Қабанбай батыр

Ертеде Жетісу елінде Қабанбай деген батыр өтіпті. Қабанбайдың отыз ұлы, отыз ауылы болыпты. Жер қайысқан малы бар екен. Жаз жайлауға шығарда мал, жан Тасөткел арқылы судан тегіс өткенше бай өзінің нөкерлерімен биік төбенің басына шығып қарап тұратын әдеті екен. Сондай бір көшудің кезінде күні бойы тұрғаннан жалыққан ба...

Қазақша
Қабанбай батыр
Ертеде Жетісу елінде Қабанбай деген батыр өтіпті. Қабанбайдың отыз ұлы, отыз ауылы болыпты. Жер қайысқан малы бар екен. Жаз жайлауға шығарда мал, жан Тасөткел арқылы судан тегіс өткенше бай өзінің нөкерлерімен биік төбенің басына шығып қарап тұратын әдеті екен. Сондай бір көшудің кезінде күні бойы тұрғаннан жалыққан батыр: «Не деген көп мал, бітер емес қой», – депті. Сонда қасындағылардың біреуі: – Батыр-еке, байлығыңызға өзіңіз таңданып тұрсыз, жасыңыз тоқсанға таяп қалды, отыз ұлыңыз анау, осы сізде де арман бар ма? – деп сұрапты. Батыр қарт бұл сұраққа мырс етіп күліп алыпты да, сөз бастапты: – Армансыз адам бар ма? Жас кезімде қалмақпен бір қырғын соғыста бірнеше жігітпен қолға түстім. Қалмақтың ханы бәрімізден жауап алды, көбісін өлтірді, кейбіреуін басыбайлы құл етуге бұйырды. Кезек маған келгенде хан: – Сені босатып, еліңе жіберсем қайтер едің? – деді. – Қалың қол жинап келіп, сендерді шабар едім. – Қолға түскендердің ішінде бір атақты батыр барын естіп едім, сол сен екенсің ғой? Ендеше, жазаң басқа. Нөкерлеріне өз тілінде былдырлаған ханға қызы да бір нәрселерді айтты. Сол-ақ екен, қол-аяғымды байлап, басымды ғана шығарып, қалған денемді өгіз терісіне тігіп, далаға тастады. Қимылдауға шамам жоқ, қатқан тері денемді бүрістіріп айдалада жатырмын. Өткен-кеткеннің бірі аяп, бірі мазақтап қарайды. Бір күні нөкерлерін ертіп ханның қызы келді. Бәрі тамашалап, күлісіп жатыр. Хан сұлуы күлген жоқ, көз алмай ұзақ қарады маған. Сол түні малай қызынан қымыз беріп жіберіпті. Осыдан былай күн сайын түн қараңғысында қымыз келіп тұрды. Бірер жетіден кейін хан қызының өзі келіп, аузыма қымызын тосып: – Ішіңіз, батырым, шөлдеген шығарсыз? – деді таза қазақ тілінде. Әкесі қорлап отырғанда, оның мені асырауының сырын сұрағанымда ол: – Сіздің атағыңызға бұрыннан қанық едім, «қолға түсті» дегенде, шынымды айтайын қуанып қалдым. Бірақ көп ішінен қалай танырымды білмей тұрғанымда, «мен мұндалап» шыға келдіңіз. Қас жауыңыздың алдында қаймықпай берген жауабыңыз мені бұрынғыдан да ынтықтыра түсті. Әкеме: «мынаны қорлап өлтіру керек» дегенді сылтауратып, өлімнен арашалап қалған да – мен. Егер мені бірге ала кетсеңіз, мына қорлықтан босатар едім, – деді. Мен бірден келісім бердім. Келесі түні кетуге уәделестік. Хан қызы екі ерттеулі ат, киім-кешек, жол азығын дайындап, уәделі жерге жетті. Қолындағы қанжармен тұлыпты жарып жіберіп, мені босатып алды. Киініп алып, атқа мініп, тартып отырдық. Таң атқанша біраз жер жүріппіз, күн шыға бір қамысты көлге жеттік. Жас сұлудың қасында өзімнен өзім жиіркеніп, намысым қайнап келе жатқан көлді көріп, қуанып кеттім. Аттарды суытып, суға шомылып, киім ауыстыруға келістік. Қыз әдеп сақтап біраз жерге ұзап кеткен екен. Аздан соң: «өлдім, батыр, құтқар!» деген жан даусын естіп, қанжарымды ала тұра жүгірдім. Келсем, өгіздей бір жолбарыс қызды алдыңғы аяғымен бүріп жатыр екен, маған қарай тұра ұмтылды. Сәл еңкейіп бұға бергенімде, жолбарыстың кеудесі басымнан аса белін екі қолыммен қысып жібердім, жолбарыс гүрс ете түсті. Талықсып кетті білем, осы сәтті пайдаланып, оң қолымды босатып, ішін қанжармен остым. Ішек-қарны ақтарылған жолбарыс бірте-бірте сырғып төмен түсті. Оны жерге тастай сала, жалма-жан қызға келсем, жолбарыстың тырнақтары екі өкпеден бүрген екен, жан тапсырыпты. Жас сұлуды таза арулап қойдым да, бір атқа мініп, біреуін жетелеп елге келдім. Өзімді өлімнен құтқарып, тіршілік сыйлаған сол арудың атын да білмей қалдым. Соны бүгінге дейін арман етемін, – деп батыр әңгімесін аяқтапты.
