Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІVнұсқа)

Абылай XVIII ғасырдағы атағы жер жарған хан болыпты. 1700 жылдар шамасында дүниеге келіп, кейін Түркістанда Әбілмәмбет төреге қызмет істеп, оған тағы қорланып, Төле бидің түйесін бағады. Мұнда да тұрақтай алмай, Сарыарқаға келіп, атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Кейін қазақ-қалмақтар арасындағы қатты ұрыстард...

Қазақша
Келдібекұлы Қазыбектің қаз дауысты атануы (ІVнұсқа)
Абылай XVIII ғасырдағы атағы жер жарған хан болыпты. 1700 жылдар шамасында дүниеге келіп, кейін Түркістанда Әбілмәмбет төреге қызмет істеп, оған тағы қорланып, Төле бидің түйесін бағады. Мұнда да тұрақтай алмай, Сарыарқаға келіп, атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Кейін қазақ-қалмақтар арасындағы қатты ұрыстарда ерекше көзге түсіп, Сабалақ атынан құтылып, Атығай қарауылдан алты қатын алады. Кейін әйелінің саны он жетіге жетіп, отыз ұлды болады. Көкшетауда тұрып, қазақ халқына қырық сегіз жыл хан болып, алпыс жеті жасында қайтыс болыпты. Сүйегі Түркістанға қойылыпты. Абылай хан жауынгер батырларымен Сыр бойындағы елді аралап жүргенде қалмақтың атышулы, әрі шешені, әрі батыры Шырын: «Абылай елін шабуға қолайлы уақыт осы» деп Қоңтажы ханға айтқан соң, Қоңтажы Абылайдың еліне екі жүздей жортуыл қалмақ жіберіп, қазақ елін шаптырады. Абылай Сырдан қайтып келіп, мұны естіген соң, шапқыншылыққа ұшыраған халқын көріп, бөгелместен жұрттың басшы-билерін, жауынгер батырларын жиып алып ақылдасады: – Қайтсек те қалмақтың шабуылында кеткен малымызды қайтарып алуымыз керек, ол үшін қалмақтан сөз алуымыз керек, – дейді. Сол кезде қалмақтың ханы Қоңтажы сөйлесе, сөз бермейтін, егессе, жол бермейтін батыр, көсем, қайратты, қажырлы, ақылы мол, айлалы адам екен. – Мен сіздердің ешқайсыңа «сен бар» деп атап айтпаймын. Бірақ Қоңтажымен айтысуға, арбасуға жараймын деп, бойыңа сенгендерің өздерің айтыңдар, – депті. Сонда «мен барамын» деп ешкім жауап бере алмапты. Көптің қайғырып, қамалып отырғанын біліп Абылай: – Қазақ қалмақтың басыбайлысы ма еді, неге үндемейсіңдер? – дегенде, Сүйіндік Айдабол бидің Тайкелтірі, Қаракерей Қабанбай, Сырым Малайсары «біз барамыз» депті. – Ендеше, жарайды, – деп, өзінің батырларынан жүз кісі қосып, басшысы Қабанбай, Сырым Малайсары болып, Қоңтажыға жөнелтпек болып жатқанда, Болатқожа / Қаракесек – Бошан/ Келдібек би есітіп, он алты жастағы баласы Қазыбекті шақырып алып: – Балам кім боласың? – депті. Сонда Қазыбек айтыпты: – Әкем – Келдібек, атым – Қазыбек, руым – қаракесек, – депті. – Олай болса, адам болғың келе ме? – Әуелі жақсылардың атын ерттеп беріп, жатқа атағымды шығарғым келеді, – депті. Сонда Келдібек баласына [көңілі толған] соң, ат-тұрманын, азық-түлігін, қару-жарағын сайлап беріп, Абылайға жіберіпті. Келдібек жүрерде баласына айтады: – Шырағым, барған бетіңмен ешкімге, ешқайда бұрылмастан Абылайға барып сәлем бергейсің. Қазыбек әкесі айтқандай, Абылайдың алдына барып, сәлем беріпті. Абылай амандасып, жөн сұрайды, Қазыбек: – Тай бәйгесін місе ғып қанағаттанбай, ат бәйгесін іздеп жүрген қаракесек Келдібек бидің баласымын. Атым – Қазыбек деген сіргелі таймын, – дейді. Сонда Абылай хан: – Бәрекелді, балам, туысыңа, – деп баланың бетін сипайды. Ішінде жас Қазыбек, бастығы Тайкелтір, Қабанбай, Малайсары болып жүзден аса кісі қалмақтың еліне қарай шеру тартып шығады. Бірнеше күн жүріп қалмақтың еліне келеді. Қоңтажы ханның ордасының сыртына келіп тоқтап, хабар айтқызып, рұқсат