Болат, Жанат

Бiсмiлда сөздiң ұраны, Бiсмiлда деп бастаса, Әр iстiң жетер мұраты. Әр сабақтың басында Бiр бiсмiлда тұрады. Екi аят қып шығарған Бұл сөздi келiп Нұралы. Шоқай екен руы, Боралдай екен тұрағы. Өтiрiк пе, рас па, Нұралыға обалы. Назым қылып шығарған Сөзiнiң жоқ қылауы. Қанша айтса да тоймайды, Тыңлаған ердiң құлағы. Бос...

Қазақша
Болат, Жанат
Бiсмiлда сөздiң ұраны, Бiсмiлда деп бастаса, Әр iстiң жетер мұраты. Әр сабақтың басында Бiр бiсмiлда тұрады. Екi аят қып шығарған Бұл сөздi келiп Нұралы. Шоқай екен руы, Боралдай екен тұрағы. Өтiрiк пе, рас па, Нұралыға обалы. Назым қылып шығарған Сөзiнiң жоқ қылауы. Қанша айтса да тоймайды, Тыңлаған ердiң құлағы. Бос сөзбенен бос арқан, Табылса пiсер бұрауы. Ол шығарды, бiз айттық, Шығарған ерге сұрауы. Рас болса әгарда, Бар шығар ерге сауабы. Бекер болса қиын жол, Теңлесер жерде жауабы. Адамның болмас айтқаны, Алланың болар ұнауы. Бұрынғы өткен заманда Ноғайлы деген елiнде, Шолақ деген шаһарда Мақалбай деген бiр бай бар екен. Болат, Жанат деген бiр ұл, бiр қызы бар екен. Сауда ишан деген бiр ишаны бар екен. Мақалбай бiр күнi Үрiм шаһарына жол жүрмек болды. Өзi саудагер екен. Үй-жайын ишанына тапсырайын деп ишанына келген екен. Бiр күндерi Мақалбай Келдi жетiп пiрiне, Қараңдар сөздiң түрiне, Қол тапсырып, пiр қылған Тәнтi едi бастан дiнiне. – Айналайын, тақсыр-ай, Жүрмекшi болдым Үрiмге. Қатын-балам үйiмде, Көрiп тұр, тақсыр, күнiге. Аманат сiзге тапсырдық, Бiз кеттiк жердiң түбiне. Атаңа атам қол берген, Арамдық жоқ ед тегiңде. Өлiм бар да қаза бар, Осылай кiрдi кеулiме. Болатым қалды қолыңда, Шыбын жаным жолыңда. Жиын болар, той болар, Жүргiзбе, тақсыр, кемiне. Жанатым қалды қолыңда, Олай-былай боп кетсем, Қоса бер өзiң теңiне. Сауда ишан айтты: – Мақалбай, Дәулеттен асып болдың бай. Төрт түлiк малға бiрдей сай, Дүниелiктен кеулiң жай. Айтпайтұғын сөз екен, Аузыңа алдың, бұл қалай? Қай жердiң дәмi бұйырса, Айдайды екен бiр Құдай. Мен бiр дұға қылайын, Түрегел де қолың жай. Қайда барсаң, онда бар, Жолыңды ашсын Құдайым! Аман-есен келерсiң, Көп жеме бекер уайым. Қашан сонан келгенше, Қозыңды аман көргенше, Тiлектес болып тұрайын. Бес уақты бес намаз, Батасын да сұрайын. Аманат бiзге тапсырдың Үй-жай, қатын, балаңды. Күнiге үш көрейiн, Үйiң түгiл, қалаңды. Өзiң де нанба дұшпанға, Замана түбi жаман-ды. Тағы кетшi дайындап Болат пенен Жанатқа, Жүрмесiн жаман талапта. Аман-есен келерсiң Жүре бер, ерiм, тарапқа! Осыны айтып Сауда ишан: – Аллаһу әкпар, бар! – дедi. Мен де айтайын бiр сөздi, Құлағыңды сал, – дедi. Қастық ойлар көп адам, Ойыңа мұны ал, – дедi. Адамды шайтан азғырса, Ақылы болар дал, – дедi. Ойламаспын қиянат, Кеудемде тұрса жан, – дедi. Бұл сөздi естiп қуанып, Мақалбай үйге қайтады. Жан-тәнiмен ишанның Ықыласын байқады. Ұлы-қызын шақырып Өсиетiн айтады. – Ұлы-қызым, шырыным, Тiлiнен шықпа пiрiңнiң. Жасыңнан әдеп үйренсең, Әркiмнен озар iлiмiң. Не десе пiрiң қабыл көр, Болат пен Жанат, құлыным. Сен де тыңла, алалым, Дұшпанның тiлiн алмағын. Аманат Аққа тапсырып, Алысқа кетiп барамын. Дуалас болып тұра бер, Болат пен Жанат, қарағым. Мақалбайдың бұл сөзiн Бәрi де мақұл қылысты. Тентек десiн несiне, Тапсырған соң бiр iстi. Тапсырды деп ишанға, Қуанысып күлiстi. Үрiмге жөнеп бай кеттi, Басқарып тұрған бұл болды. Неше ай, неше күн болды, Арасында бiр айдың Бiр әдиса сыр болды. Әуелi тату кiсiнiң Аяғы мұнша жыр болды. Бiр күндерi Жанат қыз Шай құйып отыр пiрiне, Үндемеушi ед күнiге. Ашық болды Сауда ишан Жанаттың көрiп түрiне. Қыпша белдi, қалам қас, Ұқсайды бейiш үрiне. Адамзатқа ұқсатпас, Қараса байқап түрiне. Не қылып мұнда жүрген деп, Бейiштен ұшып келген деп, Осылай кiрдi кеулiне. Неше түрлi құбылып, Ұқсайды дию, перiге. Жоқ болса да өзiнде, Бар шығар ата тегiнде. Екi бетi анардай, Екi көзi панардай. Бұл секiлдi сұлуды Көрген емес өмiрде. Мысалы жанған жалындай, Ақ бетiнде кiршiк жоқ, Ақ тауықтың қанындай. Қанша айтса да жете алмас Сұлулықтың түбiне. Есi кетiп есiнеп, Бiлегiнен ұстады. Жығыла жаздап сүрiне, «Берi отыр» деп нұсқады. Қыз шегiнiп бұлқынды, Ашуланып жұлқынды. Қара құстай қоңқаңдап, Қызға ишан ұмтылды. Сонда Сауда сөйлейдi: – Қарағым, Жанат, шырағым, Бiр арызым бар, айтайын, Естiр ме екен құлағың. Ашық от түстi iшiме, Қайтiп шыдап тұрайын. Iшiм тола қайғы-дерт, Көкiрегiм толы уайым. Малым түгiл, жан құрбан, Боламын десең жұбайым. Мақұл десең белдi шеш, Тарқасын менiң құмарым. Сен де келдiң он беске, Мен де келдiм қырық беске, Қырық алтыға шығарда Ашық қылды Құдайым! Өзiмдi өзiң ұнатсаң, Денемдi бағыш қылайын! Есiткен соң бұ сөздi, Ендi Жанат қарады. Неше алуан құбылып, Қасы мен көзi қиылып: – Не дейсiң, тақсыр пiрiм? – деп, Қарады бiраз бұрылып, «Болмайды» деп басын шайқады, Ишанның ниетiн байқады. Реңкi жаман құбылып, Ашылмаған бала едi, Ақылға диқан дана едi, Сөз айтпады суырылып. Анда ишан сөйледi, Қыздан кеулi ұрылып: – Алмасаң егер тiлiмдi, Көрмесең қабыл мұнымды, Өлтiремiн күмәнсiз, Ендi айтайын сырымды. Айтпап па едi Мақалбай Тәрбиат қыл деп пiрiңдi. Әкеңе шағып өтiнсем, Үш туша көрмес құныңды. Абайлап қой, қарағым, Айтқанымды ақыр қыламын! Аштықта тағат жоқ, Ұлы сөзде ұят жоқ, Аяты бар Құранның Күнiне көрiп тұрғанша, Күнiне ашық болғанша, Пышақпенен бiр-ақ ұрамын! Осыны айтып тұрғанда, Ишан мойнын бұрғанда, Кеттi шығып қолынан, Буыршындай ұмтылып. Бiраз қуды соңынан, Сонда да Жанат айтпайды, Нағып болсын құмар деп, Әшейiн қызған шығар деп. Шыныменен кеулi ауса, Жаманнан кеулiм сынар деп. Қылует жайда жолығып, Екiншi және сұрар деп. Арамдық қылса мүридiне, Ишанды Құдай ұрар деп. Жақсы деушi ед молдалар Кiсi айыбын ашпаған, Мұратқа жетер саспаған. Бұл арада жоқ екен Екеуiнен басқа адам. Бiр күндерi Жанат қыз, Шай құйып отыр тағы да. Iшiп отыр ишаны, Жерге қойып кесенi, Қызға ишан ұмтылды. Қояндай қылған қу дүние Неше әулие нешенi. Дастарқаннан әрi өтiп, Бiлегiнен ұстады, «Берi отыр» деп нұсқады. Қыз шегiнiп бұлқынды, Ашуланып жұлқынды, Қара құстай қоңқаңдап Қызға ишан ұмтылды. Сол уақытта бұлқынып, Кеттi шығып қолынан, Сауданың iшi қайнады Ашықтықтың жолынан. Жылап-еңiреп Жанат жүр Мүсәпiрлiк әлiнде Әне-мiне дегенше, Он бес күн өттi со күнде. Он бес күнi өткен соң, Он алты күн бiткен соң, Есiнен шығып кеткен соң, Бiр күндерi Жанат қыз Құмған алды қолына, Пiрiнiң тұрды жолына. Қолына суды құймаққа Барып едi жанына, Атаңа нәлет қу Сауда Ұстай алды бiлектен. Сүймекшi болып бетiнен, Iлгерi айтқан тiлекпен. Ашуланып Жанаттың Оты шықты жүректен. Кеулi қатты түнердi, Сыйды ишан бiлмедi. Ашуланып Жанат қыз Құмғанмен ұрып жiбердi. Дала боп ишан жығылды, Басы жерге тығылды. Қыз үйiне жөнелдi, Мына сырды бiлмедi Ағасы мен анасы. Ақыры жетер түбiне Ишанның қылған жаласы. Мұндай болып шықпағай Адамзаттың баласы. Жанатқа тидi бiр кесел, Болғанша қашан дауасы. Отыз күн жатты ишан да, Бетiнiң бiтпей жарасы. Аман-есен қайттық деп, Түйеге жүктi арттық деп, Ишанға келiп түседi Мақалбайдың сәлем-намасы. Алдынан шықты Сауда ишан, Iлесiп Болат баласы. Қала алмады ишаннан Көзiнiң ағы-қарасы. Сағынып байды қалған жоқ, Дүние тiлеп барған жоқ, Бар едi қызбен таласы. Бай менен ишан жолығып, Отырып жерге