Едіге батыр

Ноғайлы елінде Қайғылы Науайы (енді бір аңызда Бабай Түкті Шашты Әзіз деп аталады) атағы алты алашқа жайылған арқалы әулие домбырашы болыпты. Ол жаздың жарық айлы түнінде, ел-жұрт ұйқыға шомғанда, өзі Атырау (Каспий) теңізінің жағасындағы «Ақшағылдың» басына шығып домбыра тартқанда Қайғылы Науайының сазына перінің қызд...

Қазақша
Едіге батыр
Ноғайлы елінде Қайғылы Науайы (енді бір аңызда Бабай Түкті Шашты Әзіз деп аталады) атағы алты алашқа жайылған арқалы әулие домбырашы болыпты. Ол жаздың жарық айлы түнінде, ел-жұрт ұйқыға шомғанда, өзі Атырау (Каспий) теңізінің жағасындағы «Ақшағылдың» басына шығып домбыра тартқанда Қайғылы Науайының сазына перінің қыздары жиналады екен. Екі аяғын құммен көміп алып, домбыраны күңіренткенде бойын билей алмай селкілдей бастайды. Сол кезде атлас жібек көйлек киген перінің әдемі қыздары домбырашыны айнала қамап отыра қалатын көрінеді. Сөйтіп жүргенде ол өзіне жақын отыратын перінің бір сұлу қызына ғашық болыпты. Бара-бара махаббат дерті меңдегені сонша – қайғының зарына шыдамай, өз-өзінен аласұра бастаған Қайғылы Науайы ауылдың бір ақылды ақсақалына құпия сырын айтады. – Ие, балам, – депті ақылшы ақсақал, – перінің де перісі бар, кейбіреуі адам баласына жақын болады. Сенің күйіңді тыңдағаны рас болса, ол адам перісінің қызы болды. Егер оған шынымен ғашық болсаң, сырыңды ешкімге білдірме. Қашалық тауын жайлаған он саусағынан өнері төгілген Жоламан ұста бар, соған бар да біз жасаттырып ал. Бізіңнің сабы тұт ағашынан, ал өзі суарылған болаттан жасалатын болсын! Домбыра тартуға перінің қыздарына барғанда осы бізді жанқалтаңа салып бар да, өзіңнің ғашық болған қызыңның етегіне түйре, сол қыз сендік боп қалады, – депті. Науайы күйші бізді ақылшы қарияның айтқанындай етіп дайындап, жанқалтасына салып алып барып, сол күні перінің қыздарын еліктіру үшін домбыраны ерекше қызуланып тартыпты. Перінің қыздары айнала қоршап отырып, шақпақ шағып, от жарқылдатып, домбыраның сазына бұраңдап билепті. Күйшінің ғашық қызы бұл күні өте жақын отырыпты. Осы сәтте Науайы күйші ғашық қызының етегіне бізді шаншып үлгеріпті. Таң алды жақындап, перінің қыздары бірінен соң бірі тарай бастады. Мұның ғашығы да орнынан тұра бергенде етегіне түйреген біз тартып, жібермей қояды. Қыз тағы бір бұлқынған сәт құлап түседі. Науайы құлаған қызды бас салып, айрылмай қатып қалады. Қолға түскен перінің қызы Науайы күйшіге: – Маған адамзаттың қолы тиді, мен енді сендік болып қалдым. Бірақ саған қоятын үш шартым бар, соны орындасаң ғана сенің әйелің боламын, ал осы айтатын үш шартымды орындамасаң, мен сендік болмаймын, – депті. Науайы күйші: – Шартыңды айт, – депті. – Олай болса, – депті перінің қызы, – бірінші шартым, мен жалғыз үйде отырғанда, менің үйде не істеп жатқанымды көрейін деп үйдің жабығынан сығалап қарамайсың. Екінші шартым – мен жүріп баратқанда артымнан қарамайсың. Үшінші шартым – түнде жатқанда қолтығымның астына қолыңды салмайсың, – депті. Қайғылы Науайы бұл айтқан үш шарттың бәрін орындайтын болып уәде беріпті. Сөйтіп, күннен күн өтіп, айдан ай өтіп, Науайы күйші перінің қызымен өмір сүріп тұра беріпті. Арада біраз жылдар өткен соң күйшіге әбден бойы үйреніп, баяғы үш шартын өзіне білдірмей байқап көрейінші деген ой түсіпті. Сонымен күйші бір күні сырттан келіп киіз үйдің жабығынан сығаласа, перінің қызы басын мойнынан суырып алып, тізесіне қойып шашын тарап отыр екен дейді. Біраз күн өткеннен соң шартының екіншісін байқағысы келіп, артынан қараса, теріс аяқтап жүріп барады екен. Перінің қызының қойған екі шартын бұзып, құпия сырын білгеннен кейін үшінші шартын да білмек болып түнде жатқанда перінің қызының қолтығының астына қол салса, қолтықтың асты тесік, жалқылдап жатады. Перінің қызы ерте тұрып, Науайы күйшіге: – Сен менің үш шартымды бұздың, мұнан былай мен сенімен тұрмаймын, өз еліме кетемін, бірақ менің ішімде алты айлық сенің ұл балаң бар, ол балаң Арабияның «Хира» тауының үңгірінде өмір сүреді. Балаң керек болса, сол жерден тауып аласың, – дейді. Перінің қызы Қайғылы Қара Науайымен қоштасу сөзін айтып, бірнеше рет сілкінеді де, сұлу денесіне қанат бітіп, ұшады да кетеді. Қайғылы Науайы перінің қызының айтуы бойынша Арабияның Хира тауына барып баласын іздейді. Ұзақ уақыт іздеп, қайғы тартады. Сондықтан да оны «Қайғылы Науайы» деп атайды. Қайғылы Науайы Арабияның ыстық күнінде баласын іздеп Хира тауын аралап жүргенде бір бала таудың жарығынан шығып ойнайды да, бұл ұстайын десе, бала қашып ұстатпайды. Ақыл сұрап, сол жердің бір қариясына барады. Арабтың қариясы Қайғылы Науайыға мынандай ақыл айтады: «Осы маңда бір шебер әйел бар, соған әдемі қуыршақ жасаттырып, сонан кейін ершіге ер жасаттырып ал. Баланың ойнайтын жарығының тұсына бар да, бір жеріне қуыршақтарды қой, ал екінші жерге аттың ерін қой да, ердің керсеніне желім жақ, – дейді, – Қыз бала болса қуыршақпен ойнар, онда оны ұстамай-ақ қой, қыз бала саған болмас дейді. Ал ұл бала болса, ерге мінеді, – дейді. Қайғылы Науайы қуыршақ пен ерді тауға әкеліп, баланың ойнайтын жеріне қояды да, өзі бір жақпар тасқа жасырынып жатады. Бір кезде таудың үңгірінен жас бала шығып «ап» деп ерге мініп алғанда жалаңаш денесі сол мезет желімге жабысып қалады. Науайы шап беріп баланы ұстайды да еліне алып келеді. Кейін ер жеткізіп, ел қамын жеген Едіге батыр сол бала екен.
