Батырдың тууы, жас шағы

Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның қаракесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін әйелі бірнеше жыл бала көтермей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шапт...

Қазақша
Батырдың тууы, жас шағы
Жәнібек батырдың әкесі Бердәулет Арғынның қаракесек руынан шыққан Қазыбек бидің қызымен үйленгеннен кейін әйелі бірнеше жыл бала көтермей жүріп, соңында Жәнібекті көріпті. Перзентке зар ата-ана жас нәрестенің шілдехана тойын жасап, болашақ батырдың алғашқы таңын әнмен атырады. Әйелдерді шақырып, қалжасын беріп, ат шаптырып, бесік тойын жасайды. Әкесі Бердәулет баласына ат қойғызарда Арғынның шақшақ руынан шыққан қарт Жәнібекті жорықтан келе жатқан жолынан тосып, сәлем беріп, қуанышты көңіл күйін айтады. Балаға зар болып жүрген Бердәулеттің тілегіне бар ықыласын берген Шақшақ Жәнібек оның үйіне түседі. Қуанышты ата-ана ағынан ақтарылып, адал ниетімен, «ақсарбас» қойын айтып сойып, қарсы алады. Ақ күндікті ана мен айыр бөрікті ата аяулы көретін аруақты батырлары Шақшақ Жәнібектен: «Баламызға ат қойып беріп, аруағыңызбен қорғай жүріңіз», – деп тілек етеді. Ата-ананың қуанышынан жүрегі тебіренген батыр бесікті алып, бесік көрпені ашып, балпанақтай баланы көріп, тебірене бата беріп бүй дейді: – Керей деген елің көп, Ел айналар шешен бол! Жағаласар жауың көп, Жауға шапсаң, есер бол! Ел ішінде дауың көп, Жұрт алдында көсем бол! Жабылған жауды жапырып, Шайқасқанда есен бол, Жекеге шықсаң желденіп, Жауыңның басын кесер бол! Сонан соң бетін сипайды да, ата мен анаға қарап: – Бесігін көтергенде көңілім толды, өз атымды қояйын, аты Жәнібек болсын! Біреулерге атын ататып боқтатпа, ат жалын тартып мінгенде алған бетінен тоқтатпа! – дейді. Шақшақ Жәнібекті пір тұтып сыйынған ата-ана: – Әмин! – деп бетін сипайды. Жәнібектің әкесі Бердәулет жастай дүние салғандықтан, Қазыбек би жиені Жәнібекті ат жалынды өсіруді ойлап, өз қасына алады. Сөйтіп, Жәнібектің балалық шағы нағашы атасы – Қазыбек бидің қолында өтеді. Шаруашылығының ең үлкен тірегі мал болған қазақ халқы төрт түліктің ішінде жылқыны «саусам – сауыным, жауға аттансам – кезең асар керігім», – деп қадыр тұтып өсіретін. Сырттан келген жау-жар да, ұры-қары да алдымен жылқыға тиетін. Сондықтан қазақ халқы: «жылқы соқса – желдікі, қуса – жаудікі» деп, мал ішінде қораға айналатын жатын малдан гөрі, жылқыны алабөтен жақсы көретін, осы түлігіне көз қырын ерекше салып, атан жілікті, атпал азаматын жылқы бағуға шығарып, жасынан жалт қаратқан ұлын отарға жіберіп, асаудың жалында, ақпанды дауылда өсіретін. Оған жарамаған жасты кезең аса алмайтын, ұйқысын аша алмайтын, аяғын баса алмайтын жасық санайтын. «Кісі болар кісіні кісесінен, кісі болмас кісіні мүшесінен таниды» дегендей, адам тегінің тап басып сөйлейтін сыншысы Қазыбек би жиені Жәнібекті алысса, білегі бар, арбасса, жүрегі бар, ақыл мен жігері бар жан деп таниды да, бетінен қақпай, талабын тойтармай баулиды. Ат жалын тартып мінуге жараған кезінен бастап жылқышыларға қосып отарға жібереді. Сөйтіп, бала Жәнібекті жылқы іңіртінің