Абылай ханның сыны

Жоңғарлардан туған жерін азат еті үшін Үш жүздің басын біріктіріп, бәріне басшылық жасаған Абылай хан қолбасшыларды өзі таңдайтын көрінеді. Бірде қолбасы боламын деген ондаған батырды Абылай алдына шақырыпты. Бұлардың ішінде Райымбек те бар көрінеді. Қатар-қатар сапқа түзілген өңшең алпауыт ерлердің өзін, көлігін, қару...

Қазақша
Абылай ханның сыны
Жоңғарлардан туған жерін азат еті үшін Үш жүздің басын біріктіріп, бәріне басшылық жасаған Абылай хан қолбасшыларды өзі таңдайтын көрінеді. Бірде қолбасы боламын деген ондаған батырды Абылай алдына шақырыпты. Бұлардың ішінде Райымбек те бар көрінеді. Қатар-қатар сапқа түзілген өңшең алпауыт ерлердің өзін, көлігін, қару-жарағын, көбе-сауытын сын көзден өткізіп келе жатқан Абылай Райымбектің қасына келгенде ерекше тоқтаса керек. Астындағы құнанның ер-тұрманы өте әшекейлі екен. Алдынан қараса, жылқының арқасы, артынан қараса, шоқтығы, жалы көрінетін Құранды ердің үстіндегі жігіт өте жас көрінеді. Абылай сынай қарап тұрып: – Мына баланың астындағы ер-тұрман менікі, – дейді. Сол сәт Райымбек: – Ханның екі айтқаны – өлгені! – деп шаңқ ете қалады. Хан әрі қарай басқа батырларды аралап кете барады. Райымбек тапжылмай тұра береді. Бір сиыр сауым уақыттан кейін Абылай қайта оралады. Оралады да манағы сөзін тағы айтады. Сонда Райымбек тізгінін тартып, тақымын қысып қалғанда астындағы құнаны көкке қарғып, кісінеп жібереді. Абылайдың алдына құнанын ойнақтатып берген Райымбек: – Уа, ханым, төресің, Ер-тоқымға төнесің, Дүние көріп тұрмысың, Алтындаған шегесін! Жала жауып тұрсың-ау, Жаладан түбі өлесің. Айтқаныма сенесің, Айтқаныма сенбесең, Абыройыңды төгесің! «Балаң» деп мені басынба, Батырлығымды көресің. Арғы атамды сұрасаң: Өтірік айтпас өр Албан, Өр Албаннан – ер Алжан, Алжанның аты – дүр Мәмбет. Мәмбеттен туған Сырымбет, Сырымбеттен – Хангелді. Хангелді бабам туғанда Уысында қан келді. Айналайын қазағым, Қалмақ шауып, бақ ауып, Судан аққан қан көрді. Аққан қанды тыймаққа, Алаштың басын жимаққа Абылайдай хан берді. Атам менің Хангелді Қазақ үшін қан берді, Жаратқаным жар берді. Жеті бірдей ұл берді, Үлкені – батыр Тілеуке, Екіншісі – ер Түке, Үшіншісі – Мөңке екен, Төртіншісі – Дөңке екен, Бесіншісі – Тұрсын ер, Тұрсындай болып тұрсын ер. Тұрсыннан кейін Айбас-ты, Айбастан кейін Қойбас-ты. Жеті ұлы біріксе, Жер қуырмай қоймас-ты. Ер Түкеден мен тудым Ер болуға бел будым. Уа, алдияр, төресің, Ер-тоқымға төнесің. Дүние көріп тұрмысың Алтындаған шегесін! Жалған айтты демесін, Өңшең жасық бұл тобыр Хан айтқан соң не десін. Айналайын Хан бабам Немересіне арнаған Астымдағы құнан кер. Құнан керде Құранды ер Әубәкір ұста жасаған. Менің ғана бәсірем, Шыныменен хан болсаң, Бәсіремді сұрап көр, – деп тоқтайды. Абылай хан жас жігітке сүйсіне қарап тұрып: – Қарағым, алтынмен аптаған, күміспен күптеген ертоқымға, ойнақшыған кер құнанға мастанып келген қуыс кеуде, даңғой мақтаншақ біреу ме деп сынай айтып едім. Сөзімді қайтып алдым. Қолбасы сен боласың, – деген екен.
Ағылшын
The criticism of Khan Abilai
To liberate his homeland from the Dzungars, Khan Abilai united the heads of the Three Juzes and took command of all. It seems he personally selected the commanders. One day, Abilai summoned dozens of heroes who aspired to be commanders. Among them was also Rayymbek. As Abilai was inspecting the lined-up mighty men, their horses, weapons, and armor, he seemed to pause particularly when he reached Rayymbek. The saddle and harness of the horse he rode were very ornate. When looked at from the front, the horse's back was visible, and from the back, its withers and mane could be seen. The young man on the Qurandy saddle looked very young. Abilai, looking critically, said: – This boy's saddle and harness are mine. At that moment, Rayymbek exclaimed: – The Khan's two words are as good as death! – and Abilai moved on to other heroes. Rayymbek stood still. After a while, Abilai returned. He came back and repeated his earlier words. Then Rayymbek pulled on the reins and tightened his grip, causing his horse to leap into the air and neigh. Presenting his horse to Abilai, Rayymbek said: – O Khan, you are the lord, You loom over the saddle, You see the world, With your golden nails! You are slandering, In the end, you will die from slander. If you believe what I say, If you do not believe what I say, You will lose your honor! Do not belittle me by calling me "child," You will see my bravery. If you ask about my forefather: The proud Alban does not lie, From the proud Alban – the brave Alzhan, Alzhan's name is the mighty Mambet. From Mambet came Syrymbet, From Syrymbet – Khangeldi. When my ancestor Khangeldi was born, Blood came in his palm. O my dear Kazakh, When the Kalmyks raided and the grass was lost, You saw the blood flowing from the water. To stop the flowing blood, To unite the Alesh's heads, A Khan like Abilai was given. My ancestor Khangeldi Gave blood for the Kazakh, My Creator granted me help. He gave me seven sons, The eldest – the brave Tileuke, The second – the brave Tuke, The third – Mönke, The fourth – Dönke, The fifth – the brave Tursyn, May he stand like Tursyn. After Tursyn came Aibas, After Aibas came Koibas. If the seven sons unite, They would not stop until they conquer the land. From the brave Tuke, I was born Determined to be a hero. O, my dear, you are the lord, You loom over the saddle. You see the world, With your golden nails! Let them not say I lied, This whole crowd is made up of cowards, What can they say after the Khan speaks? O my dear Khan, Dedicated to his grandson, The horse I ride is a Qurandy horse. On the Qurandy horse, The saddle was made by Aubaqir. Only my horse is my pride, If you are truly a Khan, Try asking for my horse, – and he stops. Abilai Khan, looking at the young man with admiration, said: – My dear, I thought you were a hollow-chested, boastful fool, intoxicated by the saddle adorned with gold and silver, and the prancing horse. I take back my words. You will be the commander.