Есенкелді би

Есенкелді Құдайназарұлы – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Бәйдібек бабаның үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ анадан Жарықшақ деген ұл, Күнбибі (Қызай), Ақбибі, (Мұрын), және Сыбан деген қыздар туады. Жарықшақтан Албан, С...

Қазақша
Есенкелді би
Есенкелді Құдайназарұлы – Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Бәйдібек бабаның үшінші зайыбы Домалақ анадан тарайды. Сол Домалақ анадан Жарықшақ деген ұл, Күнбибі (Қызай), Ақбибі, (Мұрын), және Сыбан деген қыздар туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат тайпалары тарайтыны белгілі. Дулаттың Ботбайынан Құдайқұл, Шағай, Итемген, Меңіс, Меңістен Тәңірберді, Тілеуберді, Тәңірбердіден Есенкелді бидің әкесі Құдайназар туыпты. Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібекке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көз ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген он бес мергенін атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал, жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болады. Кейін елі-жұрты сол тауды «Қызай тауы» деп атап кетеді. Ал Құдайназар болса сол бір жаугершілік заманда қазақтың он мыңдаған қолын басқарып, ел қорғау жолында талай ерліктер жасаған атақты батыр, әрі би бопты. Талай қарсы шапқан жауды бет қаратпай жеңіп жүрген Құдайназар батыр бір соғыста опат болады. Қайтадан күш жинап жаудың бетін қайтарған батырдың жігіттері, елі-жұрты өлгендерін іздестірсе, сүйектері шашылып жатады. Кімнің кім екенін танып болмайды. Құдайназардың күрек тісі екі елідей жалпақ екен. Содан танып, сүйегін жинап тау басына қояды. Оның айналасына өзімен бірге беріспей соғысқан, ер-сарбаздарының сүйегін жерлеп, белгі қояды. Ол кездегі белгі – тасты жинап оба тұрғызу ғой. Сол Баян мен Қызай тауының төңірегіндегі «Құдайназар обасы», «Қырық оба», «Жүз оба» деген жота, белестер сол замандардан қалса керек.
Ағылшын
Yesenkeldi Bi
Yesenkeldi Kudaïnazaruuly is one of the prominent Kazakh judges who lived during the Dzungar invasions. In Kazakh genealogy, it is said that the ancestry of Judge Yesenkeldi traces back to the third wife of Baiybek Baba, Domalak Ana. From Domalak Ana, a son named Zharikshak and daughters Künbibi (Qyzai), Aqbibi (Murin), and Syban were born. It is known that the Alban, Suan, and Dulat tribes descend from Zharikshak. From the Botbai of the Dulat tribe, Kudaïqul, Shagay, Itemgen, Mengis, and from Mengis, Tañirberdi, Tileuberdi, and from Tañirberdi, Yesenkeldi's father Kudaïnazar was born. Qyzai, Mengis, Tañirberdi, and Kudaïnazar were all heroes who defended their land and people, resembling their ancestor Baiybek. Among them, especially the extraordinary bravery of Qyzai and Kudaïnazar has become legendary and is still recounted to this day. Qyzai was a sharpshooter who could shoot down a sparrow flying in the distance and would throw her cap into the sky. In one battle, Qyzai shot down fifteen sharpshooters who had fortified themselves on a cliff, clearing the way for her people. She saved the villages in the mountains between Ayaköz and Matay from the enemy with her livestock and people. In that bloody battle in the mountains, she also bravely perished. Later, her people named that mountain "Qyzai Mountain." As for Kudaïnazar, during that time of warfare, he was a famous hero and judge who led tens of thousands of Kazakh troops and performed many heroic deeds in defense of his homeland. Kudaïnazar, who had defeated many attacking enemies without losing ground, perished in one battle. When his men, having regrouped, searched for their fallen comrades, they found their bones scattered everywhere. It was hard to recognize who was who. Kudaïnazar's incisor was as wide as two fingers. They recognized him by that and gathered his bones to place them on the mountain top. Around him, they buried the bones of his fellow warriors who had fought alongside him and erected a marker. The marker of that time was a mound made of collected stones. The mounds known as "Kudaïnazar Mound," "Forty Mounds," and "Hundred Mounds" around the Bayān and Qyzai mountains must have remained since those times.