Бабаның батасы

Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп оралады. Аттан түсіп, атын есіктің алдындағы мама ағашқа байлайды да, үйге қарай беттейді. Үйдің іші жап-жарық, лапылдап от жанып тұрады. Жәнібек батыр дыбысын шығармастан таяп келіп, жабықты ашады да, кере...

Қазақша
Бабаның батасы
Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп оралады. Аттан түсіп, атын есіктің алдындағы мама ағашқа байлайды да, үйге қарай беттейді. Үйдің іші жап-жарық, лапылдап от жанып тұрады. Жәнібек батыр дыбысын шығармастан таяп келіп, жабықты ашады да, керегенің көзінен сығалайды. Әйелі Қайқы шомылып жатыр екен. Оның уыздай балбыраған, мамықтай балғын, жібектей үлбіреген тәніне көзі түскен батыр құштарланып телміре қарап қалады. Кенет бойын сескеніс сезімі билейді. Қайқының қос өкпесі тесік екен. Соны көзі шалған Жәнібектің таңданып, таңдай қаққан дыбысы қаттырақ шығып кетеді. Сол дыбыстан секем алған Қайқы орнынан атып тұрады да, апыл-құпыл киінеді. Үйге кіріп келген Жәнібекке бұртия қарап: – Өкінішті іс болды, – дейді мұңданып: – Өкпемнің тесігі бітетін шарты толып қалып еді, соған дейін оны адам баласы көрмеуге тиіс болатын. Соны сездірмей жүр едім, міне, сен көріп қойдың, серт бұзылды. Басқа амал жоқ. Енді маған мұнда тұруға болмайды, басыма қатер төнеді. Ержеткен соң балам Бәйсейіт мені іздесе, Қазығұрт тауынан табады, соны ұмытпа! Сол заматта Қайқы әппақ құсқа айналады да, көкке ұшып кетеді. Жәнібек батыр қапаланып, қатты қайғырады. Алайда, өткен іс орнына келуші ме еді. Жылдар өтеді. Жәнібек батыр баласы Бәйсейіттің ес жиып, есеюін сарыла күтеді. Күткен күн де жетеді. Жәнібек батырдың Қайқыдан туған баласы Бәйсейіт ат баптап мініп, жігіт санатына қосылады. Содан кейін шешесін іздеуге бел байлайды да, атасы Әлмерек абызға барып, бата сұрайды. – Ата, шешемді іздеп тауып келсем бе деп едім. – Сен келгенше мен тілеуіңді тілеймін! Бәйсейіт ұзақ сапарға аттанады. Әкесінің жөн сілтеуі бойынша ұлы асқарлардың жалпақ құмға қарай ойысатын тұмсығындағы Қазығұрт тауына жетеді. Сол таудың жықпыл-жықпыл жыраларындағы ұңғыл-шұңғыл сай-саладағы ел ішін шарлайды. Сөйтіп жүріп, жалпақ жондардың бір қойнауында отырған аса салтанатты ауылдан шешесін табады. Ана мен бала сағыныштарын ақтарып, жылап көріседі. Нағашы жұрты жиенінің құрметіне той жасайды. Бұл кезде Қайқының өкпесіндегі тесігі толық бітіп, біржола адамдық сана кейпіне көшкен тұсы екен. Біраз күн өткен соң, Бәйсейіт нағашы жұртымен қоштасып, шешесін ілестіреді де, аман-есен өзінің еліне оралады. Келіні мен немересі келгенде Әлмерек абыз өлгені тіріліп, өшкені жанғандай шексіз қуанышқа бөленеді. Ағынан жарылып, қалың елге жар салады. Келінінің қайта оралғанын, немересінің батпандай жігіт болғанын мақтаныш етіп, ұлан-асыр той жасайды. Жиналған қара-құрым қауымның алдында абыз немересіне аталық ықыласпен ақ батасын береді: – Жалғыз едің, Бәйсейіт, Жаратқаның жар болсын! Бағың жанып, қораңа Қарақұрым мал толсын! Жеген асың ақ май мен Қазы, қарта, жал болсын! Елдің сөзін сөйлесең, Жүгінерің ар болсын! Әсте жапа шекпегін, Жақсылықты тектегін! Елің сені жебесін, Ауып алыс кетпесін! Қатар жүріп, жұп жазбай, Көксегенің көктесін!.. Абыз бабаның тілеуін Құдай қабыл етеді. Бәйсейіттің атақ-абыройы күн санап өседі. Жауды жайпаған батырлығы аңызға айналады. Ел-жұрты өзінің қорғаны санайды. Ұрпағы өркен жайып, тұқымы мол тарайды. Байлығы тасады, қайырымдылығы асады. Бұл ісі елін сүйсіндіреді. Халқының амандығын қорғап, өмір бойы қолынан найза, белінен қылыш, тақымынан ат үзілмейді. Жауына есекегін жібермей, жағаласып, шайқасып өтеді. Елі аман болып, мұратына жетеді.