сұрайды. Қалмақтың ханы бұларды қабыл алып, ауылдың сырт жағындағы, жарты шақырымдай жердегі тігілген үйлерге түсіреді. Келушілер екі-үш күн нақты тыныққан соң, Қоңтажы хан ордасына шақыртып: – Келген жұмыстарыңды айтыңдар! – деп сұрайды. Сонда Тайкелтір: – Уа, тақсыр, хан! Алдыңа келдік, Айтқаныңа көндік, Өгізді өрге байладық, Ерлікті төменге байладық. Аузыңа қарадық, Ұнамаса тарадық. Ақ десең де, Қара десең де, Ерік өзіңде, – деген екен. Бұл сөзде пәлендей қарсылық-қажырлылық бол[ма]ған соң, хан: – Бүрсігүні түске шейін бір жауап қайтарайын. Сонда жауап қайырмасам, бас аман, хан бейбітте елдеріңді табыңдар! – депті. Бұған қазақтың басты би, батырлары ешнәрсе айта алмапты. Сонда босағада отырған бала Қазыбек ұшып тұра келіп: – Дат! – депті. Қоңтажы: – Датың болса айт! – депті. Сонда Қазыбек: – Сен – темір де, мен – көмір, Еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын Теліткелі келгенмін. Сөз бермейтін шешенді Кеміткелі келгенмін. Ерегіскен ер шықса, Еңкейткелі келгенмін. Тұтқыр сары желіммен Жабысқалы келгенмін. Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенмін. Қазақ, қалмақ баласы Табысқалы келгенмін. Табысуға келмесең, Тұрысатын жеріңді айт, Сен – айдаһар болсаң, Мен – жолбарыс, Шабысқалы келгенмін! – депті. Сонда Қоңтажы: – Сен кімсің? – деп сұрайды. – Қаракесек Келдібек бидің баласымын, атым – Қазыбек, – дейді бала. – Ендеше сенің атың қаз дауысты Қазыбек болсын және барлық жылқыңды, адамдарыңды бердім, – депті. Сонымен қалмақтар алып кеткен қазақтың ұлы-қызы, мал-мүлкін тегіс түгендеп қайырып, елшілер енді қайтамыз дегенде бір қазақ жігіті келіп Қоңтажы ханға арыз айтыпты: – Уа, хан мен билер, қалмақ елді шапқан түнде мен жылқыда едім. Тұтқын ғып мені де алып кетті. Келген соң ханның бір уәзірі астымдағы атымды, үстімдегі тонымды тартып алды. Еркіммен бермеген соң, ұрып тісімді сындырды. Жаныма балаған жалғыз атым еді. Мына қайтып бара жатқан жылқының ішінде көрінбейді. Күрек тісімнен айрылып, күлкім бұзылды, тонымнан айрылып, көркім бұзылды. Атымнан айрылып, ұйқым бұзылды. Осыған не айтасыздар, халайық! – депті. Бұған елшілер ештеңе айта алмай аңтарып тұрып қалады. Қоңтажы былай дейді: – Уа, ат деген іші боқты, сырты түкті бір қара ғой, тон дегені тоқтының терісі шығар. Оның несі сөз бопты, қол сынса, жең ішінде, тіс сынса, ауыз ішіңде, бітіскеннен кейін кете бермес пе! – депті. Елшілерге ханның сөзі дұрыс сықылданып, ешбір сөз айта алмапты. Сонда Қазыбек астындағы атын тебініп, ілгерілеп келіп былай депті: – Қалайша қол сынса, жең ішінде, тіс сынса ауыз ішіңде кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын елміз, жақсымызды асырмайтын елміз. Астыңдағы мінген Қанат емей немене? Тоқтышықтың терісі Жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс Болат емей немене? Қанатынан айырылу, Болатынан айырылу, Жанатынан айырылу, Оғат емей немене?! Ол жалаңаш, жаяу жүретін сенің құлың емес, қазақтың ерікті ұлы көрікті болуға тиіс, – депті. Сонда Қоңтажы хан сөзге жығылып, «жанатыңа жанатым» деп үстіндегі жанат ішігін, «қанатыңа қанатым» деп астындағы қара қасқа тұлпарын, «болатыңа болатым» деп беліндегі семсерін шешіп беріпті. Сүйтіп, Қазыбек шешеннің қазақ халқының намысымен шыңдалған жігерлі сөзі қылышынан қан тамған қалмақтың қаһарлы ханы Қоңтажыны қорғасындай балқытқан екен.
Ағылшын
The reason why Keldibekuly Kazibek is known as "Kaz Dauysty" (Version IV)
