Малайсары және Олжабай

Орта жүз Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен. Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «оттасын, жайылсын!» – деп, бұйдасын түріп, бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақты...

Қазақша
Малайсары және Олжабай
Орта жүз Арғын, Сырым, Малайсары батырдың әкесі Тоқтауыл батыр заманында «батыр» атанған кісі екен. Тоқтауыл батырдың ауылы бір қопалы көлге қонып: «оттасын, жайылсын!» – деп, бұйдасын түріп, бос жіберген түйелері қопаның ну қамысына шөгіп, бет-бетімен аралап кіріп кетіпті. Не екенін білмейді, бір нәрсе түйелерді лақтырып: «әуп! әуп!» деген дауыс естілген соң: «дәу де болса, бұл жолбарыс шығар!» деп, жұрт ду көтеріле шапқанда, Малайсары бір шұбар тайға мініп, олай-былай шапқылап жүрген бала жұрттан бұрын абайсыз жолбарысқа барып қалғанда, жолбарыс шұбар тайдың құйрығынан алып, «әуп!» деп, аспанға атқанда, бала таймен бірге кетпепті. Жолбарыстың үстінде мойнынан құшақтап, ұйқы-тұйқы болып жүргеннің үстіне Тоқтауыл батыр барып қалып, жолбарысты жарып, баласын аман айырып алыпты. Осы Малайсары заманында ептейсіз ірі батырдың есепті бірі болған. Абылайдың мінгені Айғайсары, Айғайласып келгенде, жердің тары. Абылайды сан қалмақ қамап жатыр, Туыңды ала, шаба гөр, Малайсары! Абылай хан атақты, әруақты, бақты хан болған күнінде Уақ Сары Баянсыз, Балтакерей Тұрсынбайсыз, Шанышқылы Бердіқожа, Көкжарлы көкжал Барақ, Сырым Малайсарысыз жорыққа аттанбайды екен. Сырым Малайсары батыр қара қалмақ Қатысыбанның ханы Қоңтажының қолына тұтқындыққа түсіпті. Қалмақтың ханы ақбоз үйге кіргізіп, құда, күйеуше сыйлап күтіп: «Сірә, мұнымен елдеспей, бізге тыным-тыныштық болмас!» – деп: – Сені біз осы сыйлаған бетімізбен сыйлап аттандырайық. Сен тұңғышың Тілеуқабылды бізге «ақ үйліге» бер! Ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасайық. Бір-бірімізге жау болмасқа сенімді уәдеміз осы болсын!» – десіп, бұл баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек болып, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп, жаңа «уе» (уф) деп, демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп, Абылай хан келіп қалыпты: – Отырма! Атқа мін, жүр! – дейді ғой. Малайсары: – Мені қой, мен бармаймын! «Қалмақпен жауласпаймын!» – деп, ақ мылтықтың ауызын жаласып, анттасып қайтып едім. Антқа ұшырап қалармын! – дейді. – Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің?! Жүр, сен бармасаң, болмайды! – деп, еркіне қоймай, ертіп алып, аттанып, қалмаққа барған екен. Барса, қалмақ күн бұрын естіп, күтініп, дүние дүние болғалы, жер, су болғалы жау беттеп кіріп, бұзып ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады екен, тас-түйін болып соған қамалған екен. Сонда Абылай хан төрт батырды жіберіпті: – Қорғанды айналып [айланып] болжап келіңдер, бұзып кірер жері бар ма екен? – деп. Сонда Уақ Сары Баян жоғары ұмтылып, қорғанның үстінен үңіліп, ішіне қарай бергенде, дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай қайқайып қалғанын көріп: «жығылды ғой» деп, калмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып, көре сала батырлар жалт беріп қашқанда, арт жағынан оқты жаңбырдай жаудырыпты. Сонда Абылай хан: – Бір қанды ауыз мылтықтың ауызы Малайсарыға дөп келді-ау! Құдай-ай, сақтай кер! – дегенше болмай, Малайсарының сауытының жырық жігінен шонданайдан оқ тиген екен. Жүремете сол қалмақ үш атыпты. Өзгелері дін есен, неше оқ болса Малайсарыға тиіпті. Батырлар аман келгеніне өзгелері қуанысқан екен, Абылай хан: – Малайсары аман емес, аты кереңдеп қалды! – депті. Айтса, айтқандай, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен. Қосына ап келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай хан: – Өзге тамақты бұған бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсендер, шегі жыртылады. Онан соң үйірге қосылмайды! – депті. Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді. Өзгелері күнде аттанып қорғанға бара береді. Бұрынғы хандар мұндай зор соғысқа барғанда, қосынды үш бөлек қылады екен. Бір бөлегін: «кезуілші» деп, оқшау бөлек алдында жүргізеді екен. Бір бөлегін: «тосқауылшы» деп, ханды ортасына алып, орта буында жүреді екен. Бір бөлегін: «салықшы» деп, запас баққан аттарымен кейін арттарына тастайды екен. Олжабай бұрын есепке кіріп, қатарға косылмаған күні болса керек. Әйтеуір сол жорықта бар, бірақ «салықшылардың» ішінде екен. Олжабай – ат жайған көп қазақтың бірі. Атын жайып, көйлек-дамбалын шешіп, қаннен-қаперсіз [каннан-қабарсыз] қарап отырса, бір кек шолақ атты, кек шекпенді біреу екі етегі жалп-жалп етіп, далақтап, екі көзі алақтап, атын басқа-көзге төпелеп [төбелеп], із өкшесі елсіз даладан шығып, дәнемемен ісі жоқ, Олжабайдың қақ қасынан шауып өте бергенде, Олжабай: – «Немене, немене» деп асығып-үсігіп кайда барасың? – деді. Онда ол: – Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай алтын қақпаны дал-дал қылып бұзып, жұртқа олжа үлестіріп жатқанда, олжадан құр қалайын ба? – деп шаба жөнеліпті. Олжабай батыр отыра алмай, ұшып тұра келіп: – Уау, мына қалмақтың дал-дал болуы, мына қақпаның бұзылуы менің қолымнан болмақ екен-ау, – деп, тұра киініп, аттанып: – Олжабай! Олжабай! – деп, шауып, жолында тұрған Абылайдың ала туын жұлып ала жөнеліп, қорғанға қорғаламастан қасқиып жетіп барғанда, бір қалмақ туды көздеп атқанда, қалмақтың ту ұстаған қолының қоспасынан тиіп, оны бір тікенек қадалған құрлы көрмей, ала туды Абылайдың өзіне бере салып, аттан түсе қалып, дарбазаны [даруазаны] шапқылағанда, қалайы-қорғасын құйып жасаған дарбаза саз балшықтай иленіп, қамалып жүрген қазақ сорлы, несін сұрайсың, қарқ олжаға батып, мәре-сәре болыпты. – Олжабай, Олжабай! – деп, тұсынан шауып өте бергенде, қозғала алмай жатқан Малайсары белін оратып таңдырып: – Мына жауды Олжабай мұқатып алып, абырой әруақ Олжабайда қалатұғын болды. Мен құр қалам ба? – деп, атқа үш мініп, үш түскен екен. Осы хабар Шүршіт патшасына естіліп: – Сол қақпа бұзған батырын маған жіберсін, көремін! – депті. Барған соң құлжаның қос басындай оқтың үңірейтіп тесіп кеткенін көріп: – Мына қолыңды оқ мынадай үңірейтіп кеткенде, қақпаны қалай шапқылап жүрсің? – депті. – Мен оқтың тигенін де, оның не қылып, не қойып жүргенін білдім бе екен? – депті. Сонда Шүршіт патшасы сары ала ту, сауыт-сайман, дулыға, қалқан, сауытты ат мінгізіп, құшақтасып, дос болып, бұрынғы Олжабай емес, басқа бөлек Олжабай болып қайтыпты. Малайсары батырдың бір сөзі қала беріпті. Ол не сөз десең, Абылай хан айтты ғой: «Қатқан сүр ет бере көрмеңдер» деп. Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күнсіз далада қамалып жатыр. Түсте бірін, кешке бірін сойып тұратұғын қой-қозы бар ма? Қызыл турам ет жұртқа жерік асындай болып, Малайсары бақыршысын шақырып: – Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басынды шауып тастармын! – деп, қаһарланыпты. – Ала қоржын қайда? Алып кел! Соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, менің кұрығаным ғой, қараң суалғаным ғой! – деген соң, ала қоржынды алып келсе, ақтарып қараса, бір қазы жатыр екен. Ортасынан тұтамдай кестіріп алып, астырып жепті. Абылай хан келген соң көрсе, бұзылып, келіспей қалғанын көріп: – Ұрған екенсіндер ғой! Сұр ет бердіңдер ме? – дегенде: – Қазының ортасын беріп едік, – десіпті. – Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғандығы шектің бүтіндігі еді. Ай, бәрекелді-ай, келіспеді-ау! – депті. Сонда Малайсары батыр айтқан екен: – «Әзірейіл, шіркін, бұл қайда жүр өзі?» – дей беруші едім. Ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен. Сөйтіп амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісіге бадырайып келуге оған да жан керек қой! – деген екен. Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп қойыпты.
