Толыбай сыншының баласы

Бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншылары бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқындап әкетеді. Арада бірнеше күн жол жүріп өздерінің мекеніне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспірім Қарабасты басқа да олжамен бірге қонтайшыға әкеледі. Қонтайшы Қарабасты бір қалмақ шонжары...

Қазақша
Толыбай сыншының баласы
Бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншылары бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқындап әкетеді. Арада бірнеше күн жол жүріп өздерінің мекеніне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жас өспірім Қарабасты басқа да олжамен бірге қонтайшыға әкеледі. Қонтайшы Қарабасты бір қалмақ шонжарының қарамағына жіберіп, тұтқын баланы кісендеп ұстауды тапсырыпты. Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етіп, аяғына кісен салып, бетіне күйе жағып, өздері оған мәз болыпты. Бір күні тұтқын бала кісеннің шынжырын сүйрете жүріп, тезек теруге барғанда, жылқының бас сүйегін тауып алып, әрі-бері аударып қарап, оның тұлпардың басы екенін таниды. Ол басты өзі жататын қамыс лашыққа алып келеді. Сол баспен Қарабас ылғи мұңдасады екен. Сонда ол оған: «Сені тұлпардың басы деп кім айтар?» деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететін қартаңдау қалмақ жас жігіт кезінде қазаққа тұтқын болып, сонда қазақ тілін үйренген екен. Күзетші қалмақ бір күні жылқының қу басын қолына ұстап, өзіне-өзі сөйлеп отырған Қарабастың сөздерін сыртынан келіп тыңдап алады да, қалмақ шонжарына барып оның әкесіне тартқан сыншы екенін айтады. Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны тегін бала емес деп ойлаған екен. Енді оның ойын күзетші шал расқа шығарып тұр. Жоңғар тайшысы күзетші шалға Қарабасты алдырады. Қалмақ тайшысы: – Сен қазақтың қай батырының баласысың? – деп сұрапты. Қарабас: – Мен Толыбай сыншы ордабасының ұлымын, – деп тура жауап қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да: – Сен ат сынауды білесің бе? – деп сауал қояды. Қазақ баласы: – Ептеп ат сынауды білемін! – деп жауап береді. Қонтайшы: – Менің жылқыларымның ішіндегі тәуір аттарды іріктеп, оның ішінде тұлпар бар ма екен, біліп бер! – дейді. Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқысын аралап, тәуір ат болуға жарайтын асауларды көрсетіп, жылқышыларға ұстатып, үйреттіреді. Алайда бес жүздей жақсы аттың ішінде бір де тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шонжарына ашық айтады. Табылса, құнын артығымен төлеп, сатып алмақ болып келісіп, қасына Қарабасты ертіп, бірнеше қалмақ байларының жылқыларын аралап, аттарды сынап көргенде, тұлпар таба алмайды. Сонда олар ауылына қайтып келе жатса, бір өзеннің жағасындағы лашықты көреді. Ол бір қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдің маңында екі жылқы жүргенін Қарабас алыстан көреді. Сыншы қазақ баласы: – Ана екі жылқыны көре келейік, – деп өтініш қылады. Екі жылқының бірі – торы ала бие, бірі – арық қара кері ат екен. Қарабас аттан түсе салып, биені де, атты да айнала жүріп қарап шығып: – Арықтығына қарамаңыз, қаракер бесті нағыз тұлпар болатын жылқы екен. Орнына жетектегі аттардан екі ат беріңіз де, осыны алыңыз. Ал ана бие де жақсы екен, бірақ ол тұлпар болатын құлын таппайды, – депті. Жоңғар тайшысы балықшы шал мен кемпірді шақырып алып, оларға екі күйлі ат беріп, арық қара кер бестіні алып кетіпті. Ауылына бір күндік жер қалғанда, олар тағы да өзен бойында отырған екі балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың айтуымен жоңғар тайшысы екі балықшыға екі-екіден төрт ат беріп, екі арық бесті атты жетелеп жүре беріпті. Үйіне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бесті атты күтуді өз міндетіне алатынын айтқан екен. Тайшы енді Қарабасты еркіндікте ұстайтын болыпты. Қазақ баласы үш арық бестіге жем-шөпті мөлшерлеп беріп, оларды жақсы бағады. Аттарды баққанына бір жыл толғанда тұлпар емес, тор атты сойғызыпты. Сонда торы аттың бел омыртқасының сүйегінен екі сүйемдей жері қызыл-қоңыр болып, арқа сүйегінің басқа жері түгелдей ағарғанын көріпті. Қарабас: «Тұлпардың сүйегі түгелдей ағаруға әлі біраз уақыт бар екен!» – депті қалмақ тайшысына. Арада тағы бір жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына айтып, тұлпар емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегінің екі елі жері әлі ағармағанын байқаған екен. Үшінші жылы күздің басында