Жалаңтөс батыр

Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды қызы Манқан Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған сапарынан мінезіне қанық, батырды жақсы білетін Қазыбек би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан Жалаңтөстен Бәйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл көтереді. Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұ...

Қазақша
Жалаңтөс батыр
Қазыбек бидің бес ұлының ортасында ерке өскен ақылды қызы Манқан Жалаңтөсті ұнатады. Қалмақ еліне барған сапарынан мінезіне қанық, батырды жақсы білетін Қазыбек би қызының теңін тапқанына ризашылық білдіреді. Манқан Жалаңтөстен Бәйгел, Берістен, Белтей, Серке деген төрт ұл көтереді. Жалаңтөс Қанжығалы Бөгенбайды пір тұтқан. Баһадүрдің қасында жүріп сан жорықтарға қатысқан. Атақты Бұланты шайқасында көзге түскен. Жас батырларды тәрбиелеп, маңына шоғырландыра білген. Бір жылы Сарыарқаны емін-еркін билеп-төстеуді арман еткен қалың қалмақ Қарағанды төңірегін басып алуға күш жұмсайды. Жауға Түйте, Жарылғап, Керей Есей, Құлық Жалаң төс, Әлтеке Жидебай, Төлеңгіт Қасабай, Қожағұл Торақ, Тобықты Байзақ бастаған батырлар қарсы шабуылға шығады. Осы майдан төсінде Жалаңтөстің көзіне қалмақтың дәл атқан жебесі қадалады. Батыр көзіндегі жебені өзі суырып алады. Бірақ соғысты тоқтатпайды. Қазақ қолы жеңіске жетеді. Жалаңтөстің бір көзі шыққан өзенді жұрт бұдан былай «Соқыр өзені» дейтін болған.
Ағылшын
Zhalantös Batyr
Among the five sons of Kazibek bi, his clever daughter Manqan grew up spoiled and favored. After his journey to the Kalmak land, familiar with their character and well-acquainted with the hero, Kazibek bi expresses his gratitude for finding a match for his daughter. Manqan gives birth to four sons named Baygel, Beris, Beltei, and Serke from Jalaңtös. Jalaңtös revered Kanzygaly Bogenbay. He participated in numerous campaigns alongside the hero. He distinguished himself in the famous Bulanty battle. He was able to train young heroes and gather them around him. One year, the numerous Kalmak, dreaming of ruling freely over Saryarka, exerted efforts to seize the region around Karaganda. The heroes led by Tüyte, Jarylgap, Kerei Eseı, Qulyq Jalaңtös, Altake Jidebay, Tölengit Qasabay, Qojagul Torak, and Tobykty Baizak launched a counterattack against the enemy. On this battlefield, a Kalmak's precisely shot arrow struck Jalaңtös in the eye. The hero pulls the arrow out of his own eye. However, he does not stop fighting. The Kazakh forces achieve victory. The river where Jalaңtös lost one eye came to be known as "Blind River" from that day on.