Қазыбек би елшілігі (І нұсқа)

Абылай хан қазаққа хан болып тұрған күнде Қалдан Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымға айтқан екен: – Қазақтан елшілікке келгендерді аралап көр. Бітім алуға жарарлық кісісі бар ма екен. Тұрарлық кісісі бар болса, сынап алып кел, – деді, – бітім алып қайтарлық кісісі жоқ болса, мені көрсе...

Қазақша
Қазыбек би елшілігі (І нұсқа)
Абылай хан қазаққа хан болып тұрған күнде Қалдан Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымға айтқан екен: – Қазақтан елшілікке келгендерді аралап көр. Бітім алуға жарарлық кісісі бар ма екен. Тұрарлық кісісі бар болса, сынап алып кел, – деді, – бітім алып қайтарлық кісісі жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер! Түзу сөз білерлік біреуін жіберсін, – деп деген соң, Қарабас ханым аралап, таңдап, төрт кісіні алып, Қалдан Шеріннің алдына келді дейді. Біреуі – қаз дауысты Қазыбек, біреуі – Айдабол баласы Тайкелтір би, бірі – Балтакерей Тұрсынбай, бірі – Шақшақұлы Жәнібек. Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты: – Бұларды не сынмен алып келдің? – деп. Сонда Қарабас ханым айтты дейді: – Мынау отырған қаз дауысты Қазыбек. Ұйықтағанда екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі [жаққа] жіберіп, керген төстіктей жатады екен. Оның мәнісі: «дүниенің [төрт] бұрышын қарап туған ұлмын» дегені. Қара бақайына шейін құт екен, – дейді, – өлгенде арулаған жерін басып өткен ел бай болар, – дейді. – Мынау отырған Тайкелтір. Кішкене қолының ұшы екі иір біткен екен. Өнері қара саннан келеді екен, – дейді. – Мынау отырған – Балтакерей Тұрсынбай. Құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінен де міні жоқ, еңбегінде кінә, тілегінде міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы – жауы желкесінде екен, онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек, – дейді. – Мынау отырған – Жәнібек. Екі аяқты, бір бастының сырттаны екен, – дейді, – өзінің оққағары бар екен. Күнінде ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын шағатұғын осы екен, – дейді. Сонда Қалдан Шерін: – Осыны өлтіріп тастасам қайтеді? – дейді. Сонда ханымы айтты дейді: – «Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс» дейді екен деп. Ханымы айтты: «Қазақ, қалмақтың тыйышлығы болсын деп елші жіберсін» десіп. «Келген елшіні өлтірсек қайтеді?» дейсің. Сонау тұрған төртеуі дүниенің төрт тіреуіндей кісілер емес пе?! «Атса мылтық, шапса қылыш өтпейтұғын, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын» деп осындай жандарды айтады депті, – дейді. Қалдан Шерін сонда бұл төртеуіне, ер басына тоқсан жесірді [долгсыз] берген екен дейді. Бұрын қазақ, қалмақ арасында атыс-шабындылықта түскендерді мал беріп, сатып алады екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді. Сонда бір келіншек қатын: – Би ағалар-ау, – деп Қазыбекке, – мен қалып барамын, – дегенде, ханнан сұрап алған екен депті.
Ағылшын
Kazibek Bi's Embassy (Version I)
When Abilai Khan was ruling as the Khan of the Kazakhs, he sent an envoy to Kaldan Sherin. At that time, Kaldan Sherin told his wife Karabas Khanim: – Look over those who have come from the Kazakhs for the embassy. Is there anyone worthy of making peace? If there is a worthy person, test him and bring him back, – he said, – if there is no one suitable for making peace, send them back without showing me! Let him send someone who knows how to speak straight, – after saying this, Karabas Khanim went around, selected four people, and brought them before Kaldan Sherin. One was Kazbek with the voice of a goose, another was Taikeltyr bi, the son of Aydabol, one was Baltakerey Tursynbay, and the last was Zhanibek, the son of Shakshak. Then Kaldan Sherin asked his wife: – What test did you bring them with? – he asked. Then Karabas Khanim replied: – This one sitting here is Kazbek with the voice of a goose. When he sleeps, he stretches his arms and legs out to the sides, lying like a stretched pillow. The meaning of this is: "I am a son born to look at the four corners of the world." He is blessed from the tip of his little toe to the top of his head, – she said, – when he dies, the land where he is buried will be prosperous. – This one here is Taikeltyr. The tips of his small hands are bent in two. His skill comes from his strong thighs, – she said. – This one here is Baltakerey Tursynbay. He is a deaf mute with no tail, short in stature. He has no faults in his bravery, no blame in his work, and no shortcomings in his wishes. His only fault is that his enemy is behind him; apart from that, he has nothing to fear, – she said. – This one here is Zhanibek. He is a two-legged, one-headed outsider, – she said, – he has his own protector. On a day when you burn your leg, this is the one who will extract the fat from your little toe, – she said. Then Kaldan Sherin said: – What if I kill him? – he asked. Then his wife replied: – "The wisdom of the Khan is equal to that of a child's play," they say. His wife said: "Let the Kazakhs send an envoy for the peace of the Kalmyks." You ask, "What if we kill the envoy who has come?" Aren't these four standing there like the four pillars of the world?! They say such people are "those whom bullets cannot pierce, swords cannot cut, who cannot be burned in fire, and cannot drown in water," – she said. At that time, Kaldan Sherin gave these four men ninety widows [without debt]. Previously, the Kazakhs would buy those who had fallen in battles with livestock. This time, they returned without being sold. Then one woman said: – Oh, elders, – she said to Kazbek, – I am left behind, – when she said this, it is said that she had asked the Khan for permission.