жесегімен жетілдіріп, сары аязға салып ширатып, салбуырындағы қанды көз қыранша бауырын аштырады. Сол ортада жүрген кезінен-ақ Жәнібектің іс-әрекеті ел көзіне түсіп, аңыз болып тарап жатады. Сол аңыздың бірі Жәнібектің екі көкбөрісі туралы еді. Халық Жәнібектің көкбөрі қонған киелі батыр санайды. Ол туралы нағашы жұрты жағынан тараған мынандай аңыз бар. Қазыбек би отардағы малына барып, амандығын білуді ойлайды. Әр жылы қыста қос-қос атты жолдас ертіп, жол бойы қыран құстарына аң ілдіріп, сол бетінде отардағы жылқысына дейін барып қайту бидің әдеті екен. Жас кезінде батыр болып, желдің өтінде, жаудың бетінде жетілген Қазыбек енді би атанып, ел басқарып, қазақ хандарының ақылшысы болып жүргенімен, қыста салбуырын құрып, отардағы малына барып, амандық жамандығын көзекі көріп қайту әдетін тастамапты. Көшпелі қазақ байларының үлкен байлығы тек мал еді. Ол банктегі ақша, сандықтағы алтын сияқты салулы құлпы, соғулы қорғаны бар дүние емес, кезең асса, көз жаздыратын, сынаптай толқып тұратын байлық болғандықтан, байлар қос қолын малдан ала алмайтын. Сондықтан Қазыбек бидің бұл сапарын кім көрсе де өрескел дей алмаушы еді. Ал Қазыбек секілді әрі батыр, әрі ақылман болып өскен кісілерге ақпанның аязында қырау басқан тұлпарды бар тебінімен ағындатып, аппақ қарды жосыта тартып жол алудың өзі бір ғанибет сезіледі. Сол сапарын бастаған би отардағы жылқысына жол алып, көңілдегі жерін көздеулі уақытында басып келе жатыпты. Таң қараңғылығы серпілмеген, есекқырған жұлдызы төбеге таяп қалған кез екен. Үйреншікті мекенінде топ-топ сексеуіл өскен құмды төбелердің баурайында таңғы жусауындағы жылқылар үйір-үйірімен тыныштық алып тұрады. Жылқыға жетіп келген би құсбегі, саятшы серіктерін қосқа жібереді де, өзі бірер жолдасымен жылқысын аралап, жылқысының межесін байқап, күйін көре бастайды. Белгілі-белгілі айғыр үйірлерін тұра қалып түстейді, тіпті жабағыларын санап, жылқының таңғы жусауына қарап күйін байқайды. Сөйтіп келе жатқанда таң да атады. Бидің көзі тебіндегі жылқының қарсы алдындағы бір биік құмның бауырында қаңтарулы тұрған тобылғы торы айғырға түседі. Жылқышылардың алғашқы кезіккені де осы екен. Таяп келген би үстіндегі қара киізден тіккен кебенегін астына салып, қой етігін шешіп, атының шылбырын жамбасына басып ұйықтап қалған Жәнібектің үстінен арлы-берлі екі көкжал бөрі секіріп түсіп ойнап тұрғанын көреді де, қатты көңілденіп, көңіл күйі толқып, ежелгі әдетімен былай толғайды: «Аруақты батыр боларсың, Алысқан жауды аларсың. Еліңді ел етерсің, Ежелгі жерге жетерсің. Егіз бөрі тұрғанда, Екіленбей нетерсің?!» Абақ елі қос бөрі иесі бар деп аңыз ететін Жәнібекті ақыл-ойлы би деп таниды да, былайғы жерде оны қолтығына алып, баурына басып мәпелеп, қанаттыға қақтырмай, тырнақтыға ілдірмей өсіреді. *** Жәнібек он сегіз жасқа шығып күш-қайраты толысып, ел алдына, ер қатарына ілінген кезде Жоңғар шапқыншылары қазақ жеріне шабуыл жасамақ болады. Бұған қарсы Орта жүз ханы Әбілмәнбет үш жүзге сауын айтып, атшабар аттандырып, қол жияды. Абылай сұлтан қолбасы боп аттанады. Соның алдында ғана «Ақтабан