тұтқын қазақ баласы қаракер тұлпарды мініп, әрі-бері жүріп, атты ылғи суытып, таң асырып қояды. Ол тұлпарды өзі баптап күту үшін жоңғар шонжарынан рұхсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тілегін қабыл алыпты. Қарабас әкесінің және басқа да атбегілердің сәйгүліктерді қалай таңдап, қалай баптағанына көзі қанық болып өскен жас екен. Ол оны іс жүзінде өзі де қолдану үшін үш жыл бағып, сүйегін ағартқан қара кер тұлпарды мініп, әуелі аса көп, қатты жүрмей, аз ғана шыға жүріп, үнемі суытып, таң асырып қойып жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретінде тазаланған арпа, не сұлы және жылқыға жұғымды қара шөп беріп отырыпты. Жемді қаракерге шамалап, ретімен беріпті. Себебі аяңдатып, кейде желіп, кейде шоқытып, кейде шауып жүріп, келгеннен соң кермеге байлап, суытып, таң асырып, терін алған атқа жемді ел жата, түн ортасы ауа, таңға жақын беру керектігін Қарабас жақсы біледі екен. Тұлпарды баптап жүрген ол ұйқыны азайтып, сергек жүріпті. Талай таңды көзімен атырған екен. Әдетте ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты. Суытпаған, не таң асырылып тері алынбаған жылқы семіз кезінде тез бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас жақсы біліпті. Тұтқын қаракер тұлпарды күз, қыс бойы баптап, бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен еліне жетуді армандаған Қарабас қалмақ тайшысының «таңдаған қызыңды әперем» дегеніне де амалсыз келісіп, қыз көруді кейінге қалдырыпты. Құдай оның көктен тілегенін жерден беріп, жаздың басында қонтайшының інісінің баласы келіншек алатын болып, оның тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен қатар ол тойда болатын ат жарысына Қарабас баптап, қыс бойы оқтаудай боп жараған қаракер тұлпарды қосатын сәт туды. Атқа Қарабастың өзі мініп шабатын болған екен. Сондықтан ол тұлпардың кекілін түйіп, үкілеп, жалын тарап, құйрығына шоқ тағыпты. Ат айдаушы жүйріктерді белгілі жерден жіберер алдында астындағы ер-тоқымының үстіне екі басына орталап құм салынған қоржынды байлап, үстіне өзі отырып, аттардың артында кете барады. Бәйге аттарға мінген балалар тиісті жерге жетіп қонып, ат тынықтырып, өздері де дем алыпты. Ертеңінде ат жарысы басталған кезде де Қарабас қаракер тұлпардың екі бүйіріне құм салған қоржынның екі басын теңдеп алып, сәйгүліктер қарасын үзгенше артында келе жатыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде тұлпардың құлақ шекесі аздап терлей бастайды, көзі шырадай жанып, ілгері қарай шаба береді. Сол шақта ол тізгінін тартып, ат басын тежеп, қоржынды ат үстінен алып тастап, жұлдыздай аққан тұлпардың көздерін жібек орамалмен сипай сүртіп, екі тізгінін іркіп ұстап отырып, барлық жүйріктерді басып озыпты. «Қазақ, Қазақ!» деп ұран салып, қарақшыдан өте шығып, ат басын тежеп, жоңғар тайшысына қарап: «Бәйге сенікі, тұлпар менікі. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Қайыр қош, аман болыңдар!» – депті. Дереу ат басын бұрып алып, жолға түсіп «Алаштап» ұран алып, ілгері қарай жөнеле беріпті. Былай шыға Қарабас астындағы қаракер тұлпарға: «Жануар, қалмақ байына бәйге әпердің, енді мені еліме аман-есен жеткізе көр!» – депті де, бүйірі қызған тұлпармен еліне аттанып кетіпті. Толыбай сыншы Дәулетұлының бәйбішесі Ақбілек – Орта жүз, оның ішінде арғынның бес мейрамдағы сүйіндік әулетінен шыққан Айдабол би Құлболдыұлының жалғыз қызы, әрі тұлабойы тұңғышы екен. Ақбілек заманында данышпан әйелдер дің бірі болыпты. Сол Ақбілек бәйбіше бір күні таңертеңгі шайға ауыл қорғауға қалған балаларын, қайын інілерін, ауыл адамдарын шақырып алып: «Мен бүгін түс көрдім, түсімді өзім жорыдым. Менің Қарабасым тірі екен, тұлпар мініп жаудан құтылып келе жатыр екен. Тұлпардың бүйірі қызса, әбден болдырып жығылмай тоқтамайтыны бәріңе мәлім. Таудың тасына соғылып тоқтайды дейтіндей жерімізде тау жоқ. Сондықтан бір тоқтаса, ағашқа тоқтар, бірақ баланы мерт қылып жүрер. Баланы аман қалып үшін бірнеше жерден мықты қазықтар қағып, әр жерден жолына арқан керіңдер», – деп тапсырма берген екен. Ол кезде жаудан елді қорғау үшін Толыбай сыншы қол бастап, азаттық жолындағы соғыста жүріпті. Сол себепті ұлын сау-саламат алып қалу үшін елге бұйрықты Ақбілек ана өзі берген екен. Ақбілек ананың жарлығын екі етпей, әлеумет жолға бірнеше жерден мықты қазықтар қағып, арқанды керіпті. Ақыры көп ұзамай Қарабас сол арқан керілген жерге жетіп, атты тоқтатайын десе, тұлпар тоқтамай, керілген арқандардан қарғып өте беріпті. Сонда асқан шапшаңдықпен үзеңгіден екі аяғын босатып алған Қарабас тез еңкейіп, соңғы керілген арқаннан ұстап қап, ерден сыпырылып түсіп қала беріпті.
