Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында

Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалдырып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын босатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып, шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың үстіне қойып, атын...

Қазақша
Қанжығалы қарт Бөгенбай хақында
Қанжығалы қарт Бөгенбай сексеннен асқан шағында шаруа жайымен жапан далада жалғыз келе жатып, елдің қарасы көрінген соң «атымды таң асырамын ғой, шалдырып барайын» деп атының ауыздығын алып, айылын босатып, шылбырдан ұзын ғып ұстап, бір тасқа қисайып, шақшасын алып, насыбайын атыпты. Шақшасын тастың үстіне қойып, атын шалдырып отырғанда, айғыр мінген бір жас жігіт жетіп келіп, сәлем жоқ, сауқат жоқ: – Әй, шал, ана шақшаңды әкелші, – депті. Қарт Бөгенбай шынтақтап жатып, ат үстіндегі жас жігітке шақшаны ұсынады. Анау шақшадан насыбайды атады дағы: – Әй, шал, мына шақша саған емес, маған лайықты екен, – деп саптама етіктің қонышына сүңгітіп жіберіп тұра шабады. Қарт Бөгенбай атып тұрып: «Қап, мына баланың қорлығы-ай», – деп атының ауыздығын салып, айылын тартып, тұра қуады. Бөгенбай осал ат міне ме, әлгіндей болмай баланы қуып жетіп, аттың үстінен жұлып алып, алдына өңгеріп алады да, етіктің қонышындағы шақшаны алып, алақаны на толтырып тұрып насыбай алады да, балаға: – Аш аузыңды! – депті. Бір алақан насыбайды баланың аузына тастап жіберіп: – Бар, әкеңе. «Бөгенбай әкемнің насыбайына тойғаным-ай» деп айта бар, – деп аттан сілкіп тастайды. Дәулетке мастанған бай баласы есер келмей ме?! Әлгі жігіт те сол ауылдағы бір байдың баласы екен. Бала көрген-баққанын әкесіне айтып келеді. Әкесі кісінің қанжығалы қарт Бөгенбай екенін біліп, соңынан кісі жіберіп қайтарып алады да, есер бала үшін ат-шапан айып төлеген екен.
Ағылшын
About the Elder Bogembaï of the Kanjyghaly Clan
The old man Bogenbay, over eighty years old, was walking alone in the vast steppe on his way to tend to some business. When he saw the people in the distance, he thought, "I will let my horse rest, I should take a break," so he took off his horse's bridle, loosened the saddle, held the reins long, leaned against a rock, took out his snuffbox, and began to take snuff. After placing the snuffbox on the rock and while resting his horse, a young man riding a stallion approached without greeting or offering anything: "Hey, old man, bring me that snuffbox," he said. Old Bogenbay, propped up on his elbows, offered the snuffbox to the young man on horseback. The young man took snuff from the box and then said: "Hey, old man, this snuffbox is not for you, it suits me better," and he tossed it into the top of his boot and rode off. Old Bogenbay jumped up and said, "Oh, the humiliation from this boy!" He put the bridle back on his horse, tightened the saddle, and began to chase after him. Bogenbay was not riding a weak horse; he quickly caught up with the boy, pulled him off the horse, and took the snuffbox from the top of his boot. Holding it in his palm, he took a pinch of snuff and said to the boy: "Open your mouth!" He tossed a handful of snuff into the boy's mouth and said, "Go tell your father. Tell him, 'I have had my fill of Bogenbay's snuff,'" and he shook him off the horse. The rich man's son, intoxicated by wealth, was not foolish, was he?! That young man was also the son of a wealthy man from the same village. The boy went home and told his father what had happened. When his father learned that it was the legendary old man Bogenbay, he sent someone after him to bring him back and paid a fine of horses and goods for his foolish son.