Ablai was a renowned khan of the 18th century. Born around the 1700s, he later served under Abilmambet Tora in Turkestan, where he was also humiliated and tended to Tole Bi's cattle. Unable to settle there, he moved to Saryarka and tended to the horses of the Atygay wealthy man Dauletkeldi. Later, he distinguished himself in fierce battles between the Kazakhs and the Kalmyks, escaping from the name Sabalaq and taking six wives from the Atygay clan. Eventually, the number of his wives reached seventeen, and he had thirty sons. He lived in Kokshetau, serving as khan for forty-eight years, and passed away at the age of sixty-seven. His remains were laid to rest in Turkestan. While Ablai was traveling with his warrior heroes around the Syr region, the infamous and eloquent Kalmyk warrior Shirin said to Khan Qontazhi, "Now is the right time to raid Ablai's land." Following this, Qontazhi sent about two hundred raiders to attack the Kazakh lands. Upon returning from the Syr, Ablai, upon hearing this, saw his people suffering from the invasion and immediately gathered the leaders, elders, and warrior heroes to consult: - "We must retrieve the livestock lost in the Kalmyk raid; for that, we need to negotiate with the Kalmyks," he said. At that moment, the Kalmyk Khan Qontazhi was known to be a warrior, leader, and a strong-willed, clever, and cunning person who would not give in easily. - "I will not call any of you by name. But those who believe they are capable of arguing with Qontazhi, let them speak for themselves," he said. At that, no one responded with "I will go." Realizing the sorrow and despair of the crowd, Ablai asked: - "Is the Kazakh a slave to the Kalmyks? Why are you silent?" At this, Suindik Aydabol Bi's Taykeltiri, Karakerey Qabanbay, and Syrym Malaisary said, "We will go." - "Very well," he replied, adding one hundred of his warriors, with Qabanbay and Syrym Malaisary as leaders, preparing to send them to Qontazhi when Bolatqozha / Karakesek - Boshqan / Keldibek Bi heard this and called his sixteen-year-old son Qazybek: - "My son, who will you be?" he asked. Then Qazybek replied: - "My father is Keldibek, my name is Qazybek, my clan is Karakesek." - "Then do you wish to become a man?" - "First, I want to saddle the horses of the good people and make my name known," he said. After being pleased with his son, Keldibek equipped him with a horse, provisions, and weapons, sending him to Ablai. Before leaving, Keldibek told his son: - "My dear, go straight to Ablai without turning to anyone or anywhere." Qazybek did as his father instructed and went to greet Ablai. Ablai welcomed him and inquired about his background. Qazybek said: - "I am the son of Keldibek, a Karakesek, and I am seeking the horse race, not just the pony race." Then Khan Ablai said: - "Well done, my son, you are related to us," and he stroked the boy's face. Among them were young Qazybek, with Taykeltiri, Qabanbay, and Malaisary leading over a hundred men heading towards the Kalmyk lands. After several days of travel, they arrived at the Kalmyk territory. They stopped outside Qontazhi Khan's yurt, sent a message, and requested permission. The Kalmyk Khan received them and accommodated them in tents set up about half a kilometer away from the village. After two or three days of rest, Qontazhi Khan summoned them to his yurt: - "Tell me your purpose for coming!" he asked. Then Taykeltiri said: - "O, Your Majesty, Khan! We have come before you, We have obeyed