Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында

Ертеде Қазыбек би нөкерлерін ертіп Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан ежептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтереді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме-дүкен құрады. Қазыбек Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып...

Қазақша
Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында
Ертеде Қазыбек би нөкерлерін ертіп Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан ежептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтереді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып әңгіме-дүкен құрады. Қазыбек Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті. Бірақ Әнет баба: – Қазыбекжан-ай, жасы келіп қартайған, қасынан жар тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың? – деп ештеңе айтқысы келмепті. Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз ақылын тыңдамай еш жаққа кетпейтінін білдіріпті. Сонда Әнет баба Қазыбек шешеннің бұл қылығына күле қарап: – Болмадың ғой, айтайын, – деп сәл ойланып, – «әкім» деген сөзді жадыңда сақта, – дейді. Қазыбек Әнет бабаға ризашылығын білдіріп, жора-жолдасымен еліне қайтыпты. Ол жол-жөнекей өзімен бірге келе жатқан нөкерлерінен: – Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңыздар ма? – дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай деп шешіпті: – «Ә» дегені – әділ бол, «к» дегені – күншіл болма, көпшіл бол, «і» дегені – ілтипатты бол, «м» дегені – менмен болма, мейірман бол дегені, – депті. Әнет бабаның сол өсиеті ел арасына кең тарап, ұрпаққа үлгі болып қалған екен. * * * Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей жүрсе керек. Ойламаған жерден бір қиырдан бір аяғы ақсақ, бір көзі қыли жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, айттырып алады. Әке-шешесі баласының айтқанына келіскенімен, аса қолдай қоймайды. Әкесі: – «Таңдаған тазға жолығадының» кебі келді, сөз байласқан бұрынғы құдалардың бетіне қалай қараймыз, – дейді. Әкесіне Келдібек былай дейді: – Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Қыли көз сөзі менен ісі түзу, Сөйлескеннен өн бойым кетер балқып, – деп жауап қайырады. Келдібектің замандастары әзілдескенде осыны алдына тартып, қағытып жүріпті. Бірде олар Келдібектің өз үйінде отырып соқтыға берген екен. Сонда жас келіншек отырғанда сыпайылап былай депті: – Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын, Келдекеңмен сондай тату, жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт божаңды билейтін ұл таппақпын, – деген екен. Айтқанындай қаз дауысты Қазыбек дүниеге келіпті. Үш жүзге әйгілі аты шыққан би атаныпты.
Ағылшын
About the Orator Qazybek with the Voice of a Goose
Once upon a time, Kazibek Bi, accompanied by his retinue, arrived at the house of Anet Baba. Although the elder had aged considerably, he did not show it. He warmly welcomed Kazibek's companions and himself, had livestock slaughtered, and prepared a feast. The elders and notable figures from the nearby village gathered to engage in conversation. Kazibek asked Anet Baba to share a piece of advice. However, Anet Baba replied, "Kazibek, my dear, what advice or counsel can you seek from an old man who has aged, lost his partner, and seen his livestock diminish?" He did not want to say anything. But the resolute Kazibek understood that he would not leave without hearing at least a word of wisdom from Anet Baba. Then Anet Baba, looking at Kazibek's persistence with a smile, said, "You are insistent, so I will tell you. Remember the word 'akim':" Kazibek expressed his gratitude to Anet Baba and returned home with his companions. On the way, he asked his retinue, "Did you understand what advice Anet Baba gave?" But no one responded to his question. Then Kaz Dausty Kazibek interpreted Anet Baba's advice as follows: "The 'A' means be just, the 'K' means do not be envious, be sociable, the 'I' means be considerate, and the 'M' means do not be arrogant, be compassionate." Anet Baba's advice spread widely among the people and became a model for future generations. * * * Kazibek's father, Keldibek Bi, was said to be choosing a bride but had not yet married. Unexpectedly, he fell for a young girl who had a limp and a squint from a distant place, and he arranged a marriage with her. Although his parents agreed to their son's choice, they were not very supportive. His father said, "The time has come for 'the chosen one to meet the chosen one'; how can we face the previous suitors we had agreed upon?" Keldibek replied to his father: "I took the cream that rose to the top of the milk, even though she has a limp, her mind is sharp. The squinting eyes are straight in words and deeds; when we talk, I feel elated." Keldibek's contemporaries teased him with this saying. One day, while they were sitting at Keldibek's house, the young bride politely said: "I have a squint, I won't hide it, I have a limp, but I get along well with Keldik. I hope to bear a son who will rule over four tribes, as a sign of our harmony." Just as she said, Kaz Dausty Kazibek was born. He became known as a prominent bi among the three hundred.