Ағылшын
The son of Tolebay the Critic
One day, the village was suddenly attacked, and the Kalmyk invaders captured a group of wandering horsemen along with fourteen-year-old Karabas. After several days of travel, the enemies reached their settlement and brought the young captive, Karabas, who was shackled, along with other spoils to the khan. The khan sent Karabas under the supervision of a Kalmyk nobleman and ordered that the captive boy be kept in chains. The enemies mocked the captured boy, putting shackles on his feet and smearing soot on his face, finding amusement in his plight. One day, while dragging the chain of his shackles to collect dung, the captive boy found a horse skull, turned it over, and recognized it as the head of a noble steed. He brought the skull back to the reed hut where he slept. Karabas often confided in the skull, lamenting, "Who would call you the head of a noble steed?" A somewhat older Kalmyk guard, who had once been captured by the Kazakhs and learned their language, overheard Karabas talking to the skull. One day, the guard approached the Kalmyk nobleman and informed him that Karabas resembled his father, a renowned horseman. The nobleman, upon seeing Karabas's appearance, thought he was not an ordinary boy. The guard's words confirmed his suspicions. The Kalmyk chieftain summoned Karabas. The Kalmyk nobleman asked, "Whose son are you, the son of which Kazakh hero?" Karabas replied directly, "I am the son of Tolebay the horseman." The nobleman then asked, "Do you know how to test horses?" The Kazakh boy responded, "I know how to test horses a little!" The khan said, "Go through my herd of three thousand five hundred horses and find out if there is a noble steed among them!" Karabas inspected the Kalmyk nobleman's herd, showing the herders the horses that were fit for riding. However, he openly told the nobleman that there was not a single noble steed among the five hundred good horses. They agreed that if one was found, they would pay a premium to buy it, and the nobleman took Karabas along to inspect the horses of several wealthy Kalmyks, but they could not find a noble steed. As they were returning to their village, they saw a hut by the river. It belonged to an old Kalmyk fisherman. Karabas spotted two horses grazing nearby from a distance. The young horseman said, "Let’s go see those two horses." One was a light bay mare, and the other was a thin black stallion. Karabas dismounted and walked around both the mare and the stallion, examining them closely. He said, "Do not judge by its thinness; the black stallion is a true noble steed. Give me two horses from the ones you are leading and take this one. The mare is also good, but she will not produce a noble foal." The Kalmyk nobleman called the fisherman and his wife, gave them two decent horses, and took the thin black stallion. When they were a day’s journey from the village, they encountered two fishermen by the river again. Following Karabas's advice, the Kalmyk nobleman gave the two fishermen four horses, two each, and continued on with the two thin stallions. Upon returning home, Karabas told the nobleman that he would take care of the three thin stallions. The nobleman decided to keep Karabas free. The Kazakh boy fed the three thin stallions with measured amounts of fodder and took good care of them. After a year of caring for the horses, he had them slaughtered, but they were not noble steeds, just a bay horse. He noticed that a two-inch section of the bay horse's vertebra was reddish-brown, while the rest of its back was completely white. Karabas remarked to the Kalmyk nobleman, "It will take some time for a noble steed's bones to turn completely white!" Another year passed, and Karabas told the Kalmyk nobleman to slaughter a blue horse, which he noted still had two inches of unwhitened bone. In the third year, at the beginning of autumn, the captive Kazakh boy rode the black noble steed, exercising it frequently and keeping it cool, often letting it rest. He asked the Kalmyk nobleman for permission to care for the noble steed himself. The Kalmyk nobleman granted his