Олжабай батыр (ІІ нұсқа)

Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге) азық-түлік пісіртіп алып: – Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! – деп атта...

Қазақша
Олжабай батыр (ІІ нұсқа)
Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге) азық-түлік пісіртіп алып: – Құла биені алған кісі іннің түбіне кіріп кетсе де, қоймаймын! – деп аттаныпты. Айдалада бір жалғыз қара лашық үйге кез болып, сусын ішіпті. Сонда бір қатын айтыпты: – Мына белдің астында бір көл бар, сол көлдің басында бір ел бар. Сол елде бір батыр сенің биеңді байлап, сауып ішіп отыр. Бір биеңнің сүтімен бір тайпа елді асырап отырар, биеңді бере қояр ма екен? Өзіңді жазым қылар, уыз жас бала екенсің. Шырағым, жаным ашып айтамын, осы жерден қайтып кетсең де жарар еді. Мал үшін талайдың желкесін қиып жүрген қу жалмауыз еді өзі, – депті. – Уай, шеше-ай, бұтынан ет кеткен соң, ат желмейді, мал үшін жігіт адам қайда өлмейді? Мен де қатынмын деп атқа мінгенім жоқ, батырмын ғой деп міндім, – деп атына мініп, тұпа-тура көлдің басында отырған ауылға қасқиып барып, құла бие байлаулы тұрған үйге түсе қалып, кіріп барыпты. Биені алып келген батыр үйде отыр екен. Олжабайдың түрін көрген жерден танып: – Алдыңа шығып, қолыңды қағар кісі жоқ. Бие сенікі болса, ал да жүре бер, балам, – деп жақсы сөзін айтып қала беріпті. Олжабай биесін ноқталап алып, жетектеп жүре беріпті. Елсізде келе жатып, бір жерге түсіп, астындағы атын, жетектеген биесін оттатып, шалдырып алу үшін олардың аузын шөпке тигізіп, өзі шалқасынан түсіп қаннен-қаперсіз, дәнемеден уайымсыз жатып, ұйықтап қалыпты. Шырт ұйқыда жатқанында жүрегі суылдап, құлағы шуылдап, өне бойы дулап, тамыр-тамыры қыбырлап, ет пен терісінің арасы жыбырлап, тұла бойы шымырлап бара жатқан соң, шошып басын көтермепті. Көзін ашып қараса, білектей сары шұбар жылан кеудесінің үстінде біресе, қойнына кіріп, біресе, мойнына оралып, біресе, екі бұтының арасына барып, қойны-қонышын тегіс аралап жүргенін көріп, аузын аңқитып ашып, қозғалмастан жата беріпті. «Кіруге ін таба алмай жүрсің ғой, егер ін екен деп, аузыма кіргендей болса, бәлемнің басын бір-ақ қыршып тастайын» деп. Жылан аузына кірмепті, онан басқа денесінің бәрін түгел аралап болып, тамағының астынан жерге сырғып түсіп кетіпті. «Әлгі ит менен не іздеді? Ашып жатқан аузыма кірмей, енесінің а...на кіремін деп кетті ме?, – деп, – бәлемді көрінсе, ұмар-жұмар қылайын», – деп басын көтеріп алса, басында ақ шалмалы бір қожа отыр дейді. – Үстімде тіккен үйім жоқ, алдымда айдаған қойым жоқ. Айдалада шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан кісінің басында қа...