Қаз дауысты Қазыбек би (V нұсқа)

Қоңтожы деген қалмақтың ханы қазақтардың малын тонап кетеді. Бірер жыл арада өткен соң, қазақтар бас қосып, небір шешен, билерді сыннан өткізіп, іріктеп жіберіп Қоңтожылардан малды дауламақ болады. Мұны естіп он үш жасар Қазыбек деген бала әкесіне келіп сынға түсуге рұқсат сұрайды. – Әлі өте жассың ғой, балам! – Жас та...

Қазақша
Қаз дауысты Қазыбек би (V нұсқа)
Қоңтожы деген қалмақтың ханы қазақтардың малын тонап кетеді. Бірер жыл арада өткен соң, қазақтар бас қосып, небір шешен, билерді сыннан өткізіп, іріктеп жіберіп Қоңтожылардан малды дауламақ болады. Мұны естіп он үш жасар Қазыбек деген бала әкесіне келіп сынға түсуге рұқсат сұрайды. – Әлі өте жассың ғой, балам! – Жас та болсам, барамын, әке, тек сіздің ризашылығыңыз керек. – Олай болса сыншылардың алдыңда не айтар едің, балам? Айтшы, өзім бір сынап көрейін. – Сыншылар «е, бұл қай баласың?» дер. «Руым – қаракесек, әкем – Келдібек, өзім – Қазыбек» деймін. «Жол болсын!» дегенде, «құнан бәйгесінен озып жүрмін, ат бәйгесіне қосылайын деп едім» деймін, әке, – деді баласы. – Рұқсат балам, жорытқанда жолың болсын, жолдасың – Қыдыр ата болсын! Бірақ жалғыз барма, қасыңа жолдастарыңды ертіп, өзің олардың алдында, жарыққа шыққан адамдарша екпіндетіп жүріп отыр. Қастарынан өте бергенде, сыншылар «бұлар неғып жүрген адамдар екен» деп шақырып алып сұрастырар, айтарыңды іркілмей айт! – деді әкесі. Бұл солай болды. Сыншылар мен билердің біразы: – Бұл бала барып не бітіреді, өзіміз де жетпейміз бе? – десті. – Барам десе, барсын. Қайтер дейсің, бізге ауыртпалығы жоқ қой. Онда-мұнда жұмсауға да бір адам керек емес пе? – десті кейбіреулері. Сонымен Қазыбек те іріктеліп шыққан билермен бірге кете барды. Бұлар Қоңтожының төңірегіне жақындап келіп, бір биді таңдап елшілікке жібереді де, өздері қос тігіп жата береді. Ал Қоңтожы: – Келген екенсіңдер, асықпай жата тұрыңдар. Хабар өзімнен болады, – деп қайтарады биді. Қоңтожыдан хабар кешікті, билер іріктеліп, бірінен соң бірі бара берді. Жауап – сол. – Біз сізден жауап күтіп әлі жатырмыз. Не болдық, тақсыр? – деп тағы бір би келеді. – Ендеше, солай жата тұрыңдар. Айттым ғой, хабар өзімнен болады. Неге мазалап келе бересіңдер? – деп Қоңтожы бұл биді де қайтарады. Билер абыржыды, «біткен іс жоқ, енді қайтеміз, не істейміз?» десіп отырғанда, Қазыбек рұқсат сұрайды. Оған көпшілігі: – Сенен зорлар да түк бітіре алмай отыр, әуре болма, – десті. – Барам десе барсын, көңілі қалмасын, Қоңтожының алдын ол да көріп қайтсын, – деушілер де болды. – Маған рұқсат бергендеріңізге рахмет айтамын. Бірақ жалғыз бармаймын. Менің Қоңтожыға айтқан сөзімді, оның не дегенін мүдірмей жеткізетін бір адам қосыңдар! – дейді Қазыбек. Тілек орындалды. – Ассалаумағаләйкум! – деп Қазыбек кіріп келгенде, Қоңтожы орнынан қозғалып кетсе керек. Әдетте ол былқ етпей, ешкімнен де айылын жыймайды екен. Баланың, сірә, пысы басты ма, Қоңтожы сәлем алуды ұмытып кетіп: – Е, бала, сөйле! – дейді. Сонда Қазыбек: – Сен – темір, мен – көмір, Еріткелі келіппін. Екі елдің арасын Теліткелі келіппін. Айтысатын жау болсаң, Айтысқалы келіппін. Жарысатын жау болсаң, Жарысқалы келіппін, Атысатын, шабысатын жау болсаң, Атысқалы, шабысқалы келіппін, – деп шұбыртып ала жөнеледі. Бала тоқтағаннан кейін Қоңтожы оның руын, аты-жөнін сұрайды. Бала: – Атым – Қазыбек, – дейді. Қоңтожы: – Ендеше, сенің есімің қаз дауысты Қазыбек болсын. Себебі қаздың үніңдей әсем созылып, қалықтап шығады екен, – депті. Қоңтожы жедел уәзірлерін шақырып алып: – Мына бала би мал даулай келіпті. Менімен айтысып, не шабысып қиратады деп отырғаным жоқ, қорықпаймын да. Әйтсе де бағыты, бақыты қайтпасын. Өте жас екен, бағыты дұрыс. Не сұраса да беріп, шаруасын бітіріңдер! – деп бұйырады, – Бұдан бұрын бірнеше билер келді. Мен оларды би емес, надан, бейшаралар дер едім. Оларды мазақтап, келемеждеп жібердім. Оны олардың бірі де түсінбеді. Өздері дау даулайды, менің алдыма келіп, бүгіжектеп, менен қайырым сұрап жалтақтайды. Дау даулаған екенсің, қолыңнан келсін, келмесін қырқыса сөйлесу керек, – депті. Қазыбек малды алдына салып айдап келеді. Болған әңгіме түгел жеткізіледі. Билер Қазыбекті күндейді, тіпті кейбіреулері оны жоғалтуды да ойлайды. Билер «малды өзіміз алдық» деуге, тіс жарып басқа әңгіме айтпауға келіседі. Дегенмен Қазыбек елге аман-есен келеді. Ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады. Ақыры шындық жатпайды, «қаз дауысты Қазыбек» атанады.