орнығып, Екеуiнiң сырласқан Сөзiнiң түрiн қарашы. Мақалбай сонда сөйледi: – Ассалаумағалейкум, Алдияр, тақсыр, пiрiмiз! Сау-саламат жүрсiз бе, Ашылған баудай гүлiмiз. Тарыққанда жәдет етiп, Жалбарынды-ау тiлiмiз. Саудагерлiк құрысын, Көрмегендi көрдiк бiз. Түйемiз өлiп, жүк қалып, Он сегiз айда келдiк бiз. Шаһар халқы аман ба, Үлкен-кiшi iнiмiз. Алғаным сорлы аман ба, Баяғыдай заман ба, Аш па, тоқ па үйiмiз? Болат келдi, Жанат жоқ, Әлдеқандай күнiмiз?! Көргенше тағат бiзде жоқ, Қарағым Жанат дене дiнiмiз, Көзiмнiң ағы-қарасы. Сондай-ақ болып туар да Әр мүмiннiң баласы. Басына түспей жүр ме екен, Дұшпанның қылар жаласы, Айналайын, тақсыр-ау, Жанаттан хабар берiңiз. Анда Сауда сөйлейдi: – Жанатың, Мақал, аман-ды, Қылған iсi жаман-ды. Адамзат қылмас iс қылды, Айтқалы келдiм хабарды. Әркiмдер келiп ойнайды, «Қой» дедiм қанша, қоймайды, Топыр қылды сарайды Шаһардың күллi бойдағы. Бұзауды жастан қашырдың, Болмады-ау жұмыс ойдағы. Қызың-ұлың ер жетсе, Маңдайға бiткен сор дағы. Әркiмдер басты қызыңды, Жамандар басты iзiңдi, Айуаннан да ары боп, Қызыңыз жаман бұзылды. «Қой» дедiм, талай зекiрдiм, Ақтадым татқан тұзымды. Шүкiр Алла, саламат, Аман көрдiм жүзiңдi. Кеулi қатты түнердi, «Қой» деп пiрiм айттың деп, Құмғанмен ұрып жiбердi. Есiмдi жидым бiр заман, Мұнымды ешкiм бiлмедi. Бетiмде жарам қабағат, Сiз кеткен соң осындай Жұмыс болды аламат. Кетерiңде баршасын Тапсырдың неге аманат? Күзетшi болдым үйiңе, Келе ме деп бiр жаманат, Ендiгiсiн өзiң бiл, Келдiң, ерiм, саламат! Әлқисса, Мақалбайдың ашу оты iшiне түсiп кеттi. Болатты әкеп бұйырды: – Жанатты өлтiрiп, келтiрiп, маған бiр белгiсiн әкеп бер! – дедi. – Жылдам барып, жылдам келмесең, екеуiңдi де ақ қылып жiберем, – дедi. Сонда Болат үйiне шапты. Атын байлап, есiктi ашып кеп қарағанда Жанаттың көзiне көзi түсiп жарқ ете қалды. Ендi өлтiруге бата алмады. Не кейiнге қайта алмады. Мұны бiреуге айта алмады. Атасының лебiзiн қайтара алмады. Жалғыз қарындасын өлiмге қия алмай, көзiнiң жасын тия алмай, зар-зар жылап отырып, Жанатқа Болаттың айтқан ғазалы едi дейдi: – Қарағым, Жанат, қайдасың, Бұл сөздiң тапшы айласын. Кетер болдың, қарағым, Дүниенiң көрмей пайдасын. Сөзiмнiң осы тазасы, Әкемнiң бар ед қожасы. Ақыры жеттi түбiңе, Қожаның қылған жаласы. Кешiкпей, шырақ, жылдам шық, Ағаңның жоқ мазасы. Жеткенсидi, қарағым, Өмiрiңнiң қазасы. Нақақ болмас ақ жұмыс Күнәлiнiң жазасы. Әкем маған бұйырды, Өлтiргiн бұрын өзiмнен, Келгiн дейдi тезiнен. Өлер болдың, қарағым, Ишанның жала сөзiнен. Шыбын жаным құрбан-ды Жалтылдап тұрған көзiңнен. Айналайын, қарағым, Жауап алғын анаңнан. Өлетiн болдың жаладан, Тұрғын, шырақ, киiншi, Кетейiк шығып қаладан. Айтқаны болды пiрiңнiң, Қалмайды бұдан жан аман, Не десе пiрi ұнайды, Бездi атаң баладан. Тұрғын, шырақ, кетейiк, Жылап тұрып өтейiк, Дәурен сүрiп даладан. Осыны айтып тұрғанда Кiрiп кептi анасы, Жылап-еңiреп тұр екен Қызы менен баласы. – Не болды? – деп сұрады, Ұлы-қызы жылады. Бағанағы жұмыстың Бәрiн де баян қылады. Хабары жоқ сөз едi, Сорлы анасы жылады-ай. Анасы сонда сөйлейдi: – Есiмнен тандым мен, – дедi, Жалғыз өзi кетпесiн, Бiрге кет, Болат, сен, – дедi. Сорлы ананың ермегi. Қарағым, екi көдегiм, Кешiкпей ендi жөнелгiн. Шыныменен айрылсам, Кешiкпей мен де өлермiн. Барды жоқ қып жiберген Құдiретi күштi Құданың, Құдiретiне не дермiн, Тұрғын, балам, кешiкпей, Ұзап кетшi алысқа, Бiлiнбей кетсiн дерегiң. Нәсiп қылса бiр Алла, Мақшар күнi көрермiн. Осыны айтып анасы, Құшақтап тұрды баласы. Сонда Жанат сөйлейдi: – Аман бол да ендi, шешем-ай, Қалмаймыз мұнан есен-ай. Ақыры жеттiң түбiме, Жүзi қара ишан-ай. Сүтiңе, ана, ырза бол, Кешпей ме әкем, кеше ме, Бiздерге қылған күшiне-ай. Зарланбай, ана, ырза бол, Алланың қылған iсiне-ай. Әкеме сәлем дегейсiң, Ишанменен қосылып, Мерекесi көбейсiн. Ұлың мен қызың өлдi де, Мұнан артық не дейсiң. Өлiмге бiздi бұйырды, Бiлмедi рас, жалғанын. Пенде қара десе де, Өзiне аян ананың. Ақиқат болар бұл жұмыс, Ақыры шайнар бармағын. Осыны айтып баласы, Құшақтап тұр анасы. Бет-бетiнен сүйедi, Iшi оттай күйедi, Iшiн өртеп от қылды Қос перзенттiң күйiгi. Анасы айтты: – Жан балам, Сөзге құлақ сал, балам. Нәсiп болса көрермiн, Тапсырдым Аққа, бар, балам! Жөнелдi бұлар бiрлесiп, Бiр атқа екеу мiнгесiп. Еш адамға бiлдiрмей, Шешесiмен тiлдесiп. Iлiмi ғайып жұмысқа Бола ма пенде күн кесiп. Ендi заулап жөнелдi, Бiрталай жерге келедi, Шыққан жерде шаһардан Артынан бiр ит ередi, Болат пен Жанат көредi. Артындағы Жанат қыз Болатқа сөйлей бередi: – Айналайын, жан көке, Кеулiме кiрдi бiр ақыл. Көрсеңiз егер сiз мақұл, Қашқанменен бұл елден, Құтылмаймыз бiз ақыр. Қайда барсам әбүйiр Артымда сенiң қалғаның. Бәрiнен де сол абзал, Әкемнiң тiлiн алмағың. Иттi атып өлтiрiп, Киiмiмнiң бәрiн қандағын. Өлтiрдiм деп қызыңды, Әкемдi барып алдағын. Қоя бер менi далаға, Көрермiн басқа салғанын. Киiмiмдi көрсетшi, Әкемнiң жалғыз өзiне. Көрiнбесең iздетер, Әуелгi келген кезiңде. Қанша жiгiт ертiп ап, Түсiп алар iзiңе. Киiмiмдi көрген соң, Алдына бәрiн үйген соң, Неше Құдай ұрса да, Иланар ма екен сөзiңе. Екеумiз бiрдей өлмейiк, Жол азабын көрмейiк, Сен қайтшы, көкем, тезiне! Сол уақытта ол Болат Қорамсаққа қол салды, Қозыжауырын оқ алды. Қаһары қатты тұтасып, Ойламай тұрды обалды. Жүрек, бауыры езiлiп, Кеулi болды қараңғы, Бәрiнен бауыр жаман-ды! Садағын алып безедi, Атайын деп кезедi. Болаттың кеулi бұзылып, Итке айтқан мынау сөзi едi: – Е, жануар бейзабан, Атпаққа көңiлiм тiгiлдi, Көтерсiн Сауда құныңды. Тiлектес боп шығып ең, Тастайын деп пе ем түгiңдi. Риза бол жолдас ақыңа, Керекке терек жығылды. Осыны айтып болды да, Садағын тартты шiренiп, Қыңсылап ит құлады. Тұмсығы жерге тiрелiп, Болаттың көңiлi бұзылды. Жүрегi қатты күйiнiп, Iшi толды шеменге, Қабағы тастай түйiлiп: – Иә, жануар бейзабан, Жеттi, мiне, ажалың! Келер күнi белгiсiз Ажалы тағдыр қазаның. Бүлiндiрген бейкүнә Ишанға болсын азабың. Осыны айтып болды да, Киiмiн шешiп алады. Iшi-тысын толтырып, Жылыдай қанын жағады. Аппақ етi жалтырап, Жалаңаш Жанат қалады. Жанаттың Болат бетiне Жылап-жылап қарады. Төсiн басты Жанат қыз, – Қайтемiн, көке, мынаны. Анда Болат сөйледi: – Айналайын, қарағым, Қан болып қалды-ау көйлегiң, Кәрi тартар менi күйiгiң. Иттi атып өлтiрiп, Киiмiмдi қанда деп, Әкемдi барып алда деп, Осы едi айтқан бұйымың. Айналайын, қарағым, Сенi тастап далаға, Ауылға қайтiп барамын. Еш болмаса жоқ болды Ақылдасар адамым. Менi де әкем өлтiрер, Тiрi деп шықса хабарың. Қарағым, сенi көрерге, Бар ма екен тағы заманым! Өтiрiк пе, рас па, Аллаға аян сырыңыз, Қиянат қылды пiрiңiз. Көргенше сахат тұрыңыз, Қарағым, сенi көрерге Бар ма екен тағы күнiмiз?! Осыны айтып болды да, Көзiнiң жасын төгедi. Бiрiн-бiрi құшақтап, Бет-бетiнен өбедi. Айдалада мұңласты Мақалдың екi көдегi. – Аман бол, Жанат! – дедi де, Ендi Болат жөнедi. Ендi Болат қыр асты, Болаттан Жанат адасты. Құдiретiмен Құданың, Он бесiнде жар асты. Ендi Жанат ақырды, Нар бурадай бақырды, – Тоқта, – деп, – көке! – шақырды. Жетiп келдi секiрiп, – Не айтасың? – деп өкiрiп. Анда Жанат сөйледi: – Айналайын, жан көке, Сөзге құлақ сал, көке. Ата-анамның алдына Ойнап-күлiп