Ағылшын
The Blessing of the Ancestor
Almerec the sage's middle son, Janibek the hero, one day sets off on a journey and returns home late at night several days later. He dismounts, ties his horse to the sturdy tree in front of the door, and heads towards the house. The inside of the house is brightly lit, with a fire blazing. Janibek the hero approaches quietly, opens the door, and peeks through the lattice. His wife, Kaiky, is bathing. The hero, captivated by her tender, soft, and silky body, gazes at her with longing. Suddenly, a feeling of dread overtakes him. He notices that Kaiky has a hole in both of her lungs. Seeing this, Janibek gasps in surprise, and his astonished sound escapes louder than he intended. Startled by the noise, Kaiky jumps up and hurriedly dresses. Looking at Janibek, who has just entered the house, she says with a frown: – This is unfortunate, – she laments: – The hole in my lung was supposed to close, and until then, no one should have seen it. I was trying to keep it hidden, but now you have seen it, and the vow is broken. There is no other way. I cannot stay here anymore; my life is in danger. When my son Baiseyit grows up and looks for me, he will find me on Mount Kazygurt, do not forget that! In that instant, Kaiky transforms into a white bird and flies away. Janibek the hero is deeply saddened and grieves intensely. However, can the past be undone? Years pass. Janibek the hero waits anxiously for his son Baiseyit to grow up and mature. The awaited day arrives. Janibek the hero's son Baiseyit, having trained and mounted a horse, joins the ranks of young men. After that, he resolves to search for his mother and goes to his grandfather Almerec the sage to ask for a blessing. – Grandfather, I was thinking of searching for and finding my mother. – Until you arrive, I will pray for your wish! Baiseyit sets off on a long journey. Following his father's guidance, he reaches Mount Kazygurt, where the great mountains slope down to the vast sands. He wanders through the crevices and valleys of that mountain. In doing so, he finds his mother in a very splendid village nestled in one of the broad hills. Mother and son embrace, shedding tears of longing. The maternal relatives hold a feast in honor of their nephew. At this time, the hole in Kaiky's lung has completely healed, and she has fully returned to human consciousness. After a few days, Baiseyit bids farewell to his maternal relatives, takes his mother with him, and safely returns to his homeland. When his daughter-in-law and grandson arrive, Almerec the sage feels as if he has come back to life, filled with boundless joy. He rejoices openly and announces to the gathered crowd. Proud of his daughter-in-law's return and his grandson's growth into a strong young man, he holds a grand celebration. In front of the assembled crowd, the sage gives his grandson a heartfelt blessing: – You were alone, Baiseyit, May the Creator be your companion! May your fortune shine, and your pen Be filled with livestock! May your food be rich with Fatty meat, kazy, and jerky! If you speak for the people, May your burden be honorable! May you never suffer, And may goodness be your lineage! May your people protect you, And may you not stray far! May you walk together, side by side, And may your aspirations flourish!.. The sage's prayer is accepted by God. Baiseyit's fame and honor grow day by day. His bravery in defeating enemies becomes legendary. The people consider him their protector. His descendants thrive and multiply. His wealth increases, and his generosity flourishes. His deeds bring joy to his people. Protecting the safety of his nation, he never parts with his spear, sword, or horse throughout his life. He fights fiercely, never letting his enemies escape. His people remain safe and achieve their goals.