Жаңабатырдың тағы бір жалаға ілігуі

Құдай рахмет қылсын! Жаңабатыр би картайған күнінде, ел қыстау-қыстауында отырған мезгілінде түйелерін қайырып, жинастырып жүрсе, бір бес атты кісі бірін-бірі қуысып, сабаласып, олай-бұлай ұйтқып шауып жүргенін: «Ел арасында жау жүре ме, ойнап жүрген бозбалалар ғой», – деп, жайымен түйесін жинастырып жүре береді. Манағ...

Қазақша
Жаңабатырдың тағы бір жалаға ілігуі
Құдай рахмет қылсын! Жаңабатыр би картайған күнінде, ел қыстау-қыстауында отырған мезгілінде түйелерін қайырып, жинастырып жүрсе, бір бес атты кісі бірін-бірі қуысып, сабаласып, олай-бұлай ұйтқып шауып жүргенін: «Ел арасында жау жүре ме, ойнап жүрген бозбалалар ғой», – деп, жайымен түйесін жинастырып жүре береді. Манағы бесеудің бірі құлап қалды да, төртеуі қашып кете барды. Ақырын аяндап «білейінші» деп Жаңабатыр келсе, өлімші қылып тастап кетіпті. Кірпігін қимылдатуға зорға әлі келіп, өкпесін соғып жатыр. Сол арада көрініп тұрған қыстаулардан көп кісілер де келіп қалды. Әлгі өлімші болып жатқан Сексен ұрпағының біреуі екен. Өз ауылдарының кісілері: – Кім сені ұрған, соққан? – дегенде, – Жаңабатыр, – деді де, өліп кетті дейді. Сонан соң оның жанкүйерлері: – Осыны өзің ұрмасаң да, ұрған кім, өлтірген кім екенін білесің? – десе, Жаңабатыр: – Мен білмеймін, – деп, көрген-баққанын айтса да, Сексен деген ел гулесіп, шуласып, нанбайды да болмайды. Тілеуімбет, Наурыз бірыңғай, Ақыл, Сексен бірыңғай болысып, Күлік өзді-өзі екіұдай болып, айтысып, тартысып, ұлғайып бара жатқан соң, Айдабол Шоң, Торайғырдың әкесі – Едіге би Айдаболдың ең жақсыларын жіберді дейді. – Сіздердің замандасыңыз ғой! Бізді баласынар, ағайын арасын бүтіндеп, жарастырып келіңіздер, – деп. Бұлар барса, Жаңабатыр төсегінде теріс қарап жатыр екен. Барған бұлардың сәлемін де алмады, амандық та айтыспады, керек қылмай, үн жоқ, түн жоқ жата берді дейді. Бір мезгілде басын көтеріп, тіл қатпастан, үндеместен барып, отырған бұларға ежірейіп қарап, бір қолын бұлай керді, бір қолын олай керді. Аузын ырбитып, ернін бұлай бір шалжайтты, олай бір шалжайтты да, қайтадан теріс қарап жата кетті дейді. Сонан соң бұл барғандар өкпелеп қайтты. Және көрген-білгенін Едігеге келіп айтты. «Ағаң алжыған екен, қартайған екен, аузын шалып, ақылынан танып қалыпты. Біздің барған-тұрғанымызды керек те қылған жоқ». Және сөйтті, қолы мен ернін қалайша қылғанын сөйледі дейді. Сонда Құдай рахмет қылсын Едіге ағам, Едіге би: – Алжыған жоқ екен, аузын шалып, ақылынан танған жоқ екен. «Бұл отырғандар: бірің оқ беретұғын немесің, бірің жақ беретұғын немесің, бірің бұлай керіп-созып, бірің олай шалжитып, ағайын арасын ашқаннан басқаң жоқ. Кесім жоқ, кесім жоқ, сендермен ісім жоқ», – деп, мені жоқтап жатыр екен, – деп жалма-жан Едіге би өзі атқа мініп барып: «Бұл өзі қыстау ортасында болғандықтан, қапы қалған жұмыс болды. Егер қыстаусыз жерде болса, жау ма, немене деп сезіктеніп, не арашалап, айырып қалар еді. Не шыр етіп, танып қалар еді. Көре тұрып ұрғанның кім екенін біле алмай қалғандыққа қыстау жазалы болуға керек», – деп Жаңабатырдан Сексен деген елге бір қыстау алып беріпті. Сөйтіп сенбегенін сендіріп, нанбағанын нандырып, ағайын арасын тату қылып жарастырып қайтқан екен. Жаңабатыр би жүз төрт жасқа келіп өлген екен. Өлерінде айтыпты: – Құдайдың маған берген өмір жасы жүз он төртте өлмекші едім, он жасым кем болды. Оны Құдайдан көрмеймін, өзімнен көремін. Үш жан берген топтың ішінде болып едім. Өзім ант ішпесем де, ант ішкенмен бір топта болғандығымнан көріне он жасыма залал тиді, – деген. Әкесі Шобалай Ағысқудай, Түндік өзенінің бойында, «Шобалай сүйегі» дейді. Қаракесек халқының өлгеніне мазарбасы болып қалды. Өзі Қызылтау бауырында Самайсопы қыстауының қақ іргесінде мазарбасы болып қалды. Жаңабатыр балалары: Аққожа, Қосақ, Таңсық қожа, Жанақ – бәйбішеден төртеу. Үлкені – Таңсық қожа, кенжесі – Жанақ. Тағы басқа қатындарынан толып жатыр. Аз болса, он алты бар шығар. Бір Жанақтан басқасын қағаз бетін былғап жаза бергеннен не түседі? Ат шығарып, әруақ шашқанды сөйлеу керек.