бар, көке. Сен барарсың адаспай, Бiзге қайсы жол төте? «Айт» деген медеу түйеге, Болжал берiп кетсейшi, Жолды [бiзге] көрсете! Дұғай сәлем дегейсiң Құрбы менен құрдасқа, Бiрге өскен мұңдасқа. О, дариға, қайтейiн, Айрылып кеттiм бiр басқа. Екiншi сәлем елiме, Өсiп-өнген жерiме. Ойланбай, көке, қайт ендi, Уайым түсер кеулiңе. Ашумен әкем айтса да, Ойына түсер түбiнде. Болмаушы едi қадiрiң, Алдымда жүрсең күнiге. Өлсем Құран оқыр ең, Тiрiмiн, көке, бұл күнде. Сонда Болат атынан Қарғып түстi секiрiп. – Айналайын, бауырым, – деп, Құшақтап алды өкiрiп. Ендi менi ұрдың деп, Мен бiр тұрған шынар ем, Опырылып сындым деп. Тiрiлiгiм құрысын, Сенiмен бiрге тұрдым деп. Жылап жүрiп өтейiк, Келмейдi елге жүргiм деп, Иттi атып өлтiрiп, Жаныма зиян келтiрiп, Өзiме-өзiм қылдым деп. Сонда Жанат сөйледi: – Жылама, көке, мұңайма, Тәуекел қылғын Құдайға. Алла салған бұл iске, Пенде сабыр қылмай ма?! Төгiледi тасыған, Жетiледi кетiлген. Шын жалғыздан үн шықпас, Ет кесiп алсаң етiнен. Ақты Құдай нақ қылмас, Қайта бер, көке, ниетiңмен, Құтылмайсың жетелеп, Қайта бер, көке, төтелеп. Қатайсын деп кеуiлi, Күлгенсiдi еркелеп. – Жаман-жұман адамдай Бет алдына саспағын. Жан шықпайды ажалсыз Бұл ақылды тастағын. Байына араз қатындай, Жарамас, көке, қашпағың. Әуелi қатты жұмыс қой, Ақырын күтсейшi, арыстаным! Әркiмнiң жақсы аманы, «Жаны басқа» деген сөз, Көкiрегi бар ғой басқаның. Тiрi болсам көрермiн, Ажалым жетсе өлермiн, Қыла бер, көке, бас қамын! Бұл сөзге Болат қатайып, Атына тағы мiнедi. Қарамады Жанатқа, Елге шаба жөнедi. Көзден жасы көл болып, Атының мойны сел болып, Әкесiне келедi. Өлтiрдiм деп қызыңды, Киiмiн әкеп бередi. Шұлғауын да тастамай, Алдына әкеп үйедi. Киiмдi көзi көрген соң, Алдына түгел үйген соң, Өлдi ғой деп сенедi. Iшiнен шыққан сұр жылан, Iшi оттай күйедi. Терiс қарап қоңқылдап, Ауырғандай ыңқылдап, Көзiнен жасын төгедi. Омырауын иiскелеп, Жағасын алып сүйедi. Есiткен соң бұл сөздi, Қатыны келдi жүгiрiп, Жығылып неше сүрiнiп. – Өз балаңды өзiң өлтiрiп, Не болды саған бүлiнiп. Шағымшының қалдың ба Тұзағына iлiгiп? Көрем бе деп жылаушы ед Жанатжан қалқам, сенi де! Шағымшыға iлессең, Өлтiрерсiң менi де. Сонда Мақал сөйледi: – Жылама байғұс, алалым, Жұмыстың тiле барарын. Iшiмнен шыққан сұр жылан, Күйiп-жанып барамын. Болар iс болса боп кеттi, Ендi қандай қыламын?! Бұл дүниеде бар ма екен Мен ақымаққа ұқсаған?! Өлермiн ақыр құсадан. Жаңа бiлдiм өкiнiп, Бiлiп тұрмын өкiрiп. Ақырын Ақтан тiлейiк, Кетермiз бе екен жетiлiп?! Әлқисса, ендi далаға жалаңаш кеткен Жанат қыздан есiтiңiз: Ендi Жанат жүгiрдi, Өкпесiн алып қолына. Бiр жапырақ лыпа жоқ Бейшараның бойында. Қай жерде қалам деп жылайды, Өлмеймiн жоқ ойында. Он бес күн жүрдi жүгiрiп, Жолбарыс, қасқыр жолында. Бiреуi келсе жеп кетер, Түк қару жоқ қолында. Биабанның iшiнде Сақтауын қара мұны да. Табанынан тас өттi, Маңдайынан күн өттi. Құдiретi күштi бiр Алла Отыз күндей жүгiрттi. Ит мұрыны өтпейтiн Бiр қалыңға кеп жеттi. Жанатты Құдай өлтiрмей, Бұл ағаштан кетiрмей, Он сегiз күн болғанда, Ағашқа қызды кiдiрттi. Бiр топ қара ағашты құшақтап, көзiнiң жасы бұршақтап, жүре алмай қалды алшақтап. «Ақыры өлдiм» деп Жанаттың айтқан зары: – Айналайын Жаратқан, Он сегiз мың әлемдi Бiр өзiне қаратқан, Басқа-басқа таратқан. Бұл пәлеге тұс болдым Қай пейiлiм, қандай себептен, Не себептен айрылдым Жалғыз ағам Болаттан?! Қалмасамшы айрылып, Құйрығын ұстап торы аттан. Өлмегенде нем қалды, Жалғыз өзiм қаңғырып, Кеттiм шығып суаттан. Өлмегенде нем қалды, Айрылдым-ау қуаттан. Әзәзiлдi қу қожа, Өлмедi ме екен ұяттан, Жасымнан жала жапсырып, Бей-бекерге жылатқан. Балаңның келсiн алдына, Адасқан лақтай зарлатқан. Ақты Құдай нақ қылған, Жылағандарды да жұбатқан. Әзәзiлдi қожаны Қай уақытта кез қылдың, Жасымнан мұндай сөз қылдың. Ата-анамнан бездiрдiң, Жер-жаһанды кездiрдiң. Бiлiнбей кеттiк елге бiз, Мүсәпiр болдық демде бiз. Болған шығар бiр қате, Асы, жапы пендемiз. Осыны айтып жылады, Шешесi түсiп есiне. Ойдағы жоқ кез келер, Болса бұйрық, несiбе. Осыны айтып жығылды, Күнбатысқа бас берiп, Күншығысқа көсiле. Осымен өлдi Жанат қыз, Ұзарта берем несiне. Сол уақыттар болғанда, Ағашта өлiп қалғанда, Кетпесiн байғұс арманда. Өлген жоқ, өзi талғанда, Бiр падиша бар едi, Ақылға диқан дана едi, Жасөспiрiм бала едi. Өзiнiң аты Халдарша, Әкесi Жұлдыз хан едi. Өзiнiң теңiн таба алмай, Бiр ашыққа зар едi. Күндiз-түнi қасында Қырық жiгiт бар едi. Бiр күндерi Халдарша Құс сала шықты оңаша, Қылайын деп тамаша. Жүрiп кеттi iлгерi, Қызықпенен бiлмедi, Артынан ердi қырық жiгiт Тамашасын көргелi. Ит мұрыны өтпейтiн Бiр қалыңға енедi. Ақ тұйғын құсы тiледi, Не екенiн де бiлмедi. Аң түгiл, торғай көрмедi, Қоймаған соң талпынып, Өлетiн болды алқынып. Лажының жоғынан Ұшырып, сiлтеп жiбердi Бiр биiк қонды ағашқа, Шақырды қанша, келмедi, Әмбеден шебер бiр Құдай Әр күйге салар пенденi. Атынан түстi Халдарша, Ағашты барып көргелi. Бұл секiлдi ағашты Жоқ екен бұрын көргенi. Жапырағы жайқалып, Оңды-солды теңселiп, Самалмен басы шайқалған. Ең ұшын өрге көтерiп, Бұтағын төмен қайтарған. Бiрiне-бiрi ығылып, Бiрiне-бiрi сығылып, Бiрiне-бiрi тығылып, Неше алуан құбылып, Шамалы жерде падиша Қасына келдi жүгiрiп. Жұпардың иiсi аңқыды, Тұра қалды кiдiрiп. Пеш болып падиша Түрегелдi жығылып. Айдай боп жатыр бiр сұлу, Қараса патша тiгiлiп. Жетiп келдi қасына, Белi нәзiк қыз екен, Бұлаған алтын шашына, Өкпесiне қол салды, Ақ төстен келiп асыра. Сүлдесi жатыр, жаны жоқ, Кiрпiгi жатыр қимылдап. Сөйлесуге табы жоқ. Әрi-берi толғады, Толғаса да болмады, Ашық болды падиша, Қасына қыздың қонғалы. Ұшырып құсын жiбердi, Қасында қыздың болғалы. Өлсе көмiп қолымен, Тiрiлсе өзi алғалы. Тiрiлмесе осы қыз, Уәде бердi Аллаға, Қасында өлiп қалғалы. Ендi патша көтердi Жатқан қыздың кеудесiн. Лыпа қылып ыстанын, Кигiзедi жейдесiн. Ендi патша жылады, Қайғымен көзiн бұлады, Қыздың жанын сұрады, Бiлмей тұр берер, бермесiн. Қырық жiгiт келiп қараса, Болыпты үлкен тамаша, Тiлеп жатыр патшасы Бiр Құдайдың бермесiн. Қатар тұрып қырық жiгiт Шуылдады Аллаға. – Бейкүнә сұлу өлмесiн, Осыны берсең патшама, Қойшының қызы демесiн, Өзi алсын падиша, Ешбiреуге бермесiн. Еш болмаса мәлiм қыл Осы қыздың басынан Өтiп кеткен кеңесiн, Жаңа өспiрiм жас бала Бекерге өлiп жүрмесiн. Осыны айтып қырық жiгiт Қырға шықты, кеңестi, Кеңескенде не дестi. Патшаға айтты бiреуi: – Су тамызсаң мақтамен, Ажалсыз болса өлмес-тi. Шынымен жетсе қазасы, Тiлегенмен бермес-тi. Өлген адам тiрiлiп, Бұл дүниеге келмес-тi. Мақұл көрiп падиша, Бiреудi суға шаптырды, Су түгiл шекер таптырды. Су тамызып мақтамен, Қырық жiгiт баста тақ тұрды. Аштықтан жатқан қыз сорлы Тамған сайын жақтырды. Көтерiп басын сипалап, Шекерге әкеп бақтырды. Екi жұтып, үш жұтып, Көзiн ашып қарады. Со тұрған әмбе халайық Қызды үрге балады. Ортасында айдай боп Патшаны көрiп Жанаттың Көзi оттай жанады. Қызды алып тiрiлтiп, Шаһарға алып барады. Қожа-молда жиғызып, Некесiн патша қиғызып, Жанатты патша алады. Қосылмаққа патшаға Жанаттың кеулi қалады. Әлқисса, анда Жанат келiп падишаға қосылып, жұпты болды, жүктi болады. Тоғыз ай, он күн көтерiп бiр қыз туады. Ол қыз бiр