шұбырынды...» болған елдің есінен Жоңғар ханы Суан Рабданның қан-жоса ғып қырғындаған қорлауы әлі кете қоймаған еді. Ер азамат біткен ереуіл атқа ер салады. Бұл кезде жерортасынан асқан Қазыбек би өз елінің қолбасын сайлап, сарбаздарына сәтті жол тілеп, аттандырып жатады. Сондай қарбалас күннің бірінде орданың есігін айқара ашып, «Дат, тақсыр!» – деп кіріп келген, жас жігітке би селт етіп тігіле қарайды. Қарсы алдында шарайнасын киіп, жау жарағын асынған жиені Жәнібектің тұрғанын көреді. Ол бір тізесін бүгіп: – Дат, ата! Ел ішіне жау тиді, ер азамат атқа қонды. Ер азамат қатарында Абылайға сарбаз болып үлкен жолға аттанайын деген ойым бар, ақ жол тілеп, ақ батаңызды беріңіз, – дейді. Мына тілек биді ойландырып тастайды. Алтын тонын иығына қайта жамылған Қазыбек: – Қарағым Жәнібек, елге берген батамды өзімнен неге аяйын. Ер азамат етіп өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім, жасыңа жетпей жау тілеме, қарағым! – дейді. Сонда Жәнібек: – Ата, он сегіздегі жас қандай жас? Өзіңізден қалған жас. Айқасқан жауды алған жас, Алдыңа жаяу салған жас, – дейді. Жәнібектің бұл сөзінде бір сыр бар еді, «Қорушыны торушы алады» деген бір сөз бар. «Күзеуге созыла көшіп, күн еңкейе жетіп, Үлкен Қолатты бойлай қонған туыстас ауылдар жылқысын қолаттың басындағы тұйыққа салып, жау келетін ауызды өздері алып, жайбарақат жатып қалады. Ел көзі ұйқыға бара бергенде, ауылды басып келіп қалған қалың жылқының дүбірінен уда-шу болады, ауылдың үстін бастыра жылқы қуған жырынды жау жылқышылардың бекітулі аттарын да ілестіре кетеді. Жауды қуып, жылқыны айырарға қолында тігерге тұяқ қалмаған ел бос сарпалдаңға түсіп, жылқысын көпе-көрнеу айдап кеткен жауға қарсы шыға алмай, қайраты мұқалып, діңкесі құрып, қарадай қор болып қалады. Бірақ жылқы соңынан жас жігіт Қазыбектің бас білгі ақбас тайлақпен кеткенін ешкім де білмеген еді. Қазыбек сол ақбас тайлақпен жылқы соңынан жеткенде есік пен төрдей бурыл атты, айбалтасын көлденең ұстаған, еңгезердей біреу аз тосып тұрады да, желбегей шапанды бала жігітті бойына да тоғытпай, бурыл аттың басын жолға салып, тиіп алған жылқысының соңынан еркімен аяңдатып жүре береді. Жол тосып, кешеуілдеп келе жатқанына қарап, жортуыл басы осы болар деп ойлаған Қазыбек оған абайлай қарайды. Басында дулығасы, белінде сапысы бар, сырт бейнесі шойыннан құйған алып қара құман секілді батырдың менменсігенін байқап қалған Қазыбектің жүрегінде намыс оты бұрқ ете қалады. Ызасын ақылына жеңдірген ол алдындағы темір құрсанған адуын дұшпанның тиімді жерін көздеп келеді. Дұшпанның алкеуде, аусарлығы – сәт балғасының соғылған жері еді. Қолында шолақ сапты найзасы да жоқ Қазыбектің көзі ал деген жерден оның беліндегі сапыға түседі. Тайлақпен таяй берген Қазыбек қолындағы қара сырығын жерге тірей секіріп, көзді ашып-жұмғанша бурыл аттың артына міне түседі. Күтпеген жерден сап етіп жабыса қалған қуғыншыдан сасқалақтап қалған батыр ұзын сапты найзамен ештеңе өндіре алмайды. Сапыға көзін тіге атылған бала жігіт бурыл аттың арқасына тақымға тиген заман дұспанның қаруын суырып алып та үлгіреді, жанды