Ағылшын
The another accusation against Zhanabatyra
God bless! On the day of his old age, Janabaty Bi was gathering his camels while the people were settled in their winter camps. At that moment, he saw five horsemen chasing each other, wrestling, and galloping around, and thought to himself, "Is there an enemy among the people, or are these just young men playing?" So he continued to gather his camels calmly. One of the five fell off his horse, and the other four fled. Janabaty approached slowly, thinking, "Let me see," and found that the man had been left for dead. He was barely able to move his eyelids and was gasping for breath. At that moment, many people from the visible winter camps also arrived. It turned out that the dying man was one of the descendants of Seksen. When the people from his village asked him, "Who hit you?" he replied, "Janabaty," and then died. Then his supporters asked, "Even if you didn't hit him yourself, do you know who did? Who killed him?" Janabaty replied, "I don't know," and despite explaining what he had seen, the people of Seksen were in an uproar, refusing to believe him. Tileuimbet, Nauryz, Akyl, and the people of Seksen were all united, while Kulyk was divided, arguing and fighting among themselves. As things escalated, Aydabol Shong, the father of Toraygyr – Edige Bi, sent his best men to intervene. They said, "He is your contemporary! Come and reconcile us, mend the relationships among the kin." When they arrived, Janabaty was lying on his bed with his back turned. He did not acknowledge their greetings, did not respond to their inquiries about his well-being, and remained silent, lying there day and night. At one point, he lifted his head, looked at them with a scowl, stretched one hand this way and the other that way. He grimaced, twisted his lips this way and that, and then turned back to lie down again. Afterward, those who had come felt offended and returned. They reported what they had seen to Edige. "Your brother seems to have lost his mind, he has aged, and he didn't care about our visit," they said. They also described how he had moved his hands and lips. Then God bless Edige Bi said: "He hasn't lost his mind, nor has he forgotten his senses. He was saying, 'These people sitting here: none of you are here to give me a shot, none of you are here to help me, all you do is stretch and twist, causing division among kin. I have no judgment, no judgment, I have nothing to do with you.'" So Edige Bi quickly mounted his horse and went to Janabaty, saying, "This was a misunderstanding because it happened in the middle of the winter camp. If it had been in an open area, he would have suspected an enemy and would have recognized who struck him. He would have cried out and recognized them. Not knowing who hit him while seeing it, the winter camp must bear the blame." Thus, he arranged for Janabaty to receive a winter camp from the people of Seksen. In this way, he convinced the doubters and reconciled the kin. Janabaty Bi lived to be one hundred and four years old. Before he died, he said: "God had destined me to live to one hundred and fourteen, but I fell short by ten years. I do not blame God for this; I blame myself. I was among a group that was granted three lives. Even though I did not swear an oath, being among those who did has cost me ten years." His father, Shobalai, was from Aghysquda, by the banks of the Tundyk River, known as "Shobalai's remains." He became a mausoleum for the Karakesek people after his death. He himself remained a mausoleum near the Samaysopy winter camp at the foot of the Kyzyltau. Janabaty's children: Akqozha, Kosaq, Tansyq qozha, and Janak – four from the first wife. The eldest is Tansyq qozha, and the youngest is Janak. He has many other children from other wives. There may be at least sixteen in total. What can be gained by scribbling on paper about anyone other than Janak? It is necessary to speak of those who have produced horses and scattered spirits.