Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары

Тарихта «құба қалмақ заманы» деп атанған шақта қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дәулерін бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен. Оның бірі – он төрт жастағы Қазыбек Телқоңыр дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі. Бұл билік жалпыға белгілі. Екінші билігінің тарихи мынадай: Қазыбек аты...

Қазақша
Қазыбектің қалмақ еліне екінші сапары
Тарихта «құба қалмақ заманы» деп атанған шақта қалмақ пен қазақтың ел шабысқан дәулерін бітістіруде Қазыбек үш рет билік айтқан екен. Оның бірі – он төрт жастағы Қазыбек Телқоңыр дейтін тайға мініп, өзге билерге атқосшы боп барғанда айтқан билігі. Бұл билік жалпыға белгілі. Екінші билігінің тарихи мынадай: Қазыбек аты әйгілі би боп тұрған шағында өзіне қараған елін қалмақтың тіке шабуылынан аулағырақ қонысқа ірге тептіру үшін Сарыарқаның жерін шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан естіген қалмақтың Қоңтәжі дейтін ханы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен қоса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе байлап әкету жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған деседі. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып, елге қайтқан Қазыбек өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты. Он төрт жасар бала күннің өзінде нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып, Қоңтәжі хан бітім жасауға көнеді. Бірақ ер балалардың ішінен өзіне керегін алып қалу мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. «Тірі емес» балаларға құн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтәжіге: – Жұмыр басты екі аяқты адамымның өзі қайыр. Төрт аяқты айдынды бөзімнің көзі үшін құн алмаймын. Өлсе, мен бөзімнің көзі жоқ болса, екі есе қып төлеуіңе келісемін. Тал түсте тапап аламын, – дегенде, Қоңтәжі: – Қазыбек би, «ерің үшін құн алмай, өлісемін!» дегеніңді жөн делік. Ал «бөзіңнің төлеуін екі есе қып аламын!» дегеніңе жол болсын, – депті. Сонда Қазыбек: – Бөзімнің төлеуін екі есе болатын себебі: (белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде оның жарқ еткен айдыны Қоңтәжідей ханды да сескендіреді). Төлеуі толық болса – ендігіәрі есте жүреді, – дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолда шапқыншылыққа түскен балалармен қоса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толық төлеуін алып қайтады. Сол шабыншылыққа түсіп, қайта келген Қазымбеттің ұрпағына Шаншардан өрбіген өзге рулардың адамдары: – Сендер қалмақсыңдар. Қоңтәжі Қазыбек бабамнан қаймығып айыпқа берген, – деп қалжындайды. Ал Қазымбеттің ұрпағы атасының шабыншылыққа түсіп кетіп, қайта келгенін өздері де растайды.
Ағылшын
Kazybek's second journey to the Kalmyk land
In history, during the period known as the "Kuba Kalmak era," Kazibek made three judgments to resolve the conflicts between the Kalmak and the Kazakh people. One of them was when fourteen-year-old Kazibek rode a horse named Telqonyr and went as an assistant to other judges, where he made his judgment. This judgment is well-known to all. The second judgment has the following historical context: At the time when Kazibek was a famous judge, he went to survey the land of Saryarka to settle his people further away from the direct attacks of the Kalmak. Upon hearing this from afar, the Kalmak Khan named Qongtazhi immediately sent a large force to raid Kazibek's people. The Khan's troops took away not only livestock but also about a hundred boys. Among them was Kazibek's own son, Qazymbet. It is said that the Khan had a direct order to capture someone from Kazibek's lineage. After finding a suitable place in Saryarka, Kazibek returned to his people and set out for the Kalmak a second time. Even as a fourteen-year-old boy, Kazibek was known for his clever words, which intimidated Qongtazhi Khan into agreeing to negotiate. However, in order to keep some of the boys for himself, the Khan resorted to various tricks. The Khan's intention was not to return Qazymbet. He expressed his willingness to pay compensation for the "dead" boys. Then Kazibek stood up and said to Qongtazhi: – I will not take compensation for my two-legged human being. I will not take compensation for the eye of my four-legged livestock. If he dies, and if my livestock loses its eye, I agree to pay you double. I will take him back at noon, – to which Qongtazhi replied: – Kazibek bi, let’s say I accept your statement of "I will die without compensation for my son!" But as for your claim of "I will take double for my livestock!" let it be so, – he said. Then Kazibek explained: – The reason I will take double for my livestock is that (the shining livestock among the large crowd intimidates even a Khan like Qongtazhi). If the compensation is complete, it will be remembered thereafter, – he said. Thus, Kazibek returned with the livestock and the full compensation for the boys who had been captured during the raid. When Qazymbet returned from the raid, the descendants of other tribes that branched from Shanshar joked: – You are Kalmak. Qongtazhi was afraid of my ancestor Kazibek and paid the fine, – they teased. Meanwhile, Qazymbet's descendants also confirmed that their ancestor had been captured during the raid and had returned.