Қазақша
Жидебай батыр
Жидебай халқын жаудан қорғаған батыр әрі өткір тілді шешен адам болған.
Бірде Абылай хан аң аулап жүріп бір төбенің басында ұйықтап жатқан адамды көреді. «Бұл неғылған жан?!» деп таңқалған хан әлгі адам орнынан тұрған сәтте:
– Уа, батыр, үйге сыймай далада жатқаның қалай? – депті. Сонда әлгі кісі:
– Демалуға қазақтың кең даласын қимай қызғанып тұрған өзің кім боласың? – депті. Жолаушының сұсынан сескенген Абылай хан сонда:
– Қазақтың Абылайы мен боламын. Енді өз жөніңді айтшы, – деген екен. Сонда атына ырғып мінген жолаушы:
– Өзіңнің қара басыңның қамын ойлап хан болсаң, қас дұшпаның болармын, қамыққан халқыңның қамын ойлар болсаң, айнымас асыл серігің болармын, – деп сөзге келместен жүріп кетіпті.
Абылай хан нөкерлерін ертіп ордаға келгеннен кейін жаңағы адамға сұрау салады. Сөйтсе, ол Жидебай батыр екен. Сонан хан батырды өзінің әскербасыларының бірі етіп алыпты.
Бір жылы жоңғарлармен болған бір ұрыс кезінде Абылай ханның әскерлері жеңіске жетеді. Жеңіс құрметіне той жасаған хан өз әскерлерінің күшін мақтан етіп, асқақтай сөйлейді. Сонда Жидебай былай деген екен:
– Уа, хан, аяғың алшақ, маңдайың шалқақ екен, күшіңе қарап мақтан. Найзаң тұқыл, садағың тұқыл екен, қамаған жауыңнан сақтан.
Жидебай батырдың тауып айтқан тапқыр сөзінен тосылған хан үнсіз қалыпты.
Ағылшын
Zhidebay Batyr
The people of Jidebay had a hero who defended them from enemies and was also a sharp-tongued orator. One day, while hunting, Khan Abilai saw a man sleeping on top of a hill. Surprised, the Khan exclaimed, "Who is this person?!" When the man stood up, he said:
– O hero, why are you lying outside when you could be at home? The man replied:
– Who are you to be jealous of me lying in the vast steppe of the Kazakhs? Startled by the traveler's boldness, Khan Abilai then said:
– I am Abilai of the Kazakhs. Now tell me who you are, – he said. The traveler, jumping onto his horse, replied:
– If you are a Khan who only thinks of your own well-being, I will be your sworn enemy; if you think of the well-being of your troubled people, I will be your unwavering loyal companion, – and without further ado, he rode away.
After returning to the yurt with his retinue, Khan Abilai inquired about the man. It turned out that he was the hero Jidebay. The Khan then made the hero one of his military commanders.
One year, during a battle with the Dzungars, Khan Abilai's forces achieved victory. In honor of the victory, the Khan held a feast and boasted about the strength of his troops, speaking grandly. Then Jidebay said:
– O Khan, your legs are wide apart, your forehead is high, boast according to your strength. Your spear is weak, your bow is weak, beware of the enemy you have captured.
The Khan was left speechless by Jidebay's clever words.