Өтегеннің қыз беруі

Өтеген далада жүріп, бір күні кешке таман Албан деген елдегі Әжібай деген өзімен қатарлас бір азаматтың үйіне қонуға келсе, Әжібай үйінде жоқ екен. Әжібайдың әйелі Өтегенді қондырып, қонақасыға қой сойып, ішек-қарнын аршып, бас-сирақ үйтіп жүргенде екі тұлым, бір кекілі бар үш-төрт шамасындағы бала қыңқылдап жылай берг...

Қазақша
Өтегеннің қыз беруі
Өтеген далада жүріп, бір күні кешке таман Албан деген елдегі Әжібай деген өзімен қатарлас бір азаматтың үйіне қонуға келсе, Әжібай үйінде жоқ екен. Әжібайдың әйелі Өтегенді қондырып, қонақасыға қой сойып, ішек-қарнын аршып, бас-сирақ үйтіп жүргенде екі тұлым, бір кекілі бар үш-төрт шамасындағы бала қыңқылдап жылай берген соң Өтеген: – Ей, қызым, жылама, – депті. Бас үйтіп отырған Әжібайдың әйелі: – Аты қырық жеті емес, ат ұстар еді, – дейді. Өтеген: – Ат ұстар болса, бұл шіркін маған бала (күйеу) болсын, – деп маңдайынан сипапты. Өтеген кеткен соң бірнеше күннен кейін Әжібай үйіне келгенде әйелі: – Әне күні осында Өтеген қонып, біздің Жақсылықты «Маған бала болсын», – деп кетті, – деді. Содан бірнеше жылдар өткен соң жорықта жүрген Өтегеннің шідері үзіліп қалыпты. Күндіз бір жерде ат оттатып отырғанда Өтеген Аюсаға айтады: – Сен мына үзілген шідерді алып Әжібайға баршы. Ұқыпты нәрсе еді, басы артық шідері бар ма екен? – деп Аюсаны жұмсайды. Аюса үзілген шідерді қолына алып Әжібайға барып, Өтегеннің шідер сұратып жібергенін айтыпты. Әжібай үзілген шідерге бір сау шідерді қосып екі шідерді қолына ұстап, тамаша етуші көпшілікке айқайлай айтады: – Уа, жиылған көп! Мынау екеуміз құда едік. Бұл менен бір шідер сұратып жіберіпті. Мен оған мына шідерді бердім. Бұл шідердің үш бұтағы – Өтегеннің үш түлік қалың малы, шідердің мына желісі – Өтегеннің әртүрлі кәдесі. Енді мен Өтегеннің қызының қалың малынан құтылдым ба? – деп айқайлапты. Ерігіп отырған көпшілік: – Әжібай, сен Өтегеннің қалың малы мен барлық кәдесінен құтылдың, – деп (тамашалап) шуласыпты. Аюса екі шідерді де алып Өтегенге келеді. Жорықтан жұрт тарасып, үйлеріне кетеді. Тағы бірнеше жыл өтіп, қыз бен ұл ержеткен мезгілде Өтеген бір жатқан келсе, аулынан үш-төрт бөтен ерттеулі аттарды көріп, далада жүрген бәйбішесінен: – Бұл аттар кімдікі, – деп сұрапты. Бәйбішесі: – Қаңғырма (түзде көп жүргендіктен «қаңғырма» дегені екен), бір басыңа жететін дүние бар ғой. Қайда жүріп қарыздандың, «күйеуміз» – деп келіп отырған елдің аттары, – депті ашуланып. Өтегеннің «Әжібайдың баласы маған бала болсын» дегені сонда