Едігенің төресі

Ертеде бір нашар, кедей адам болған екен, өзінің жалғыз ұлынан басқа жақын туысқан ешкімі жоқ екен. Қатынынан ұлы он екіге келгенде айырылған екен. Бала он төртке келген соң әкесі опат болып, мүлде жалғыз, жетім қалды. Әкесі өлген соң бір жылдан кейін бала бір бай саудагерге жалданды. Жалақы турасынан екеуі де ештеңе д...

Қазақша
Едігенің төресі
Ертеде бір нашар, кедей адам болған екен, өзінің жалғыз ұлынан басқа жақын туысқан ешкімі жоқ екен. Қатынынан ұлы он екіге келгенде айырылған екен. Бала он төртке келген соң әкесі опат болып, мүлде жалғыз, жетім қалды. Әкесі өлген соң бір жылдан кейін бала бір бай саудагерге жалданды. Жалақы турасынан екеуі де ештеңе деген жоқ екен. Он екі жыл жігіт байға қызмет қылып тұрды. Он екі жыл өткен соң жігіт байдан шығамын деп ақысын сұрайды. Бай «жарайды»» дейді. – Бірақ сенің киім, тамағыңа он екі жылдан бері қарай мен екі жүз ділдә жұмсадым, соныңды төлеп кет, – дейді, – Өзге сенің жамандығыңмен шыққан шығынды санамай-ақ қояйын, – дейді. Жігіт: – Мен сенің үйіңде текке қарап жүрген жоқ едім ғой. Қойың болса бағып, үйдегі жұмысың болса істеп жүріп едім ғой, – деп бағып еді, бай оған ештеме деп жауап қайтармады. Жігіт қазыға алып барды, көп кісі байға болысып куәлік берді. Жігіт байғұстың өзінен басқа жақыны жоқ, оған болысатын ешбір жан шықпады. Қазы кесім қылып салды, кесімі бойынша жігіт байға екі жүз ділда берсе керек. Егер де оны тауып бере алмаса, бай жігіттің етінен сегіз қадақ ет кесіп алуға мүмкін болады. Жігіт мұны естіген соң байдан құтылайын деп қашыпты. Бай көтінен қуады. Жігіт жайылып жүрген түйенің жанымен кетіп бара жатыр еді, бір уақытта бір бура аузынан ақ көбігі ағып жігітті қуа бастады. Түйе жігітке жақындап-ақ қалды. Енді бір жетеді-ау дегенде жігіт жалт қарап, қолындағы таяғын түйеге жіберіп қалып еді, таяқ барып түйенің оң көзіне тиеді. Оң көзін шығарды, сөйтіп түйеден құтылып кетті. Түйенің иесі жігіттің соңына түсіп, жігітті қуды, түйесінің құнын алайын деп. Жігіт қашып келеді. Аяғы аяғына тимей келе жатса, алдында бір жар қабағы бар өзен екен. Жігіт не қыларын білмей сасыңқырайды. Кім болса со болсын, не қылса да өзеннен өтіп бағайын деп жардан секіріп түсті. Жар астында үш жігіт балық аулап, демалып жатыр екен. Жігіт жардан секіріп түскенде үшеуінің ең кішісінің үстіне түсіп, кішісін басып өлтіреді. Інісі өлген соң ағалары ұшып түрегеліп, жігітті шап беріп ұстай алады «ініміздің құнын төле!» деп. Сол уақытта жігіттің артындағы екі қуғыншы да естіп қалады, сөйтіп, жігіттің сұраушысының өзі де үшеу боп қалады. Біреуі қазының бұйырған сегіз қадақ етін сұрайды, біреуі түйесінің көзінің құнын сұрайды. Жігіт әбден састы. Кісілер өзді-өздері сөйлесті, сөйлесті де, Едігеге бармақшы болды. Едігеге келіп түсіндіріп, әркім өзінің ісін айтады. «Сен қандай төре қылсаң да, біздер разы боламыз» деп уағда берді бәрі де. Едіге сөздерін қабыл алып, жігіт он екі жыл жүрген байға айтты: – Саған қазы жігіттің етінен сегіз қадақ ет кесіп алуға бұйырыпты ғой. Мен де саған соны бұйырамын. Бірақ сен оның етінен дәл сегіз қадақ ет кесіп ал, егерде бір мысқал артық, болмаса бір мысқал кем кессең, мен сенің басыңды алғызамын осы жерде. Мен қайтіп сегіз қадақ ет кесіп аламын деп ойлай-ойлай, қой мен мұны тастайын деп кетіп қалады. Онан кейін Едіге түйенің егесіне айтты: – Сен жүгіріп қашасың, мен сенің артыңнан бір бураны жіберемін, бура жақындай бергенде артыңа жалт қарап таяқпен түйеге жіберіп қалып, түйенің оң көзін шығарсаң керек. Егерде айтқанымды істей алмасаң, басыңды алғызамын. Егер айтқанымды істей алсаң, түйенің көзінің құнын өзім-ақ төлеймін, – дейді. «Қой, мұны мен істей алмай өзім бір масқара боп қалармын» деп ол да қайтып жөніне жөнелген. Ағайынды екеуіне бүй дейді: – Мен бұ жігітті жардың астына бір жерге жатқызып қоямын. Екеуіңнің біреуің жүгіріп келіп жардан секіріп түссеңдер керек. Сол секіріп түскен салмақтарыңнан жігіт өліп кетсе керек. Егер мұны қыла алмасаңдар, екеуіңнің де бастарыңды алғызамын, егер айтқанымша қылсаңдар, інілеріңнің құнын өзім төлеймін, – дейді. Хош, жігіт жардың астында жатады екен, оның қай жерде жатқанын білмейміз. Оның үстіне тағы да секіріп түсу керек, үстіне түскен соң өлсе керек. Мұның бәрін қайтып орнына келтіре аламыз. Бұ қиын екен деп кетіп қалады. Сөйтіп, жігіт үш бірдей пәледен Едігенің көмегімен құтылыпты.