жерінен тиген өткір сапыдан ат иесі құлап түскен кезде бурыл атқа орнығып алған ол жауының найзасын жерге түсірмей қағып алады. Бурыл атпен майдан тартқан жас батырды көрген жау айқаса кетуге батпай, бет-бетімен жылқыны тастай қашады. Аты мен күші сай келген Қазыбек жауының бірқаншасын түсіріп, жылқысын айырып алып елге қайтады». Осы отырысында Қазыбек би Жәнібекті бұғанасы қатпаған жас, сүйеніші жоқ жалғыз деп аяп отыр еді. Енді Жәнібектің әлгі сөзіне қарым қайтара алмай қысылған бейне байқатады. Қайраңдап қалған атасына ренжіген Жәнібек: – Он сегізге келгенше жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, мені бір от басын айналған көбелектей көргеніңіз бе? – деп құсалана сөйлеп, шыға жөнеледі. Оның шын ашуын көрген көзғарақты би: – Мынаның көкбөрісі ұстаған екен, рұқсат бермесем, құсадан өліп кетер, немесе батасыз кетіп жүрер, – деп қайта шақыртып алады. Ордаға кірген Жәнібек әуелгісіндей иіліп бата тілегенде, Қазыбек би: – Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің киелі болсын. Көк бөрің қолдай берсін! – деп бата береді. Ата ықыласын алған батыр тұңғыш майданға нағашысы ырымдап мінгізген көк дөненге мініп, анасынан рұқсат алуға асыға жол тартады. Шапса, шабысы, жүрсе, жүрісі бар көк дөненнің де дәл бабына келген кезі екен, ащы терін шашқысы келіп, ауыздығын шайнап алысқан жануар батырдың алып ұшқан жүрегіне қанат-құйрық болып сәйкеседі. Анасының ауылына келіп, атағашқа атын іле салған Жәнібек үйге қарай жүгіргенде ақ күндікті анасы «жолың болсын!» деп тілек тілеп, шашуын шаша алдынан шығады. Ұлының ер азамат болып атқа мініп, ер қатарына қосылғанына қуанады, әрі алдында жал, артында құйрығы жоқ жалғызының қан майданға бара жатқанын ойлап қан жұтады. Нағашы атасынан рұқсат алғанын да естіген болатын. Енді ер көңілді, ақылды ана алдына бір тізерлеп иілген баласының маңдайынан сүйіп: – Мен саған не айтамын, қамырығымды басып, қайғымды жеп айтамын. Артымда белгі қалса екен деймін, қызығыңды көрсетіп, алдыңда алса екен деймін. Саған тілек тілесем, әмісе жолы болса екен деймін. Оқ алдыңнан тисе, анаңның сүтін ақтағаның! Оқ артыңнан тисе, анаңның қарызын жүктегенің! Әуелі қосыңды тап, онан соң досыңды тап. Сен үшін тіленбеген не қалсын?! Жолың болсын, бақытың жансын! – деп ықыласын береді. Шеру тартып кеткен қолдың соңынан күн-түн жүріп қуып жеткен Жәнібек Керей елінің қолбасшысына жолығып, сарбаздардың бірі боп қосынға қосылады. Анасы айтқан ақылия сөз күн өткен сайын Жәнібектің есінен мығым орын иелей береді. Бір күні қолбасшы батырдың қасында сапысын суырып, жаубүйректі қиялай турай отырып, осы сөздердің мағынасын сұрағанда, қолбасы тақиясын желкесіне қарай сиырып қойып, бүй деп шешеді: – Анаң ана екен ғой! Ана болғанда дана екен ғой. Оқ қайтпас қас батырдың алдынан тиеді. Қашқан жанның артынан тиеді. Елсіз ер болмайды, ер серіксіз болмайды! Ақылды ананың сөзін тоқсан толғап ойланған Жәнібек өзін өмірдің өріне салып, халқымыздың ұлттық намысына, елдің елдігі үшін арнайды. Жоңғар шапқыншыларына қарсы алғашқы сайыста-ақ өзін бүкіл қазақ-моңғолға таныта бастайды.