есіне түсіпті де: «Е, Мақпалжанның күйеуі екен ғой» – деп ойланып, бәйбішесіне: – Сен маған ұрыспа. Қолыңа қап ал да, үш керегенің астында жатқан күйеу балаңды көрші. Мен көрген бала болса, өскен соң бұзылып кетпесе, сенің Мақпалжаныңа лайықты еді. Егер күйеу балаң көңіліңе жақса, менде не дауың бар? – депті. Өтеген айтқан соң бәйбішесі қолына қап алып, тезек терген әйел болып үш керегенің астында жатқан күйеу баланы көріп: «Қаңғырманың айтқаны рас екен», – деп риза болып, үйіне қайтыпты. Күйеу бірнеше күн ауыл сыртында жатып, еліне қайтқанда, Іленің өзеніндегі мұздың үстімен жүрсе, мұз ойылып, күйеу бала суға кетіп өліпті. Өтегеннің әйелі: «Қу көзім, жас баланың түбіне жеттің ба?» – деп жылапты. Күйеу өлген соң, артындағы жеті жасар інісі Жақыпқа қалыңсыз беріпті. Қызды алып барған жеті жасар Жақып ержетіп, жігіт болған соң, Жақып пен Мақпалдан екі ұл туады. Үлкенінің аты – Есіркеп, кішісінің аты – Мүсіркеп. Осы екі бала атқа мінетін болғанда, Әжібай бір күні Жақып пен Мақпалды шақырып алып: – Бір ауыз қалжыңмен Өтегеннің қарызы менің мойнымда кетіп барады. Мынау екі жиенін ертіп, Мақпал, Жақып, қастарыңа он шақты адам жолдас алып, жүз жылқы, елу түйе айдап барып, көзімнің тірісінде Өтегеннің қарызынан құтқарыңдар! – дейді. Мақпал мен Жақып Әжібайдың айтқан малдарын айдап, екі ұл мен жолдастарын ертіп, бірқанша күн жол жүріп, Өтегеннің үйіне күндіз келіп түседі. Өтеген үйде жоқ екен. Кешке Өтеген аулына келсе, аулының сыртында ерттеулі аттарды көріп, аттан түспей бәйбішесін шақырып, жай сұрапты. Бәйбіше: – Келіп отырған Жақыпжан мен Мақпалжан, тағы екі жиен, жолдастарымен. Ана жылқылар мен түйелер – солардың айдап келген малдары, – дейді. Өтеген бұл сөзді естіп, сегіз ұлын шақырып: – Балаларым, менен туған бала болсаңдар, Әжібайдың тағалы тайларына тимей, өздеріне қайтарыңдар! – депті. Балалары: – Әке, бұл қызыңыздан қалың мал алмаймыз ба? – десе, Өтеген: – Әжібай көптің ішінде айқайлап бір шідер өткізді. «Үш бұтағы – үш түлік малы, желісі – барлық кәдесі. Құтылдым ба, көпшілік!» – дегенде, көпшілік: «құтылдың», – деді. Сол жетеді, – деп, Әжібайдың бір малына емес, малының жалғыз құлынына тигізбей, неше күн қонақ қылып жіберіпті. Содан Жақыптар ауылдан шыға бергенде Өтегеннің Базарбай деген ұлы бір айғырды қалап алып қалған екен, әкесіне айтпай. Мұны арада бір-екі жыл өткен соң ғана білген батыр баласына қатты ренжіпті. Содан Базарбай ұрпағы өспей қалған екен. Өтеген балалары ішіндегі азы да осы Базарбай балалары деседі.
