Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қоластында болған екен. Қоқан әкімдерінің бұйрығы бойынша сол жердің тұрғындары күн сайын салық ретінде бір қыз және бір түйе жоңышқа мен астық әкеліп әкімдерге тапсырып отырған. Бұл кезек Түлкібай үйіне де жеткен. Түлкібай – Алаша руының ел намысын қорғайтын батыры болға...

Қазақша
Түлкібай батыр жайындағы аңыз-әңгіме
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бұл төңірек Қоқан ханының қоластында болған екен. Қоқан әкімдерінің бұйрығы бойынша сол жердің тұрғындары күн сайын салық ретінде бір қыз және бір түйе жоңышқа мен астық әкеліп әкімдерге тапсырып отырған. Бұл кезек Түлкібай үйіне де жеткен. Түлкібай – Алаша руының ел намысын қорғайтын батыры болған. Қоқан уәзірлерінің бұйрығын орындауға келген жендеттерді Түлкібай қайтарып жіберген. Қарындасын және өзіне тиесілі салықты «өзім апарамын» дейді, бірақ ол таң сәріде сауыт-саймандарын асынып алып, ордаға жалғыз өзі келеді. Бұл ордада Түлкібай батырдың Қоқан хандығына сатылып кеткен ағасы болған. Ол дарбазаны ашып Түлкібайдың ордаға кіруіне мүмкіндік береді. Ордаға кірген соң Түлкібай әкімдерінің барлығын өлтіреді, бірақ сол әкімдерінің бірі қашып құтылады. Ол қашып, Қызылордаға барып хабар береді. Бұл кезде Түлкібай елінен пана іздеп, басқа жерге қашып шыққан еді. Қоқан ханының уәзірлері Түлкібайды Қармақшы көпірінің тұсында тұтқынға алып, басын шапқан. Содан олар Түлкібай батырдың басын найзаның ұшына іліп, еліне көрсетпекші ниетпен алып келген. Бұны көрген жары дауыс шығарып жылайды. Сол мезетте батырдың шешесі былай деген: – Қарағым, босқа көз жасыңды сарқыма. Ол – жері үшін, елінің намысы үшін құрбан болған батыр. Өзі өлгенмен де, ерлігі сақталады, – дейді. Қалмақтар Қызылордаға кеткен соң, қазақ жігіттері Түлкібай батырдың кегін алуға аттанады. Ордаға жетпей қалмақ (қоқан) жендеттерінің күл-талқанын шығарған.
Ағылшын
The legend-story about the hero Tülkibai
In the 17th-18th centuries, this region was under the rule of the Khan of Kokand. By the order of the Kokand governors, the residents of that area were required to bring one girl and one camel, along with hay and grain, as tax to the governors every day. This duty also reached the house of Tulkibai. Tulkibai was a hero of the Alasha clan, defending the honor of his people. Tulkibai sent back the executioners who came to carry out the orders of the Kokand ministers. He said, "I will take my sister and my tax myself," but he set off alone to the palace early in the morning, donning his armor. In this palace, Tulkibai had a brother who had betrayed him to the Khan of Kokand. He opened the gate and allowed Tulkibai to enter the palace. Once inside, Tulkibai killed all the governors, but one of them managed to escape. He fled to Kyzylorda and reported the news. At that time, Tulkibai had already fled to another place seeking refuge from his homeland. The ministers of the Khan of Kokand captured Tulkibai at the Karakum Bridge and beheaded him. They then intended to bring Tulkibai's head on the tip of a spear to show it to his people. Upon seeing this, his wife cried out in sorrow. At that moment, the hero's mother said: – My dear, do not waste your tears. He is a hero who sacrificed himself for his land and the honor of his people. Though he is dead, his bravery will be remembered, – she said. After the Kalmyks left for Kyzylorda, the Kazakh youths set out to take revenge for Tulkibai. They devastated the Kalmyk (Kokand) executioners before reaching the palace.