Ағылшын
The birth of the hero, his youth
After marrying the daughter of Kazibek bi from the Karakesek clan of the Argin, Janibek Batyr's father, Berdaulet, faced several years of childlessness before finally seeing the birth of Janibek. The longing parents celebrated the newborn's shildekhana (a traditional celebration for a newborn) and welcomed the future hero's first dawn with song. They invited women, offered gifts, held horse races, and organized a besik toi (a cradle ceremony). When Berdaulet was to name his son, an elder from the Shakshak clan of the Argin, Shakshak Janibek, greeted him on his way back from a campaign, expressing his joy. Shakshak Janibek, who wholeheartedly granted Berdaulet's wish for a child, visited his home. The joyful parents, opening their hearts, welcomed him with a sheep they called "aksarbas." The revered warriors, the mother in a white headscarf and the father in a pointed hat, asked Shakshak Janibek, "Please name our child and protect him with your spirit." Moved by the parents' joy, the batyr took the cradle, opened the cradle blanket, and upon seeing the tiny child, he blessed him with the following words: - "Your people are many, be a wise speaker! You have many enemies, when you fight, be fierce! Your voice will be heard among the people, Be a leader in front of the crowd! When you confront the enemy, be safe, If you go into single combat, be swift to strike down your foe!" Then he stroked his face and, looking at the parents, said: - "When I lifted the cradle, my heart was filled; let me give him my name, let it be Janibek! Do not let anyone disrespect his name, and when he rides, do not stop him from his path!" Shakshak Janibek, whom the parents revered, responded: - "Amen!" and stroked his face. Since Janibek's father Berdaulet passed away young, Kazibek bi, his uncle, thought to raise Janibek and took him under his wing. Thus, Janibek's childhood was spent under the care of his maternal grandfather, Kazibek bi. The Kazakh people, whose greatest support was livestock, cherished horses among their four main animals, saying, "If I touch it, it will be my livelihood; if I go to battle, it will be my strength." Invaders and thieves would first target the horses. Therefore, the Kazakh people believed, "If the horse is struck, it belongs to the wind; if pursued, it belongs to the enemy," and they loved horses more than any other livestock, keeping a close eye on them, sending their strong sons to tend to the horses, and raising them in the wild, even in harsh storms. Those who could not handle the horses were considered weak and unable to stand on their own. As the saying goes, "A person is recognized by their lineage," Kazibek bi recognized his nephew Janibek as someone with strength, courage, wisdom, and determination, nurturing him without hindrance. From the time he was able to ride, he was sent to join the horse herders. Thus, young Janibek was raised with the horses, toughened by the cold, and trained to be sharp-eyed like a hawk. From an early age, Janibek's actions caught the attention of the people, and he became the subject of legends. One of these legends was about Janibek's two blue wolves. The people regarded Janibek as a sacred warrior with blue wolves. There is a legend that has spread from his maternal side. Kazibek bi, wishing to check on the livestock in the herd, would take two horses each winter, hunting birds along the way, and would visit the horses in the herd. Even though Kazibek had become a bi, leading the people and advising the Kazakh khans, he did not abandon the habit of checking on his livestock in winter. For nomadic Kazakh wealthy men, their greatest wealth was livestock. It was not like money in a bank or gold in a chest, but rather a wealth that could be lost at any moment, making it impossible for the wealthy to part with their livestock. Therefore, no one could criticize Kazibek bi for this journey. For someone like Kazibek, who had grown up as both a warrior and a wise man, riding a spirited steed through the frost and pulling through the white snow felt like a joy. As he set out on this journey, the bi was heading towards his horses, keeping an eye on the ground he intended to cover. It was still dark, and the stars were just beginning to fade. In the familiar area where clusters of saxaul grew on sandy hills, the horses were peacefully grazing in groups. Upon reaching the horses, the bi sent his falconers and hunting companions to the camp while he, with a few companions, began to inspect the horses, checking their condition and observing their well-being. As he was doing this, dawn broke. The bi's eyes fell upon a tall sand dune where a bay stallion stood tethered. This was the first encounter with the horse herders. As he approached, he saw two blue wolves playing around a young boy who had fallen asleep under a black felt cloak, with his boots off and the reins of his horse resting on his thigh. The bi felt a surge of joy and, in his customary manner, began to speak: "You will be a sacred warrior, You will conquer your enemies. You will make your people proud, You will reach the ancient lands. With twin wolves at your side, What will you fear?!" The Abak people regarded Janibek as a wise man with two wolves and took him under their wing, nurturing him, protecting him from harm. *** When Janibek turned eighteen and his strength had matured, the Dzungar invaders planned to attack the Kazakh lands. In response, the Khan of the Middle Horde, Abilmambet, called