мша қақиып қатқаныңның басын аламын деп отырмысың, қожа? Қожаның арсызы екенсің, – депті. – Жоқ, шырағым, мен қожа емеспін, өзіңнің бақталайыңмын. Сені дию «алып кетеміз» деп он бес жыл аңдып еді, мен күзетші болып, алдырмап едім. Бір бүгін емес, қашан да болсаң, жүргенде қасыңда, жатсаң, басыңда болатұғын қайып-піріңмін. Сені сынамақ үшін сары шұбар жылан болып, тұла бойыңды кездім. Кеудең дәнемеден шімірікпейтін, деген байдың өзі, көк шолақтың көзі екенсің. Борбай жағың кішкене тітіркенейін деді, артыңнан сен ұстаған туды ұстап бала туа қоймас. Ешкімнің әруағын керек қылма, өз атыңды айтып «Олжабайлап» жауға шаба бер! Өзің түгіл «Олжабай» деп атыңды айтқанның алдынан пәле-жала, жын-шайтан серпілер! – деп батасын беріп, ғайып болды дейді. * * * Олжабайдың немересі Арыстанбай жігіт күнінде қасында екі жолдасы бар, жоғарғы қаракесек: қарсұн, керней-қояншы, тағай тарапына бір барымтаға бара жатып, елсізде бір бес кісі жау жолығыпты. Сонда бұлар да «Олжабайлап» шауыпты, ол бесеу де «Олжабайлап» шауыпты. Ертеңнен кешке шейін соғысып, бірін-бірі ала алмай, аттары болдырған соң аттарынан түсіп, «бір-бірімізге қастық ойламасқа» деп малта жесіп отырып, жөн сұрасыпты. Сөйтсе, ол бес кісі Қа...шор деген елдің жолаушысы екен. Сонда бұл Арыстанбай айтыпты: – Біз «Олжабайладық», мен сол ер Олжабайдың немересімін. Ал сендер неге «Олжабайладыңдар»? – депті. Сонда олар айтыпты: – Батыр Олжабай бір жаққа жорыққа бара жатып, біздің елге кез болып, бір үйге қонып жатса, бір бала көтермей жүрген әйел түнде қойнына кіріпті: – Мен борбайымнан суым сорғалап жүрген жалаңбұт қу емеспін. Бала көтермей зарыққандықтан, аузына әлі жетпеген жамандардың «қубас» деп, байымды мұңайта бергендігінен, тарыққаннан, «мергеннен – сыралғы, батырдан – сауға» деп еді. Бір атым оғын аямас, – деп, – атың шыққан ер едің, әруағыңнан дәме қылып келдім, – депті. Сонда Олжабай батыр айтыпты: – Атым Олжабай болып, ат арқасына мінгелі арам етекке етегімді ашып көргенім жоқ еді. «Болатымды боққа суармаспын» деген антым бар еді. Менде бар болса, сен бір ұл табасың, атын «Олжабай» қой, – деп кіндігінен жүндігіне шейін қолымен бір сипапты да, жүре беріпті. Сонан кідірмей буаз болып, бір ұл тауып, атын «Олжабай» қойыпты. Мен де сол Олжабайдың немересімін. Сонан бері елімізге бәйгеге ат қосса да, жауға шапса да, «Олжабай» деген ат ұран болып қалған. Біздің «Олжабайлап» шапқан мәніміз – сол, – депті. Бұрынғылардың өзі деген кісісінің қылып жүрген әулиешілігі қалай? Тұрсынбай батыр айтқан екен: «арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ» деп. Тәти ұлы Байкісі жиырма сегізінде өлген екен. Ол кісі һәм айтқан екен: «арам нәрсеге асылымды суарғаным жоқ» деп. Өз атамыз жетпіс үшінде өтті. Бұл кісі һәм айтқан еді: «некесіз (некахсыз) әйелдің маңайынан өтіп көргенім жоқ» деп. Ташкенбай молда һәм айтқан еді: «алпыстан асқанша ұрғашыға жақындасудың не жұмыс екенін білмеуші едім» деп.