жасар, екi жасар, үш жасар болды. Бiр күндерi Халдарша қырық жiгiтiн ертiп алып, аңға шықты. Аңнан келiп, атын байлап үйiне келдi. Патшаның үш жасар жас қызы патшаға талпынып тұра ұмтылды. Халдарша қызын көтерiп алып, о бетiнен бiр, бұ бетiнен бiр сүйдi. Жанат босағаға сүйенiп тұрып: «Уһ, Құдай-ай» деп күрсiнiп жағасын ұстады. Патшаның ашу-қаһары келдi. – Мен кеткен соң бiреудi ашына қылып апсың ғой. Соның келетiн күнi екен. Сол келмей қалатын болды, мына патша нағып келдi деп соны ойлап үһiледiң. Көзiмнiң тiрiсiнде сенi өлтiрiп, бұ дүниеден кетейiн, – деп қылышын суырып алды. Қатынының жағасынан ұстап басқа тартып жiберетiн шаққа жеттi. Қылыштың астында тұрып Жанаттың патшаға айтқан зары едi: – Арызым бар, жұбайым, Тыңласаң, арыз қылайын. Сыртым – бүтiн, iшiм – шоқ, Көкiрегiм тола уайым. Шабамын десең, шабыңыз, Кiнәм болса табыңыз. Тарқасын, тақсыр, құмарың, Өлтiрсең де сiзге жоқ, Менен барар обалым. Болмаса сабыр қылыңыз, Сiзге бiр баян әйлайын. Шолақ деген шаһарым, Ноғайлы деген ел едi, Айхай, дүние-ай, қайтейiн, Өсiп-өнген жер едi. Әкемнiң аты – Мақалбай, Шәрден-шәрге қыдырған Саудагерлiк өнерi. Бiр күнi әкем мал айдап, Үрiмге қарай жөнедi. Шақырып алып мал-мүлкiн Дайындады пiрiне, Көрiп тұр дедi күнiге. Ишанның ниетi бұзылып, Жақпады менiң дiнiме. Ұйықтатпады түрткiлеп Құдайдың қадiр түнiне. Салмадым құлақ кепiне, Құмғанменен сiлтедiм, Жара түстi бетiне. Мiнәсар болды бұл жұмыс, Ишанның арам ниетiне, Сол себептен мен кеттiм Дүниенiң шығып шетiне. Бiр күндерi болғанда, Әкемiз келдi қаладан, Үш айшылық арадан. Алдынан шықты ишаным Бетiндегi жарамен. Ата-анамнан бездiрдi Бейкүнә бекер жаламен. Құшақтасып айрылдым Бейшара болған анадан. Қол ұстасып жөнелдiм Болатжан жалғыз баламен, Онан да қалдым айрылып, Қанатымнан қайрылып, Құла дүз мидай даладан, Әмiрiмен Алланың Сексен күн өттi арадан. Өлсем сонда өлмес пе ем, Қылышыңнан қорықпаймын, Өлiмге түсiп жарытпаймын. Иншалла, падишам, Мұнан да қалған жан аман. Көкемдi елге қайтардым, Бiр ақылды ұнасып, Айдалада айрылдым, Шуылдасып жыласып. Жапанға жалғыз қаңғырдым, Барынша даусым шыңғырдым. Кеткен соң көкем қыр асып, Бiр жерге екi келмедiм. Жолбарыс, қасқыр, аюдан Басқа мақұлық көрмедiм. Ортасында солардың Сексен күн жүрдiм адасып. Ақыры өлдiм бiр жерде, Таусылған соң тұз, нәсiп. Үш күн жаттым ыңылдап, Кiрпiгiм жатты қимылдап, Денем мен жаным таласып. Құдай сiздi кез қылды, Қарасам көздi бiр ашып, Өлсем сонда өлмес пе ем, Өз қолыңнан көмбес пе ең. Менiң кеулiм рас, Өлтiрсең мейлiң мiнәсiп. Сүйдiң алып балаңды, Сонда есiме мен де алдым Атам менен анамды. Ойлансам, iшiм өрт болар, Бәрiнен бауыр жаман-ды, Көретұғын күн қайда Болатжан жалғыз ағамды. Әлқисса, сонда патша айтты: – Осы секiлдi зарыңды маған қосылмай тұрып неге айтпадың? Мен сенiң қызығыңмен жүрiппiн де қойыппын. Сенi көрген жерден некелеп алыппын да қойыппын. Мен патша емес екенмiн, ұры екенмiн. Болмаса, сен осы зарыңды айтсаң, ата-анаңа табыстырып, мұратыңа жеткiзiп барып алмаймын ба? – дейдi. Осыны айтып патша ел-жұртын жинады. Ақылдасып, кеңестi. «Мынауменен жiберемiз» деп қырық түйенiң үстiне алтын-күмiс, меруерт, маржан, гауһар артып толтырды. Қырық түйеге қырық жiгiт қосты. Қияметтiк досы бар едi, қырық жiгiтке бас етiп оны тағы қосты. Қырық түйе жүктi арттырып, ортасына бiр көкпарды шаптырып, үш жасар қызы мен қатынын досына тапсырып: – Осындай тамашамен барып, тамашамен келiңдер, – деп шығарып салды. Күнi-түнi тынбастан он бес күн, он бес түн тартты. Бiр жерге барып қонғанда, түн ортасы болғанда, жанның бәрi ұйқыдағы кезiнде досының қатынға ашық боп, қол салып жатқан жерi едi. Жанат оянып қараса, досы екен. Үстiне мiнiп қалған екен. Тышқан да таянып iнiне кiрiп қалған екен. Қыбыр-жыбыр еткенде бiлiп қалған екен. Досының көкiрегiнен итерiп, сонда Жанаттың айтқан сөзi едi: – Әй, досым, мұның қалай, тарт қолыңды, Бiлмедiң ұйқыменен оң, солыңды. Жақынын жаттан жаман қылатұғын Нашапаз болма, досым, сарт порымды. Есiткен соң бұл сөздi, «Аһ» деп досы ұмтылды. – Жаман кеулiм сынды, – деп, Айдан аппақ ақ жүзiң Досыңды ашық қылды, – деп, Саған құмар болғаным, Бiр мәртеме болғаным. Е, болмаса ажалым, Мархабаты болмай ма Сiздей асыл тазаның. Бұрын күнә қылмасаң, Мен тартайын азабын. Осыны айтып бұл досы, Бетiнен сүйдi ханымның. Кеудесiне артылып, Құшақтап алды мойнынан. Ендi қатын жек көрдi Досының қылған ойынын. – Ойнама, досым, қой, – дедi, Құдайдың аты дос деген, Ойласаң едi ой, – дедi. Жақынсынып падишам Қосып бердi қасыма. Жақындықтың жолына Мiнәсар жұмыс осы ма? Ойнап әзiл қылдыңыз, Қиянат қылма досыңа. Өзiңдi сатып нәпсiге, Шайтанмен болма ашына. Әлқисса, сонда досы ашуланып, патшаның үш жасар қызын қылышпен салып қалып екi бөлдi. Кеудесiн о жаққа, денесiн бұ жаққа лақтырып жiбердi. Анда Жанат қорықты. – Қызды өлтiрген неме менi де өлтiрер. Ойнамасам, жақындағанда өлтiрер, – дедi. – Қой, досым, қызды алған Құдай ұл берер, кел, ойнасақ ойнайық. Сiз маған асылған уақтыңызда жүрегiм айнып құсқым келдi. Бiр сағат болса да жан рахат көрсiн. Ана суға шомылып парбозданып кел, – деп бiр бөлек арақ сабын мен иiс су берiп досын суға айдап жiбердi. Досы барып, суға шомылып жатқанда қатынның ғазалы едi: Ендi Жанат жылады, Қайғымен көзiн бұлады, Құбылаға қарай тұрады. – Жан жаратқан Жаппарым, Бұл пәледен сақтағын. Пiрiмнен көрiп қиянат, Досымнан да опа таппадым. Аман көрсет өзiне Падишамның ақ малын. Өлгенiм жоқ қорлықтан, Құтылмадым зорлықтан, Жеткей де Аққа даттарым. Құтылсам қашып жөнер ем, Ата-анамды көрер ем, Ажалым келсе өлер ем, Ел-жұртымнан айрылдым Ишанның жала сөзiнен. Құтылмадым қорлықтан, Қанды жас ағып көзiмнен. Тағы қалдым қамауда, Құтқарғын, Алла, тезiнен, Айрылдым қайрат, әлiмнен. Қайда барсам қу басым, Құтылмады зәлiмнен, Жер жүзiнде, әулие, Тiледiм медет бәрiңнен. Осыны айтып бұл қатын, Ендi қашып жөнелдi. Зор берiп қашып келедi, Артындағы досына Бiлiнбей кеттi-ау дерегi. Әлқисса, ана досы суға түсiп, өзiн-өзi парбоздап қатынды қойып кеткен жерiне келсе, қатын түгiл, дәнеңе де жоқ. Олай қарап, былай қарап таба алмады. Таң атып келе жатқанда қасындағы қырық жiгiтiн оятып алды. Қатын кетiп қапты. Бiр күн қарап, екi күн қарап, төрт күн қарап таба алмады. Қырық жiгiт айтты: – Қой, падишаға барайық, қатының қашып кеттi, – деп. – Патша бәрiмiздi дарға тартады, патшаға бармайық, – деп досы айтады. – Аспанға ұшқан жоқ, жердегi адамды қарай берсек табамыз, – дейдi. Ақыры қырық кiсi бiр жақ, қыңыр кiсi бiр жақ болып қырық жiгiттiң айтқанымен патшаға қайтып барады. Сонда досының қырық жiгiтке бас болып, қатынменен қас болып, патшаға айтып тұрған сөзi едi: – Ассалаумағалейкум, Алдияр, тақсыр ханымыз, Сөзге құлақ салыңыз. Өзiмдi өзiң дос бiлсең, Лебiзiме наныңыз. Он бес күн жүрiп тынбастан, Ортаға алып бәрiмiз, Қонбай жүрдiк асығып, Неше қыр кеттiк асырып. Бiр жерге барып қонғанда, Түн ортасы болғанда, Айымды алдық қашырып. Қызын сойып кетiптi, Көме алмай бетiн жасырып. Қайтып келдiк, тақсыр-ай, Тасыған кеуiл басылып. Мұның өзi кеңес-ай, Шыли тегiн емес-ай! Күдер үзiп патшадан, Қызын сойып жөнесi-ай! Мұның өзi қай амал, Ақылым жетпей болды-ау дал. Қасында болсаң