Айығып кеткен ақ тайлақ

Балқаш бойындағы ауылдарды аралап қайту мақсатында екі би сапарға шығады. Қаратал өзенін жағалап, жол бойы әзілдесіп келе жатса, мойнында тұмары, кекіл жүніне бір шоқ үкі байлаған әдемі ақ тайлақ ойнақ салып, жолаушылардың алдынан шығады да, лезде ғайып болады. Жолаушылар оның кеткен жағына қараса, алты қанатты ақ үй м...

Қазақша
Айығып кеткен ақ тайлақ
Балқаш бойындағы ауылдарды аралап қайту мақсатында екі би сапарға шығады. Қаратал өзенін жағалап, жол бойы әзілдесіп келе жатса, мойнында тұмары, кекіл жүніне бір шоқ үкі байлаған әдемі ақ тайлақ ойнақ салып, жолаушылардың алдынан шығады да, лезде ғайып болады. Жолаушылар оның кеткен жағына қараса, алты қанатты ақ үй мен төрт қанатты ақ отау көрінеді. Үйлердің маңайында он бес, он алтылар шамасындағы ақ желекті әйел бала көзге шалынады. Қос би оны елемейді. Бапекең Ескелдіге қарап, иә әзіл, иә шын: – Мен жаңағы тайлақты аттым, – дейді. – Сен атсаң, мен оны жазамын, – дейді Есекең де әзіл-шынын білдірмей. Екеуі әзіл-қалжыңмен әудем жер жүріп, арттарына қараса, «аташы, ата!» деп біреу жүгіріп келе жатыр дейді. Екеуі де аяп кетіп, аттарының бастарын тежейді. Байқаса жаңағы жолдағы әйел бала. – Әруақтарыңнан айналайын, аталар. Біздің үй, міне, тиіп тұр. Өздеріңіз ат басын бұрар деп әдеп сақтап едім, өтіп бара жатырсыздар. Үйге түсіп, сусындап шығыңыздар, – дейді қиылып. Қазақ қашанда әйел баланы қатты құрметтеген емес пе, тілегін орынды көріп, үйге келсе, әлгіндегі ақ тайлақтың іші кеуіп кеткен. Әрең тыныстап, өлгелі жатса керек. Бапекең үйге кіргенде Есекең тыста қала беріп, оң аяғымен ақ тайлақтың ішін басып, қолындағы қамшысымен үш дүркін тартып жіберіпті. Артынша үйге кіріп, Бапекеңмен бірге шай ішіп, қымыз сіміріп, сусындап, бірге аттанады. Бірақ өздерінің кім екендерін айтып, қайтар жолдарында қонатындықтарын білдіреді. Бұлар аттарына қонысымен, ақ тайлақ қайтадан ойнақтап шыға келіпті.
Ағылшын
The healed white colt
Two elders set out on a journey to visit the villages along the Balkhash. As they stroll along the banks of the Karatal River, joking with each other, a beautiful white foal, adorned with a charm around its neck and a tuft of owl feathers in its mane, suddenly appears before the travelers and then vanishes in an instant. When the travelers look in the direction it disappeared, they see a six-walled white yurt and a four-walled white dwelling. Around the houses, a woman of about fifteen or sixteen, dressed in white, catches their eye. The two elders pay her no mind. Bapekeen looks at Eskel and says, either jokingly or seriously: – I just shot that foal. – If you shot it, I will write it down, – Eskel replies, not revealing whether he is joking or serious. They continue on their way, joking and laughing, and when they look back, they see someone running towards them, shouting, "Horseman, horseman!" Both feel a pang of sympathy and rein in their horses. Upon closer inspection, they realize it is the woman from the road. – Oh, may your spirits be blessed, ancestors. Our home is right here. I was hoping you would turn your horses around, but you were passing by. Please come in and have a drink, – she pleads. The Kazakhs have always held women in high regard, and seeing her request as reasonable, they decide to go to her home. When they arrive, they find the previously mentioned white foal inside, gasping for breath and on the verge of death. When Bapekeen enters the house, Eskel stays outside, stepping into the foal's space with his right foot and striking it three times with his whip. Afterward, he enters the house, and together with Bapekeen, they drink tea and kumys, refreshing themselves before setting off together. However, they introduce themselves and inform her of their plans to stay on their return journey. As they mount their horses, the white foal suddenly appears again, frolicking about.