Ағылшын
Ediye Batyr
In the land of the Nogai, there was a renowned holy musician named Kaıghyly Nauai (also known in another legend as Babai Tükti Shashti Aziz), whose fame spread across the six nations. On bright moonlit nights in summer, when the people were deep in sleep, he would climb to the top of "Akshagyl" by the Caspian Sea and play the dombra. It was said that the daughters of the fairies would gather to listen to the melodies of Kaıghyly Nauai. With his feet buried in the sand, as he played the dombra, they would start to sway uncontrollably. At that moment, beautiful fairy girls dressed in silk would surround the musician. During this time, he fell in love with one of the lovely fairy girls who sat closest to him. As his love grew stronger, he could not bear the sorrow and began to despair. Kaıghyly Nauai confided his secret to a wise elder of the village. "Indeed, my son," said the wise elder, "even among fairies, there are those who are closer to humans. If she listens to your music, she is indeed a fairy's daughter. If you truly love her, do not reveal your secret to anyone. There is a skilled craftsman named Zholaman, who lives on the mountain of Kashalyk, and he can make a dombra for you. Let the body be made of mulberry wood, and the strings be of tempered steel! When you go to play for the fairy girls, take this with you and pin it to the hem of the girl you love; she will belong to you." Nauai prepared the dombra as the wise elder instructed, took it with him, and that day he played with such fervor to enchant the fairy girls. They surrounded him, clapping and dancing to the rhythm of the dombra. His beloved fairy girl sat very close to him. At that moment, Nauai managed to pin the token to her hem. As dawn approached, the fairy girls began to disperse one by one. When his beloved stood up, the token he had pinned to her hem caught her, and she stumbled. Nauai rushed to catch the fallen girl and held on tightly. The captured fairy girl said to Nauai: "I have been touched by a human, and now I belong to you. But I have three conditions, and only if you fulfill them will I be your wife; if you do not, I will not belong to you." Nauai replied: "State your conditions." "Then," said the fairy girl, "my first condition is that when I am alone at home, you will not peek through the cracks to see what I am doing. My second condition is that when I walk away, you will not look back at me. My third condition is that at night, while we are lying down, you will not put your hand under my arm." Kaıghyly Nauai promised to fulfill all three conditions. Thus, days turned into weeks, and months passed, and Nauai continued to live with the fairy girl. After several years, having grown accustomed to the musician, she thought to test her old three conditions without him knowing. One day, when the musician returned home and peeked through the yurt's crack, he saw the fairy girl pulling her head from her neck and placing it on her lap to comb her hair. A few days later, wanting to test the second condition, he looked back as she walked away, and she turned and walked backward. After breaking the first two conditions and discovering her secret, he wanted to know the third condition. One night, while lying down, he put his hand under her arm, and it felt hollow and cold. The fairy girl woke up early and said to Nauai: "You have broken my three conditions; from now on, I will not stay with you and will return to my own land. However, I carry your son within me, and he will live in the cave of Mount Hira in Arabia. If you want your child, you will find him there." The fairy girl bid farewell to Kaıghyly Nauai, shook herself several times, and with her beautiful body sprouted wings and flew away. Following the fairy girl's words, Kaıghyly Nauai went to Mount Hira in Arabia to search for his child. He searched for a long time and suffered greatly, which is why he is called "Kaıghyly Nauai." While wandering the hot days of Arabia in search of his child, a boy emerged from the mountain's cave and began to play. When Nauai tried to catch him, the boy ran away. Seeking advice, he went to an elder of that land. The Arab elder advised Kaıghyly Nauai: "There is a skilled woman nearby; have her make a beautiful doll, and then get a saddle made. Go to the place where the child plays, place the dolls in one spot, and the saddle in another, and apply glue to the saddle's pommel. If it is a girl, she will play with the doll, and you should not try to catch her, for she will not be yours. But if it is a boy, he will mount the saddle." Kaıghyly Nauai brought the doll and saddle to the mountain, placed them where the child played, and hid behind a large rock. At one moment, a young boy came out of the cave and jumped onto the saddle, sticking his bare body to the glue. Nauai rushed to catch the boy and brought him back to his homeland. Later, the boy grew up to be Edige Batyr, who cared for his people.