upon all three horde to gather forces. Sultan Abilay set out as the commander. Just before this, the memory of the "Akhtaban Shubyrindy..." and the brutal slaughter by the Dzungar Khan Suan Rabdan had not yet faded from the people's minds. All able-bodied men mounted their horses. At this time, Kazibek bi, having chosen a commander for his people, wished his soldiers success as they set out. On one of those busy days, a young man burst through the door of the yurt, exclaiming, "Dat, Taksir!" The bi turned to look at him. He saw his nephew Janibek, dressed in armor and ready for battle. Janibek knelt and said: - "Dat, grandfather! The enemy has attacked our land, and the brave men have mounted their horses. I wish to join Abilay as a soldier on this great journey; please grant me your blessing." This request left the bi deep in thought. Kazibek, wrapping his golden robe around him, replied: - "My dear Janibek, why should I withhold my blessing from you? I raised you to be a brave man for your people, but do not seek out the enemy before your time, my dear!" Janibek responded: - "Grandfather, what age is eighteen? It is the age you left behind. It is the age that conquers enemies, The age that stands before you!" There was a deeper meaning in Janibek's words, as the saying goes, "The hunter catches the prey." As they moved to camp, the nomadic tribes settled down, placing their horses in a secure area, and relaxed as they awaited the enemy. As the people began to doze off, the sound of a large herd of horses approaching caused a commotion, and the invading enemy, chasing the horses, took the herders' tethered horses with them. The people, unable to defend against the enemy, were left in despair, feeling helpless and defeated. However, no one knew that the young man, Kazibek, had left with the white-tailed stallion. When Kazibek caught up with the horses, he found a large man, armed and waiting, blocking the path. The man, with a helmet on his head and a sword at his waist, seemed like a giant made of iron. Kazibek's heart burned with the fire of honor. Controlling his anger, he aimed for the enemy's weak spot. The enemy's arrogance was the perfect target. Without a spear in hand, Kazibek's eyes fell on the enemy's sword. As he approached, Kazibek leaped from his horse, landing behind the enemy. The startled warrior, caught off guard, could not react in time. Janibek, seizing the opportunity, drew the enemy's weapon and struck him down. Seeing the young warrior on the bay stallion, the enemy, afraid to engage, fled in all directions, abandoning the horses. Kazibek managed to take down several enemies and returned home with the horses." At this gathering, Kazibek bi felt pity for Janibek, who was still a young boy without support. Now, he found himself unable to respond to Janibek's words. Upset with his grandfather, Janibek said: - "Are you saying that I could not mature into a man by the age of eighteen? When the banner is raised and the ground shakes with the hands of many, did you see me as a mere moth circling a fire?" He spoke with frustration and left. Seeing Janibek's genuine anger, the wise bi thought: - "This one has the spirit of a wolf; if I do not grant him permission, he may perish from longing or go without a blessing," and called him back. When Janibek returned to the yurt, he bowed and asked for a blessing. Kazibek bi said: - "If you lead, may your path be sacred! If you govern, may your words be sacred. May the blue wolf support you!" Receiving his grandfather's blessing, the batyr hurried to seek permission from his mother, riding the blue stallion his uncle had given him for his first battle. The blue stallion, with its powerful stride and galloping speed, matched the batyr's soaring heart. Upon arriving at his mother's village, Janibek tied his horse to the gate and ran towards the house. His mother, the white-clad woman, came out to wish him well, showering him with blessings. She rejoiced at her son's coming of age and joining the ranks of men, but her heart ached at the thought of her only son going to battle. She had also heard that he had received permission from his maternal grandfather. Now, with a light heart, the wise mother knelt and kissed her son's forehead: - "What can I say to you? I suppress my grief and speak my heart. I wish for you to leave a mark behind, to show your joy, and to find success ahead. If you are struck in front, you have honored your mother's milk! If you are struck from behind, you have burdened your mother's debt! First, find your companions, then find your friends. What remains unasked for you? May your path be blessed, and may your fortune shine!" Following the army that had set out, Janibek traveled day and night until he met the commander of the Kerey people and joined the ranks as one of the soldiers. The wise words of his mother continued to resonate in Janibek's mind as time passed. One day, when the commander asked him about the meaning of those words while drawing his sword, Janibek, placing his cap on the back of his head, replied: - "Your mother is indeed wise! A true warrior will face the enemy head-on. The one who flees will be struck from behind. A man cannot stand alone, and a warrior cannot be without a companion!" Reflecting deeply on his mother's words, Janibek dedicated himself to the national pride of his people and their unity. In his first battle against the Dzungar invaders, he began to make a name for himself among all Kazakhs and Mongols.