Ағылшын
The Giving of a Daughter by Ötegen
One day, while walking in the steppe, Ötegen came to stay at the house of a man named Äjibai from the Alban tribe in the evening, but Äjibai was not home. Äjibai's wife welcomed Ötegen, prepared a sheep for the guest meal, and while she was cleaning the entrails and cooking the head and feet, a child of about three or four years with two braids and a tuft of hair kept crying. Ötegen said: – Hey, my daughter, don’t cry. The wife of Äjibai, who was cooking the head, replied: – If he were not forty-seven, he would be a groom. Ötegen said: – If he is to be a groom, let this one be my child (groom), – and he stroked the child’s forehead. A few days after Ötegen left, when Äjibai returned home, his wife said: – The other day, Ötegen stayed here and said, “Let him be my child,” and then he left. Several years later, while Ötegen was on a campaign, his tether broke. One day, while resting his horse in one place, Ötegen said to Ayusa: – Take this broken tether and go to Äjibai. It was a valuable thing; does he have an extra tether? – and sent Ayusa. Ayusa took the broken tether and went to Äjibai, telling him that Ötegen had sent for a tether. Äjibai took the broken tether and added a good one, holding two tethers in his hand, and shouted to the gathered crowd: – Oh, gathered people! We are in-laws. He has sent me to ask for a tether. I have given him this tether. The three branches of this tether represent Ötegen's three livestock bride price, and this line of the tether represents Ötegen's various gifts. Now, have I been freed from Ötegen's bride price? – he shouted. The idle crowd responded: – Äjibai, you have been freed from Ötegen's bride price and all his gifts, – they exclaimed (in amazement). Ayusa took both tethers and returned to Ötegen. The people dispersed after the campaign and went home. A few more years passed, and when the girl and boy grew up, Ötegen came home one day and saw three or four strange saddled horses in his yard. He asked his wife, who was outside: – Whose horses are these? His wife replied: – Don’t wander (because you have been wandering in the steppe), you have enough for yourself. Where have you gone into debt? These are the horses of the people who have come to see our “groom,” – she said angrily. Ötegen then remembered what he had said, “Let Äjibai's son be my child,” and thought, “Ah, he is the husband of Makpaljan,” and said to his wife: – Don’t scold me. Take a bag in your hand and go see your son-in-law lying under the three poles. If the boy I saw grows up and doesn’t go bad, he would be suitable for your Makpaljan. If your son-in-law pleases you, what complaint do I have? – he said. After Ötegen spoke, his wife took a bag and went to see the son-in-law lying under the three poles, and upon seeing him, she thought, “What the wanderer said is true,” and returned home satisfied. The son-in-law stayed outside the village for several days, and when he returned to his people, while walking on the ice of the Ili River, the ice broke, and the son-in-law fell into the water and drowned. Ötegen's wife cried: “Oh, my foolish eyes, did you reach the bottom of the young boy?” After the son-in-law died, they gave his younger brother, who was seven years old, Jakyp, the girl without a bride price. When Jakyp, who took the girl, grew up and became a young man, two sons were born to Jakyp and Makpal. The elder was named Esirkep, and the younger was named Müsirkep. When these two boys were ready to ride, one day Äjibai called Jakyp and Makpal and said: – With one joke, Ötegen's debt is leaving my neck. Take these two nephews, Makpal, Jakyp, and about ten people with you, drive a hundred horses and fifty camels, and in my lifetime, free yourselves from Ötegen's debt! – he said. Makpal and Jakyp drove the livestock that Äjibai mentioned, taking the two boys and their companions, and after several days of travel, they arrived at Ötegen's house during the day. Ötegen was not home. In the evening, when Ötegen came to his yard, he saw saddled horses outside and called for his wife without dismounting, asking how things were. His wife replied: – The ones who have come are Jakypjan and Makpaljan, along with two nephews and their companions. Those horses and camels are the livestock they have brought. – Ötegen, upon hearing this, called his eight sons and said: – My children, if you are my born children, do not touch Äjibai's tied horses; return them to him! – he said. His children asked: – Father, shall we not take a bride price from your daughter? – Ötegen replied: – Äjibai shouted in front of many people and passed one tether. “The three branches are three livestock, and the line is all gifts. Am I freed?” – when he asked, the crowd replied, “You are freed.” That is enough, – he said, and without touching any of Äjibai's livestock, he hosted them for several days. Then, when Jakyp and the others were leaving the village, Ötegen's son Bazarbai secretly took a stallion without telling his father. The father became very angry when he learned of this one or two years later. Since then, the descendants of Bazarbai have not thrived. They say that among Ötegen's children, the least are the children of Bazarbai.