Ер Едіге

Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған диуана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен. Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, ди...

Қазақша
Ер Едіге
Бұл Бабай Түкті Шашты Әзиз заманында бұрқыраған диуана болған екен. Қаратауда «Мыңжылқы» деген тауының бауырында бір бұлақты мекен жай қылып жүріп, күнде таң намазын күн шығармай, сол бұлақтың басында оқиды екен. Бір күн[і] алагеуімнен келсе, жалаңаш үш қыз суда ойнап жүр екен. Соның біреуіне диуананың назары түсіп, диуана да есі ауып талып қалыпты, қыз да қалпақтай түсіпті. Сөйтсе де олар пері қыздары екен. Жанындағы екі сау қыз талып қалған қызды көтеріп ала жөнеліп, өздерінің жұртына алып барыпты. Қыз есін жия алмапты. Перінің патшасының қызы екен. Патша балгер, бақсыларын жидырып, бал аштырыпты, сонда бақсылары айтыпты: – Адамзаттан шыққан бір әулиенің назарына ұшыраған екен. Сол әулиенің өзі үшкіріп жазбаса, басқадан жазылмайды, – депті. Сонан соң пері патшасы күшті ұшқыр ұшқыштарын жіберіп, Бабай Түкті Шашты Әзизді алдырыпты: – Мына баламды оңалтып, сауықтырып беріңіз! – деп жалынып- жалпайыпты. – Бұлар менің дәрет алатұғын суыма барып, жалаңаштанып суға түскендігінен менің есім ауып, бір намазым қаза болды. Сол намазымның орыны қияметке шейін толмайды. Соны қайтесің?! – деген соң: – Осы баламды басы бүтін алыңыз! – деп, қызын беріпті. Перілерге бұйырып, бұлақтың басына апарып салдырыпты. Қыз өмірінде диуанаға жалаңаш денесін көрсетпепті. Бір күн[і] диуана: – Жалаңаштан, денеңді көремін! – деп, қиғылықты салыпты. Қыз: – Болмайды, онан соң екеуміздің жолдастығымыз ада-күде таусылады! – депті. Диуана да диуанашылық мінезі қысып: – Жалаңаштанып, маған бір көрін! – деп қоймаған соң, қыз: – Енді мен саған жоқпын. Мен сенен екіқабат буаз едім, ер ұл тапсам керек еді. Сонан соң көрінуіме дұрыс еді. Оған шыдамай, асықтың. Қой, хош аман бол! Мына ішімдегі балаңды туған соң, осы бұлақтың басына ап келіп тастап кетем. Белгісі – алтыннан шүмегі, күмістен түбегі болар! – деп, жөнеле беріпті. Сонан соң диуана қаңғып кетіпті. Сол баланы қыз айтқан күнінде ап келіп, су басына тастап кеткен екен. Бейуаз біреу тауып алып, алтыннан шүмегі, күмістен түбегі болған соң, Түркістандағы Тоқтамыс ханға апарып беріп, Тоқтамыс асырап, бала қылып өстірген екен. Қазақтан шыққан ер Едіге осы екен. Әкесі – Бабай Түкті Шашты Әзиз әулие, шешесі пері қызы екен. Бабай Түкті Шашты Әзиз әулие өзін сол бұлақтың басына қойдырған екен де, ер Едіге де өзін сол Бабай Түкті Шашты Әзизның қасына қойдырыпты. Олардың сол орында екендігін Жалаң аяқ Әшдүр сөйлеп, ол әулие де өзін сонда қойдырған екен. Мұның бәрін бастан-аяқ сөйлеп әңгіме қылған – Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай. Ақпан, Байыштың Ақпанын һәм өзін сол араға қойдырып еді деседі. Ер Едігенің ертегісін сейлеймін деушіге бір қап жан керек болса керек.
Ағылшын
Er Edige
This is the story of Babai Tükti Shashti Aziz, who was a wandering dervish in ancient times. He lived by a spring at the foot of a mountain called "Myngzhylky" in the Karatau region, and every day he would perform the morning prayer at the head of that spring before sunrise. One day, as he was coming back from the dawn light, he saw three naked girls playing in the water. He became infatuated with one of them, and the dervish fainted from the sight, while the girl also fell down. However, they were fairy maidens. The two other girls picked up the fainted girl and took her back to their homeland. The girl could not regain consciousness. She was the daughter of the king of the fairies. The king summoned his soothsayers and shamans to read fortunes, and they said: – She has encountered a saint from among humanity. Unless that saint himself heals her, no one else can. – After that, the fairy king sent powerful swift flyers to bring Babai Tükti Shashti Aziz: – Please heal my child and restore her health! – he pleaded. – They went to my water to bathe naked, and I lost my senses, causing me to miss one prayer. That prayer will remain unfulfilled until the Day of Judgment. What will you do about that?! – he replied. – Just take my child back whole! – the king insisted, and he gave his daughter. The fairies ordered them to take her to the head of the spring. The girl had never shown her naked body to the dervish in her life. One day, the dervish shouted: – I want to see you naked! – The girl replied: – No, if I do that, our companionship will be completely over! – The dervish, in his madness, pressed on: – Show yourself to me naked! – Finally, the girl said: – I am no longer yours. I was pregnant with you, and if I had given birth to a son, it would have been appropriate for me to show myself. You couldn't wait and became impatient. Farewell! After I give birth to your child, I will bring him to the head of this spring and leave him there. The mark will be a golden spout and a silver bottom! – and she went on her way. After that, the dervish wandered off. On the day the girl spoke of, she came and left the child at the water's edge. A childless person found him, and since he had a golden spout and a silver bottom, he took him to Khan Toktamys in Turkestan, and Toktamys raised him as his own. This child became the hero Edige, who emerged from the Kazakhs. His father was the saint Babai Tükti Shashti Aziz, and his mother was a fairy maiden. Babai Tükti Shashti Aziz had placed himself at the head of that spring, and the hero Edige also had himself placed next to Babai Tükti Shashti Aziz. Jalang Ayak Ashdur spoke of their presence there, and that saint also had himself placed there. All of this was narrated from beginning to end by Arik Qonyrbai, who came from Quanq. It is said that Akpan, Bayysh's Akpan, also had himself placed there. It seems that anyone who wishes to tell the tale of the hero Edige needs a whole sack of souls.