Балпық пен Райымбек

Қос батыр қатар өскендерімен, Райымбектің жолы үлкен болса керек. Екеуі Нарынқол жақтан тиген дұшпандарға тойтарыс беріп, қайтып келе жатыпты. Жол-жөнекей бір бұлақтың басына тоқтап, ат шалдырыпты. Ұлы адамдар да пенде емес пе, Райымбек батыр: – Кел, күресейік, – деп қоймай қойыпты. – Жоқ, күреспеймін, – дейді Балпық....

Қазақша
Балпық пен Райымбек
Қос батыр қатар өскендерімен, Райымбектің жолы үлкен болса керек. Екеуі Нарынқол жақтан тиген дұшпандарға тойтарыс беріп, қайтып келе жатыпты. Жол-жөнекей бір бұлақтың басына тоқтап, ат шалдырыпты. Ұлы адамдар да пенде емес пе, Райымбек батыр: – Кел, күресейік, – деп қоймай қойыпты. – Жоқ, күреспеймін, – дейді Балпық. Болмаған соң екеуі ақыры белдесіпті. Біршама алысқан соң барып, Бапекең қисынын келтіріп, қисая кетіпті. Райымбек оны сезіп қалып: – Жоқ, сен әдейі жығылдың. Болмаса, қолыңның күші байқалып-ақ тұрды. Жарайды, сыйлағаның шығар, сені Құдай сыйласын ендеше! – деп, аттарына қоныпты.
Ағылшын
Balpyk and Rayymbek
Although the two heroes grew up together, it seems that Raimbek's path is greater. The two of them were repelling enemies that came from the Narynkol area and were returning. On the way, they stopped at the source of a spring to rest their horses. Great people are not without their flaws, after all. Raimbek the hero insisted: – Come, let’s wrestle. – No, I won’t wrestle, – says Balpyk. After some back and forth, they finally decided to grapple. After a while of wrestling, Bapekeen managed to find his balance and leaned down. Raimbek noticed this and said: – No, you fell on purpose. Otherwise, your strength was clearly evident. Alright, it must be your generosity, may God reward you then! – and they mounted their horses.