Қазыбектің бала дауын шешуі

Қазыбек бері ел биі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел Қазыбекке жүгінеді. Әйелдердің бірі: – Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «жоқ өз балам» деп бермейді, – дейді. Екінші әйел: – Б...

Қазақша
Қазыбектің бала дауын шешуі
Қазыбек бері ел биі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел Қазыбекке жүгінеді. Әйелдердің бірі: – Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «жоқ өз балам» деп бермейді, – дейді. Екінші әйел: – Бала өзімдікі. Өзім таптым, мынау бос жармасып тұр, – дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: – Біріңнің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді, – дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: – Екеуіңе қара құладан қақ жарып бөліп беремін. Осыған ризасыңдар ма? – дегенде, балаға ие болып жүрген әйел: – Біреуге кеткенінен жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең, бөл, – деп безерленді. Баланы таныған әйел: – Ойбай, биеке-ай, қайда жүрсе де тірі болсын. Бөле көрмеңіздер! – деп безек қағады. Содан барып Қазыбек: – Бала – мына жоғалтқан әйелдікі. Үйткені ол баланың тірлігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, – деп билік айтады. Көпшілік мұндай данышпандық билікке өте разы болады.
Ағылшын
The resolution of the child dispute by Kazibek
When Qazybek was the elder of the people, two women came to him arguing over a child. One of the women said: – I lost my son when he was too young to know anything. I don’t know if this woman found him or stole him. Anyway, she has raised him. When I asked him today, he says, "No, he is my own son," and does not give him to me. The second woman said: – The child is mine. I found him; this one is just clinging on for nothing. After listening to both women's words, Qazybek sat in thought for a while. Then he said: – There is no other witness here to confirm that one of you lost the child and the other found him. Therefore, I would like to make the following ruling, – and he had the child hold onto the hands of both women, raised a black axe, and said: – I will split you two in half with this axe. Are you both satisfied with this? – at which point the woman who had the child replied: – Let at least half of him stay with me, even if he goes to someone else; go ahead and split him. The woman who recognized the child exclaimed: – Oh, dear elder, may he be alive wherever he goes. Please don’t split him! – and she began to panic. Then Qazybek declared: – The child belongs to the woman who lost him. Because she wishes for the child's life, give him to her, – and he made his ruling. The crowd was very pleased with such wise judgment.