your words, We have tied the ox to the hill, And the bravery to the lowland. We have looked to your mouth, If you do not like it, we will disperse. Whether you say white or black, The choice is yours." Since there was no significant resistance in this statement, the Khan replied: - "I will give you an answer by noon the day after tomorrow. If I do not respond, you may find your people in peace, safe and sound!" The main Kazakh elders and warriors could not say anything in response. Then the boy Qazybek, who was sitting at the threshold, jumped up and said: - "I have something to say!" Qontazhi asked: - "If you have something to say, speak!" Then Qazybek said: - "You are iron, and I am coal, I have come to melt you. I have come to tame the fawns, I have come to silence the eloquent. If a warrior arises in dispute, I have come to bend him. With sticky yellow glue, I have come to bind you. The newly trained young stallion I have come to race with. I have come for the Kazakh and Kalmyk children To meet. If you do not come to meet, Tell me where you will stand, If you are a dragon, I am a tiger, I have come to charge!" Then Qontazhi asked: - "Who are you?" - "I am the son of Karakesek Keldibek, my name is Qazybek," the boy replied. - "Then let your name be Qazybek, the one with the crowing voice, and I give you all your horses and people," he said. Thus, the Kalmyks returned all the captured Kazakh sons and daughters, livestock, and property. When the envoys said they were returning, a Kazakh young man came to Qontazhi Khan and complained: - "O Khan and elders, on the night the Kalmyks raided, I was with the horses. They took me captive as well. Upon arrival, one of the Khan's ministers took my horse and my coat. Since I did not willingly give them, he struck me and broke my teeth. That was my only horse. It does not appear among the horses returning. I have lost my teeth and my laughter has faded, I have lost my coat and my beauty has diminished. I have lost my horse and my sleep has been disturbed. What do you say about this, people?" The envoys stood speechless, unable to respond. Qontazhi then said: - "O, a horse is a black creature with a dirty inside and a hairy outside, and a coat is made from the skin of a sheep. What is there to complain about? If a hand is injured, it is within the sleeve; if a tooth is lost, it is in your mouth; once it is healed, does it not go away?" The Khan's words seemed correct to the envoys, and they could not say anything. Then Qazybek urged his horse forward and said: - "How can a hand injury remain in the sleeve, and a tooth loss remain in the mouth? We are a people who do not hide our faults and do not boast of our virtues. What you ride is not just a wing? The skin of a sheep is not just a covering? The thirty teeth in your mouth are not just iron? To lose your wings, To lose your iron, To lose your covering, Is that not a disgrace?! He is not your naked, barefoot servant; he is the free son of the Kazakh and must be dignified," he said. At that, Khan Qontazhi, swayed by the words, said, "For your covering, I give you my covering," and he gave his coat, "For your wings, I give you my horse," and he gave his black stallion, "For your iron, I give you my sword," and he handed over his sword. Thus, the spirited words of Qazybek, tempered by the pride of the Kazakh people, melted the fierce Khan Qontazhi of the Kalmyks like lead.