Абылай ханның әңгімесі

Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрісіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қаратүлек бар, Қарақалпақ Қылышбек, текеден шыққан Сәтбек, Шапырашты Наурызбай, Қаумыт Дәулет, Жетік батыр қасында, бақ дәулеті басында, Сөңгебай Себік бар, Қанқожа мен Мәмбе...

Қазақша
Абылай ханның әңгімесі
Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрісіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қаратүлек бар, Қарақалпақ Қылышбек, текеден шыққан Сәтбек, Шапырашты Наурызбай, Қаумыт Дәулет, Жетік батыр қасында, бақ дәулеті басында, Сөңгебай Себік бар, Қанқожа мен Мәмбет бар, қарауыл Молдабай қатарда, Есенқұл батыр ішінде. «Өңкей батыр жиыл!» – деп хан Абылай бұйырды. Сол жолы қалмақтан үш әйел олжаға түскен екен. Қалдар ханның өз қызын Абылай өзі алыпты. Ханның тоқалын көпшілікке беріпті. Көпшілік таласып, ақырында ханның бұйрығы бойынша: «Киіктің жеті лағын бір оқпен атып әкелген алсын!» – депті. Сонда сол қолдың ішінен Тікімбай деген бар екен. Жеті лақты бір атып түсіріп ханға тартып, тоқалды алыпты.
Ағылшын
The story of Khan Abilay
After arguing with the Kalmyk Khan Kaldar and struggling for about seven days, the companions there included: Karakerey Kabanbay, Kanjigaly Bogembay, Shakshakuly Zhanibek, Sirgeli Karatulek, Karakalpak Kylishbek, the one born from a goat, Satbek, Shapyrashty Nauryzbay, Kaumit Daulet, Zhetik Batyr, at the forefront of fortune, Songebay Sebik, Kankozha and Mambet, the guard Moldabay among them, and Esenqul Batyr inside. "All the heroes gather!" – commanded Khan Abilay. That time, three women were captured from the Kalmyks. Khan Abilay himself took Kaldar Khan's own daughter. The Khan's concubine was given to the public. There was a dispute among the crowd, and finally, according to the Khan's order: "Let the one who brings down seven fawns with one shot take her!" Then, among the left side, there was a man named Tikimbay. He shot down one fawn and presented it to the Khan, taking the concubine.