Ағылшын
Olzhabay Batyr (Version II)
The father of Olzhabay, who became a rallying cry for the Middle Zhuz, Tolybai, had a single earless mare. While milking the earless mare tied to the cart after she had foaled, a thief took her away. On his seventeenth birthday, Olzhabay set off to search for her, taking food with him, saying: – I won’t give up even if the person who took the earless mare goes into a burrow! He came across a solitary black hut in the middle of nowhere and stopped for a drink. There, a woman said: – There is a lake under this hill, and at the head of that lake, there is a people. In that land, a hero has tied your mare and is milking her. With the milk of one mare, he can feed a whole tribe; would he give your mare back? You are still a young lad, and I feel sorry for you. It would be better if you turned back from here. That thief has taken many lives for cattle, – she said. – Oh, mother, once a horse has lost its flesh, it won’t run. Where does a young man not die for cattle? I didn’t mount the horse thinking I was a woman; I mounted it thinking I am a hero, – he said, and rode straight to the village by the lake, where the earless mare was tied up. The hero who had taken the mare was sitting in the house. As soon as he saw Olzhabay, he recognized him and said: – There is no one here to greet you. If the mare is yours, take her and go, my son, – and he spoke kindly. Olzhabay took the mare by the bridle and walked away. While traveling through the deserted area, he stopped somewhere, letting his horse and the mare graze, and laid down to rest, falling asleep without a care in the world. While he was in a deep sleep, he felt his heart racing, his ears ringing, his whole body buzzing, his veins twitching, and the flesh and skin on his body wriggling, so he was startled but did not raise his head. When he opened his eyes, he saw a yellow striped snake the size of a forearm slithering over his chest, sometimes entering his bosom, sometimes wrapping around his neck, and sometimes going between his legs, exploring every inch of him. He opened his mouth wide and lay still. “You are looking for a burrow, but if you think you can enter my mouth, I will just cut off your head,” he thought. The snake did not enter his mouth but explored his entire body and then slid down from under his throat to the ground. “What was that creature looking for? Did it think it could enter my mouth without finding a burrow and instead went to its mother’s...?” he thought, “If I see that creature, I will crush it,” and when he raised his head, he saw a white turbaned man sitting on his head. – I have no house above me, nor any sheep in front of me. Are you sitting there, thinking you can take the head of the one who is lying on his back in the middle of nowhere? You must be a holy man, – he said. – No, my dear, I am not a holy man; I am your guardian spirit. The demon has been watching you for fifteen years, saying, “We will take him,” but I have been guarding you and preventing it. I am your hidden protector, always with you whether you are walking or lying down. I took the form of a yellow striped snake to test you. You are the very son of a rich man who does not flinch at anything; you are the eye of the blue mare. Your backside twitched a little; if you hold the flag you have, a child will not be born. Do not rely on anyone’s spirit; just say your name “Olzhabay” and charge into battle! Even saying “Olzhabay” will drive away misfortune and evil spirits! – he blessed him and vanished. * * * Olzhabay’s grandson, Arystanbay, in his youth, was traveling with two companions to raid the upper Karakesek: Karsun and Kereny-Koyanshy, when they encountered five enemies in a deserted area. They all shouted “Olzhabay!” and charged, and the five also shouted “Olzhabay!” They fought from morning until evening without being able to take each other down, and when their horses grew weary, they dismounted and, to avoid malice against each other, sat down to eat some millet and asked about each other. It turned out that those five were travelers from the land of Qashor. Then Arystanbay said: – We shouted “Olzhabay!” I am the grandson of that hero Olzhabay. But why did you shout “Olzhabay!”? – he asked. They replied: – The hero Olzhabay, while on a campaign, passed through our land and stayed in a house. A woman who could not bear a child came to him at night: – I am not a bare-bottomed thief with water dripping from my backside. Because I have longed for a child, I have been lamenting about my husband, who has not been able to give me a child, saying “from the hunter – a gift, from the hero – a blessing.” I would not spare a single arrow, – she said, – I came hoping for a blessing from your renowned name. Then the hero Olzhabay said: – My name is Olzhabay, and since I have mounted a horse, I have never opened my skirt to a base thing. I have an oath that I will not water my steel with filth. If I have anything, you will bear a son, and name him “Olzhabay,” – he said, and with his hand, he touched her from her waist to her belly and went on his way. Soon after, she became pregnant and gave birth to a son, naming him “Olzhabay.” I am also the grandson of that Olzhabay. Since then, whether we enter a horse race or charge into battle, the name “Olzhabay” has remained a rallying cry. Our meaning in shouting “Olzhabay!” is that. How did the ancients act in their piety? Batyr Tursynbay once said: “I have not watered my essence with filth.” Tati’s son Baikisi died at twenty-eight. He also said: “I have not watered my essence with filth.” Our ancestor passed away at seventy-three. He also said: “I have never passed by a woman without a marriage.” Mullah Tashkenbay also said: “Until I was over fifty, I did not know what it meant to approach a woman.”