Ағылшын
Malaysary and Olzhabai
In the Middle Juz, Argin, Syrym, and Malayasary's father, Toktauyl Batyr, was a man who was known as a "batyr" in his time. Toktauyl Batyr's village settled by a marshy lake, and he commanded, "Let them graze and roam!" The camels that were released from their tethers sank into the thick reeds of the marsh and wandered off on their own. Not knowing what it was, something startled the camels, and a voice was heard saying, "Aup! Aup!" The people exclaimed, "It must be a tiger!" As they rushed in a commotion, Malayasary, riding a piebald horse, dashed towards the tiger before anyone else. When the tiger grabbed the horse's tail and leaped into the air with a roar, the boy did not go with the horse. Toktauyl Batyr happened to arrive on the tiger, embraced it by the neck, and managed to rescue his son. During the time of Malayasary, he was considered one of the most formidable warriors. When Abilai rode Ayghaysary, As he came shouting, the earth trembled. The many Kalmyks surrounded Abilai, "Raise your banner and charge, Malayasary!" In the days when Khan Abilai was a renowned, revered, and fortunate ruler, he would not embark on a campaign without Uaq Sary Bayansyz, Baltakerei Tursynbaysyz, Shanyshqyly Berdikozha, Kökjarly Kökzhal Barak, and Syrym Malayasary. Syrym Malayasary Batyr fell into captivity at the hands of the Kalmyk king Kontajy. The Kalmyk king welcomed him into a white yurt, treating him as a guest and a son, saying, "Surely, we will not have peace without making a pact with you!" "We will send you off with this gift. You must give us your firstborn, Tileuqabyldy, to our 'white yurt'! Let us seal our oath with the mouth of a white gun. Let this be our promise to not be enemies!" Thus, they intended to give the boy Tileuqabyldy to the Kalmyks, sealing their oath with the mouth of the white gun. After returning home, he sighed, "Ue!" as he caught his breath, when suddenly Abilai Khan arrived, having set up camp and raised his banner. "Do not sit! Get on your horse and go!" he said. Malayasary replied, "Leave me be, I will not go! I have sworn not to fight the Kalmyks!" "What does the Kalmyk's oath matter?! Come on, you must go!" he insisted, not allowing him to refuse, and took him along to the Kalmyks. When they arrived, the Kalmyks had already heard the news and were prepared, having fortified a stronghold that could not be breached by any enemy. Then, Khan Abilai sent four warriors: "Go around the fortress and see if there is a weak point to break in!" Uaq Sary Bayans climbed high, peering over the fortress, and as he leaned in, an arrow struck his helmet on the forehead, causing it to tilt back. The Kalmyk marksmen, seeing him fall, rushed to the top of the fortress, and as the warriors turned to flee, they were showered with arrows from behind. Then Khan Abilai exclaimed: "One bloody mouth of a gun has struck Malayasary! God, protect him!" Just then, an arrow hit Malayasary through a gap in his armor. The Kalmyks shot him three times. The others were safe, but many arrows had struck Malayasary. The warriors rejoiced at their safe return, but Khan Abilai said: "Malayasary is not safe; his horse has gone deaf!" Indeed, the arrow had shattered Malayasary's waist. They brought him back to camp and laid him down. Khan Abilai ordered: "Give him all the food you have! Just do not give him any old dried meat! His ribs are intact. If you give him dried meat, they will tear. After that, he will not join the herd!" Malayasary's caretaker watched over him, while the others continued to set out for the fortress every day. In