Әйтеке бидің қазасы

Бүкіл кіші жүз жаңа қонысқа қазіргі Қазалы өңіріне көшіп келіп орналаса бастағанда Әйтеке би өзіне қарасты ағайын-туыс, тумаларымен Бұқараның маңын қыстап қалады. Ол жерде қалуының мәнісі: бір шеті қоңырат елі, екінші шеті Үргеніш-Хиуа елі аралығында ыдырап көше алмай қалып қойған Кіші жүздің халқын бір жерге жинап, ке...

Қазақша
Әйтеке бидің қазасы
Бүкіл кіші жүз жаңа қонысқа қазіргі Қазалы өңіріне көшіп келіп орналаса бастағанда Әйтеке би өзіне қарасты ағайын-туыс, тумаларымен Бұқараның маңын қыстап қалады. Ол жерде қалуының мәнісі: бір шеті қоңырат елі, екінші шеті Үргеніш-Хиуа елі аралығында ыдырап көше алмай қалып қойған Кіші жүздің халқын бір жерге жинап, келесі жазда осы жерге алып келіп басын қосу еді. Осы мақсатымен Әйтеке қысты сол өзінің отырған жерінде өткізеді. Жаз шыға бытыраңқы отырған әлім, шөмен ауылдарын бір жерге жинап шоғырландыра бастайды. Көктемнің аяғына дейін бұл жұмысты бітіріп, көшіруді бастауға санаулы күндер ғана қалады. «Ертең бір күн көшеміз» деп отырғанда Қарақалпақ жеріне барып, ақ жүгері алып келген өзінің бір жақын інісі: – Мынау базарлығым, аға, – деп үлкен бекірені Әйтекенің үйіне әкеліп тастайды. Бұзылмасын деп аздап қана тұз сепкен бекіре бабында екен. Жеңсік асқа кім-кімнің де құмар болатыны анық. Бекіреге құмартқан бәйбіше бекірені кеспелеп асады. Үйлес отырған көршілерінің үлкенді-кішілі адамдарымен бірге бекіренің етін Әйтеке де жейді. Дәмді асты отырғандармен таласа жеген Әйтекенің тамағына кенет бекіренің арқасындағы жиегі егеу тәрізді түрпіленген үш қырлы тасы қадала қалады. Әрі-бері жұтқыншағын тоғығанмен, қылқан шықпайды. Арада бір жеті уақыт өтеді. Әйтекенің тамағынан қылқан кетпей, ауруы меңдей береді. Күн өткен сайын науқастың ахуалы кеми түседі. Үшінші жетіге қарағанда Әйтеке сөзден қалады. Сыбырлаған сөзін тек басында отырған бәйбішесі ғана есітеді. Ол да анық емес, күмілжі. Әбден талықсыған Әйтеке басында отырған бәйбішесіне «мені, мені Мыңтө. бе..дегі Сейіт..баттал.. әу..лие мен Зәң..гі ата әулие.. ге апа..рып қойың.. дар. Мен біт..тім», – дейді демі бөлініп. Сол күні кешкі іңірде Әйтеке сабырлы қалпымен жатып жан кешеді. Халық үш жүздің үш биінің бірі, кіші жүздің кемеңгер данасы, адастырмас темірқазық жұлдызы, аяулы Әйтекесінен айрылған соң жақын жерде отырған ауыл-ауылға ат шаптырып, хабар беріледі. Екі күн өтіп, үшінші күні Әйтекенің мүддесін арбаға салып, Мыңтөбеге қарай алып жүреді. Сонымен Кіші жүздің дара биі, асқар таудай биік шыңы, дана басшысы Бәйдібектің ұлы Әйтеке елу жеті жасында Бұқара аймағында дүниеден қайтыпты. Бүкіл Кіші жүз өлімін естігенде аза тұтып, небір шырын тілді шырайлы сөзбен еске түсіріп жоқтайды. Қаралы ту көтереді. Әр жерде мал сойылып, аяулы азаматының рухына арнап қонақасы беріледі. Өздері ардақтаған әділ биінің қаралы азасына қатыса алмағандарына қатты қайғырып, өкінеді. Бір жеті жол жүріп, Әйтекенің мүрдесін сол кезде Мыңтөбе деп аталған жердегі Зәңгі ата мешітінің іргесіне әкеліп жерлейді.
Ағылшын
The death of Aiteke Bi
When the entire Little Horde began to settle in the current Kazaly region, Aiteke Bi stayed in the vicinity of Bukhara with his relatives and kin. The reason for his stay was to gather the scattered population of the Little Horde, which was stranded between the Konyrat people on one side and the Urgench-Khiva people on the other, and to bring them together in this place the following summer. With this goal in mind, Aiteke spent the winter in the place where he was. As summer approached, he began to gather the scattered villages of Alim and Shomen into one place. By the end of spring, there were only a few days left to complete this task and start the migration. While he was saying, "Tomorrow we will move," one of his close brothers, who had gone to the Karakalpak land and brought back white corn, said: – Here is my market offering, brother, – and he brought a large sturgeon to Aiteke's house. The sturgeon was seasoned with just a little salt to prevent spoilage. It is clear that everyone has a craving for delicious food. The wife, tempted by the sturgeon, began to slice it. Aiteke also ate the sturgeon meat along with the neighbors, both young and old. While competing with others for the tasty dish, a three-edged stone, shaped like a rasp, lodged in Aiteke's throat. Despite his efforts to swallow it, the thorn would not come out. A week passed. The thorn remained stuck in Aiteke's throat, and his illness worsened. With each passing day, the patient's condition deteriorated. By the third week, Aiteke fell silent. Only his wife, sitting beside him, could hear his whispered words. Even she was unsure, hesitating. Completely faint, Aiteke said to his wife, "Take me to the holy Seyit Batyr and Zangi Ata in Myntobe. I am finished," he said, his breath faltering. That evening, Aiteke lay down calmly and passed away. After the loss of Aiteke, one of the three wise men of the three hordes and the sage of the Little Horde, news was sent to the nearby villages. Two days passed, and on the third day, Aiteke's body was placed in a cart and taken towards Myntobe. Thus, the distinguished bi of the Little Horde, the towering peak like a mountain, the wise leader, Aiteke, the son of Baydibek, passed away at the age of fifty-seven in the Bukhara region. When the entire Little Horde heard of his death, they mourned and recalled him with sweet and beautiful words. They raised a mourning flag. Everywhere, livestock was slaughtered, and a feast was held in honor of their beloved citizen's spirit. Those who could not participate in the mourning of their revered and just bi felt deep sorrow and regret. After a week of travel, they brought Aiteke's body to the foot of the Zangi Ata mosque, which was then called Myntobe, and buried him there.