Қазақша
Есекмерген
Баяғыда бір кісі өлер алдында артында қалып баратқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткен тәжірибесін қортындылап: «Балам, сен жалғыз өзің жүріп орманға барма, тақыр жерге барып, молаға барып жүруші болма?»,—дейді. Баласы «Жарайды»,—деп әкесі айтқан ақылды орындап жүреді. Бірақта есейген сайын: «Осы әкем маған не айтты, осының бәрі түкке тұрғысыз қиял болар, одан да осы әкем айтқан орман, молаға, тақыр жерге барсам қайтеді?»,—деп ерем деген жолдастарын ертпей, садағын асынып жол жүріп кетеді. Бала жас болса да батыр, құралайдың көзінен тигізетін мерген болатын. Сондықтан, өзіне өзі сеніп, ол жалғыз жүрмекші болады. Жолда аңдарын атып орман іздеп, ақырында бір орманға келеді. Келсе, орман ішінде аңдар жүреді. Осы аңдарды атып азық қылады. Ол осылай отырып ойлайды. «Қой, осы іздеп жүргенімде орман ғой»,—деп ол осында түнемекші болады. Жол қазанына ет асып, ол түнде үш ағаштың басын құрастырып, отты лаулатып жағады, бірақ әлі келер ешкім жоқ болады, Сөйтіп ол тамақ жеп отырғанда ұзын бойлы бір жезтырнақ келеді. Қанша батыр болса да осыдан қорқады. Жеп отырған тамағынан ет береді жезтырнаққа, бірақ жезтырнақ дәрменсіз болады, тырнағы икемге келмей жей алмайды. Есекмерген аузына қасығымен ет салады. Ақырында жезтырнақ шыдамы жетпей кетіп қалады. Осының қайта соғарын білген Есекмерген айла жасаудың амалын қарастырады. Отты жаға-жаға отырып, бір томар ағаш әкеліп басына бас киімін кигізіп, киімін жамылдырып, оның жанына тастайды да, орманның биік ағашының басына шығып отырып, жезтырнақты бақылайды. Жезтырнақ батыр бала жатқаннан кейін келіп, жаңағы томар ағашқа тырнағын салады, бірақ тырнақ терең батып кетіп, ала-алмай жатқан жерде Есекмерген садақпен атып өлтіреді. Сосын өз орнына қайта барып, жезтырнақтың тырнағын кесіп алады. Сол түнді орманда өткізіп, енді молалы, енсіз даланы іздейді. Ақырында, ода табылады, атып алған аңдарын асып жеп, сол түнде моланың қасында өткізгісі келеді. Тамағын жеп отырғанда Таутойлау келеді. Батыр бала қорыққанынан қаша жөнеледі. Ақырында бала жезтырнақтың тырнағы мен Таутойлаудың тілін кесіп алады. Таутойлау өледі. Есекмерген ойлайды: «Я, бұның жаны тілінде екен, мана ғой жалаған жерін оятын еді». Сүйтсе де, бала енді сасайын деді. «Қой енді екеуінен аман өттім, енді несіне қорқамын»—деп тақыр жер іздейді. Бұнысы да табылып, сол түнді тақыр жерде өткізеді. Түні бойы ештеңе көрмейді. Таңертең тұрса, айналасын тау қоршап алыпты. Есекмерген таудан әрі-бері де өте алмайды. Аласа жерін іздеп шығайын десе, жаңағы тау сілкініп қалады. Сөйтіп жаңағы тауға тіл бітеді. «Сен, Есекмерген, мен айдаһармын. Сенің батырлығыңдыбіліпбірқиыншылықжағдайдасеніосылайқолға түсіріп отырмын. Менің екі туысым бар еді. Біреуі жезтырнақ, екіншісі таутойлау, ал енді соның бәрін өзің өлтіріп отырсың. Соның бәрі маған таршылық жағдайда көмек көрсететін, бірақ енді жоқ. Сондықтан сен маған көмек көрсетсең, сені аман еліңе жіберемін»—дейді. «Жарайды, жақсы»—деп Есекмерген келісіп, «қандай жұмысқа жұмсасаң да барамын»,— дейді. Жаңағы тау айдаһар болып, енді Есекмергенді өзінің мекеніне қарай алып кетеді, келсе айдаһар айтқандай екен, өзінен басқа тірі айдаһар жауы болады. Осының бәрін өлтіріп жүрген айдаһарлардың басқа тобы болатын. Енді бүгін соңғы айдаһар келіп, оны өлтірмекші еді. Бірақ бұған Есекмерген дос болып енді жауға тынбай қарап тұрады. Есекмергеннің қолында үлкен жезтырнақтың тырнағы болады. Осыларды керек жеріне жұмсап, бәрінен де басым түсіп, айдаһарды қырады. Бұған көңілі біткен айдаһар Есекмергенге ат басындай алтын, қой басындай күміс береді. Есекмерген ырза болып, елін іздеп кетеді. Ақырында, елін де табады. Өзі кеткенде жалғыз шешесі болатын. Ол баласын жатса да тұрса да ойлайтын. Көзінен сорасы ағып жылап жүретін. Ақыры бұл жағдай да өзгеріп баласы аман-есен келіп, шешесі қуанады. Сөйтіп Есекмерген қызықты дәурен сүріп, бай болып барша мұратына жетеді.