Корпусқа оралу

Қожанасыр әңгімелері

Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті: —Қазаның аман-сау туды,—деп. Көршісі: —Бір темір шөміш пайда қылдым,—деп ішінен ойлап, қала беріпті. Екінші—Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі...

Қазақша
Қожанасыр әңгімелері
Бір күні Қожа Насредден ас пісіруге көршісінен қазан сұрап алыпты да, ас пісіріп болған соң ішіне өзінің темір шөмішін салып, көршісіне апарып беріпті: —Қазаның аман-сау туды,—деп. Көршісі: —Бір темір шөміш пайда қылдым,—деп ішінен ойлап, қала беріпті. Екінші—Қожа Насредден тағы көршісінің қазанын сұрай барады. Көршісі тағы сөз айтпай, беріп жібереді. Қожа Насредден асын пісіріп болған соң қазанды ортасынан қақ жарады да, көршісіне апарып тұрып, айтады: —Алла қайырын берсін, қазаның пәни дүниеден бақи дүниеге көшті,—деп. Көршісі шошып кетіп: —Пәни дүниеден қазан көшетін бе еді?—дейді. Сонда Қожа Насредден айтыпты: —Қазан туды дегенде нанып, менің темір шөмішімді алып қалып едің, енді қазаның өлді дегенде неге нанбайсың?—деп, үйден шығып кетті. Бір күндері Қожа Насредденнің бұзауы жамырап кетіпті. Артынан қуып, ұстай алмаған соң үйдің қасындағы көлеңкеде жатқан өгізді сабапты. —Неге сабайсың?—деп сұраған кісіге айтқан сөзі: —Үлкен өгіз үйретпеген соң кішкене бұзау ненің мәнісін білсін?—депті. Бір күні Қожа Насредден түн ішінде ұйықтап жатқан қатынын «тұр-тұрлап» оятып алыпты: —Көңіліме бәйіт келді,—деп. Қатыны сөзін қайырмай, тұрып, шамын жағып беріпті. Сонда қолына алып жазған бәйіті мынау екен. —Ақ қағаз, қара сия, Көк жапырақ, қызыл алма,—деп жазыпты да, қайта жатыпты.
Ағылшын
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.
Бұл тілдегі нұсқа жоқ.