Ағылшын
The Tale of Edigei
Once upon a time, there was a poor man who had no close relatives except for his only son. He lost his wife when his son was twelve years old. After the boy turned fourteen, his father passed away, leaving him completely alone and orphaned. A year after his father's death, the boy was hired by a wealthy merchant. They never discussed the salary directly. The young man served the merchant for twelve years. After twelve years, the young man asked to leave and requested his payment. The merchant said, "Alright." "But for your clothing and food over these twelve years, I have spent two hundred dildas, so pay that back," he said, "and I won't even count the other expenses incurred due to your shortcomings." The young man replied, "I wasn't just sitting idly in your house. I took care of your sheep and did your household chores," but the merchant did not respond. The young man took the matter to a judge, and many people testified in favor of the merchant. The poor young man had no relatives to support him. The judge made a ruling, stating that the young man must pay the merchant two hundred dildas. If he could not pay, the merchant would be allowed to take eight qadaq of flesh from the young man. After hearing this, the young man tried to escape from the merchant. The merchant chased after him. The young man was running alongside a herd of camels when suddenly a bull, frothing at the mouth, began to chase him. The camel got close to the young man. Just as it was about to catch him, the young man turned around and struck the camel with his stick, hitting it in the right eye. He blinded it and managed to escape. The owner of the camel pursued the young man, wanting to claim compensation for his camel. The young man continued to run. As he was fleeing, he came across a river with a steep bank. Not knowing what to do, he decided to jump into the river. Under the bank, three young men were fishing and resting. When the young man jumped down, he landed on the smallest of the three, killing him. After the younger brother died, the older brothers jumped up and managed to catch the young man, demanding, "Pay for our brother!" At that moment, the two pursuers behind the young man also heard the commotion, and soon the young man found himself surrounded by three accusers. One demanded the eight qadaq of flesh ordered by the judge, while another asked for compensation for the camel's eye. The young man was completely bewildered. The people debated among themselves and decided to go to Edige. Upon arriving at Edige, they explained the situation, and each person presented their case. "Whatever decision you make, we will accept," they all agreed. Edige accepted their words and addressed the young man who had served the merchant for twelve years: "The judge has ordered that you must give eight qadaq of flesh from your body. I also order you to do the same. However, you must ensure that you cut exactly eight qadaq; if you cut even a little more or a little less, I will have your head taken here." Thinking about how he could possibly cut exactly eight qadaq, the young man decided to leave. Then Edige spoke to the owner of the camel: "You are running away, but I will send a bull after you. When the bull gets close, turn around and strike the camel in the eye with your stick. If you can do that, I will pay for the camel's eye myself. If you cannot do it, I will have your head taken." "Well, I can't do that; I would just embarrass myself," he thought and went on his way. To the two brothers, he said: "I will lay this young man under the bank. One of you must run and jump down. The weight of your jump will likely kill him. If you cannot do this, I will have both of your heads taken. If you do as I say, I will pay for your brother." Alright, the young man lay under the bank, and we do not know where he was lying. They needed to jump down onto him, and if they landed on him, he would die. They thought it was too difficult and left. Thus, with Edige's help, the young man escaped from three different troubles.