өзiң де, Қылмақшы екен бiр залал. Қызын сойып кетiптi, Мұратына жетiптi, Кiмдi аяушы ед шұнақ қар! Естiген соң бұ сөздi, Ендi патша: – Әй! – дедi, Не дейсiң досым-ай, – дедi, Бұ сөзiңдi қой, – дедi. Рас болса бұл сөзiң, Бопты ғой маған той, – дедi. Қырық жiгiт болып, дос болып, Қылғаның ба сор, – дедi. Осыны айтып падиша, Етпетiнен құлады, Ұзынынан сұлады, Өксiп-өксiп жылады, Жанаттың тартып күйiгiн, Көрiнген көктi жұлады. Қиял түсiп кеулiне, Көтерiп басын алады. Патшалығын тастады, Патша бiр iс бастады. Күлә киiп басына, Досын ертiп қасына, Диуаналық қылады Жанатты бiр-ақ көргелi, Армансыз болып өлгелi. Сол уақтар болғанда, Досы да есiрiк болады. Патшаменен iлесiп Бiрге кетiп барады. Кете берсiн екеуi, Аяғы қандай болады?! Әлқисса, досы: – Қатын табылса, патшаны қалай ма, менi қалай ма, маған арақ сабын мен иiс су берiп суға шомылуға жiберген өзi ғой, – деп таңлауға кетiп барады. Ендi Жанатты тыңлаңыз. Жанат неше күн, неше түн қашып, неше қырдан асып, көзiнiң жасын шашып, бiр қойшыға келдi. Қойшыға келсе, қойын жусатып, ақтаға тойып, қып-қызыл шиқандай боп жатыр екен. Ақылы аз да екен, басы таз екен, самайдан ағып iрiңi, жоқ екен онша бiлiмi. Қашып жүрген қатын екен деп, қатынды тарпа бас салып умаждай-умаждай бердi. Сонда қойшыдан босана алмай астында жатып Жанаттың айтқан ғазалы едi: – Айналайын, шопаным, Ақ бетiмдi қышытты Сәукеле қара сақалың. Есiрiктiң белгiсi Бiлмейдi екен қатарың. Ойының ба, шының ба, Өзiм-ақ тұра жатамын. Айналайын таз-батша, Не десең де қылайын, Уәде қылшы, тұрайын, Көрiнгенге олжа ғып, Осындай қылды Құдайым. Талай тазды көрiп ем, Әдемi екен шырайың. Айналайын, таз-батшам, Не десең де көнейiн, Тiлегiңдi берейiн, Ауылыңа айда қойыңды Мен соңыңнан ерейiн. Бiр қой сойып, некелеп, Халқыңның ал iшiнде, Ол да өзiңнiң мерейiң. Айдалада алысып, Бұ қылғаның жарамас, Көргендердiң бәрi мас. Үйiңе барып, бейшара Бiр қой сойып, етiңдi ас. Игiлiктi көрерсiң, Болса ұзын өмiр жас. Сол жерде өзiм тиейiн, Тамағыңнан сүйейiн, Айналайын, алтын бас. Бұл сөзге қатты қуанып, Әрi-берi аймалап, Екi емшегiн уқалап, Айқайлап қойды қуанып. Тегiн қатын алдым деп, Таздың кеулi тасыды. Тұла бойы былқылдап, Буындары босады. Ақылмен алдап қойшының Жанат кеулiн басады. Шұбалған қойдың шаңымен Мұнан да Жанат қашады. Әлқисса, Жанат неше түн қашып, неше қырдан асып, қарны ашып, қайраты қашып, етегiн басып, өлдiм-талдым дегенде бiр падашыға жетiп келедi. Алдында екi жүздей мал екен, өзi шал екен, бiр қатынға зар екен, бойында бiр атым оғы бар екен, таяғын домбыра ғып қатынға қарап бiр өлең айтады: – Қалыпты Зеңгi атадан пада жаймақ, Жайып ем сауапты деп түбiн ойлап. Сен қатын, перiмiсiң, адамбысың, Ой, тоба-ай, қайдан жүрсiң гүл-гүл жайнап?! Ойын менен күлкiге тыйым бар ма, Шығайын шер-құмардан күлiп-ойнап. Сен, қатын, байың бар ма, шыныңды айтшы, Мен жүрмiн пада жайып әлi бойдақ. Осыны айтып падашы, Қарақұстай бас салды. Шегiнiп қатын жасқанды, Падашының киiмiн Жыртып-жыртып тастады, Жыртылмай киiм қалмады. Бiтетұғын болмады Қатын мен шалдың жанжалы. Аяғының басына Түсiп кеттi дамбалы. Жаңа илеген кесектей, Тұсаулы шапқан есектей. Шалды Құдай қарғады, Сонда Жанат жылады, Қайғымен көзiн бұлады. «Бiрiнен қашып құтылсам, Бiрi алдымда тұрады». – Шал баба, сабыр қылғын, – деп, Бiр сағат мәулет сұрады. – Арызым бар, тыңласаң, Түбiнде бар залалы, Шариғат жолын қылмасаң. Қайыр қылдым, шал баба, Сенiң қылған iсiңе, Он есе артық жiгiттен, Абайласам күшiңе. Үйiңе барып ақыл сал Үлкен менен кiшiге. Бiр қой сойып некелеп, Халқыңның ал iшiнде. Шермендешiлiк қылма далада, Некесiз қатын ала ма? Менiң iздеп жүргенiм – Сiз секiлдi мал табар. Бұрын тисем, тимес пе ем Жаңа өспiрiм балаға. Кеудеңдi, бабам, көтер-ай, Алал жұпты жақсылық, Шiркiн, дүние бекер-ай! Қақпандай қатты сүйегiң Етiмнен тастай өтедi-ай! Өмiрiңнiң шағында, Сақалыңның ағында, Сабыр қылсаң нетедi-ай! Әлi де болса сабыр қыл, Сабыр қылған азамат Мұратына жетедi-ай! Осыны айтып тұрғанда, Падашы сүйдi бетiнен. – Шықпағын, – дедi, – кепiмнен, Қияметтiк құлыңмын, Айттың ба, – дедi, – ниетiңмен. Лажсыз Жанат келедi, Топтанған сиыр шетiмен. Жанатты көрiп шал баба Көзi оттай жанады. Ойбай салып айқайлап, Ауылға сиырды айдады. Жамырап кеттi бұзауы, Шалды Құдай қарғады. – Алжыған қақпас, қу шал, – деп, Талай қатын қарғады. Талай кемпiр еңiреп жүр Төгiлген соң айраны. Бұл Жанаттың тимейдi Жүрген жерге қайраны, Осы қашып кетер деп, Соңынан шалың қалмады, Абайлайды Жанат та, Құтылар заман болмады. Бұлаң етiп, бұлт етiп, Сылаң етiп, сылт етiп, Үйiне Жанат келедi. Үйiн көрiп шошынып, Көзiнiң жасын төгедi. Үй дегенi кепе екен, Шеткерiрек төбе екен, Жастық түгiл, көрпе жоқ, Бiр кесектi жастық қып, Жатып жүрген неме екен. Сонда да кеулi Жанатта, Жанатты алып жатпаққа, Құдiретi күштi Құданың Өлмеген құлы көп екен. Уәде бердi ал Жанат Падашыға тимекке. Бiр қап салды иiнiне Тезек терiп келмекке. Шал байғұс та жүгiрдi Бiр қой тауып келмекке. Небiр шалдар келедi, Қойдың етiн жемекке. Шақырмаған адам да, Келедi бәрi ермекке. Қожа, молда келедi Некесiн қиып бермекке. Балалар да жүгiрдi Қатынның түрiн көрмекке Шалды Құдай қинап жүр, Көрпе-төсек жинап жүр, Жатпақшы сол күн төсекке. Әлқисса, шал баба бәрiн түгендеп алып келсе, қатын түгiл, дәнеңе жоқ, анда шал баба халықты жиып: «Ей, халайық, неше жылдай мал бақтым, қатын көрмей зар қақтым. Мейлi ол қатын тисiн, тимесiн көзiңмен бiр көр де, бата берiңдер», – деп бата сұрап, жүрiп кеттi. Ендi Жанат жөнелдi, Танадай көзi жарқылдап. Алтын кебiс сартылдап, Сырғасы алтын күректей, Алтынды шашбау салпылдап. Зор берiп қашып келедi, Олай-бұлай бұлтылдап, Патшадан шыққан қу сорлы, Ту биедей былқылдап. Алдында жетi қалендар, Ортасында бұлардың Жетiп кептi үлпiлдеп. Бәрiнен жаман бұл болды, Жолыққан адам сор болды. Тұс-тұсынан ұмтылды, Әңгi есектей дiңкiлдеп. Бiр диуана ұстады, Жанаттың келiп қолынан, Бiреуi кептi соңынан. Не қылса да мiнәсар, Желi тұрды оңынан. Қашып едi шегiнiп, Жабылды бәрi тобынан. Бiрi мiнiп үстiне, Бiрi тартып түсiрдi, Опыр-топыр таласып. Астында Жанат жылайды, Өкпесi жаман қысылып, Қимылдайды барынша, Жатқан жоқ өзiн ұсынып. – Айналайын, Жаратқан, Бұл не деген кеп болды, Iшiм тола дерт болды. Артымнан қашып құтылсам, Алдымнан жанған өрт болды. Жолықсам кiмге артылып, Желке шашым шөп болды, Жалаң аяқ жар кештiм, Қай пейiлiмнен еп болды. Жапсырдың Құдай жаланы, Отан қылдым даланы. Тарыққанға медетсiң Қауыс-қияс жанабы, Бұларды тегiс санады. Құдiретi күштi бiр Алла, Тiзесi өтiп барады, Қыламын қандай мынаны. Ендi Жанат сөйледi, Сөйлегенде бүй дедi: – Айналайын, шер, – дедi, Бәрiң де бiрдей ер, – дедi. Айтқаныма көн, – дедi. Бәйге қылсаң қайтедi, Бес шақырым жер, – дедi. Бәрiң де барып сол жерден Жарысып маған кел, – дедi. Қалғаның қалғын сол жерде, Озғанның жансын еңбегi, Мейлiң патша, мейлiң құл, Соныңа көндiм мен, – дедi. Озғаның менi алғаның, Қарамайын қайрылып, Патша да болса қалғаның. Ынтымақпен iс бiтер, Жарамас бекер жанжалың. Сiздер – бұқа, мен – сиыр Дұрыс емес болғаның. Жанаттың айтқан сөзiне Диуаналар нанады. Киiмдерiн шешiнiп, Жалаң аяқ болады. Етек-жеңiн түрiнiп, Құнтиып бәрi