Ақ тілек

Қазыбектің он бір, он екі жастардағы кезі болса керек. Жас та болса оның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен сол кездегі ел жақсылары үміткер бола бастапты. Сондықтан олар сапарға керуен шықса, «ел көріп есейіп, жер көріп көзі қанықсын» деген есеппен Қазыбекті сапарға бірге алып жүруге бәтуа байласыпты. Күндерде Қазыбек...

Қазақша
Ақ тілек
Қазыбектің он бір, он екі жастардағы кезі болса керек. Жас та болса оның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен сол кездегі ел жақсылары үміткер бола бастапты. Сондықтан олар сапарға керуен шықса, «ел көріп есейіп, жер көріп көзі қанықсын» деген есеппен Қазыбекті сапарға бірге алып жүруге бәтуа байласыпты. Күндерде Қазыбек сондай бір сапарға шығады. Ауылдан 3-4 қонаға ұзап шыққанда керуен соңындағы түйеге артылған қазан ошақтың арқаны үзіліп, қазан тақыр жерге ұшып түседі де, қақ айырылады. Сөйтіп, қос қазансыз қалады. Елсіз-күнсіз дегендей, сары дала. Тағы да екі-үші күн өтіп кетеді. Жолаушылар ыстық іше алмай әбден абыржиды. Сөйтіп келе жатып тағы да бір жерге қонақтайды. Ертеңіне таң еркін атқан мезгілде көшбасшы қария қосынды оятып: – Ал, балалар, анау тұрған белдің арғы астында бір ақ боз үй көрдім. Сонан барып қазан сұрап алмасақ, жағдайымыз мұнан да қиындағалы тұр. Кәне, соған кім барып келе қояды? – дейді. – Жапандағы жалғыз үй көлденеңді көк аттыға қазан беруші ме еді? – деп жігіттер қария сөзін ұнатпай, теріс айнала береді. Сол кезде ағаларының сыңайын таныған Қазыбек қарияға келіп: – Ата, рұқсат етсеңіз, қазан әкелуге мен барайын, – дейді. – Өркеннің өссін! Рұқсат, балам, жолың болсын, – дейді қария, – бар! Сөйтіп, «қазанды Қазыбек сұрайды, сендер көтеріп әкеліңдер» деп Қазыбектің қасына екі жігіт қосып, оларды қария әлгі үйге жібереді: – Ассалаумағалайкүм! – деп Қазыбек үйге кіріп келгенде, күміс сақалы кеудесін жапқан бір қария жайнамаз үстінде тұр екен. Ол намазын аяқтай бере: – Әликүмм ассалам, ау, жолың болсын, балам, – деп Қазыбекке қарайды. Сол сәтте Қазыбек: – Намазымыз бар да, азанымыз жоқ, Ошағымыз бар да, қазанымыз жоқ. Ақмешіт артымызда қалды, Түркістан алдымызда. Сатып ала қояйық десек, Базарымыз жоқ, – дейді даусы шырылдап. Ақ сақалды қария бала сөзіне кеңк-кеңк күліп алып: – Уа, балам, себепсіз пенде көрмек жоқ, Қазаннан басқа ермек жоқ. Жалғызды Құдай алады, Ал, одан басқаға бермек жоқ, – дейді. Қария сөзін аяқтар-аяқтамастан Қазыбек тағы да: – Иә, ата! Қазаныңды берерсің, барлық қылсаң, Бермей алып қаларсың, тарлық қылсаң. Өз жұртыңның отырсың ортасында, Олар әкеп бермей ме жарлық қылсаң, – дейді. – Жақсы, жақсы, балам, қазан – сенікі. Әй, – дейді қария оң жақта ұйықтап жатқан баласын оятып, – мына балаға ана қазанды шығарып бер! Қазыбек алғысын айтып, сыртқа шыға жөнеледі. Сол кезде қария баласы арқылы Қазыбекті қайта шақырып, аты-жөнін сұрады. – Атым – Қазыбек, – дейді бұл. – Дұрыс, дұрыс. Даусың қаздың дауысындай қоңырлап тұр екен. Түбінде қаз дауысты Қазыбек шешен сен боларсың, – деп бата берген екен. Осы бата болашақ шешеннің тұсаукесері болса керек.
Ағылшын
White Wish
It must have been the time when Qazybek was eleven or twelve years old. Even at a young age, his demeanor and speech began to attract the attention of the respected people of the time. Therefore, when they set out on a journey, they decided to take Qazybek along with them, thinking, "Let him grow up by seeing the world and gain experience." One day, Qazybek embarks on such a journey. After traveling 3-4 guests away from the village, the pot loaded on the camel at the back of the caravan breaks loose, and the pot falls to the ground, breaking into two. Thus, they are left without a pot. In the desolate, barren land, days pass. The travelers become increasingly anxious as they cannot drink hot water. As they continue on, they stop at another place to rest. The next morning, at dawn, the elder leader wakes the group and says: - Well, children, I saw a white yurt beyond that hill. If we don't go and ask for a pot from there, our situation will become even more difficult. Who will go there? The young men turn away, disapproving of the elder's words, saying, "Would a solitary house in the wilderness give a pot to a passerby?" At that moment, recognizing his brothers' attitude, Qazybek approaches the elder and says: - Father, if you allow me, I will go to get the pot. - May your lineage prosper! Go ahead, my child, may your journey be successful, - says the elder. So, saying, "Qazybek will ask for the pot, you all carry it back," the elder sends two young men along with Qazybek to that house. - Assalamu Alaikum! - as Qazybek enters the house, he sees an elder with a silver beard standing on a prayer mat. As he finishes his prayer, he responds: - Wa Alaikum Assalam, may your journey be blessed, my child, - and looks at Qazybek. At that moment, Qazybek says: - We have our prayers, but we lack a pot, We have our hearth, but we lack a cauldron. Akmeshit is behind us, Turkestan is ahead of us. If we want to buy one, We have no market, - he says, his voice ringing. The elder with the white beard laughs heartily at the boy's words and says: - Oh, my child, there is no one without a reason, There is no entertainment other than a pot. God takes the lonely, But there is no one else to give to, - he says. Before the elder finishes his words, Qazybek again says: - Yes, father! You will give your pot, if you want, You will take it back if you don't want to. You are sitting among your own people, Won't they bring it if you command? - he says. - Good, good, my child, the pot is yours. Hey, - the elder says, waking his son who was sleeping on the right, - bring that pot out for this boy! Qazybek expresses his gratitude and rushes outside. At that moment, the elder calls Qazybek back through his son and asks for his name. - My name is Qazybek, - he replies. - Correct, correct. Your voice is resonant like that of a goose. In the end, you will be known as Qazybek the eloquent, - he gives his blessing. This blessing must have been the beginning of the future orator's journey.