Итеке батыр

Итеке батыр бала кезінің өзінде-ақ ат құлағына ойнап, құралайды көзге атқан мерген болыпты, күреспен аты шығыпты. Көздері танадай от шашып тұрады екен. Осыдан ба қаймығып, бетіне жан қарай алмайтын көрінеді. Итекенің аулы көбінесе құм ішіндегі сексеуіл арасын, жаз Хан тауының бөктерін, кей жылдары Балқаш жағалауын қыст...

Қазақша
Итеке батыр
Итеке батыр бала кезінің өзінде-ақ ат құлағына ойнап, құралайды көзге атқан мерген болыпты, күреспен аты шығыпты. Көздері танадай от шашып тұрады екен. Осыдан ба қаймығып, бетіне жан қарай алмайтын көрінеді. Итекенің аулы көбінесе құм ішіндегі сексеуіл арасын, жаз Хан тауының бөктерін, кей жылдары Балқаш жағалауын қыстайды екен. Сол жолбарыспен кездесетін жылы шағын ауыл Балқашты қыстапты. Бұл кездесу былай болған екен. Итекенің жақсы көретін айғыры болыпты. Бір күні таң азанымен тұрып, аттарын көруге қораға барса, айғыры жайрап жатыр. Сөйтсе, жолбарыс жарып кетіпті. Ашуға мінген Итеке сол жерде биесін ерттеп, қамшыдан басқа қару алмастан жолбарыстың ізіне түсіп берді. Осының алдында қарпық қар жауып, күллі аңның ізі сайрап жатса керек. Итекең ауылдан біраз ұзап шығады. Аз жүрген соң алдындағы ши түбінде бүк түсіп жатқан айбатты аңды көреді. Жолбарыста аттылы адамды көреді, бірақ орнынан қозғалмайды, көз алмай жата береді. Итекең де жыртқыштан көз алмайды. Ашу қысылған отты көздері ұшқын шашып, жақындай түседі. Бұл жерде күш емес, көз аңдысады. Көзді құдірет тұтатын жүректі аңның жанары сола береді. Осы кезде Итекең жанынан өтіп бара жатып, қамшымен басын ала салып өтеді. Жолбарыс мыңқ демейді. Қайта оралып, биесінен түсіп, жанына келіп қараса, аң атаулыны тітіренткен айбынды жолбарыс сол бүк түскен қалпында жатыр. Бастан тиген қамшы жолбарыстың бас сүйегін қақ айырып, миын шығарып жіберіпті. Білектей боп қамшы ізі және қалған. Бұл Итекең батырдың көп ерлігінің бірі екен.
Ағылшын
Itike Batyr
Iteke the hero, even in his childhood, played with horse hooves and became a marksman who could hit a target from afar, gaining fame through wrestling. His eyes sparkled like fireflies. It is said that because of this, others could not look him in the face. Iteke's village mostly wintered in the thickets of saxaul in the sands, at the foot of Khan Mountain in summer, and in some years along the shores of Balkhash. That year, the small village wintered by Balkhash. This encounter happened as follows. Iteke had a favorite stallion. One day, early in the morning, he went to the stable to check on his horses, only to find his stallion lying dead. It turned out that a tiger had attacked it. Enraged, Iteke saddled his mare right there, taking no weapon other than his whip, and set off in pursuit of the tiger. Just before this, a heavy snow had fallen, and all the animal tracks were visible. Iteke traveled a bit away from the village. After a short distance, he spotted a formidable beast crouched under a bush ahead. The tiger saw the mounted man but did not move, keeping its gaze fixed. Iteke also did not take his eyes off the predator. His eyes, filled with fiery anger, sparked as he approached. Here, it was not about strength, but rather a battle of gazes. The heart that regarded the eyes as powerful began to wither under the tiger's stare. At that moment, as Iteke passed by, he struck the tiger on the head with his whip. The tiger did not make a sound. When he returned, dismounted from his mare, and looked closely, the mighty tiger that had terrified all animals lay there in its crouched position. The whip had split the tiger's skull, spilling its brain. The mark of the whip remained like a wrist. This was one of the many heroic deeds of Iteke the hero.