Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз

Күлік баласы – Тілеуімбет, мұнан туған – Жанайдар. Бұл Жанайдар – Абылай заманында жас бала. Жұрт аузында жақсы Жанайдар атанған. Сол замандағы Бұқарай шәріп ханы Арқадағы Абылай ханға елші жіберген май-қатығын тауып берсін деп. Сонда Абылай хан Күлік Жаңабатыр биге кісі жіберген: «Бір ауыз сөзімен жауапты түзу тауып б...

Қазақша
Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз
Күлік баласы – Тілеуімбет, мұнан туған – Жанайдар. Бұл Жанайдар – Абылай заманында жас бала. Жұрт аузында жақсы Жанайдар атанған. Сол замандағы Бұқарай шәріп ханы Арқадағы Абылай ханға елші жіберген май-қатығын тауып берсін деп. Сонда Абылай хан Күлік Жаңабатыр биге кісі жіберген: «Бір ауыз сөзімен жауапты түзу тауып берерлік жан тауып жіберсін», – деп. Сонда Жаңабатыр би өзінің сынына келгендіктен, он төрт жасар бала Күнту баласы Жанайдарды жібереді. Сонда Жанайдар Абылай ханға «Алдияр!» деп кіріп барғанда, отырғызбастан сұраған: – Балам, май-қатығы не болады? – деп. Сонда Жанайдар кідірместен жауап қайтарған: – Бұрынғылар айтпап па еді: «Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейді» деп, халық қатығы ортасындағы ханы болады да, дүниедегі тамам тамақтың дәмін кіргізетұғын май қатығы тұз дағы, тақсыр! – деген. Бұл сөзден Абылай хан білген Бұқар ханы тұз сұратқан екендігін. Үш жүздің баласы қазақтан түйе жидырып, қырық биіне Жанайдарды ақылшы қылып қосып беріп, көп тұз тиеп жіберген. Барған қырық биді Бұқар ханы сыйлап күтті. Қайтарар кезі болғанда Бұқар ханы сұрады: – Абылай артық па, мен артық па? – деп. Қырық би айтты: – Сіз артықсыз деп. Сіздің тегіңіз де асыл, сіздің жеріңіз де асыл. Өзіңіздің асылдығыңыз Бұқарадай шаһарда алтын тақтың үстінде сап-сарала алтынға малынып отырсыз. Жеріңіздің асылдығы, жеріңіз етікпен намаз оқуға жарайды, – десті. Бұқар ханы сұрады: – Абылайдың осы отырғандарыңыздан басқа жіберген кісісі бар ма? – деді. – Қоста бір атшы бала бар, он төрт жаста, – деді. – Ендеше, соны шақыр! – деді. Шақырып келді. Бұқар ханы айтты: – Әй, балам, – деді, – мен артық па, Абылай артық па? – деді. Бала айтты: – Абылай артық, – деді. Бұқар ханы: – Абылай менен қалайша артық болады? – деді. Бала айтты: – Абылай атасы садағын сағымға көтерткен нұрдан пайда болған, сіздің атаңыз – маңғыт, тоқ маңғыт. Біздің қазақтың балалары ойнағанда: «маңғыт, аузына саңғыт» деп ойнайды. Түбі тегің маңғыт жақсы болатын болса, ауызға үйдеп алынбас еді. – Балам, Абылай тұрған жері асыл ма, менің тұрған жерім асыл ма? – деді. – Сіздің өзіңізден Абылайдың өзі асыл, жеріңізден жері асыл. Сенің суың асыл болатұғын болса, суды Самарқаннан алдырып ішер ме едің? Тұзды Сарыарқадан сұратар ма едің? Абылайдың тұрған жері Сарыарқа екі басса, бірі – бұлақ, ағар суы бал татиды, ақ шабағы май татиды. Екі басса, бірі – тұз, бір үйден біреу тұз сұрап алмайды, – деді. Бұқардың ханы сөзіне риза болғандықтан, қырық биге сыйлап бергені жалғыз балаға бергеніне тең болды. Жақсы Жанайдар атанған жері – осы.
Ағылшын
A speech that reveals what the people of ancient times were like.
The son of Külük is Tileuimbet, and from him was born Janaydar. This Janaydar was a young boy during the time of Abilai. He was known among the people as the good Janaydar. At that time, the king of Bukhara sent an envoy to Abilai Khan in Arkada to find the oil and fat. Then Abilai Khan sent a messenger to Külük Janabaty Bi: "Let him find a person who can provide a response with a single word," he said. Since Janabaty Bi was in his prime, he sent the fourteen-year-old boy Kuntuu's son Janaydar. When Janaydar entered Abilai Khan's presence, he immediately asked without seating him: - "My child, what will the oil and fat be?" Janaydar replied without hesitation: - "Did not the ancients say: 'When the people are in disarray, the khan corrects it; when the oil is in disarray, the salt corrects it'? The khan will be among the people, and the oil and fat that gives flavor to all the food in the world is also salt, O my lord!" From this, Abilai Khan understood that the king of Bukhara was asking for salt. The children of the three hundred gathered camels from the Kazakhs and sent Janaydar as an advisor to forty bi, sending a large amount of salt. The forty bi who went were honored and treated well by the king of Bukhara. When it was time to return, the king of Bukhara asked: - "Is Abilai greater, or am I greater?" The forty bi replied: - "You are greater. Your lineage is noble, your land is noble. Your nobility is that you sit on a golden throne in a city as grand as Bukhara, surrounded by pure gold. The nobility of your land is that it is fit for prayer even in boots," they said. The king of Bukhara asked: - "Does Abilai have anyone else besides those you see here?" - "There is a young horseman with him, fourteen years old," they said. - "Then call him!" he said. They called him over. The king of Bukhara said: - "Hey, my child," he said, "who is greater, me or Abilai?" The boy replied: - "Abilai is greater." The king of Bukhara asked: - "How can Abilai be greater than me?" The boy replied: - "Abilai was born from the light that raised his grandfather's bow to the horizon; your ancestor is Mangyt, a simple Mangyt. When our Kazakh children play, they say: 'Mangyt, with a mouthful of sand.' If your lineage were truly noble, it would not be piled up in the mouth." - "My child, is Abilai's place more noble, or is my place more noble?" he asked. - "You are more noble than Abilai, and your land is more noble than his. If your water were noble, would you drink water brought from Samarkand? Would you ask for salt from Saryarka? If Abilai's place is Saryarka, one side is a spring, its clear water is sweet, and its white fish is rich in fat. The other side is salt, and no one asks for salt from one house," he said. Pleased with the boy's words, the king of Bukhara rewarded the forty bi, giving them gifts equal to what he gave to the single boy. This is the place where he was known as the good Janaydar.