алады. Бiрi – патша, бiрi – құл, Бiрi – нәзiк, бiрi – зор, Бәрiн қылған Құдай дер, Жарысқа шықты дүркiреп Буыршындай күркiреп. Мұнар болып азырақ, Жаңбыр жауды сiркiреп. Диуаналар қуанды, Денесiне сыйыспай. Таласумен әлi жүр, Бiр-бiрiне қиыспай Өшiгiсiп қалыпты, Тарқамас бұлар ұрыспай. Диуаналар кетедi, Бiрталай жерге жетедi. Арасында бұлардың Алты сағат өтедi. Ендiгi нәубет диуана Жарысуға кетедi. Бiрiнен-бiрi өтедi, Өткенi озып кетедi. Өлдiм-талдым дегенде Бiр ұзыны жетедi. Жетiп келсе, Жанат жоқ, Жүрегiн жаман өртедi. Сөйте-сөйте олардың Бәрi түгел келедi. Бiрiнен-бiрi көредi, Төбелесе бередi. Төбелестi көрген соң, Жанат ұзап жөнедi. Әлқисса, ендi Жанат неше күн, неше түн қашып, қарны ашып етегiн басып, қатты жаман сасып, Шолақ қалаға жетiп келдi. Әкесiнiң әулi-жайын көрiп, туып-өскен жерiн көрiп, бiр сөз айтқан жерi екен: – Рас па, өтiрiк пе, келгенiм-ай, Бес жылда қайран жердi көргенiм-ай. Қуаныш – хан орнында, хан тағында, Аман ба, әдiлеттi бектерiм-ай. Бәлеге неше түрлi жолықсам да, Сонда да ажалым жоқ, өлмедiм-ай. Түсемiн әлде болса қандай күйге, Қайтейiн, бұ дүниеге сенбедiм-ай. Көрiндiң көзiме ыстық, өскен жерiм, Кiр жуып, кiндiгiмдi кескен жерiм. Мысалы түрлi гауһар шам-шырақтай, Наламен су сепкендей өшкен жерiм. Амал жоқ, пешенеме жазған екен, Қайдағы дұшпан болды дос көргенiм. Есебiн өзiң маған тапсырмасаң, Мәнiсiн таба алмадым ештеменiң. Тұрмысың қалыбыңда, Шолақ қала, Бiз секiлдi мұңлыққа қарап қана. Ишаны қол тапсырған iшiндегi, Осындай кесапаты мол-ақ қала. Бұл елге тұз-дәм айдап тағы кеппiн, Талақ тастап кетiп ем бiржолата. Бiр жердi ат баспаған үш басар деп, Бұрынғы қариядан қалған сана. Көргенiм бiр күнгiдей болмас едi, Алдымнан күлiп шықса Болат аға! Әлқисса, осыны айтып көзiнiң жасын төгiп, қабырғасын сөгiп, әкесiнiң мейманханасына ел жатып қалғанда кiрiп келдi. Онысын көрiп, мұнысын көрiп, бiреуiн иiскеп, бiреуiн сүйiп, жылап-сықтап отырды. Ойланды патшалықтан киiп шыққан киiмдерiн тастайын деп, ендi бiр iс бастайын деп; барлық киiмдерiн шешiп, мейманхананың бiр түкпiрiне тығып тастап, үстiне көше-көшенi қыдырып жүрiп, жаман-жаман киiм киiп алды. Аяғына ескi галошты iлдiрiп, өзiн-өзi бүлдiрiп, басына таздың кепешiн киiп, самайынан iрiң ағызып, бұрынғы қыз аты да, Жанат аты да, қатын аты да қалды. Ендiгi жерде бiр таз-батша болды. Әкесiнiң базар ортасында бiр дүкенi бар едi. Есiгiнiң алдын сыпырып, тазалап, табалдырығына маңдайын қойып, ұйықтап, рахат қылды. Ертең ертемен бай дүкенiне келдi. Сасып кеткен бiр таз жатыр. Жүгiрiп келiп артқа теуiп жiбердi. Қарғып тұрып қараса, әкесi екен. Әкесiне қарап таз-батшаның жасаған өлеңi едi. – Е, жан ата, бет алдына тебе берме, Бiр нәрсең жоғалмаса сөге берме. Кетедi темiр ағып, күмiс шiрiп, Жатса да алтын жерде көгере ме?! Төрелiк талай жанға берген едiң, Әсiлi, шынын айтса, ұры өле ме?! Ақты Құдай нақ қылмас деген қайда, Ақ төл тұрып қараны жiбере ме? – деп, көшені кезіп жүре берді. Кешке бай дүкенін жапқан соң, тағы келіп, сыпырып тағы жатты. Ертеңіне бай келсе, кешегі таз тағы жатыр, келген бойымен тазды тағы теуіп жіберді. Таз да орнынан қарғып тұрып, бір өлең айтып жіберді. – Күзеттiм дүкенiңнiң пұлы бар деп, Бiр нәрсе ұрдың ба, ата, ұрлады деп. Апарып алтыныңды боққа тықсаң, Кетер ме ең алмай тастап былғанды деп. Арты түгiл, бетiне таңба салдым, Мәнiсiн ойланбадың ұрған-ды деп. Әкесi үшiншi күнi дүкенiне келсе, таз-батша тағы жатыр. Тағы пәрменiмен жүгiрiп келiп теуiп жiбердi. Белi бүлк ете қалды, шыдай алмай ыңқ ете қалды. Орнынан қарғып тұрып, тағы бiр өлеңдi айтып жiбердi. – Жан ата, күннен-күнге асырасың, Ашудан қайсы күнi басыласың. Үлгерi қариядан қалған мақал, «Сарт тебедi, – деушi едi, – ашынасын». Күнiге он мәртебе тепкенiңмен, Төгерсiң ақыр бiр күн көздiң жасын. Кетейiн, кет десеңiз, тағы қаңғып, Бiр Алла бет алдымнан жарылқасын. Еңiреп, теппек түгiл, жiберер ең, Бiр көрсең кепешiн ап таздың басын, Ахау, нәзiк, кеттiм азып, Ишан менен достымнан жүрмiн жазып. [Сол кезде бай]: – Кепешiңмен құры, басыма киемiн бе оны, не деген шайыр тазсың өзiң, маған айлыққа жүресiң бе? – дедi. – Жүремiн, – дедi таз. – Сен маған жұмыс қып оңдырмайсың, ерiккен-ерiккенiмде өлең айтып берсең болады, – дедi. – Ата, мен өлеңдi жүдә жақсы айтамын, – дедi таз. Екеуi уәде-шарт жасап, өз әкесiне өзi қызметке тұрды. Кешке таз-батшаны үйiне ертiп барды. Ишанды шақыртып тамақ бердi, ишанға: – Тақсыр, мына тазды айлыққа салып алдым, өте өлеңшi екен, – дедi. Ишан айтты: – Бұл дүниенiң қызығы – өлең мен жыр ғой, айтқызыңыз, – дедi. Сонда бай: – Әй, тазым, мына ишанды мақташы, – дедi. Сонда таз-батшаның ишанды мақтап айтқан өлеңi едi: – Бейопа бұл дүние жалған заман, Ақылын талай ердiң алған заман. Шайтан – қас, нәпсi – дұшпан, дүние – шолақ, Ашығылық ишан менен ханнан қалған. Әзәзiл iлiмдi едi шайтан болған, Нәпсiге ишан бар ма алданбаған. Жаратқан уайымсыз жалғыз өттi, Бiр өзi дүние iздеп сандалмаған. Бұ күнде ишан бар ма, қожа бар ма, Нәпсiсi сахатты таза бар ма? Көрсетер жетi тозақ қожа-молда, Әр түрлi ұшыратар жазаларға. Қожа мен ишандардың ебi тисе, Арақ пен арам дейдi бозалар да. Зекетiн адалдайды малы барлар. Кiм айтса соған нанған имандылар. Бұ күнде сахатты қожа қайда, Мүридiнiң қыз-қатынын айналдылар. Ахау, нәзiк, кеттiм азып. Анда ишан қарғып тұрып, таз-батшаны ұстап алып, тептi ғой келiп. Тебе-тебе есiктен шығарып жiбердi, тебе-тебе дарбазаның да есiгiнен шығарып жiбердi. – Ендi мен отырған жерге келме, – дедi. Ишан үйiне қайтып кеттi. Дарбазаның есiгiнiң алдында таз-батша жылап отырып алды. Ишаннан таяқты өлгенше жедi. Анда Болат ағасы баяғы Жанатты тастап кеткен жерге күнiге бiр барып келер едi. Со күнi екi-үш күн қонып, ендiгәрi келмейтiн болып, жылап-еңiреп дарбазадан кiрiп бара жатыр едi. Сонда ағасына қарап таз-батшаның жiберген өлеңi едi: – Қыласыз күнде сейiл-тамашаны, Өзiңе ат-әбзелiң жарасады. Жүрiпсiз ханның ұлы ханзада боп, Алдап кет сауға берiп қарашаны. Өткiздiм сiз секiлдi неше мырза, Мұңлыға мен секiлдi қарасады. Басым таз, ақылым аз, мен бiр жетiм, Ағажан, сен қарасаң, жарасады. Құданың құдiретiне қарасаңыз, Екеуi де бiр-бiрiнен адасады. Анда ағасы айтты: – Сол адасқанның бiрi – мен, осындай оқиға болса айтып бершi, кеуiлiм көтерiлер ме екен, – дейдi. – Айналайын, ағажан, Кеулiмде бар көп өлең, Жағады сөзге не деген. Үйренiп едiм көп жұмбақ, Ескi көрген көнеден. Ағасызды не деген? Бағасызды не деген? Жағасызды не деген? Екi тұйғын ұшыпты, Бiр туысқан енеден. Бiрi – марал, бiрi – еркек, Арызданып жөнеген. Жөнелiптi бiреуiн, Бiлмейдi ешкiм дерегiн. Бiлмейдi ата-анасы, Көзiнiң ағы-қарасы. Өлдi деген бекер гәп, Бiлемiн тiрi, шамасы. Бөтен емес, бөгде емес, Бiр кiсiнiң баласы. Iздеп келсе iнiсi, Танымапты ағасы. Бұл заманның қожасы, Әлемдi өртер өсегi. Мәуелi ағаш мақтанар, Теректiң болмас көсегi. Өтiрiк пе, рас па, Осылайша деседi. Ағасы қайтып жүр екен Жоғалса бiздей iнiсi. Айтқан сайын ашылар Көкiректiң кiр иiсi. Көкiректе арман көп, Көз көрмесе жалған, – деп, Осылайша дейдi таз-батша, Iлгерiден қалған гәп. Бiрiн-бiрi көрмесе, Iнiсi iздеп келмесе, Тiрлiгiнен де пайда, Айхай, аға, арман