Бөгенбай батыр

Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр балалары сол түні үйде болмапты. Ызаға булыққан қария жау соңына түседі. Айғайға елеңдеп тұрған ат «жау қайдасың» деп ала жөнеледі. Қаптал шапанының етектері далақтап құйғ...

Қазақша
Бөгенбай батыр
Ертеде жауынгерлік заманда талай рет елін жаудан қорғаған Бөгенбай батыр бертінде жүзден асып, қарттық жеңіп отырады. Түнде жау шауып, қарттың батыр балалары сол түні үйде болмапты. Ызаға булыққан қария жау соңына түседі. Айғайға елеңдеп тұрған ат «жау қайдасың» деп ала жөнеледі. Қаптал шапанының етектері далақтап құйғыта шапқан бойы басқыншылармен араласып қалыпты. Барған бетте тұқыл найзамен екеу-үшеуін құлатып, көздері от шашып қалғандарына ұмтылғанда бір жас батыр көлденеңдеп тұра қалып, шіреніп садақ тартты дейді. Сұр жебе сауытсыз батырдың қос өкпесінен тиіп, аттан құлап түсіпті. Кейінгі жұрт жеткенде ол тірі екен: – Жұртым, енді менде арман жоқ, – деп күлімсіреп иек қағыпты дейді сонда батыр.
Ағылшын
Bogembaі Batyr
In ancient warrior times, the hero Bogenbay, who had defended his people from enemies many times, eventually grew old, surpassing a hundred years. One night, when the enemy attacked, the old man's brave sons were not at home. Angered, the elder pursued the enemy. The horse, alert to the shout, took off, asking, "Where are the enemies?" The edges of his side cloak flapped as he galloped, mingling with the invaders. As he charged forward, he struck down two or three with his sharp spear, and when he rushed towards those whose eyes were blazing with fury, a young hero suddenly stood in his way and drew his bow tightly. The gray arrow struck the unarmored hero in both lungs, causing him to fall from his horse. When the others arrived, he was still alive: – My people, I have no more regrets, – he smiled and nodded, the hero said.