алалмайтын жаман құладынды бабына келтіріп салып, көлден қаз ілдірген екен. Шауып келіп қазды ұстай бергенде, құладын қазды қоя береді. «Антұрған, атасыз итке ұқсап мені алдап қоя беріп, қазды алдап қар көттік қылды, құйрығы бүлкілдеп тұр» деп көтінің аузын кесіп тастап, қайтарып әкеп салып, аққу алғызады екен. Жиренше ханның осы қуаныш үстінде жасалған тойына бармайды екен. Бұл бір тойы еді. Сонда Жиренше: – Иә, рас, тақсыр, ол тойыңызға бармадым. Себебі жаман ырым көрсеттіңіз. Құладын құстың азғыны еді, қу құстың төресі еді, оған қуануға рет жоқ еді, – дейді. Сонда хан: – Екінші рет тоқал алып той қылдым, оған неге келмедің? – дегенде, шешен: – Оған да барғаным жоқ, себебі қатының бір надан байдың қызы еді. Сен қызды ала барғанда «Құдай қолымды жеткізді» деп ол байдың шабылып той қылатын жөні бар еді. Олай болмады. Ақырында тоқалыңды алып келіп, өз бағыңнан қатынның бағын зорайтып той қылғаныңа қарным ашты, – депті. Сонда әз Жәнібек өзінің бір үйшісіне он екі қақпалы үй салғызып, той қылғанын айтып: – Бұған неге келмедің? – дегенде, Жиренше: – Әуелі ел-жұртыңның қамын ойлап, рабат салдырмай, өз басыңның қамын жеп, он екі қақпалы үй салдырғаныңа көңілім тоймады, тойыңа сол себепті бармадым, – депті.
Ағылшын
The story of Az Zhanibek being the child of Zhirenshe and Karashash.
When Khan Az Zhanibek reached the age of fifty, accompanied by several companions, he was walking along the riverbank while hunting with a falcon. He must have had the intention of taking a girl as a concubine, as he instructed his ministers: "Go to that girl and speak a word to her!" When one of the young men approached, he found the girl milking a mare while a woman was helping her. The young man said, – "Södegay Bikeş, how are you?" The girl stood up and replied, – "Thank God, if I stand, I will be fine; it is not the mouth of a traveler." The young man had a crooked mouth. He returned to the Khan and reported the girl's words. The Khan, feeling embarrassed, said, – "Damn it, I will not let you go!" and returned home, sending someone to propose to the girl. "Greet the father and ask for his daughter," he said. The father, when asked to give his daughter, hesitated because the Khan was already of age. He was afraid to say, "I will not give my daughter to a man of his age." While the village man was unable to respond to the Khan, the girl sent a message to her father: "Tell him not to be displeased with the Khan for saying 'I will not give her.' I will agree, but let my daughter state her own bride price. If he agrees to the price she states, then let him take her," she said. The girl's father returned the messenger with this response. After hearing this, the Khan said, "If it comes to the bride price, that is fine. One of you go back and find out what the girl has to say; whatever she asks, let us agree to it." When the Khan's young man went to the girl, she replied: "The Khan should give me fifteen male kids, twenty-five male lambs, ninety young bulls, forty-five stallions, fifty-five rams, sixty horses, and seventy camels," she said. After the Khan's young man reported the girl's response, the Khan issued a decree to collect goats, bulls, stallions, rams, rams, horses, and camels as taxes from the people. At that time, Jirenşe the wise had gone on a long journey. Upon reaching the outskirts of the village, he heard, "The Khan is asking for such livestock as a bride price to take a wife and is collecting taxes from the people." Jirenşe was upset and did not go to the Khan's house, returning to his own home for two days. This was not his usual behavior. When Jirenşe returned from a journey, he would first visit the Khan's house, share what he had seen and heard, and then go home. After two days without seeing him, the Khan sent someone to call Jirenşe. When Jirenşe arrived, the Khan asked him, – "What is this? You used to come to me first after a long journey and then go home. Did you discover some skill on this trip? Or have I changed?" Jirenşe replied: – "The reason I did not come was this: I wanted to be a minister, but there were many Khans and many people. Seeing all this, I held on to the old saying that 'the Khan has the wisdom of forty men' and thought you were one of those wise Khans. My Khan, I did not come because I was upset that you collected taxes from the people and troubled them without understanding the riddle of a girl," he said. The Khan asked, – "What is the riddle?" and the wise man explained: – "When she said, 'He should give me