Ағылшын
Kaz Dauvysty Kazybek Bi (Version V)
The Khan of the Kalmyks, Kongozy, steals the livestock of the Kazakhs. After a few years, the Kazakhs gather together, testing and selecting the best orators and judges to claim their livestock back from the Kongozy. Hearing this, a thirteen-year-old boy named Kazibek comes to his father to ask for permission to participate in the contest. – You are still very young, my son! – Even if I am young, I will go, father, but I need your blessing. – Then what would you say in front of the judges, my son? Tell me, let me test you. – The judges will ask, “Which child are you?” I will say, “My clan is Karakesek, my father is Keldibek, I am Kazibek.” When they say, “Good luck!” I will say, “I am ahead in the colt race and I want to join the horse race,” father, – said the boy. – Go ahead, my son, may your path be blessed, and may your companion be Kydyr Ata! But do not go alone; take your friends with you, and present yourself before them like a person who has emerged into the light. When you pass by them, the judges will call you and ask, so speak without hesitation! – said his father. And so it happened. Some of the judges and elders said: – What can this boy achieve? Can’t we do it ourselves? – they said. – If he wants to go, let him go. What can happen? It’s not a burden for us. Don’t we need someone to send here and there? – said some others. Thus, Kazibek went along with the selected judges. They approached the surroundings of Kongozy, selected one judge to send as an envoy, and set up their tents to rest. Kongozy said: – You have come, so stay without haste. The news will come from me, – and he sent the judge back. The news from Kongozy was delayed, and the judges continued to go one after another. The answer was the same. – We are still waiting for your response. What has happened, sir? – another judge came. – Then stay as I said. I told you, the news will come from me. Why do you keep bothering me? – Kongozy sent this judge back as well. The judges were anxious, saying, “There is no end to this matter, what should we do now?” At that moment, Kazibek asked for permission. Most of them said: – Even those greater than you cannot achieve anything, don’t bother. – they said. – If he wants to go, let him go, so he won’t be disappointed; let him see Kongozy too, – some said. – I thank you for granting me permission. But I will not go alone. Please send someone who can convey my words to Kongozy and what he says without hesitation! – said Kazibek. His wish was fulfilled. – Assalamu alaikum! – when Kazibek entered, Kongozy seemed to move from his place. Usually, he does not budge and does not pay attention to anyone. Perhaps the boy was bold, and Kongozy forgot to greet him: – Well, boy, speak! – he said. Then Kazibek said: – You are iron, I am coal, I have come to melt. Between the two nations, I have come to unite. If you are an enemy to argue, I have come to argue. If you are an enemy to compete, I have come to compete, If you are an enemy to shoot and fight, I have come to shoot and fight, – and he continued. After the boy stopped, Kongozy asked for his clan and name. The boy replied: – My name is Kazibek. Kongozy said: – Then let your name be Kaz dausty Kazibek. Because your voice rises beautifully like that of a goose, – he said. Kongozy quickly summoned his ministers: – This boy has come to claim livestock. I am not worried that he will argue or fight with me; I am not afraid. However, may his path and fortune not be hindered. He is very young, but his path is correct. Whatever he asks, give it to him and settle his business! – he commanded, – Several judges came before this. I would call them not judges, but ignorant, miserable people. I mocked and ridiculed them. None of them understood that. They argue over disputes, come to me, bowing and asking for mercy. If you are arguing, let it be, whether you can or cannot, you must speak your mind. – he said. Kazibek drove the livestock ahead. The entire conversation was conveyed. The judges envied Kazibek, and some even thought of losing him. The judges agreed to say, “We took the livestock ourselves,” and not to speak of anything else. Nevertheless, Kazibek returned home safely. The ears of the people are keen; words that come from thirty teeth spread to the thirty clans. In the end, the truth cannot be hidden, and he becomes known as “Kaz dausty Kazibek.”