Едіге би

Едіге – Арғын тайпасының Сүйіндік атасынан шыққан атақты би-шешен. Фольклоршы Машһұр Жүсіп Көпейұлының жазуына қарағанда Едіге тіптен 10-12 жасынан билікке араласқан есті бала бопты. Бұған ол мынадай бір аңызды тілге тиек етеді: «Қазақ даласына қалмақтар баса-көктеп жайлаған кезде қалмақтың бір ханы: «Арқадағы қазақтың...

Қазақша
Едіге би
Едіге – Арғын тайпасының Сүйіндік атасынан шыққан атақты би-шешен. Фольклоршы Машһұр Жүсіп Көпейұлының жазуына қарағанда Едіге тіптен 10-12 жасынан билікке араласқан есті бала бопты. Бұған ол мынадай бір аңызды тілге тиек етеді: «Қазақ даласына қалмақтар баса-көктеп жайлаған кезде қалмақтың бір ханы: «Арқадағы қазақтың айғыры кісінесе, Сырдағы қалмақтың биесі құлын тастайды» дегенді сылтау етіп, Арқаға шабуыл жасап, малын айдап кете беріпті. Арғындар малдарының артынан қуып баруға бата алмапты. Сонда он жасар Едіге бала: – Сіздер бата алмасаңыздар, мен барайын, мені елшілікке жіберіңіздер? – Балам-ау, атақты, азулы билер беттемей отырғанда саған не жоқ, қалмақтың қаһарлы хандары сені шыбын құрлы көрмейді ғой. Едіге екіленіп, бұған көнбепті. Сонда бір ақсақалды қария: – Бала талап қылып тұр екен, бетінен қақпайық. Рұқсат берейік, – дейді. Сонымен Едіге бала атан түйеге екі кебежені теңдетіпті де, біріне өзі отырып, екіншісіне бір дәу көк текені салып алыпты. Түйені бір жігітке жетектетіпті. Сөйтіп қалмақ ханының аулына жақындағанда ауыл иті абалап алдынан шығыпты. Едіге әлгі иттерді садағымен атып тастай беріпті. Қалмақтың екі жігіті оның алдынан шығып: – Сен кімсің? – десе, Едіге: – Елшіміз, бар, ханыңа хабар айт! – деп жібереді. Қалмақ жігіті ханға барады: – Бір бала екен, елшімін, – дейді. Хан айтыпты: – Келсін. Едіге хан ордасына барып түйесін шөгеріп, түсіп жатады: – Қазақтың елшісімін. Мал соңынан қуып келемін. Хан оған күле қарап: – Аулыңның үлкені қайда? Кең құрсақ, келелі билерің қайда? Көпті көрген ақсақалдарың қайда? – деп, оған сұрақты жаудырыпты. Сонда Едіге бала саспапты: – Үлкеніміз мынау, – деп түйені, – Кең құрсақ биіміз мынау – деп кебежені, – Ақсақалымыз мынау, – деп текені көрсетіпті. Хан бұған ашуланып, долданыпты: – Адамы жоқ, өңкей айуан ел ме едіңдер? – Тақсыр, онда маған неге сөз айтып тұрсыз? Ендеше, сіз де адам болмағаныңыз ба?! – Сөзін қара, өзін қара, ал елші екенсің, неге жұрттың итін ата бересің? – Тақсыр, мен қойшымын. Қойыма қасқыр шапты. Бар итті шақырып едім, келмеді. Қойды қасқыр қырып кетті. Ауылға келсем, иттер абалап алдымнан шықты. Ит көрсем, атып тастай беруге ант еттім. Иттер керекті жерде үрмей, керексіз жерде үреді. – Шақырғанда келмеген өз итіңді атқаның мақұл, ал біздің итте не ақың бар?! Ақымақ, сонау Арқадағы сенің айтқаныңды Сырдағы қалмақ иттер қайдан есітсін?! – Ай, тақсыр-ай, өзіңіз айтқандай, Арқадағы қазақ айғырының азынағанын Сырдағы сіздердің билеріңіз қайдан есітсін? – дегенде барып хан: – Е-е, енді түсіндім сенің тұспалыңа. Жөн сөз екен. Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің, кімнің баласысың, атың кім? Едіге жөнін айтыпты. Хан жігіттерін шақырып алыпты да: – Айдап келген барлық малын қайтарыңдар, – деп бұйрық беріпті. Міне, осыдан бастап Едіге «бала би», «батыл би», «әділ би», аталып, билік айтуға жолдама алыпты.
Ағылшын
Edige Bi
Edige is a famous bi and speaker from the Suindik lineage of the Argyn tribe. According to the folklorist Mashhur Zhusip Kopeiyuly, Edige was a wise child who got involved in governance from the age of 10-12. He refers to the following legend: "When the Kalmyks invaded the Kazakh steppe, one of their khans used the excuse that 'when the stallion of the Kazakhs in Arka neighs, the mare of the Kalmyks in Syr produces a foal' to launch an attack on Arka and drive away the livestock. The Argyns did not dare to chase after their cattle. Then, ten-year-old Edige said: - If you are afraid, let me go; send me as an envoy? - My child, why would you go when the famous and powerful bi are not moving? The fierce khans of the Kalmyks will not see you as more than a fly. Edige insisted and would not back down. Then an elderly man said: - The boy is eager; let’s not discourage him. Let’s give him permission. So, Edige balanced two chests on a camel, sat on one, and loaded a large blue goat onto the other. He had a young man lead the camel. As they approached the Kalmyk khan's camp, the camp dog barked and came out to greet them. Edige shot the dogs with his bow. Two Kalmyk youths came out to confront him: - Who are you? - they asked, and Edige replied: - I am your envoy; go and tell your khan! The Kalmyk youth went to the khan and said: - There is a boy; I am his envoy. The khan replied: - Let him come. Edige arrived at the khan's yurt, made his camel kneel, and lay down: - I am the envoy of the Kazakhs. I have come chasing after livestock. The khan looked at him and laughed: - Where is your elder? Where are your wise and broad-minded bi? Where are your experienced elders? - he bombarded him with questions. Edige remained unfazed: - Our elder is this one, - pointing to the camel, - Our broad-minded bi is this one, - pointing to the chest, - Our elder is this one, - pointing to the goat. The khan became angry and furious: - Are you a people with no one, just a bunch of beasts? - Your Excellency, then why are you speaking to me? Does that mean you are not a person either?! - Look at your words, look at yourself; you claim to be an envoy, yet why do you keep shooting our dogs? - Your Excellency, I am a shepherd. A wolf attacked my sheep. I called all the dogs, but they did not come. The wolf slaughtered the sheep. When I returned to the village, the dogs barked at me. I swore to shoot any dog I see. Dogs bark where they are not needed and do not bark where they are needed. - It is acceptable to shoot your own dog that did not come when called, but what right do you have over our dogs?! Fool, how would the dogs in Syr hear what you said in Arka?! - Oh, Your Excellency, as you said, how would your bi in Syr hear the neighing of the Kazakh stallion in Arka? - At this, the khan said: - Ah, now I understand your point. It makes sense. You are a boy who is trying to be something; whose son are you, what is your name? Edige explained his lineage. The khan called his men and ordered: - Return all the livestock you brought! - Thus, from that moment on, Edige was known as "the boy bi," "the brave bi," "the just bi," and he received a mandate to govern.