Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы

Тосын деген құмайт жер бар. Осы жерді бір кездері қалмақ жұрты мекендеген екен. Қалмақтың Садырбала деген батыры күнде Қарсақбасының басына шығып алып, қазақтарды жекпе-жекке шақырып мазалай беріпті. Сонда өзі батыр, мәмлегер, қалмақты ел шетінен көшіруді ойлап жүрген Шақшақ Жәнібек Тархан жекпе-жекке шығатын Уақ Барма...

Қазақша
Жәнібектің Уақ Бармақты сынауы
Тосын деген құмайт жер бар. Осы жерді бір кездері қалмақ жұрты мекендеген екен. Қалмақтың Садырбала деген батыры күнде Қарсақбасының басына шығып алып, қазақтарды жекпе-жекке шақырып мазалай беріпті. Сонда өзі батыр, мәмлегер, қалмақты ел шетінен көшіруді ойлап жүрген Шақшақ Жәнібек Тархан жекпе-жекке шығатын Уақ Бармақты алдыртуға шақырушы адам жібереді. Бұл кезде Бармақ Нарын құмы жақта тұратын болса керек. Қос атпен кеткен шақырушымен Уақ Бармақ үш тәулікте Қаракөл – Қарсақбасыға жеткен екен. Келгеннен кейін Уақ Бармаққа Шақшақ Жәнібек барлық мән-жайды түсіндіреді де: – Жекпе-жекке демалып, ертең түсесің бе, әлде бүгін шайқасып көресің бе? – дейді. Бармақ: – Қазір шығамын, – депті. Жәнібек келісімін беріп: – Сенің Сандалкөгің шаршап келді ғой, менің Қазмойын қара тұлпарымды мін», – деп ұсыныс айтады. Сірә, қырғын, қантөгіске жол бергісі келмесе керек, ел арасында Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек қалмаққа айтқан екен деген мынандай сөзі бар: – Екі батыр жекпе-жекке шықсын. Қай жақтың батыры жеңсе, со жақтың дегені жүреді! Қарсақбасының (Шың-тау) дәл төбесінде қазақтың батыры Уақ Бармақ пен қалмақтың батыры Садырбала жекпе-жекке кездескен бетте, қалмақ батыры атын бұрып алып, кейін қарай қаша жөнеліпті. Ал Бармақ батыр қашқан қалмақтың жолын кесіп, алдынан келіп шаншып түсіру үшін ұмтылғанда, жаңағы астындағы аты Қазмойын қара тұлпар жете алмай қалады. Ол кезде қашқан жауды желкеден соғу батырға мін болған көрінеді. Содан Бармақ батыр қайтып келіп, өзінің Сандалкөк арғымағын ерттетіп, қалмақты жекпе-жекке қайта шақырады. Қалмақтың батыры Садырбала бірінші рет қашып барғанда қалың қол «Не болды?» деп сұрапты. Садырбала: – Халқым, сендермен қоштасайын деп келдім. Осы жолы менің ажалым жеткен шығар. Осы келген Уақ Бармақ батыр болса керек, – дейді. Екінші жекпе-жекте тағы қаша жөнелген Садырбаланың алдын орап келіп, қақ маңдайынан Уақ Бармақ батыр шаншып түсіріпті. Қалмақтың батыры өлген Қарсақбасыда «Садырбала сайы» деген сай бар. Бала кезімде ол сайды көргенмін. Қазір де білемін: «Ақ шабағы май татыған, Қара суы бал татыған Қайран Тосын қалдың ба?» – деп қалың қалмақ жер ауған екен дейтін.
Ағылшын
Janybek's Test of Uaq Barmak
There is a place called Tosyn. This land was once inhabited by the Kalmyk people. The Kalmyk hero Sadyrbala would climb to the top of Karsakbasy every day and challenge the Kazakhs to single combat, bothering them constantly. At that time, the brave and negotiator Shakshak Zhanibek Tarkhan, who was thinking of driving the Kalmyks away from the edge of the land, sent a messenger to summon Uak Barmaq for a duel. At that time, Barmaq was said to be living near the Naryn sands. The messenger, who left on two horses, reached Karkol - Karsakbasy in three days with Uak Barmaq. After arriving, Shakshak Zhanibek explained the situation to Uak Barmaq: - "Will you rest and fight tomorrow, or do you want to battle today?" Barmaq replied: - "I will go out now." Zhanibek agreed and suggested: - "Your Sandalkok has come tired; ride my Kazmoyin black stallion." It seems he did not want to allow a massacre or bloodshed, as there is a saying among the people attributed to Shakshak Qoshqaruly Zhanibek: - "Let the two heroes face each other in single combat. Whichever hero wins, their word will prevail!" At the very top of Karsakbasy (Shyn-tau), when the Kazakh hero Uak Barmaq and the Kalmyk hero Sadyrbala met for their duel, the Kalmyk hero turned his horse and fled. When Barmaq the hero tried to intercept the fleeing Kalmyk and charge at him to strike him down, his horse, Kazmoyin, could not keep up. At that time, it was considered disgraceful for a hero to strike the fleeing enemy from behind. Then Barmaq returned, saddled his Sandalkok horse, and called the Kalmyk to single combat again. When the Kalmyk hero Sadyrbala fled for the first time, his troops asked, "What happened?" Sadyrbala replied: - "My people, I have come to bid you farewell. This time, it seems my fate has come. This must be the hero Uak Barmaq." In the second duel, Sadyrbala fled again, but Uak Barmaq intercepted him and struck him down right on the forehead. There is a place called "Sadyrbala Say" at the site where the Kalmyk hero died in Karsakbasy. I saw that place when I was a child. I still know: "White foal tasted of oil, Black water tasted of honey, Oh, dear Tosyn, have you been abandoned?" – the Kalmyks would say.