fifteen male kids,' she meant, 'You have passed the age of being suitable for a fifteen-year-old girl. You have also passed the age of being suitable for twenty-five female sheep. You have passed the age of being suitable for thirty-five cows. You have passed the age of being suitable for forty-five stallions. You have passed the age of being suitable for fifty-five camels. You have reached sixty; you will be a horse, and when you reach seventy, you will be a camel. How can you think of marrying a girl who is as young as fifteen?'" This was the riddle. I was upset that you troubled the people so much without understanding it," he said. The Khan then said, – "In that case, my actions have been in vain. Return all the goats, rams, bulls, and stallions collected from the people to their owners! If the girl considers me old, then you will go and take that girl yourself," the Khan changed his mind. The wise man's beautiful wife was named Karashash. After Karashash became Jirenşe's wife, the Khan became infatuated with the girl he had not taken and kept pursuing Karashash. No matter what he did, Karashash managed to escape from the Khan's grasp. One day, when Karashash gave birth to a child, she collected milk from one of her breasts into a black bag. The wise man asked, – "Wife, what is the reason for collecting this milk?" When she replied, – "In the near future, all the men of our village must go to war. But when they reach the battlefield, both the Khan and you will be defeated and will flee. When you flee, follow the Khan closely as he runs away. After you have gone a distance, the Khan will look back and see you and will say, 'Oh wise man, I am thirsty; is there a place where I can find water?' At that moment, you will give him this milk to drink," she said. As Karashash had predicted, soon there was a great war, and everyone in the village went to battle. However, they were unsuccessful, and their banners fell as they fled. After the Khan and the wise man had escaped to a deserted area, Jirenşe was happy to see the Khan and when he asked for water, the wise man took out the milk he had kept in his bosom. The Khan drank the milk and said, – "Wow, wise man, was I thirsty? How did this become such a sweet drink? Where did you find this?" The wise man replied: – "I do not know what kind of drink it is; your daughter-in-law collected it and said, 'If the Khan becomes thirsty, give him this without letting him be thirsty.'" The Khan then said, – "Wow, this is the sweetest drink I have tasted since my mother's milk. If it were not for my daughter-in-law's breast milk, it would be good. Now my daughter-in-law has become a mother to me, and you have become a father to me. I had three grievances that I held against you. Now I have let them all go," he said. Jirenşe asked, – "What are those grievances?" and the Khan replied: – "You did not come to my three celebrations that I held in joy." Khan Az Zhanibek was a falconer. He had trained a bad falcon that could not catch anything except for mice, and he had made it catch ducks from the lake. When he rushed to catch a duck, the falcon would let the duck go. "You rascal, like a dog without a master, you deceived me and let the duck go, and now the duck is swimming away with its tail flapping," he would say, cutting off the falcon's tail and sending it back, making it catch swans. Jirenşe did not attend the Khan's joyful celebrations. This was one of the celebrations. Then Jirenşe said: – "Yes, indeed, my lord, I did not attend that celebration. The reason is that you showed a bad omen. The falcon was a bird of prey, a cunning bird; there was no reason to rejoice over it," he said. The Khan then asked, – "Why did you not come to the second celebration when I took a concubine?" The wise man replied: – "I did not attend that one either because your wife was the daughter of a foolish rich man. When you took the girl, it was reasonable for that rich man to celebrate, saying, 'God has brought me good fortune.' But it did not happen that way. In the end, you brought your concubine and celebrated, which made me upset," he said. Then Khan Az Zhanibek had a twelve-gated house built by one of his builders and held a celebration. He asked, – "Why did you not come to this one?" Jirenşe replied: – "First, you thought of your own interests and built a twelve-gated house without caring for the welfare of your people. I was not pleased with that, and that is why I did not attend your celebration," he said.