Ағылшын
Kabanbay Batyr
Once upon a time in the land of Zhetysu, there lived a hero named Qabanbay. Qabanbay had thirty sons and thirty villages. He had a vast number of livestock. When it was time to move to the summer pastures, he would climb to the top of a high hill with his retinue and watch over his livestock and people until they all crossed the water at Tasotkel. During one such migration, tired of standing all day, the hero said, "What an abundance of livestock, it seems endless." Then one of those around him asked, – "Hero, you are amazed by your wealth, you are nearing ninety years old, you have thirty sons, do you still have any unfulfilled desires?" The old hero chuckled at this question and began to speak: – "Is there a person without desires? In my youth, I was captured in a fierce battle with the Kalmyks along with several young men. The Kalmyk khan interrogated all of us, killed most, and ordered some to be made into slaves. When it was my turn, the khan asked: – 'What would you do if I set you free and sent you back to your people?' – 'I would gather a large army and come to attack you.' – 'I heard there is a famous hero among the captives, and that is you, isn't it? Then your punishment will be different.' The khan spoke to his retinue in his own language, and his daughter said something to him. Immediately, they bound my hands and feet, leaving only my head out, and stitched the rest of my body into an ox hide, throwing me out into the wilderness. I couldn't move, the hardened hide wrapped around my body, and I lay there in the open. Passersby looked at me with pity or mockery. One day, the khan's daughter came with her retinue. Everyone was watching and laughing. The khan's beautiful daughter did not laugh; she gazed at me for a long time without blinking. That night, she sent a servant girl to bring me kumys. From that day on, every night in the darkness, kumys was brought to me. After a week or so, the khan's daughter herself came, holding out her kumys to me: – 'Drink, my hero, you must be thirsty?' – she said in pure Kazakh. When I asked her why she was providing for me while her father was humiliating me, she replied: – 'I had long known of your fame, and when I heard you were captured, I must admit I was happy. But when I was unsure how to recognize you among many, you suddenly appeared. Your fearless response to your sworn enemy made me even more fascinated. I was the one who saved you from death, saying to my father, "This one must be humiliated and killed." If you take me with you, I would free you from this humiliation.' I immediately agreed. We agreed to leave the next night. The khan's daughter prepared two saddled horses, clothes, and provisions, and reached the designated place. With her dagger, she cut open the hide and freed me. After dressing, we mounted the horses and set off. We traveled a bit until dawn, and when the sun rose, we reached a marshy lake. Seeing the lake, I felt a surge of pride and disgust at myself next to the young beauty. We decided to cool the horses, bathe, and change clothes. The girl modestly walked away a bit. Soon after, I heard her cry, 'Help, hero, I am dying!' and I ran, grabbing my dagger. When I arrived, a tiger as big as an ox was clawing at the girl with its front paws and lunged at me. As I bent down to dodge, I squeezed the tiger's chest with both hands, and it let out a roar. I think it fainted; seizing the moment, I freed my right hand and stabbed it with my dagger. The tiger's insides spilled out, and it gradually slid down. As soon as I threw it to the ground, I rushed to the girl, but the tiger's claws had pierced her lungs, and she had passed away. I laid the young beauty to rest with honor, mounted one horse, and led the other back to my people. I did not even learn the name of the one who saved me from death and gave me life. I have longed for that ever since," the hero concluded his story.