Малайсары батыр

Тоқтауыл батыр болған кісі. Ауылы бір қопаға қонғанда, қопаға қаптап жайылып кеткен түйелерді бір нәрсе аспанға лақтыра бергенін көрісіп, «дәу де болса жолбарыс шығар» деп жұрт көтеріле аттана шапқанда, Малайсары батырдың бала күні екен. Шұбар тайға мініп олай-бұлай шапқылай береді екен. Сол шұбар таймен жолбарысқа жұр...

Қазақша
Малайсары батыр
Тоқтауыл батыр болған кісі. Ауылы бір қопаға қонғанда, қопаға қаптап жайылып кеткен түйелерді бір нәрсе аспанға лақтыра бергенін көрісіп, «дәу де болса жолбарыс шығар» деп жұрт көтеріле аттана шапқанда, Малайсары батырдың бала күні екен. Шұбар тайға мініп олай-бұлай шапқылай береді екен. Сол шұбар таймен жолбарысқа жұрттан бұрын барып қапты ғой. Жолбарыс шұбар тайды құйрығынан алып аспанға бір-ақ атқанда, түсіп қалған баланы Тоқтауыл батыр жолбарысқа ауыз салдырмай айырып алған екен. Малайсары қалмаққа неше қабат қолға түскен. Бір түскен жолында өзінің баласы Тілеуқабылды қалмаққа «ақ үйліге» бермек боп, ақ мылтықтың аузын жаласып, бір-біріне жем болмасқа анттасып қайтқан екен. Абылай хан жорыққа аттанып Малайсарыға келеді. Ол: – Сен қой, мен бармаймын. Жау болмасқа берген антым, сертім бар еді, – дегеніне Абылай қарамайды. Жүруін қолқалап қоймаған соң Малайсары амалсыздың көтінен ереді. Бұлар барса, қалмақ берік қорғанға бекініп, қамалып беттетпес болыпты. Абылай төрт батырды жіберіпті: «Кірер жері бар ма екен, біліп қайтыңдар» деп. Сонда нақ Сары Баян батыр жоғары ұмтылып, қорғанның ішіне үңіліп қарай бергенде дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіпті. Дулығаның қайқайып қалғанын көріп, қалмақтың мергендері қорғанның үстіне шығып қалғанын көре сала қашқанда арт жағынан оқ жаудырыпты. Сонда Абылай хан айтыпты: – Бір қанды ауыз мылтықтың аузы Малайсарыға дөп келді-ау! Құдай-ай сақтай гөр! – дегенше болмай, Малайсарыға оқ тиген екен. Қалмақ жүремете үш рет атқанда, үшеуі де Малайсарыға дөп тиген екен. Басқа батырлар аман-есен көмбеге келген соң, «аман келді ғой» деп өзгелері қуанғанда, Абылай хан: – Малайсарының аты кішеңдеп қалды, аман емес, – депті. Қараса, Малайсарының белін оқ қиратып кеткен екен. Сонан соң қасына әкеп түсіріпті, жатқызыпты. Жаралы болып жатып қалыпты. – Енді бұған өзге тамақ бере беріңдер! Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер, онда жазылып үйірге қайта қосыла алмайды, – депті. Өзгесі жауға кетіп, қоста жалғыз бақыршымен қалғанда: – Сүр етті сағындым, кішкене сүр ет тауып бер, – деп бақыршысын қысыпты. – Егер сүр ет тауып бермесең, басыңды шабамын! – депті. Бақыршы жанынан қорқып, ала қоржынды ақтарып бір сүр қазыны алып беріпті. Абылай хан келіп көрсе, бұзылып, келіспей қалған екен. – Ұрған екенсіңдер ғой, сүр ет бердіңдер ме? – дегенде: – Сүйемдей қазының ортасын беріп едік, – депті. – Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғаны ішектің бүтіндігі еді, ой, бәрекелді, келіспеді-ау! – депті. Ақырында өлер болды ол. Сонда Малайсары батыр айтқан екен: – Әзірейіл, шіркін, қайда жүр десем, өзі ала қоржынның түбінде жүреді екен ғой, – депті. Сол жолы Малайсары өліпті. Сүйегін елге алып кеп қойыпты.
Ағылшын
Malaysary Batyr
Toktauyl was a brave warrior. When his village settled in a pasture, they saw camels that had spread out and were being thrown into the sky by something, and everyone thought, "It must be a tiger," and they all rushed to chase it. At that time, it was the childhood of Malayasary. He would ride his spotted horse and gallop around. With that spotted horse, he reached the tiger before anyone else. The tiger grabbed the spotted horse by the tail and threw it into the sky, but Toktauyl managed to save the fallen boy without letting the tiger bite him. Malayasary had been captured by the Kalmyks several times. On one occasion, he was about to give his son Tileuqabyly to the Kalmyks in exchange for a "white house," swearing to each other not to become prey. Khan Abilay set out on a campaign and came to Malayasary. He said: – You stay, I will not go. I have sworn an oath not to be an enemy, – but Abilay did not listen. After much urging, Malayasary reluctantly followed. When they arrived, the Kalmyks had fortified themselves in a stronghold and would not let them approach. Abilay sent four warriors: "See if there is a way in, and report back." At that moment, Sary Bayan, the warrior, climbed up and peered into the stronghold when a bullet hit him right in the forehead. Seeing that his helmet was dented, the Kalmyk marksmen, realizing he was exposed, began to shoot at him as he fled. Then Khan Abilay said: – A bloody bullet hit Malayasary! God, protect him! – and before he could finish, Malayasary was shot. The Kalmyks fired three times, and all three shots hit Malayasary. After the other warriors safely returned to the camp, they rejoiced, saying, "He has returned safely," but Khan Abilay said: – Malayasary's horse has slowed down; he is not safe. – Looking closer, they saw that a bullet had shattered Malayasary's waist. They brought him down and laid him down. He lay there wounded. – Now give him other food! Just do not give him old dried meat, or he will not recover and will not be able to return to the herd, – he said. When the others went to fight, only the camp attendant remained with him. – I miss dried meat; find me a little dried meat, – he urged the attendant. – If you do not find me dried meat, I will cut off your head! – he threatened. The attendant, frightened, rummaged through the bag and brought him a piece of dried sausage. When Khan Abilay came and saw it, he was upset and dissatisfied. – You have beaten him, did you give him dried meat? – he asked. – We gave him the middle part of the sausage, – they replied. – That won't do; the only thing that was intact was the integrity of the intestines, oh, well, it did not work! – he said. In the end, he was on the verge of death. Then Malayasary said: – Azrael, where are you, I wonder, he seems to be at the bottom of the bag, – he remarked. That day, Malayasary died. They brought his body back to the people.