Өтегеннің қарызын қайтаруы

Өтеген бір күні базарға келіп, аралап жүріп, өзімен рулас Жүсіп деген адамды кездестіріп қалады. Жүсіп ақшаға мұқтаж болып тұр екен, батырды көріп қуанып кетеді, қарызға ақша сұрайды. Өтеген оған бір апта мерзімге отыз сом ақша қарыз береді. Сөйтіп, арада үш апта өтеді. Жүсіп қарызға алған ақшасын қайтармайды. Өтеген Ж...

Қазақша
Өтегеннің қарызын қайтаруы
Өтеген бір күні базарға келіп, аралап жүріп, өзімен рулас Жүсіп деген адамды кездестіріп қалады. Жүсіп ақшаға мұқтаж болып тұр екен, батырды көріп қуанып кетеді, қарызға ақша сұрайды. Өтеген оған бір апта мерзімге отыз сом ақша қарыз береді. Сөйтіп, арада үш апта өтеді. Жүсіп қарызға алған ақшасын қайтармайды. Өтеген Жанғұтты болысқа Жүсіптің үстінен шағым айтады. Болыс Жүсіпті шақырып алып: – Сен Өтегеннен жүз сом қарыз алған екенсің. Ақшасын дереу тауып бер, болмаса сол жүз сомның орнына мал бер! – деп бұйырады. – Ағатай, алғаным жүз сом емес, отыз сом еді, – деп Жүсіп жыларман болыпты. Бірақ Жүсіптің сөзіне ешкім құлақ аспайды, ол тағдырдың салғанына амалсыздан көнеді. Өтеген үйіне қайтып келген соң Жүсіпті өзіне шақыртып алып: – Балам, мен сенен артық, ақша алып қойдым ба? – деп сұрайды. – Иә, ататай, – деп жылап жіберіпті Жүсіп. Сонда Өтеген Жүсіпке ақыл айтып: – Шырағым, сен әлі жассың. Мұнан былай өтірік айтушы болма! – деп беліндегі көп ақшаны шешіп, алдына тастай салады. – Өзіңдікін ал да, өзімдікін өзіме қайтар, – дейді. Жүсіп батырдан кешірім сұрап, енді өтірік айтпауға уәде беріпті. Өтеген Жүсіпке тай мінгізіпті.
Ағылшын
The repayment of Ötegen's debt
One day, Ötegen came to the market and while wandering around, he encountered a man named Jüsip, who belonged to the same clan. Jüsip was in need of money and, seeing the hero, became happy and asked to borrow some money. Ötegen lent him thirty som for a week. Three weeks passed. Jüsip did not return the borrowed money. Ötegen complained about Jüsip to the district chief, Janğutty. The chief summoned Jüsip and said: – You borrowed one hundred som from Ötegen. Find the money immediately, or give livestock instead of that one hundred som! – he ordered. – Brother, I borrowed not one hundred som, but thirty som, – Jüsip replied, almost in tears. However, no one paid attention to Jüsip's words, and he reluctantly accepted his fate. After returning home, Ötegen called Jüsip to him and asked: – My son, did I take more money from you? – – Yes, grandfather, – Jüsip cried. Then Ötegen advised Jüsip: – My dear, you are still young. From now on, do not be a liar! – and he took off the large amount of money from his waist and threw it in front of him. – Take yours and return mine to me, – he said. Jüsip asked for forgiveness from the hero and promised not to lie anymore. Ötegen made Jüsip ride a horse.