the past, when kings went to such great wars, they would divide their forces into three parts. One part was called "kезуілші" (scouts), which would move ahead separately. Another part was called "тосқауылшы" (defenders), which would keep the king in the center. The last part was called "салықшы" (reserves), which would hold the spare horses behind. Olzhabai was likely among those who had entered the ranks earlier but had not joined the main force. Olzhabai was one of the many Kazakhs who tended horses. He had let his horse graze, taken off his shirt and trousers, and was sitting there without a care when a short, stocky man in a short coat rushed by, his eyes darting around, riding his horse recklessly, leaving no trace in the desolate steppe. As he galloped past Olzhabai, he called out: "What is it, what is it? Where are you rushing off to?" The man replied: "Olzhabai, who has become a rallying cry for the Middle Juz, is breaking down the golden gate and distributing spoils to the people; should I let myself be left out of the spoils?" Olzhabai could not sit still and jumped up: "Wow, this Kalmyk's recklessness and the breaking of this gate must be done by me!" He quickly dressed and set off, shouting, "Olzhabai! Olzhabai!" He rushed to seize Abilai's banner, and when he reached the fortress without any protection, a Kalmyk aimed at him. The arrow struck the hand holding the banner, but he did not notice it, handed the banner to Abilai himself, dismounted, and rushed to the gate. The gate, made of tin and lead, crumbled like clay, and the trapped Kazakhs, poor souls, were overwhelmed with spoils and joy. "Olzhabai, Olzhabai!" he shouted as he rushed past, while the immobilized Malayasary wrapped his waist and thought: "If Olzhabai defeats the enemy, the glory will remain with him. Will I be left out?" He mounted his horse three times and dismounted three times. This news reached the Qing emperor, who ordered: "Send me the warrior who broke that gate; I want to see him!" Upon arrival, seeing the bullet holes in the gate, he asked: "How can you break down the gate when your hand is so mangled by arrows?" "I did not even know what was happening when I was hit by the arrow!" he replied. Then the Qing emperor adorned him with a yellow banner, armor, a helmet, a shield, and a war horse, embracing him as a friend, transforming him from the old Olzhabai into a new, different Olzhabai. One saying of Malayasary Batyr remained. What was that saying? It was what Khan Abilai said: "Do not give him dried meat!" The Kalmyks were besieged, and they were trapped in the desolate steppe. Did they have sheep or lambs to slaughter one in the afternoon and another in the evening? The red boiled meat was like a delicacy to the people, and Malayasary called his caretaker: "If you do not let me taste the red boiled meat, I will chop off your head!" he said angrily. "Where is the red bag? Bring it here! If there is no red boiled meat at the bottom of it, I am done for, I am finished!" After bringing the red bag, when they opened it, they found a piece of sausage. He cut off a chunk from the middle and ate it. When Khan Abilai arrived and saw that it had spoiled and was not suitable, he said: "You have hit it! Did you give him gray meat?" "We gave him the middle of the sausage," they replied. "That won't do; the only thing that was intact was the whole sausage. Oh, what a pity, it did not work out!" Then Malayasary Batyr said: "I used to wonder, 'Where is Azrael going?'" He had been hiding at the bottom of the red bag. Thus, if he did not find a way to escape, it would take a soul to come boldly to someone like us! On that journey, he ran out of breath and was brought back home to be buried.