Шерубай батыр

Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, Отанын қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. Ол бөтен адамнан сескеніп қалады. – Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын, – дейді оны сез...

Қазақша
Шерубай батыр
Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, Отанын қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. Ол бөтен адамнан сескеніп қалады. – Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын, – дейді оны сезген Шерубай. Сөйтіп, шай қайнатылып, дастархан басында отырады да, оның көзі кереге басына ілінген садаққа түседі. Батыр оны алып көреді де, 1-2 рет шіреніп созады. Мұның бәрін қыз тойдан келген әке-шешесіне айтады. Үй иесі Шерубаймен танысып, қонақ етіп, кетерінде сол садақты сыйға тартып, ат мінгізеді. Сөйтсе, ол садақ қалмақтардан түскен олжа екен. «Сол үшін де иесіз садақты үй иесі Шерубайдың тегін адам емес екенін біліп, тарту еткен» дейді көнекөз қариялар.
Ағылшын
Sherubai Batyr
Sherubai Biboldyuly, starting from the age of seventeen or eighteen, participates in the liberation of his homeland from the Kalmyk invaders and begins to defend his country. One day, while he is tired and weary, he comes across a white yurt. Inside, there is a lone young woman sitting. She becomes frightened of the stranger. – "Do not be afraid of me, I am not a harmful person," says Sherubai, sensing her fear. Thus, tea is brewed, and they sit at the table, where his gaze falls upon a bow hanging on the wall. The hero takes it and stretches it a couple of times. The girl tells all this to her parents, who have just returned from a celebration. The host gets acquainted with Sherubai, hosts him, and when he leaves, gifts him that bow and lets him ride a horse. It turns out that the bow is a trophy taken from the Kalmyks. "That is why the host, knowing that Sherubai is not an ordinary person, presented the unclaimed bow as a gift," say the old-timers.