Серғазы батыр

Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп шайқасқан аймағы – Үшқоңыр, Суықтөбе, Қоңыртөбе тауларының төңірегі. Бұл кісі жекпе-жек өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін ат үстінде қас-қағым сәттен үрдіс қимылдардан артына талай-талай өнерлер қалдырған....

Қазақша
Серғазы батыр
Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп шайқасқан аймағы – Үшқоңыр, Суықтөбе, Қоңыртөбе тауларының төңірегі. Бұл кісі жекпе-жек өнерінің сан түрлі айла-тәсілдерін ат үстінде қас-қағым сәттен үрдіс қимылдардан артына талай-талай өнерлер қалдырған. Серғазы қалмақтың небір батырларымен жекпе-жек соғыстардың небір адам таңқаларлық түрлерін көрсетіп, сол жөнінде өнеге тастап кеткен. Серғазы батыр Суықтөбенің күнгейі қыстап, күзден егін салып, өмір кешіпті. Ол кезде қалмақтармен соғыс әр жерде белең берген. Сонау Тараз жағындағы Талас бойындағы бір шайқаста қалмақ қолы жағынан бір жас батыр қазақтардан жекпе-жекке шақырады. Серғазы батыр айқасқа өзі шығыпты. Айқас басталып кетеді. Серғазының найзасы қалмақ батырының дулығасына тиіп кетіп, дулығасы басынан ұшып кетеді. Өзімен айқасқан батыр қалмақтың қызы екенін сонда біледі. Серғазы шапшаң қимылдап, қызды ат үстінен жұлып алып, өңгеріп ала жөнеледі. Қызды ағасы Сереге әкеліп береді. Серғазы батыр жат елдің басқыншыларымен шайқасып жүріп, Талас бойында бұл дүниеден өтіпті.
Ағылшын
Serghazy Batyr
The area where the hero Serghazy spent over forty years on horseback, often battling against the Kalmyk invaders, is around the mountains of Ushqonyr, Suiktope, and Qongyrtope. This man left behind many skills and techniques of the art of hand-to-hand combat, demonstrating various moves in the blink of an eye while on horseback. Serghazy showcased astonishing forms of one-on-one battles against many Kalmyk heroes, setting an example in this regard. The hero Serghazy spent the winter on the sunny side of Suiktope, farming in the autumn and living his life. At that time, wars with the Kalmyks were rampant everywhere. In one battle near the Talas River, on the side of the Kalmyks, a young hero challenged the Kazakhs to a duel. Serghazy himself stepped forward for the fight. The battle began. Serghazy's spear struck the Kalmyk hero's helmet, knocking it off his head. It was then that he realized that the hero he was fighting was a Kalmyk girl. Serghazy quickly moved, snatched the girl from her horse, and took her away. He brought the girl to her brother, Sere. The hero Serghazy passed away while fighting against the invaders of a foreign land along the Talas River.