Абылай және орыс елшілері (І нұсқа)

Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен, ұлығы: – Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады? – дегенде: – Қазақ рәсімінде «жетім»...

Қазақша
Абылай және орыс елшілері (І нұсқа)
Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен, ұлығы: – Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады? – дегенде: – Қазақ рәсімінде «жетім» болады, – деген соң, Қойлыбайға бір қыз сый қылған екен және ит терісіне жазып, алтындаған уағданама берген екен. Сол қыздан екі бала туып, Малтабар, Қосжетер деген осы күнде өсіп-өніп, өз алдына ауыл болыпты. Терісаққан бойында, Тасбекеттен төменірек Тәки қажының ауылдары. Сол Қойлыбайдан – Тілеуқабыл. Тілеуқабылдан: Әділ, Еділ, Елемес, Жаманқара, Шешенқара. Бұлардың қыздары «қуыршақ ұзатқанына» ту бие сойып, той қылған екен. Боз биені бірыңғай саудырып: – Етіміз ақ болсын, – деп сүтіне шомылған екен. Сондай кесірден сол дәулеттің аяғы мыж-тыж болып, сол қыздар кемпір болған күнінде керіс тірей сұрап жүргенде, жақсылықтағы ырыс-дәулетке кесір жұмыс қылғанын естіп, білгендер: – Саған не қылса, обал жоқ! – деп, таяқпен түртіп кететұғын болыпты. Бұланбайдың бәйбіше қатынының балалары Байзақ, Жанұзаққа ұзатылып еді дейді. Әкем аты – Шағырай, атым – Балдай, Бұланбайдың жылқысы қара жар[дай], Шиқұтыны бойымда дамбалым бар, Әлің келсе, тістеп шеш, Қарақалтай! – дейтұғын Бұланбай Қалқаманнан шыққан, дүниенің ақыры – осылай.
Ағылшын
Abilai and the Russian Envoys (Version I)
During the time of Khan Abilai, thirty people from the Russian community came for an embassy, and after winter set in, they stayed among the Kazakhs for the winter. Malai-Jadiger Koylybai, having slaughtered a hundred black and white sheep, kept them well-fed throughout the winter without letting them suffer. When asked: – What is the gift of the Kazakh people to one another? – he replied: – In Kazakh tradition, it is “orphan,” – and thus, a girl was gifted to Koylybai, along with a written agreement in dog skin, gilded. From that girl, two children were born, Malatabar and Koshzheter, who have now grown and formed their own village. Along the Terisakhan river, below Tasbeket, are the villages of Taki Haji. From Koylybai came Tileuqabil. From Tileuqabil: Adil, Edil, Elemes, Zhamankara, Sheshenkara. Their daughters, upon being married off, slaughtered a mare for the “puppet wedding” and celebrated. They sold the gray mare entirely: – May our meat be white, – and they bathed in its milk. Due to such misfortune, the end of that wealth became miserable, and when those girls, now old women, were asking for help, those who heard that they had caused misfortune to the good fortune and wealth said: – Whatever happens to you, there is no shame! – and they would poke them with a stick. It is said that the children of Bulanbay's first wife were married off to Baizak and Januzak. My father's name is Shagyray, my name is Baldai, Bulanbay's horses are black and strong, I have a dam in my body, If you can, bite it off, Karakalpay! – thus spoke Bulanbay, descended from Qalkaman, the end of the world is like this.