Олжабай батыр

Олжабай батыр жалпақ жауырынды, орта бойлы, қалың қабақты, кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Батыр қанша жаужүрек болса да, ашу-ызаны, қайнаған кекті әрдайым ақылға жеңдіріп отырған. 1741 жылы Абылай мен Өтеген батыр аң аулап жүріп, қапыда жоңғарлардың қолына түседі. Қазақтың би, батырлары кездесіп, ханды қайтаруға...

Қазақша
Олжабай батыр
Олжабай батыр жалпақ жауырынды, орта бойлы, қалың қабақты, кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Батыр қанша жаужүрек болса да, ашу-ызаны, қайнаған кекті әрдайым ақылға жеңдіріп отырған. 1741 жылы Абылай мен Өтеген батыр аң аулап жүріп, қапыда жоңғарлардың қолына түседі. Қазақтың би, батырлары кездесіп, ханды қайтаруға жіберген қолды басқарушылардың бірі Олжабай батыр болған. Екі жақ бетпе-бет келген ұрыста ол жаудың атақты батыры Шарышты жекпе-жекте байлап алады. Батырдан қайтарып қалмақ жерінде Олжабайға қарсы Қалден Сереннің өзі шықпақ болады. Олжабай жекпе-жекте Қалден Сереннің мылтығын атып түсіреді. Дәл осындай мергендікке таң қалған қоңтайшы райынан қайтып, батырға алтын жабдығымен ат мінгізеді. Абылайды қайтарады. Олжабай Шарышты босатады. Олжабай қазақ жерін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан азат ету күресінде елге ерлігімен танылған батыр, қолбасы болған. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері – Баянауыл баурайындағы қалмақтармен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбаймен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасыбай жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжабай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосыннан келіп тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады. Мұндай жағдайдан хабар алған Олжабай көмекке ұмтылады. Ол жауды қоршап алып, таудың бір қуысына тығып қойып қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын көрген жолдасы Төртуыл Баймұрат батыр: – Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қалған жоқ. Қалған-құтқаны болса, маған сауға бермейсің бе? – деп, атының сулығынан ұстағанда, Олжабай: – Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ қой, – деген екен күрсініп. Батыр осылай жойқын көштің соңында сарпылып жүргенде суық тиіп, сол сырқаттан айыға алмай, мәңгілікке айналады.
Ағылшын
Olzhabay Batyr
Olzhabay the hero was said to be broad-shouldered, of medium height, with thick eyebrows, humble, and patient. No matter how brave the hero was, he always overcame anger and boiling resentment with reason. In 1741, while hunting, Abilai and the hero Otegen unexpectedly fell into the hands of the Dzungars. One of the commanders sent by the Kazakh nobles and heroes to return the khan was Olzhabay the hero. In a face-to-face battle, he captured the famous enemy hero Sharysh in single combat. To retrieve the hero, Kalden Seren himself was going to confront Olzhabay. In the duel, Olzhabay shot down Kalden Seren's gun. Amazed by such marksmanship, the khan retreated and had the hero mount a horse adorned with gold. Abilai was returned. Olzhabay released Sharysh. Olzhabay became a recognized hero and commander in the struggle to liberate the Kazakh land from the Dzungar-Kalmyk invaders. His bravery was particularly evident in the battle against the Kalmyks at the foothills of Bayanauyl. Here, Olzhabay, along with his nephew Zhasybai, lay in wait for the Kalmyks. Zhasybai, with his troops, was at the mouth of the pass leading to Shoyinkol, while Olzhabay lay at the mouth of the pass leading to Toraygir Lake, waiting for the enemy. The Kalmyks, aware of their ambush, seized the opportunity and unexpectedly attacked Zhasybai's forces. Zhasybai was killed in this battle. Upon learning of this situation, Olzhabay rushed to help. He surrounded the enemy and slaughtered them like sheep, hiding them in a crevice of the mountain. Seeing the carnage, his companion Törtuil Baymurat the hero said: – Now you can rest, there is no one left to oppose you here. If there are any survivors, won't you give me a share? – as he held onto his horse's reins, Olzhabay replied: – The worth of even one finger of Zhasybai is not fulfilled, – he sighed. Thus, while the hero was exhausted at the end of a fierce campaign, he caught a cold and, unable to recover from that illness, passed away forever.