request. Karabas had grown up observing how his father and other horsemen selected and cared for their steeds. He had raised the black noble steed for three years, whitening its bones, and rode it, initially not pushing it too hard, letting it rest often. He fed the steed cleaned barley or oats and nutritious black grass. He measured out the feed carefully. He knew that after a gentle ride, the horse should be tied up to cool down and rest, and that it was best to feed it at night, around midnight, or just before dawn. While caring for the steed, he reduced his sleep and stayed alert, often witnessing many dawns. Typically, after cooling the steed, he would put it in the fire. Karabas understood well that a horse that had not been cooled down or rested would quickly spoil when fat, turning into red fat. He cared for the captive black noble steed throughout the autumn and winter, preparing it for racing. Dreaming of returning to his homeland with the noble steed, Karabas reluctantly agreed to the Kalmyk nobleman's offer of "I will bring you the girl you desire," postponing the meeting with the girl. God granted his wish, and at the beginning of summer, the khan's brother's son was to marry, and preparations for the wedding were underway. At the same time, the opportunity arose for Karabas to enter the horse race with the black noble steed he had trained throughout the winter. Karabas himself was to ride the horse. Therefore, he tied the mane of the noble steed, adorned it, and decorated its tail with ribbons. Before releasing the racing horses, the horseman tied a bag filled with sand to the saddle, sitting on it, and rode behind the horses. The children riding the racing horses reached the designated spot, dismounted, and rested. The next day, when the horse race began, Karabas adjusted the two ends of the sand-filled bag on the sides of the black noble steed, following behind until the horses were out of sight. Just as the leading racing horses were about to pass the middle, the noble steed began to sweat slightly at its temples, its eyes shining brightly, and it continued to gallop forward. At that moment, he pulled on the reins, slowed the horse down, removed the bag from its back, and wiped the noble steed's eyes with a silk handkerchief, holding both reins firmly, and overtook all the racers. Shouting "Kazakh, Kazakh!" he passed the bandits, slowed the horse, and looked at the Kalmyk nobleman, saying, "The race is yours, the noble steed is mine. A man is born on his land, a dog is fed on its land. Farewell, may you be safe!" He immediately turned the horse around, set off on his way, and shouted "Alash!" as he moved forward. As they left, Karabas said to the black noble steed, "You have won the race for the Kalmyk nobleman; now take me safely back to my homeland!" and set off with the noble steed, which was now eager to run. Tolebay the horseman, Daulet's wife Akbilek was from the Middle Horde, specifically from the Argin clan, being the only daughter of Aydabol bi Qulboldyuly from the five Mairam family. Akbilek was considered one of the wise women of her time. One morning, Akbilek called the village children left to guard the village, her brothers-in-law, and the villagers for tea, saying, "I had a dream today, and I interpreted it myself. My Karabas is alive, riding a noble steed and escaping from the enemy. It is known to all of you that when a noble steed is eager, it does not stop until it collapses. There are no mountains in our land to say it will stop against a rock. If it stops, it will stop at a tree, but it could kill the boy. To ensure the boy's safety, drive strong stakes into several places and stretch ropes across the road," she instructed. At that time, Tolebay the horseman was leading the defense against the enemy in the struggle for freedom. Therefore, to save her son, Akbilek gave the order herself. Without hesitation, the villagers drove strong stakes into several places and stretched ropes across the road. Soon after, Karabas reached the place where the ropes were stretched, and when he tried to stop the horse, the noble steed would not stop and jumped over the stretched ropes. In a flash, Karabas quickly freed his legs from the stirrups and leaned down to grab the last stretched rope, but he was thrown off the saddle and fell.