көп. Бұ сөзге Болат түсiнiп, Үйiне қарай жөнедi. Анасының алдына Жылап-еңiреп келедi, Келе сөйлей бередi: – Айналайын, жан ана, Келедi менiң жылағым, Ойыма түстi шырағым. Қарағымды көргендей, Тартады екi қабағым. Есiткендей лебiзiн, Дуылдайды құлағым. Жүрек, бауырым езiлдi Таз-батшаның сөзiне. Тұла бойым дiрiлдеп, Келедi жасым көзiме. Лүпiлдейдi жүрегiм, Жолыққандай өзiне. Қуанышты болса екен, Қапа боп жүрген кезiмде. Айналайын, жан ана, Таз-батшаға жылдам бар, Есiткен бе екен бiр хабар. Қарағымнан айрылып, Iзiне жылап болдым зар. Кешiкпей, ана, жылдам бар, Әкеме де бiлдiрмей, Ысабын тапсаң ұрлап бар. Осы тазда, мен бiлсем, Жанаттан жүрген жұрнақ бар. Лүпiлдейдi жүрегiм, Босана бередi сүйегiм, Осы бүгiн бiр сыр бар. Осыны айтып тұрғанда шаһарға он бiр диуана жетiп келедi. Таз-батша қожайын атасына жетiп келiп: – Ата, мыналар, диуаналар қай жердiң диуанасы? – дедi. Атасы: – Бұл бiздiң Шолақ қаланың диуанасы емес, бiр жақтан келгендер ғой, – дедi. – Ата, мен жетiскен адаммын ба? – [дедi тазша]. – Жоқ, – дедi [атасы]. – Бүгiнше мейманханаңыздың билiгiн маған берiңiз, мен осы диуаналарды бағайын, қағайын, батасын алып қалайын, – дедi [тазша]. Атасы: – Ал, мейманхананың билiгiн бердiм, – дедi. – Ата, маған айлығымды берiңiзшi, қаражат қылайын. – Айлығың не болады дейсiң, диуаналарға осы да жетер, – деп, жетi теңгесiн бердi. Таз-батша теңгесiн алып, дүкенге барып, тағам дайындауға кеттi. Сөйтiп он бiр диуанаға келiп: – Күн кеше болды, бiзге қонақ болыңдар, – деп ертiп келiп, мейманханасының есiгiн ашып жiбергенде, диуаналар: – Бұл диуанаға лайық үй емес, патшаға лайық үй екен, – деп кiре алмай тұрды. Халдарша бастап кiрiп орын тауып отырды. Соңынан диуананың бәрi де кiрiп орын-орындарына отырды. Алдына дастарқан жазып, әлгi тағамдардың бәрiн жайып едi. Мақалбай таңданып қалды. «Апыр-ай, менiң Жанатым осы қаладан табылар, мына нан мен дәмдi Жанаттан басқа ешкiм де iстемейдi», – деп қуанып қалды. Таз-батшаның атасына қарап айтқан өлеңi дейдi: – Жан ата, қайтармадың тiлiмiздi, Өлгенше ұмытпаспын мұныңызды. Алмаққа бiр дуасын құмар едiм, Мейманның iшiне алшы пiрiңiздi. Отырсын тамаша қып шақ-шақ күлiп, Алдыршы қатының мен ұлыңызды. Мен сорлы жетiм едiм кiшкенеден, Айрылған ата-анадан, өскен елден. Әуелi жақтырмасаң, жақтырарсың, Үйiңе себеппенен түсiргенмiн. Жан ата, пұлды бердiң сұрап едiм, Көз жасым қабыл болды, жылап едiм. Бұл күнде есiк алды құл боп тұрмын, Бiр байдың әлпештеген шырағы едiм. Ұшыпты екi сұңқар бiр ұядан, Мен байғұс сол сұңқардың сыңары едiм. Алдыршы қатын, бала, ишаныңды, Мен сорлы әңгiмеге құмар едiм. Әлқисса, ишанды алдыртып, Болат шешесiмен келдi. Мақалбай Болатқа: – Есiкке де, дарбазаға да құлып сал, таз-батшаның бiр тамашасын көрейiк, – дедi. Болат дарбазаға құлып салғалы келсе, он жасауыл он аттың үстiнде жаршы едiк деп жар шақырып тұр. Бәрiнiң даусы да, сөзi де бiр жерден шығып тұр екен. Он жасауыл жаршылардың сөзi: – Үйде отырған адамдар, Бәрiң де бiзге қараңдар. Сөзге құлақ салыңдар, Айтып жүрген жарым бар. Жiгiтiң бар, шалың бар, Жоғымның жөнiн бiлгенiң Мың мысқал дiлдә алыңдар. Жұлдыз ханның баласы Халдарша кеттi жоғалып, Қай жақтан iздеп табалық? Ай батқандай болды да, Әмбе жұрт жатыр қамалып. Ортадан өшiп шам-шырақ, Көзiмiз қалды ағарып. Көрген-бiлген ер болса, Мың мысқал дiлдә саналық. Көрмедiм десең де айтыңдар, Әр жерден сұрап қаралық. Әлқисса, Болат ештеңенi бiлмейдi, бұл сөздi естiген таз-батша: – Жұлдыз ханның баласы Халдарша ма? Берi әкел дiлдәнi, мен тақ осы жерден, үйден тауып беремiн, – дедi. Мың дiлдәнi етегiне санап салып бердi. Үйге кiрiп келдi. Мақалбайдың алдына қырық дiлдә қойды: – Ата, әуелi жайыңызға бергенiм, осы бiр күнгi жиын үшiн бергенiм, – дедi. Диуаналар мен Сауда ишан: – Әй, таз, бiзге де бермеймiсiң, ертең базардан шай алып iшемiз, – деп едi, таз-батша оларға: – Сiздердiң сыбағаларыңыз мынау, – деп бiр өлең айтып жiбердi. – Арман не, әркiм жесе жиған малын, Дүние төгедi екен беттiң арын. Болар да таң атқан соң бiр мәнiсi, Жарамас түн iшiнде жанжалдарың. Әуелi дәм, ақыры харам деген, Ұрмай ма кесапаты, меймандарым. Таз-батша осыны айтып тұра келдi, Сауда ишан «ақымақ таз» деп күле бердi. Күләсiн падишаның жұлып алды, – Егесi көзi көрсе бiлер, – дедi. Бiлмесе падишаның патшалығын, Екiншi маған залал келер, – дедi. Әуелден ақырында қас боп тұрған Қу ишан менi тағы тебер, – дедi. Осыны ойлап көтердi, Патшаның бастан күләсiн. – Кешiрiңiз, тақсырым, Таз-батшаның кiнәсiн. Сiздi iздеп келiп тұр, Мың мысқал дiлдә берiп тұр. Алғанымды адал қып, Айттым, тақсыр, расын. Тақ-тәжiңдi талақ қып, Қаңғырған қалай бiр басың. Алтын басын мыс қылып, Жолдасыңды қас қылып, Құдай сiздей қылмасын. Айналайын, падиша, Бiр көрiншi жаршыға Тарқатсын кеуiл-қапасын. Сiздi iздеп зар жылап, Дүниенiң көрдi жапасын. Сонан соң мiнiп тағыңа Ие бол мына бағыңа, Жинап ал Шолақ қаласын. Бойжеткен қыз-келiншек, Қатындар да қалмасын. Бiр көргеннен таниды, Қасыңда досың, жолдасың, Жолдасың дұшпан болмаса, Жолыңыз неге болмасын?! Таба алмасаң жоғыңды, Мен табам жоқтың иласын. Әлқисса, патша әйнектен қараса, он жасауыл тұр екен. – Келдiңдер ме? – деп едi: – Келдiк, – дедi. – Шолақ қаланың барлық аяқтарынан тiк тұрғандарының бәрiн ертiп осында кел, – деп бұйырды. Бұл сөзге патша нанады, Табылады деген соң, Кеулiнде қарар қалмады. Күләсiн тастап, тәж киiп, Есiк жаққа қарады. Сағынысқан уәзiрлер Бәрiн де танып алады. Ортаға тақты құрғызып, Есiкке жендет тұрғызып, Таққа мiнiп алады. Шаһардың күллi адамын Сол сарайға қамады. Шаһарда күллi қатын-қыз, Бiрде-бiрi қалмады. Қаз-қатар болып тiзiлiп, Қасы-көзi сүзiлiп, Қатар-қатар тұрады. Дүрбiсiн салып көзiне, Қуат берiп өзiне, Патша бiр-бiр қарады. Шыққыр көзi шықпаса, Iшiнде Жанат болмады. «Қарағым, Жанат, Жанат, Жанат!» – деп, Үш мәртебе әуез ғып, Патша айғай салады, Мұның өзi қалай деп, Мақалбай қайран қалады. – Қарағымның аты едi, – деп, Жерге Болат құлады. Сұрайын десе патша тұр, Сорлы анасы сұлады. Бұл үшеуiн қайтем деп, Жанаттың белi сынады. Әлқисса, сонда патша орнынан тұра келiп, тазды ұстап алды. – Қу таз, халықты жинасаң, жоғың шығады деп ең, жоқ қой мұнда, қане, бар дегенiң, басыңды қырқамын, – дедi. Таз-батша: – Мен ештеңе бiлмеймiн, бiрақ бiр патшаның басынан өткен ертегiсiн бiлетiн едiм, – дейдi. – Мен секiлдi сорлы патша бар ма екен, оның уақиғасы менiкiнен қалай екен, айт, – дедi. Анда таз-батша: Үйрендiм қазы менен биден ертек, Бiр момын жаламенен күйген ертек. Көп болса бас-аяғын айта берсем, Пiр басып, мүрид қызын сүйген ертек. Бiреуi рас, өзгесi шыли зорлық, Бiр қатын он бiр байға тиген ертек. Қыз сағынып әкесiн iздеп келiп, Үш күнде әкесiнен жеген келтек. Құлақ сап, меймандарым, отыра бер, Берейiн ажыратып бөлтек-бөлтек. Бар екен бiр кәтте бай дәрематты, Бiр ишаны бар екен караматты. Сол байдың бiр ұлы мен бiр қызы бар, Көрген адам ойламас еш перзенттi. Мал-мүлкiн, қыз-қырқын, әулi-жайын Қолына ишанының дайындапты. Қызметiне ишанның жүргенiнде Сұлуға ишанының кеулi шапты. Неше күн айналдырып болмаған соң, Ишаны беттен сүйiп ұстап апты. Қыз бейшара бұлқынып қашқан екен, Қоймаған соң құмғанмен салып қапты. Ешбiр адам бiлмейдi, Құдай бiлер, Ишаны ет пiсiрiм талып қапты. «Әкем аман-сау келедi» деп, Бiр күнi шаһар халқы хабарлапты. Ишаны үш күн бұрын озып барып, Қызың жәлеп болды деп жала жапты. Бай нанды шыныменен бұл жалаға, Ишаны шайтан болды екi араға. Әкесiнiң тiлiменен бала келiп, Ап қашты қарындасын айдалаға. Ит өлтiрiп, киiмiн қандап алып, Көрсеттi өлтiрдiм деп ата-анаға. Анда Мақалбай тұрып: – Сол қыз сол жерде өлiп қалды ма, жоқ тiрi кеттi ме? – дейдi. – Ол қыздың тұрған жерiне дейiн бiлемiн, – дейдi таз-батша. – Айта бершi, шырағым, – дейдi Мақалбай. – Алдымдағы, байеке, Баяғы сөздiң аяғы. Өлтiрдi деп сенедi Ишан мен бай баяғы. Бұ да тұрсын сонымен, Жатыр екен қыз байғұс Бiр ағашқа саялы. Жүруге келмей шамасы, Сол жерде болды аялы. Сол уақтар болғанда, Ағашта өлiп қалғанда, Өлген жоқ бiрақ талғанда, Қырық жiгiт қасында, Алтын тәжi басында, Сiз секiлдi, тақсыр-ай, Бiр падиша келiптi, Жатқан қызды көрiптi. Ашық болып падиша, Қызға кеулiн бөлiптi. Құдiретi күштi бiр Алла Тiлегiн патша берiптi. Тiрiлтiп патша алады, Шаһарға алып барады. Некеленiп қосылып, Болады екен балалы. Мұнан да кетер ақыры, Адамның перзент миуасы, Құдайдан соңғы жақыны. Сүйедi патша баласын, Уһiлептi қатыны, Бұл араға жетпептi Падишаның ақылы. Қылышына қол салды, Шабамын деп басына, – Кiммен болдың, – деп, – ашына? Рақымы келдi патшаның, Жылаған көздiң жасына. Қырық жiгiтiн жолдас қып, Қосыпты мынау досына. Он бес күн ұдай жүрген соң, Бiр жерге барып қонған соң, Түн ортасы болған соң, Қол салған досы қатынға. Сонда қатын болмады, Айтқан тiлiн алмады. Қырық жiгiт жатты ұйқыда, Көбейдi мұның жанжалы. Өлтiрсем қызын көрер деп, Қорыққан соң көнер деп, Осылай болды иттiң қаялы. Мұнан да қатын құтылды, Жад қылып Жаппар Алланы. Анда патшаның досы: – Қу таз, ишан мен менiң сорыма душар болдың-ау! – деп шығуға айналды. Патша досын қылыштың сыртымен перiп жiбердi. Есiк алдындағы екi жасауыл досты керiп жiбердi. Ұрып-ұрып, неше жерден ұрып, ишанның қасына әкеп отырғызды. Екеуi екi босағада отырды. – Ал сонан соң қатын қайда кеттi? – дедi патша. Анда тазбатша: – Айналайын, тақсыр-ау, Қатынның жолы құтырды, Достан қашып құтылды. Түс мезгiлi болғанда, Қойшыға келген секiлдi, Әйелiн мұның бiлген соң, Қойшы да бұған ұмтылды. Әуре қылды жұлмалап, Опыр-топыр таласты. Қолымен жердi тырмалап. Қатып қалған қу кесек, Денесiн кеттi қидалап. О деп, бұ деп бұ қатын Бұдан да кеттi илалап. Зор берiп қашып келедi, Олай-бұлай бұрмалап. Падашаның үстiне Жетiп келдi туралап. Бұ да ұстап басады, Қатын байғұс тырбаңдап, Бөксесiн алып қашады. Жақындасып, жанасып, Бiр дамбалға таласып, Арманда болып падашы, Бұдан да қалды адасып. Келедi қатын қуана, Құтылдым деп зәлiмнен, Қол көтерiп дуаға. Қарсы алдынан кез келдi, Уһ дегендей осы жетi дуана. Бұл да ортаға алады, Бәрiн Құдай қылады. Қатын айтты жарыс деп, Мен тұрамын қалыс деп, Дуана бәрi нанады. Дуаналар кетедi, Бiрталай жерге жетедi. Дуаналар кеткен соң, Қатын қашып жөнедi. Зор берiп қашып келедi, Әкесiнiң келдi де, Дүкенiне түнедi. Жоғалғын деп әкесi Үш күн ұдай тебедi. Кiм екенiн бiлмедi, Парасатты ер болсаң, Жоғыңның осы дерегi. Мақалбай сонда сөйледi, Сөйлегенде бүй дедi: – Айналайын, таз-батшам, Бiр әдиса бар екен, Бұл сөзiңнiң iшiнде, Өзгесiн қайдам, бұ сөзiң Кеулiме сәна түсiрдi. Жалғыз қызым бар едi, Перiнiң қызы пiшiндi. Өлген едi iлгерi, Мұны ешкiм бiлмедi, Тiрi болса мүбәда, Келедi соған келiмi. Шыныңды айтшы, қарағым, Мұны айтқан саған кiм едi? Айналайын, Болат-ау, Өлтiргенiң бекер ме? Келiседi осы сөз, Шырағым, шырын-шекерге. Жаламенен қаңғырған Бейкүнә жала төтенге. Ендi Болат кiдiрдi, Айта алмады бөгелдi, Көзiнiң жасы төгiлдi. Патшаны көзi көрген соң, – Өлемiн, – дедi, – со күнде. Таз-батша ендi сөйледi, Сөйлегенде бүй дедi: – Мұны айтқан, ата, мен, – дедi. Ақты Құдай жөндедi. Сен Болат болсаң, мен Жанат, Назарың салып көр, – дедi. Мауқымды, көке, басайын, Даусыңа даусым қосайын, Пердесi құрсын, ашайын, Берiгiрек кел, – дедi. Әбүйiрiң жабылды, Жоғалған жоғың табылды, Тұра тұр, патша, сен, – дедi. Тiлектi Құдай берген соң, Жанатты көзi көрген соң, Патша салды айқайды, Айтқанына көнбедi. Айқайға айқай қосылып, Шешесi жаман өрледi. Бұлар у-шу болғанша, «Қашан өлiп кеткен» деп, Сауда ишан әлi сенбедi. Мақалбай сонда сөйледi: – Ей, шырағымбысың, апыр-ай, Бар ма екен мендей қапыл-ай! Өшкен отым жанып тұр, Жарылмай жүрек нағып тұр, Отырсың нағып, қатын-ай, Ендiгi кеңес не керек! Қатын, бала үшеуiн Қоршап алды төңiрек. Үн салып жылай бастады, Көзiнiң жасын себелеп, Мақалбай сонда зарлайды Маңдайына төбелеп. – Жалғыз қыз, жалғыз бала едiң, Онан басқа балам жоқ, Тәңiрiм салды бұ күйге, Қылатын ила-шарам жоқ, Қаңғытқан сенi өсекпен Неше азап көрсеткен, Қандай қылып өлтiрсең, Сауда ишанға обал жоқ. Айналдырып басымды Елiктiрiп алғаны-ай! Қарағым Жанат, шырағым, Шыбын жаным құрбан-ай! Өлiп кетпей ишанның, Тырп етпестен тұрғаны-ай! Бұ дүниеде бар ма екен, Мен секiлдi қу маңдай. Сонда патша сөйледi, Сөйлегенде бүй дедi: – Жылама, бұған, бай, – дедi, Жолдың өзi тар, – дедi. Ишан менен досым да Өзiмде кегiм бар, – дедi Жақсылыққа – жақсылық, Жамандыққа – жамандық, Кегiңдi, Болат, ал, – дедi. 1820 Есiткен соң бұл сөздi, Тұрды досы қаңқаңдап, Отыр едi тың тыңлап. Он текеге бiр қасап, Барды Болат талтаңдап. Диуаналар ығысты, Бiрiн-бiрi сығысты, Күлетiн ерлер жыртыңдап, Бұрынғыдай айбат жоқ, Отырды Сауда жаутаңдап. Жетi диуана, досы, Сауда ишан бәрi өлетiн болған соң, Жанат шешейiн дедi. Сонда Жанат сөйледi, Сөйлегенде бүй дедi: – Жан ата, құлағың сал шешенiңе, Перзентiң қуандың ба есенiне? Өлтiрттiң бiр балаңды бiр балаңа, Сенiп ап шағымшының өсегiне. Патшам, менi өзiңе теңгергенiң, Ишанның дауа тапсаң кеселiне. Жазаны бiрден кейiн досыңа қыл, Қызыңды екi бөлген кешегiде. Мен сорлы осындай боп тентiредiм, Ишанның жатпаймын деп төсегiне. Падашы, қойшы менен дуананы, Падишам, өзiңiз бiл бұл араны. Жақсы адам қате қылған жұмыстарды Үстiне сарпай жауып шығарады. Орныңды падишалық көкеме бер, Жұбатқан сауап деген жылағанды. Онан соң қазынаңнан маған да бер, Беремiн ата-анама сыбағамды. Ендi Болат тұрады, Ишанды әдеп ұрады. Шалқасынан жығып ап, Шықшытқа қанжар тығады. Мұны көрген дуана, Бәрi жерге бұғады. Құлағын кесiп құнтитып, Мұрнын кесiп тымпитып, Сақал-мұртын күреп ап, Қу басын қойды сымпитып, Мойнына асып аяғын, Бүйрегiн қойды бұлтитып. Досына патша ұмтылды, Тас төбеден терiсiн, Табанға дейiн сыпырды. Екеуiн де өлтiрiп, Сахуатына келтiрдi. Падашы, қойшы, диуана, Құр сүлдесi отырды. Жаны шығып кеудеден, Сүлдесi қалған сықылды. Қарашы патша зерегiн, Жар шақыртып қалаға, Мәлiм қылды далаға. Жанаттың бердi тiлегiн, Дуаналар қашпасын, Өлтiрер деп саспасын, Есiткен соң бұл сөздi, Зорға басты жүрегiн. Дуананы шақыртып, Жақсы жайға келтiрдi. Тоғыз атқа мiнгiздi, Тоғыз шапан кигiздi. Хош айтысып патшасы, Ел-елiне жүргiздi. Болатты әкеп шақырып, Алтын таққа мiнгiздi. Ақ иiлiп сынбайды, Қараны екi қылмайды. Бәрiн де өстiп күлгiздi Жанатты қосып той қылып, Патшаны қосып той қылып, Падишаны жүргiздi.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ
Бұл тілдегі нұсқа жоқ